02.03.2022
  232


Автор: Қасым Аманжолов

ӘПКЕСІ МЕН БӨПЕСІ

Әпкесі биыл жетеді,
Бөпесі шықты екіге.
Екеуі тату соншама,
Қай уақытта болса да.
Бөпеге беріп қуыршағын,
Қолға алып сука шап-шағын.
Өпкесі оқып жүр биыл,
Көкірегіне нұр құйып!
«Бес алдым бүгін, апа, деп,
Таппады ешбір қата» деп.
Киімін іліп, төрлетіп,
Дәптерің ашып көрсетіп.
Әпкесі қайтса оқудан,
Үйінің іші бір думан.
Көздері күндей, ақ қабақ,
Бөпесін сүйіп аймалап.
Бөленген өмір бақытқа,
Жарасқан жастық уақытқа!
Өзіне алса бір дәптер,
Бөпесіне суреттер
Әпкесі әкеп береді,
Екеулесіп көреді.
«міне, түлкі. Бұл- мысық,
Сен де өзінше оқып шық,
Мынау, қасқыр, бұл қоян,
Біліп алсаң , «бес» қоям»
Дейді әпкесі күлімдеп,
Бөпесі де уілдеп.
Бір көрсетіп, бір тыңдап,
Бұл жа өзінше былдырлап
Оқығандай болады,
Жаныма нұр толады.
1948





Пікір жазу