ӨЛШЕНIП ӨНЕР ТАРТЫЛСА
Күнi кеше ғана…
«Төрт-ақ əрiп нұрландырып жер бетiн, Дүниенi əлдилейдi тербе- тiп. Барлық асыл эпитеттер жиналып, Жеткiзе алмас КПСС кел- бетiн» деп жырлағанымыз рас қой. Ал оның «Сталинге тең таппай қиналған…» дəуiрдiң жырынан несi артық? Лирикалық кейiпкерiмiздiң аты ғана өзгерiп, барлық рухы сол бойы сақталыпты. Ондаған жылдар қанымыз бен жанымызда күшпен сiңген осынау төрт əрiп пен алты əрiпке деген табынушылық, кiрiптарлық мiнез жуық арада бойымыздан шыға қояр ма екен? Дүниеде бұдан асыл, одан қасиеттi үғым бар деп бұрын ойладық па?
Сондай-ақ кез келген шығарманың құнын «бүгiнгi күн тақырыбы- на үн қосуына, жаңа адамды, жас ұрпақты тек коммунистiк рухта тəрбиелеп, дүниетанымын қалыптастыруына» қарай бағалап, хал- қының тарихына, ұлт өнерiнiң өзекжарды мəселесiне ден қойғандар- ға салқын қарағанымыз да шындық. Iшiнде iлiп алар нəрi жоқ, бiрақ бүгiнгi күннiң сұрқай суретiн, аға халықтың ақылгөйiн, партияның басшылығын мадақтаған татымсыз романдардың бағасы халқының мəдениетi мен өнерiнiң сырын, шынын өсер ұрпағына ашып берген бiр iргелi мақалаға татымаса да, авторына əкелер пайдасы жоғары болатын. Асыл мен жасықты бiз осылай шатастырып алдық. Өнер өлшеніп тартылған шақта асылдың асыл шығатынын ұмыттық. Сондықтан да өзгелерге көбiрек тамсанып, өз жақсымызды елемеу бойға сiңдi. Өзiмiздiң қара орманнан қамшыға сап таппағандай, басқа- ның жылтырағына көз салып жүргенде халқымыздың ұлы таланты- нан туған алып өнерiмiздiң кейбiр тамырлары суалып, бетiн тат ба- сып, көмескiлене бастағанын байқамай да қалыппыз. Iздемесе, күтпесе, сақтамаса телегей теңiздiң де сарқылғанын көрмей жүрмiз бе?
Сондықтан кейiнгi төрт-бес жылдың əлетiнде талай жəдiгерiмiз- дiң жоқшысы болып ел өнерiнiң бағын ашуда қыруар шаруа бiтiрген
«Өнер» баспасын ерекше атау лəзiм. Егер баспа iсiндегi қайта құру процесiн сөз етсек, үлгiлi мысалды осы ұжымнан көбiрек табамыз. Өйткенi олар шығарған өнiм қазiр кiтап дүкенiне көп аялдамайтын болды. Жұртшылық iздеп жүрiп, күтiп жүрiп алатын, шет жұрт- қа барсақ «мынадай туындымыз бар» деп ала баратын, сырттан келген қонағымызға мақтана сыйға тартатынымыз да осы баспа- ның туындылары. Ұлттық өнердi насихаттауға бүтiндей бет бұр- ған олар өз асылымызды тануға, жастардың халықтық мəдениет- тен нəр алып, үлттық санасының қалыптасуына ықпал ете бастады. Бұл ретте талай талантты кiтаптардың тұсауы кесiлiп, ел үшiн кажеттi туындылардың жарық көруiне ұйтқы болған, бұрыннан еңбегiмен, қайраткерлiгiмен көзге түскен Сұлтан Оразалиновтың есiмi кеңiнен танымал.
Осы баспаның директоры, Қазақ ССР-ның еңбек сiңiрген
мəдениет қызметкерi, жазушы, сыншы Сұлтан Оразалинов өнер саласында да көп iс тындырды. Ол – республикадағы көркем теле- дидардың негiзiн салушылардың бiрi. Оның қаламынан көгiлдiр экран- да əдеби-драмалық жанрды қалыптастырған 300-ге жуық публи- цистикалық телесценарийлер, телепьесалар мен басқа да əдеби хабарлар туды. Халыққа кеңiнен таралған «Шұғыла», «Кездесу»,
«Сұхбат», «Қымызхана», «Айтыс», «Сахна» т. б. iрi циклдарды тұңғыш рет ұйымдастырып өзi эфирде жүргiздi. Оның əдебиет пен өнер жайлы хабарлары Орталық теледидардан, Орта Азия, Закавказье республикаларының, Молдавия мен Сiбiр облыстарының телеэкранында көрсетiлдi. Əлемнiң отызға жуық елiнен келген даңқ- ты жазушылармен сұхбаттасып, олардың творчествосы туралы жазды. С.Оразалиновтың əдеби сын, зерттеу мақалалары, «Шындық жəне көркемдiк шешiм» атты монографиясы, совет жəне шет ел жазушыларының бiрнеше романдары мен повестерiнiң, əңгiмелерiнiң қазақша аудармасы оқырман қауымға жақсы таныс.
