02.03.2022
  689


Автор: Сұлтан Оразалы

«ТАРИХЫМЫЗДЫ ТАНЫҒЫМЫЗ КЕЛСЕ...»

 


Жазушы, қоғам қайраткері, «Өнер» баспасының директоры Сұлтан Шəріпұлы Оразалиновпен орайы келген əңгіме


 



  • Əр өзеннің бастауы, əр бастаудың қайнар көзі бар. Сіздің өнер- өзеніңіздің бастауы мен қайнар көзі...

  • Мен Абай ауылында өстім. Ол ауылда ұлы ақынның алдын көрген, айналасын білген, тіпті, өзімен дидарласқан көңілі ояу, сұңғыла қария- лар көп тұрған. Олардың əрқайсысы өз алдына шежіре, даңғыл шешен жандар еді. Егер менің бойымда өнерге, тілге, ұлттық мəдениетке, тарихқа деген құштарлық болса, ол ең əуелі сол қарттардан дарыған деп білемін. Сол үлкендер жиналып, домбырамен жырлату бір басқа, кітап болып басылған көне эпостық жырлар, дастан-қиссалар, аңыз- ертегілерді көзі ашықтарға дауыстатып оқытатын. Осы дəстүр «Абай жолы» романының алғашқы томдары жарыққа шыққанда да ерекше жалғасын тапты. Эпопеяны жиналған қауымға дауыстап, мəнерлеп оқып беру міндеті менің үлесіме тиюші еді. «Өзге балаларға қарағанда, осының дауысы ашық», – деп жиналған жұрт көтермелеп те қоятын. Сол кезде Мұхтар Əуезов шығармаларымен қоса Сəбит Мұқановтың, Ғабиден Мұстафиннің кітаптарын да көп алдында бір емес, бірнеше рет дауыстап оқығаным бар. Сөз астарын, ой өрісін түгел түсінбесем де, көркем тілмен сомдалған кесек образдар мен сан қилы оқиғалар бала көңілде жатталып қалатын.


Бұл өнегелі дəстүр де мен үшін ықпалы мол мектептің бірі болды деп ойлаймын.


Абай топырағында жаралған, өмір сүрген əр азамат ұлы ақынның өлеңдерін жатқа білмесе, үлкен мін саналады. Жүрегінде оты, көкі- регінде намысы бар жеткіншек неғұрлым көбірек жаттауға ұмтылған. Солардың санатында өзімнің де болғанымды айту мақтанғандық емес. Жастайынан санаңа сіңген Абайдың өнегелі, өрелі өлеңдері есейгенде рухыңа – рух, сезіміңе – сезім, ақылыңа ақыл қосатыны ақиқат екен- дігі рас.


Əлгі «Абай» романын оқып отырып, талай рет жан-жақты талқы- лау, шынайы талдау, тіпті батыл сынау мен дау айтудың куəсі болған- мын. Өздері көрген, білген, естіген жайттар мен кейіпкерлерге келген- де бас изеп, мақұлдасып, риза болып отырған үлкендер сəл ауытқу, өзгеру, боямалау болса-ақ айтыса кететін. Қыза-қыза келгенде ауыл ақсақалының пəтуа сөзінсіз тоқтамайтын. Менің көз алдымда өмірдің өзі сомдаған тірі образдар отыратын. Олардың тауып айтқан пікірі, шындыққа негізделген сыны, терең мəнді пайымдаулары маған əсер етпей қойған жоқ. Бұл да бір мектеп еді.


Өз ойымша менің өнер-өмір, өзенімнің қайнар көздері осылар...


Менің сұхбаттасым стол үстінде жатқан темекісін саусағы- ның ұшымен алып, уқалап, біраз үнсіз қалды. Кең, жазық, ашық маң-


 


дайындағы қабағына қарай ығысқан əжім екі қастың ортасына жиырылып, тіп-тік сызық тастаған. Шытылған қабақ астындағы қос жанар əлденеге қадала қалған.


