02.03.2022
  133


Автор: Қасым Аманжолов

СУ ЖАҒАСЫНДА

Сарғая күтіп көктемді
Сап –сары боп су ақты...
Шынтаққа алып сексенді,
Жағада жалғыз шал жатты.
Су сарғайды ылайлы,
Шал қарғайды құдайды.
Көктем келді, сарысу
Бола қалды мөп-мөлдір.
Жылға бойы у да шу,
Жамырады жас өмір...
Сылқ-сылқ етіп су күлді,-
Шал бір ауыр күрсінді.
1946





Пікір жазу