Жазушының өнер, мəдениет, кiтап басу iсiне байланысты ойларын бiлу үшiн бiздiң тiлшiмiз оған жолығып, бiрнеше сауалдар берген едi. Бiз автордан төмендегi жазбаларды алдық.
СҰРАҚ: Сұлтеке, бiр өнердiң туып, қалыптасу кезеңiнде еңбек етiп, оның iрге тасын өз қолыңмен қаласып, негiзiн салушылардың бiрi болу – əр адамның пешенесiне жазыла бермейтiн бақыт қой. Басқа еңбектерiңiздi атамай-ақ, осыдан 10–15 жыл бұрын теледидардан сiз жүргiзген «Сұхбат» циклы күнi бүгiн қайталанып көрсетiлген сайын көркемдiк мəнi артып, қадiр-қасиетi жоғарылап бара жатқанын байқаймыз. Қазiр осы деректi бейнефильмдердiң теледидар арқылы халыққа таралуы таңдаулы көркем фильмдермен парапар. Бұл – Қазақ теледидарының тарихында бұрын-соңды болмаған құбылыс. Осының сырын өзiңiз қалай түсiндiресiз?
ЖАУАП: Егер əдiлiн айтсақ, «Сұхбаттың» өмiршеңдiгi мен абырой- беделi, ең алдымен, оған басты кейiпкер болған адамдардың қасиетiн- де дер едiм. Өзiңiз ойлап қараңызшы: Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Шыңғыс Айтматов, Файз Ахмад Файз, Мұстай Кəрiм, Iлияс Есенберлин, Сапарғали Бегалин, Тахауи Ахтанов т. б. Осы есiмдердiң əрқайсысы бiр-бiр əлем емес пе? Қай оқушы, қай көрермен бұл адамдардың өмiрi мен өнерiн қызықтамайды? Берiсi өз халқының, арысы əлемдiк əдебиетке өлшеусiз үлес қосқан олардың тағдыры, тiршiлiк болмысы, өз аузынан айтылған жан сыры, қарапайым пендеге тəн қызығуы мен күйiнуi, əр нəрсеге көзқарасы, қас қағуы, бет құ- былысы, сөйлеу машығы, дауыс ырғағы, қимыл-қозғалысы – бəрi- бəрi кинолентада, тiрi қалпында сақталып қалса, бүгiнгi замандастар үшiн ғана емес, келешекке де баға жетпес, аса құнды ескерткiш емес пе? Шындығына келсек, шынайы өнерпаз бiр ұрпақтың уысына сыя бермейдi. Ол – келешектiң де замандасы. Ұлылықтың қасиетi
осында. Гете: «Олар иық тiресiп қатар жүргенде ғана емес, алыста жатса да, бұл өмiрден əлдеқашан баз кешсе де бiздер үшiн тiрi жан» деген. «Сұхбаттың» қадiр-қасиетiнiң арта түсуi – оның көпшiлiк кейiпкерлерiнiң бұл фəниден көшiп, тарихтың еншiсiне айналуында. Хабарлардағы бiз түсiрген көрiнiстер тоқтап қалған уақыттың тұтас бөлшегi, кейiпкерлер тiршiлiгiнiң қайталанбас бiр сəтi. Ендi оларды сол қалпында қайта көру мүмкiн емес.
Менiң кейбiр достарым телеэкрандағы осы əңгiмелердi бəз қал- пында қағазға түсiрiп, кiтап етiп шығару керек деп кеңес бередi. Əрине, ол қажет-ақ, бiрақ экрандағы тiрi сөз қағазға көшiсiмен-ақ ең басты қасиетi – айтушысынан айрылып, жұтап шығатынын ескермей- дi. Сондықтан қағазға түсiрерде сөз өнерiне лайық өзiндiк тəсiл iздеу керек. Ол əңгiменiң тiлi де, стилi де бөлек. Бiр өнердi екiншi өнерге көшiре салуға болмайтыны осыдан байқалады. Олардың əрқайсысы өз орнында құнды. «Сұхбаттың» қасиетi де телеэкранмен байланыс- ты. Бұндағы көркемдiк тəсiл – бейнефильмнiң басты кейiпкерлерi өз бейнелерiн өздерi ашуында. Мен соған мүмкiндiк туғызып, артығын алып, кемшiнiн толтырамын, өз жүрегiмнiң жылуын қосамын. Əрине, ол үшiн телеөнердiң ерекшелiгiн бiлу шарт.