Не айтпақ екен?..


Аякөзде мектепті үздік бітіреді. Ленинградтағы электротехника- лық институтқа жолдама берілгенде, ол жаққа барудан бас тартып, Алматыдағы университетке келеді. Жолы болмай, елге қайтып барып, бір жыл аудандық газетте істейді. Міне, оның журналистикаға ден қоюы сол кезде басталады.


Бəлки, ол дəл қазір осыларды айтпақ болып, ойланып отырған шығар. Əлде...


Əлде... Келесі жылы студент атанып, оқу жылдарының талай түндері мен күндерінде кітап нəрінен сусындағанын, бүгінде баршаға белгілі болған жазушы-ғалымдар Əбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғалиев, Дүкенбай   Досжанов, Оразбек Сəрсенбаев секіл- ді ізденгіш, үйренгіш, талапшыл, талантты студенттермен қатар жүргенін, болмаса талай таңды мақала, корреспонденция, очерк, хабар жазумен атырғанын, əйтпесе кейбір сері жігіттер секілді қыздармен қыдырыстап киноға, ресторанға барып дəндемегенін, мүмкін, бес жылдық студенттік өмірінің зая кетпей, оқуды үздік аяқтағанын, содан соң қазақ радиосына, одан қазақ теледидарының əдеби-драмалық хабарлар редакциясына барғанын тізбектеп айтып шықпақ болды ма екен?.. Кім білсін...


Салалы саусағының ұшында əрі-бері аунақшыған бір тал темекі тұтатылмады. Қабы жұмсарғаннан кейін, стол үстіне қайта тас- талды. Жазық маңдайдағы сызықтар кейін серпіліп, жадыраған қабақ астындағы жайдары жанар маған қарай ауысты...


– Сіз Абай ауылын айтқанда, менің есіме Қарауылтөбе оралды. Жал- пы, қазақ даласы ондай төбелерден кенде емес. Əр төбеде тарих бар, тағылым бар. Алматы облысы Шелек ауданы Торайғыр тауының етегі, Көкпек жазығындағы Ойрантөбе. Бұл – Жоңғар шапқыншылығынан қалған белгі. Атақты Қарқара жайлауындағы Ереуілтөбе. Ол – 1916 жылғы көтерілістің ескерткіші. Ақтөбе облысындағы Түйетөбе. Бұл кешегі сталиндік репрессия жылдарынан бізге айғақ. «Төбе» деген- де менің жүрегімде шаншудай боп Қарауылтөбе тұрады. Ол – бүгінгі ядролық жарылыс ошағы.


Осылардың арасында аңғарған адамға үлкен сабақтастық жатқан секілді...


«Əр төбеде тарих бар» дегенің рас. Сол   төбелердің сырын ашсақ, біз үшін тылсым тарихтың бейтаныс беттері ақтарылмақ. Өйткені қазақ халқының сан ғасырлық тарихы қағазда емес, өзі мекендеген жер бетінде, өз зердесінде. Қазақ даласы ұлан-ғайыр, дарқан. Осын- дай ашық та кең өлкедегі тарих ізін ешкім жасыра алмайды. Оны уақыт дəлелдеп келеді. Жаңағы тарихи төбелер жалғап келе жатқан сабақтастық сырына үңілсек, мына бір шындық өз-өзінен бой көтереді.


 


Кемеңгер қазақ айтады: «Көп қорқытады, терең батырады» деп. Көп сонымен бірге азды өзіне сіңіріп, бағындырып та алады. Күшті əлсізді жеңеді. Бірақ күшті əділетті болғанда ғана жеңеді. Əділетсіз күштілік қашанда тізе бүгіп отырған. Сондай əділетсіз күштілік көрсетіп, əлемді билеймін деген Шыңғыс хан ниеті жүзеге аспады. Одан қалған бір белгі – Шыңғыстау мен Қарауылтөбе. Одан кейінгі


«Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аяғы да басқыншылар үшін ту жығумен біткен. Оның айғағы өзің айтқан Ойрантөбе.


