02.03.2022
  143


Автор: Қасым Аманжолов

* * *

«Құбылып жалт – жұлт бұп- бұйра жоны,
Суылдап сырғып , аңқыолап лебі.
Терең ой , алуан хикая толы
Арнаға сыймай кең көкірегі.
Алыстан тартып дүние сырын,
Көзімен көрген көп қилы заман .
Ойнатып толқын Украина ұлын
Төсіне құшса, құмары қанған.
Жағасы жайлау ,етегі өріс ,
Жатқан бір жомарт қарық қып елін.
Атаңа нәлет , бұзақы фашист :
Ылайлап суын , жұлқылап жерін.
Қаңғып кеп сонау ит өлген шеттен,
Кәусармен жуды қолдарын арам ...
Мұңайып көптен,ұлдарын күткен
Мінеки Днепро – даңқты бабаң».
Қуанып Мартбек, басып кеп нық –нық
Берді кеп рапорт :
- Лейтенант жолдас!
Бұйрығыңызды орындап шықтық!
Днепрге жеттік! Шығын бар біраз...
Бітіртпей Волков Мартбектің сөзін,
Қалтырап қолы , күбірлеп ерні.
Құшағын жайып, кең ашып төсін,
Сорғалап жасы сүйді кеп ерді.
- Командир жолдас!
Жігіттер шөлдеп,
Қаталап кепті.оқ нөсерлетіп.
Алғызбай суды,аралдан көздеп,
Барады жаудың қылығы өтіп.
Лейтенант Волков тамсанып, талып,
Дей берді бұ да: Днепро... су... су...
Қара түн көзін нажағай шалып,
Қап – қара бір бұлт келеді төніп.
- Төгіндер оқты, аралға мына ,-
Деді де кетті күмп беріп суға.
Бермеді мұрша ,ашу мен ыза
Не ойлануға , не қоштасуға .
Алдында жүзіп пулемет «Максим»,
Келеді Мартбек бұрқатып атып .
Шойын боп үсте су сіңген киім,
Ойнайды өлім аяқтан тартып.
Біресе алдан, біресе арттан
Түседі жаудың оқтары зулап.
Көк ала толқын – шөптей боп шапқан
Жапырылады үйіле құлап.
«Біздің де аяр жанымыз жоқ» деп,
Қарғыды суға жауынгер бір топ .
Қадалып жатыр кеудеге оқ кеп,
Сонда да ерлер келеді сілтеп.
Келеді сілтеп, уралап , шулап,
Жаудырып оқты бұл жанталаста.
Үстінде Днепро толқын боп тулап,
Ажалды аста тепкілеп басқа...
1944





Пікір жазу