02.03.2022
163
ТОҚТА, ЖОЛДАС!
Тоқта, жолдас!
Бұзбакөшетәртібін.
Өткізе алмай
Өміріңнің артығын
Жүресін бе сен!
Қалай –қалай ба!
Тоқта.
Байқа.
Ойла...
Қаталасың.
Ал кеп қалды
Автобус пен трамвай!
Тоқта, жлдас!
Тәртіп бұзба!
Тұр былай!
Саспа босқа,
Қақтықпа да, аптықпа!
Өз-өзіңе ойлайтының
Қастық па?
Неге сонша
Ентелейсің, елеуреп,
Сыбағаңды, қоятындай біреу жеп.
Көше түзу,
Сен де түзу жүрсеңші,
Трамвайға
Жанжалсыз- ақ мінсеңші!
Жыртасың ғой
Жолдасыңның киімін,
Жұлқылама,
Ауырттың ғой иығын.
Байқасаңшы,
Бастайсың да жанжалды,
Жинайсың ғой
Берекесіз «Базарды».
Тоқта, жолдас!
Бұзба көше тәртібін!
Өткізе алмай өміріннің
Артығын
Жүрсің бе сен?
Ойла, болса ақылың!
Сақтасаңшы
Өміріңді,
Жарқыным!