Əділетсіз күштілік арамза айлаға ауысқан заман патшалық Россия тұсында болды. Патшалық Россия билеп-төстеу, отарлау ниетімен қазақ даласын түгелдей өзіне қаратып, қазақтардың шұрайлы жерін тартып алып, тұрмысын қысқанымен қоймай, 1916 жылғы июнь жар- лығымен қорлады. Қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс пат- шаның отарлау саясатын жер құштырды. Қаншама қан төгілді, қан- шама жан босып кетті. Ол да қазақ даласында белгі боп қалды. Ол белгі – Ереуілтөбе. Ал Түйетөбе қандай күштіліктің айғағы? Ол күш- тіліктің емес, қанішерліктің, топастықтың, əділетсіздіктің куəгері. Сол төбеден табылған бір бас сүйекте төрт оқтың ізі қалған. Кінəсіз, əлсіз, қорғансыз жанға осынша оқ ату үшін адам болып емес, жыртқыш болып жаралу керек шығар Ол жыртқыштықты тудырған сталиндік


репрессия саясаты. Тарих, халық зердесі оны да ұмытқан жоқ. Бұған дейінгі əділетсіздіктің бəрі сырттан келіп еді, мынау өз ішінен, өзінің құдайдай сенген ұлығынан төнген кесапатты қасірет бəрінен да азалы, бəрінен де қаралы болып, тарих бетіне қара əріппен жазылды.



  • Сталин кетті. Хрущев келді. Одан кейін не болды?

  • Тыңды игеру науқанының халықты астықпен қамтамасыз етудегі пай- дасы мен игілігі мол болды. Мұны мойындап, ұмытпауымыз керек. Бірақ бұл таразының бір басы ғана. Таразының екінші басын салмақтап көрсек, тыңды игеру науқанының жұмыр жердің жүрегін соқамен бейберекет тілгілегенін де білеміз. Оны тілгілегендердің басым көпшілігі сол жерде туған түлек емес, көбіне пайда қуып, күнкөріс қамымен сырттан енгендер болатын. Егер осы шараны жүзеге асыру жоспарында жергілікті елдің тағдырына зəредей көңіл бөлінсе, жалпақ даланы адамға, ырысқа тол- тырғысы келсе (30-жылдарға дейін қазақтың бос жатқан жері болмаған. Көктеу мен жайлауға, күзеу мен қыстауға толы еді. Оның бəрін мыңғырған мал, сол малды баққан жан мекендейтін), бұрынғы басшылардың жібер- ген қателіктері түзетіліп, кешегі ашаршылық жылдары, колхоздастыру ке- зінде еріксіз босып, күн көру қамымен жан сауғалап кеткен қазақтарды ата мекеніне қайтаруға күш салынар еді. Олардың ата кəсібін күйттеуіне көмек көрсетілер еді. Ақмоланың Целиноград болып өгертілуі – сол əділетсіздіктің бір көрінісі.


Чернобыльдегі бір жарылыс бүкіл дүниені дүрліктірді. Ал Семей полигонында 14 жыл бойы ашық кеңістікте жүздеген ядролық жары- лыс жасалған. Жер де, шөп те , су да уланған. Қара жердің шаңы шығып жатыр.


 


Байқоңыр космодромын еш зияны жоқ, тек пайдалы деп бағаласақ, сыңаржақтық болады. Өз басым онда екі рет болдым. Біріншісінде – əскери ракетаның, екіншісінде космонавтардың ұшқанын көрдім. Кей- бір мамандардың пікіріне қарағанда, ұшырылып жатқан ракеталардың қоршаған ортаға, адамдарға зияндылары аз емес.


