02.03.2022
  274


Автор: Қасым Аманжолов

БЕСІК ЖЫРЫ

І
Әлди, әлди! Әлпешім,
Ұйықта деймін,- ұйықтайсың.
«Мә-Мә» берсем қайтесің,
Ұйықта десем,-ұқпайсың.
Жоқсын бүгін көз ілген,
Көп ісімнен бөгедің.
Жаудыраған көзіңнен!...
Ұйықтай қойшы, бөбегім.
Әлди‑ әлди, әлди- ді,
Әлди біздің қалғиды.
ІІ
Ұйықта десем, күлесің,
Айналайын күлкіңнен!
Ержеткен соң білерсің,
«Тұр- тұрлармын» бір күн мен.
«Кешіктің,‑ деп,- сабақтан»,
Тынышыңды алсам «тұр- тұрлап».
«Жоқ қой әлі таң атқан»
Деп жүрмеші бұртыңдап.
Әлди- әлди,әлди-ді,
Әлди біздің қалғиды.
ІІІ
Ұйықта бөпем, ұйықтай ғой,
Ұйықтайтын бұл шағыңда.
Қызық өмір- думан той,
Тұр ғой күтіп алдыңда.
Ұйықтап өткен не табар
Бұл өмірге бекер кеп?
Ұйықта, бөпем, бөпемсің,
Кім боп шығар екенсің?
IV
Күлімдейсің-күнімсің,
Батардағы күн шығар.
Уілдейсің, күйімсің,
Күй де бір кез тыншығар.
Сен де тынық бір мезгіл,
Толқып қана жат бөпем.
Аспанымда жүзе біл,
Айым менің-ақ бөпем!
Әлди-әлди, әлдиім,
Назды, нәзік ән‑ күйім!





Пікір жазу