02.03.2022
  622


Автор: Қасым Аманжолов

ЖАС ДӘУРЕН

Жас дәурен-гүл жазира, қайран жазым,
Тыңдаған ерке сұлу айтқан назын.
Әсерлі ән, көк нөсер күй, сал домбыра,
Жігіттің тебірентсің өнерпазын.
Жас дәурен,
Ризамын мен саған.
Жан сәулем,
Келші сәулем, аңсаған.
Жас дәурен – жігер оты жанған жалын,
Көрмесем қызығыңды армандадын.
Өмірше екі келер уақытым жоқ,
Сондықтан үлесімді мол қармадым.
Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын,
Ән мен күй, өлен сені қойалмаспын.
Тірлікте тербелейін, тебіренейін,
Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.
Жас дәурен,
Нажағайлы алтын жаз.
Жан сәулем,
Қосыл күйге, айтшы наз.





Пікір жазу