Осындай əрекеттердің кесапатынан кейін республикада жүйкенің бұзылуынан пайда болған айықпас ауруға шалдыққандар саны барын- ша көбейіп отыр.


Республикада ақын-жазушыларға арналған бірде-бір тарихи-мə- дени қорық жоқ. Айталық, Пушкин, Лермонтов болған жерлердің бəрінде белгі бар. Толстой туған Ясная Поляна дүние жүзіне əйгілі мəдени қорыққа айналған. Ал дүниеге үш бірдей данышпанды берген Шыңғыстау – сұмдық тауға, Қарауылтөбе қасіретті төбеге айналуы керек пе? Жоқ. Сынақ өткен өлкені ядролық удан тазарту керек те, Абай, Шəкəрім, Мұхтар жерін мəдени-тарихи қорыққа айналдыру қажет.


Қасіретті Қарауылтөбе ол да əділетсіздік айғағы. Меніңше, манағы айтқан сабақтастық сыры осында...


Тағы да үнсіздік... Мен ол кісінің шығармашылық жолын ойша шолып өттім...


Қазақ теледидары жаңа құрылған кезден бастап, жиырма жыл сол салада тынымсыз еңбек етті.


300-ге жуық сценарий жазып, 1000-ға жуық хабар жүргізіпті. Қазақ тележурналистикасының қаз тұрып, тəй-тəй басуына қо- мақты үлесін қосты. Қазақ көрермендеріне арналған телепьеса, те- лепублицистика, телеочерк, телесұхбат т.б. жанрларының өмірге келуіне өз творчествосымен ықпал етті. Соның нəтижесінде ел есінде сақталған «Қымызхана», «Айтыс», «Сахна», «Халық қазынасы»,


«Шұғыла», «Творчестволық портреттер», «Поэзиялық кеш» деп аталатын əдеби-драмалық циклдер, альманахтар мен телешолулар дүниеге келді.


Ол жүргізген «Сұхбат» хабарлары бүгінде қазақ телевизиясы- ның алтын қорына айналған. Кешегі Ғабит, Ғабиден, Ілиястың көзі тірісінде түсірілген бұл хабарлардың жыл өткен сайын құны арта түспек. Тіпті 50 жасында əңгімелескен Тахауи Ахтанов, Шыңғыс Айтматовтар бүгінде мүлдем басқа ғой. Ол хабарлар осындай тарихилығымен құнды...


Ақсары өңді, ат жақты, жылы жүзді сұхбаттасым, «құлағым сенде» дегендей, маған бұрылды.


– Ақмола ғана емес, қазақ даласындағы мыңдаған жер, су атаулары көнеден келе жатқан мағынасынан айырылып, Антоновка, Алексеев- ка, Ивановск, Заречная, Николаевка, Чилик, Чиили, Новомарковка, Макинск т.б. болып аз жыл ішінде тонын айналдырып шыға келген жоқ па? Бұны сырттан келген ықпал делік. Ал жаңағы өзіңіз айтқан Ереуілтөбе қазір олай аталмайды. Кегендіктер 1926 жылдан бері ұмыт қалған тарихи төбеге елдік танытып, тəп-тəуір ескерткіш орнатқан.


 


Төбенің жанынан мұражай ашқан. Ал ескерткіштегі тақтаға атау


«Тас үйік» деп өзгертілген...


