02.03.2022
241
ЖАННА
Артқа тастап алтыны,
Жанна жетті жетіге.
Жазды бастап «А», «Б»-ны,
Берді қосып екіге.
Нажағайдай жалт беріп,
Жарқылдайды жанары.
Санасына тап келіп
Әрбір ойдың хабары.
Саусағымен сырғытып,
Қайырады кекілін.
Жанна біздің жүр күтіп
Келер күннін жетінің.
Талпынады асығып
Жетіге тез жетпекке.
«Жақсы сумка асынып,
Барамын,-деп,- мектепке».
«Қай мектепке барады,
Кім болғысы келеді?»-
Сәл түйіліп қабағы,
Соны ойлай береді.
-Артис болам, ән салам,
Апа, пап, кел!-дейді.
-өзім шығып қарсы алам,
Билетсіз-ақ ен!-дейді.
-Дәрігер болам, дәрімді
Көп-көп етіп қойдырам.
Апа, мама, бәріңді
Аспиринге тойдырам.
- аралаймын көп қала,
Ұшқыш болам мен!-дейді.
Бәрі болам тек қана
Ақын болғым келмейді...
-Кім болсаң да ержетші,
Шықшы өмір төріне.
Қызығыңды көрсетші,
Ата-анаңа, еліне!
1948