02.03.2022
  298


Автор: Қасым Аманжолов

БАЛАЛЫҚ ШАҚ ТУРАЛЫ

Түседі еске жалаң аяқ күндерім,
Ақ сүйекті ала қашқан түндерім,
Сол қашқаннан мол қашыпты балалық,
Қайдант екенін көптен бері-ақ білмедім,
Қуар едім осы күні етікшең,
Бірақ маған жалаң аяқ жеткізсең.
Мен мұндамын сен қайдасың білмеймін,
Жеңіл аяқты жетіп болып кеттің сен.
Өткен екен талай жылдар, талай күн,
Өмір жолын, өлең жолын санаймын.
Сонау қарттың жөтелгенін есітіп,
Есік жаққа қайта-қайта қараймын.
1945-1950





Пікір жазу