– Мынау бейкүнə тарихтың бетіне түкіру ғой. Ол атауды халық өзгертпеген. Халық жүрегінде Ереуілтөбе қанды қырғын белгісі, ел- діктің, ерліктің символы ретінде мəңгілік сақталған. «Тас үйік» – ешқандай мəнге де, мағынаға да ие емес, ойдан шығарылған жалған атау. Ол өзгертілуге тиіс. Ереуілтөбе тарихы облыс көлемінен əрі асып, республикалық мəнге ие болуы қажет деп білемін. Ереуілтөбеге үйілген əрбір таста кешегі ел ардақтыларының болашаққа аманаты бар. Ол тастарда Серке Қожамқұловтың күлкісі, Иса Байзақовтың ақындық үні, Əміре Қашаубаевтың асқақ дауысы, Құрманбек Жандарбековтің айбыны, Қанабек Байсейітовтың сырбаздығы жаңғырық боп тұнып жатыр. Ол тастарда Ораз Жандосовтың, Ыдырыс Көшкіновтың, Нұрбек Балабековтің, басқа да ел азаматтарының алақанының табы бар. Ереуілтөбе сонысымен қымбат. Біз жер-су атауларының өз мəн- мағынасын қайтарып беру үшін баршамыз болып күресуіміз қажет... Аманшылық болса, ол күндерге де жетерміз...


– Қайта құру саясаты, демократия мен жариялылық, өзімізді өзіміз танып білуімізге, тарихымызға үңілуімізге, оның жабық беттерін парақтауымызға даңғыл жол ашып берді. Біз сталиндік репрессияға ұшыраған ақиық арыстарымызды қара қапастан аршып алдық.


Меніңше, əр ауылдың өз Ахметі, Мағжаны, Жүсіпбегі, Міржақыбы, Құмары болған ғой...


– Дұрыс айтасың. Қазақ халқы – ақын халық. Мөлдір бұлақ, таза ауада осынау сайын даланың о шеті мен бұ шетін емін-еркін шарлап жүрген əрбір қазақтың бойына дарын тұнбай қайтсін. Мұны өткен ғасырларда-ақ қазақ даласына келген Янушкевич, Паллас, Залесский, Потанин, Достоевский, тіпті өзіміздің Шоқан да тамсана, таңдана ай- тып, жазып кеткен ғой. Сондықтан да əр ауылдың өз ақиығы болға- ны рас. Айталық, Абай ауылындағы Көкбай ақын, Боранбай ақын- дар қандай еді? Оларды сол төңіректен басқа өзгелер біле бермейді. Өлеңдерінің көбі сақталмаған. Ал Алматы облысы көлемінде де сан əнші, ақын, композитор, күйші болғандығын енді-енді біліп келеміз. Көдектің ақындығы кімнен кем? Садықожа Мошанұлының əншілік- композиторлық диапазоны қандай? Майлы Ормановтың ақындығы ар- шылмай жатыр... Қапез Байғабыловтың педагогикалық əдістері, дас- тандары, əндері, өлеңдері, мақалалары күл астында жатқан алтындай... Біз бүгінге дейін жазсақ, бүкіл республикаға танымал болған, жоғары қызметте болған азаматтарымызды жаздық. Енді сен айтқандай, əр ауылдың Мағжанын, Ахметін аршып алу кезегі келді...


– Жақында, «Комсомольская правда» газеті «Ашаршылық опера- циясы» (9 ақпан 1990 ж., 2-бет) деген мақала жариялады. Онда Украинада, Поволжьеде болған аштық жөнінде ащы шындықтар айтылған. Прасковья деген əйел өз баласының етін өзі жеген. Ал Евгения деген əйел жегенінен артылғанын елге сатқан... Қайтсін,


 


аштық санасын улаған сорлы «басқа түскен соң баспақшы» болған ғой...


– Бала күнімде Аякөз бен Құндыздының арасында талай рет арбамен жүргенмін. Сонда əр жерде – ши түбінде, жол жиегінде, ойпаңдарда адамның қураған бас сүйегі мен қаңқаларын көретінмін. Кей жерде сүйек пен қаңқа үйінділері де кездесетін. Бұл – бір ғана ауылда. Ал аштық бүкіл қазақ даласын жапырып өтті. Қазірде сол ашаршылық жылы қырылған адам санын нақты айту қиын. Ол кезде аштан өлген адам саны алынбаған. Есесіне мал санағы, тұяқ санағы мен мүйіз санағы жиі жүргізілген. Қаншама адам бір түйір нанға жете алмай, аш өзегі құрып өлді, қаншама адам өлместің қамын жеп босып кетті. Мұның бəрін крайком хатшысы Голощекин көрмеген- дей, білмегендей. Орталық мемлекеттік мұрағатта сол жылдардың құжаттарын іздестіргенімізде, сан түрлі мəжілістердің хаттамалары, телеграммалары мен қатынас қағаздары, құрғақшылық, бұршақ ұр- ғаны, үсік жүргені жөнінде, соның салдарынан астықтың бітімсіз болғаны туралы есептер қат-қат күйінше жатыр. Осындай сарғайған қағазға толы жүздеген папкалардың арасынан аштық, ашаршылық жөнінде бірде-бір ақпар таппайсыз. Сонда қазақ халқын сталиндік- голощекиндік құрту, жер бетінен жоқ қылу саясаты хақындағы тарихи шындықты кейінгі ұрпақ қандай мұрағаттық құжаттарынан оқып-білуі керек? Мен қараған мұрағаттық іс қағаздарының ішіндегі мына бір қаулы: «Ең үздік ауылкеңестер байқауының барысы жəне 15 ноябрьден бастап Шығыс Қазақстан ормандарында ақтиін мен үйректерді аулауға рұқсат ету туралы» (28 сентябрь 1933 ж.) деп аталады. Ол қандай байқау, қандай үйрек аулау? 1933 жылы іс жүзінде ондай байқауларға қатысатын, қатыса алатын ешкім де қалған жоқ қой!


Қазақстанда адам санын білудің қажеті жоқ еді. Өйткені демог- рафиялық тепе-теңдікті Сталиннің өзі ғана қадағалап, басқарып отыр- ды. Күрт азайған халық саны өзге өңірден еріксіз көшіріп əкелінген басқа ұлт өкілдерімен толықтырылып отырды.


– Қазақ даласына аштық қайдан келді? Миллиондаған кінəсіз жанның айналасы екі-үш жыл ішінде өзегі талып, өлуіне себепкер болған не? Оған кінəлі Сталин мен оның маңайындағылардың (Голощекин т.б.) шаруаларға қарсы жүргізген қылмыстық саясаты ғой ...


– Қазақ ауылдарын жедел коллективтендіру, дала кампанияларын ұйымдастыру əрекеттерін тұрпайы бұрмалау мен қате жүргізу, малды зорлықпен қоғам иелігіне алу, көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығын табан астында ірі совхоздарға күшпен біріктіру, олар- ды бір-бірінен алшақ орналастыру, жайылымдарды қысқарту, қисап- сыз көп малды етке өткізу, кооперация мен жерге тұрақтандыруды бір мезгілде жүргізу саясаты ұлттық геноцидке ұшыратты.


Кешегі «Комсомольская правда» жазып отырған Мороз Евгения мен Прасковьялар қазақ даласында да болғаны анық. Бұл қасіретті трагедия. Адамды айуанға айналдыру айғағы. Демек, сталиндік-голо-


 


щекиндік айыптау, шындықтың бетін айқара ашу, миллиондаған ұл- қыздарымыздың аруағын ақтау мақсатында жиырмасыншы жылдардың аяғы мен отызыншы жылдардың бас кезіндегі ұлттық геноцидті ресми түрде мойындау жөнінде арнайы қаулы қабылдау керек. Бұндай қаулы Украинада қабылданды да. Сол жылдардағы құрбандарға арнап ес- керткіш орнатуымыз – азаматтық борышымыз болып саналады.


– Соңғы екі-үш жылда Қазақстандағы неміс ағайындарымыз өз Отанына, ата мекендеріне көше бастады...



  • Ешкім оған қарсы тұра алмайды, қарсы тұруға тиіс емес. Ха- лықтардың араласуы қай қоғамда, қашан болмасын өмір ағынымен сабақтасып, табиғи күйде жүретін процесс. Бірақ оны күшпен жүзеге асыру – қателік. Күшпен, зорлықпен жасалған миграция ұлттардың наразылығына, ашу-ызасына, тіпті көтерілуіне əкеліп соқтырады. Дəл бүгінгі еліміздегі шиеленіскен ұлттық жағдай – соның дəлелі.


Голощекин елді коллективтендіру кезінде арыған аш-жалаңаш бос- қындарды да «бай», «кулак» деген желеумен Қазақстаннан тыс ай- мақтарға тықсырды. Соның салдарынан қазір еліміздегі 8 млн 135 мың 661 қазақтың 1 млн 601 мың 045 – і қазақ топырағынан тыс жерде, яғни одақтас басқа республикаларда өмір сүріп жатыр. Мысалы, РСФСР-да 635 мың 708 қазақ бар. (1989 жылғы қаңтар айындағы дерек). Ал шет елдерге босып кеткен бауырластарымыз қаншама?


Олардың орнын Сталин өзіне ұнамаған өзге ұлттар есебінен бір толтырса, Хрущев «тың көтеру» деген желеумен халықты қазақ да- ласына тағы да үйіп-төкті. Бүгінгі таңда өз жерінен еріксіз кетуге мəжбүр болғандар да Қазақстанды иектеуде. Қазақ халқы қонақжай екен, кең екен, момын екен деп келушілер ең əуелі өз басының қара қамын ойлап келеді. Тіпті міндетсіп келеді. Сонда Аралы тартылып, Балқашы суалып, Ақтөбесі ақ тақырға айналып бара жатқан қазақ- тардың өз тұрмыс халін кім ойлайды? Қазір Қазақстанда қазақтар азшылыққа жатады. Осыны жақсылыққа жоримыз ба?



  • Жақында КСРО Жоғарғы Кеңесінде «Күштеп қоныс аударылған халықтарға қарсы жазалау шараларын заңсыз жəне қылмысты деп тану мен олардың құқықтарын қамтамасыз ету» туралы Декларация қабылданды..

  • Осы Декларацияда күштеп қоныс аударылғандардың өз ата қо- нысына қайту құқы айтылған. Демек, осының негізінде Қазақстан- нан тыс, КСРО аумағында тұратын бауырластарымыздың өз туған жеріне оралуына жағдай жасауымыз керек. Ол үшін үкімет жанынан демографиялық комиссия құру керек деп білемін. Бұл комиссия жоғары- да аталған Декларацияның іске асуын, республикамызда демография- лық даму миграцияны саналы түрде бақылап, реттеп, бағыт-бағдар беріп, республика аумағындағы «күштеп қоныс аударылғандарға» өз еліне қайтуына, сондай-ақ сырттағы қазақтардың өз жеріне келуіне əлеуметтік-экономикалық жағдай жасауға күш салуға тиіс. Бұндай комиссиялар РСФСР-да құрыла да бастады.


 


Сұхбаттасым өзін мазалап жүрген осындай кесек ойларын лек- легімен ақтара сөйлеп отыр...


Ол 1984 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Мəдениет бөліміне нұсқаушы, кейіннен көркем əдебиет секторына меңгеруші болып бекітілді. 1986 жылдан бері «Өнер» баспасына ауысты. Мұнда баспа ісін қайта құруға, өнер мен мəдениеттің сан- саласынан халыққа қажетті кітаптар шығаруға белсене араласты.


«Мұра», «Алыстағы асылдар», «Өнер тақырыбындағы туындылар»,


«Күй қазынасы», «Өзің жасап ал», «Мұрагер» т.б. сериялардың ашылуына, ұлттық өнер мен мəдениет мұраларының жарық көруіне басшылық етті.


Менің есіме өлең оралды.


Əйгілі Омар Һəйəм 23-рубаятында:


 


Аяймын күнім батып, түн


болғанын,


Жігері талай жанның құм


болғанын.


Айтпады-ау ол дүниеден келіп


біреу,


 


 


депті...


 


Кешегі кеткендердің кім


 


болғанын, –


 


– Сонау 1040 жылы туған Омар Һəйəм сынды ұл өзіне дейінгілердің кім болғанын білуді армандаса, одан тоғыз ғасыр кейін туған біздер- дің де өткенімізге үңілуіміз заңды емес пе? Осының өзі-ақ өткенді біліп алмай, өткеннен тағылым алмай, болашаққа жол тарту мүмкін еместігін əр кезең ұрпақтары жақсы білгендігін дəлелдейді.


Көп істің ілгері баспауына өзіміз де кінəліміз. Біз əлі күнге Қазақстанның қазақша картасын көргеніміз жоқ, білмейміз де, жасаған да жоқпыз. Бағана əңгімеміздің басында жер, су аттары жөнінде сөз қозғадық. Олардың жаппай өзгеруі де жасанды миграция салдары- нан екені анық. Егер болашағымызды ойласақ, жер-су аттарының түп атауын сақтай отырып, Қазақстанның географиялық картасын жа- сауымыз керек. Кейінгі ұрпақ өз мекенінің негізгі атауын білмесе – оған біз кінəліміз.


Біз əлі күнге өз тарихымызды таныған, тану тұрмақ, дұрыс оқыған да жоқпыз. Тарих білмеу – тегін білмеу деген сөз. Қазақта «тексіз» деген сөз балағат орнына жүреді.


Біз əлі күнге мəдени байлығымызды толық жинап, зерттеп, сақта- ған жоқпыз. Жинағанымыз сол ма?! Республиканың мемлекеттік кітап палатасын су басқан, Ғылым академиясындағы өте сирек кездесетін басылымдар мен қолжазбалар күтімсіздіктен шіріп жатыр. Егер осы- лай жалғаса берсе, онда мұрағаттарда тек 20–30 жылдарға қатысты құпия құжаттар ғана қалады. Өйткені ол құжаттарды берік сақтап,


 


пайдалануға тыйым салған өкім ішкі істер министрлігінің қолында бар.


Осыған байланысты Қазақстанда Мəдениет туралы заң шығару қа- жет деп білемін. Бұл заң мəдениеттің еркін дамуын, əр суреткердің шығармашылық бостандығын, ұлттық өнердің дербестігін құқықтық жағынан қамтамасыз етуге тиіс. Сондай-ақ өнер тарихы мен теория- сын, діни сабақтарды барлық оқу орындарына енгізіп, мұрағаттардағы құпия қорлардың ашылғанын заң жүзінде бекітеді.


Халық, сол халықты құрайтын əрбір адам рухани моральдық, құ- қықтық жағынан кез келген қысымнан, басынудан, жəбірлеуден азат болуы керек. Ол санасына сіңген құлдық психологиядан мүлдем арыл- ғанда ғана өзін азат санайды. Азат сана мəдениеттілікке ұмтылады.


Мұса пайғамбар өз ұрпағының бойындағы құлдық психологияны жою үшін соңынан ертіп, ешкім білмейтін, көрмейтін Синай құмы- ның ішінде қырық жыл ұстамай ма. Осы дербестікте туып, өмір сүр- ген жылдары санасы, сезімі мен түйсік-түсінігі азат жаңа ұрпақ өсіп жетілмеуші ме еді? Халқымыз мəдениетті болу үшін біз де оның бойындағы төменшіктік, көнгіштік, жөнсіз сенгіштік құлықтарды мүл- дем сылып тастауға ұмтылуымыз керек...


 


Сұхбатты жүргізген Сағатбек Медеубеков.


«Жетісу» газеті,


01.03.90 жыл


 





Пікір жазу