СҰРАҚ: Сiз «Сұхбатты» бастаған кезде үлгi аларлық осы тектес хабарлар болды ма?
ЖАУАП: Совет теледидарынан кездестiрген жоқпын. Əрине, ұзын- ды-қысқалы əңгiмелер телеэкранда болып тұратын, ол қазiр де бар, бiрақ оның «Сұхбатқа» қатынасы шамалы. Алпысыншы жылдардың аяғында немiс кинематографистерi Шойман мен Хайновскийдiң
«Қара тылсым» атты деректi телефильмi дүние жүзiн аралап шы- ғып, телеөнердiң табысы деп бағаланды. Мен оны қазақ тiлiне аудар- дым. Бұл телефильмнiң авторлары бұрын радио журналистерi болған екен. Олар телеэкранға радиодағы кейбiр тəсiлдердi пайдаланыпты. Мысалы, жүргiзушi үнемi кадрдан тыс сұрақ қоюмен болады. Экранда Бухела ханым жалғыз. Авторлар өз зерттеулерi жəне Бухела ханымның жауаптары арқылы оның шын пиғылын ашып, алдамшы, сұм адам екенiн көрсетедi. «Сұхбатты» жасарда осы фильмнiң кейбiр тəсiлi есте болды, бiрақ бiз өз жолымызды iздедiк. Не ұттық, неден ұтыл- дық – ол көпшiлiктiң көз алдында. Тек өкiнiштiсi, қазақ телеөнерiнде тұңғыш рет пайдаланылған осы пiшiн (форма) кейiннен жалғаспай қалды. Ал эстон журналисi Урмас Отт соңғы үш жылдан берi Орталық теледидардан көрсетiлген «Теледидардағы таныстық» атты циклында «Сұхбаттың» пiшiнiн, құрылымын, жүргiзу тəсiлiн айна- қатесiз қайталап, сол қалпында пайдаланыпты. Айырмасы тек тiлi мен кейiпкерiнде ғана. Бұл тұңғыш рет Қазақ теледидарында ашылған осы тəсiлдiң өмiршеңдiгiнiң белгiсi болса керек.
СҰРАҚ: Сұлтеке, қазiр сiздiң көптеген кейiпкерлерiңiз бұл өмiрден өткен адамдар. Сол хабарларыңызды қайталап көргенде қандай күй кешесiз?
ЖАУАП: Менiң бiр досым: – Сен осы əруақтармен сұхбаттасып отырғаныңнан шошымайсың ба? – дейдi əзiлдеп. Екiншiсi: – Бұның сөзiн құлағына iлiп қайтесiң. Өлгендi тiрiлткен деген осы. Бұл – бұрын-соңды болмаған, қазақ өнерiнiң жаңа бетi, – деп жұбатады. Мен екеуiнiң сөзiн де əзiл ретiнде қабылдаймын.
Ал кейде хабарларды көре отырып, халқы, елi үшiн аянбай еңбек еткен осы адамдардың алдындағы парызымызды толық ақтай алмай жүргендей сезiнемiз. Бүгiнге де, келешекке де керектi талай ойлар осы- лармен бiрге кеткенiне, көп жайды сұрай алмай, бiле алмай қалғаныма, жоқтан өзгеге рəсуа болып жатқан кино, бейнетаспаларды осындай қасиеттiлерiңнен аяп қалғаныңа өкiнесiң. Басқаны айтпай-ақ, мен өзiм көгiлдiр экранда талай-талай əңгiмелескен Сəбит Мұқанов, Нұрмолда Алдабергенов, Ғали Орманов, Елубай Өмiрзақов, Шəкен Айманов, Өтебай Тұрманжанов, Iлияс Омаров сияқты ардақтыларымызды ке- зiнде кино-таспаға түсiрiп алмағаным қазiр жаныма батады. Оларды өлмейтiндей көрдiк. Ал өлгендердi жетiстiрдiк пе? Қос Ғабеңнiң өзiн ғана алайықшы. Кемеңгер қос арысымыз үшiн не тындырдық? Жалпы алғанда, қазiр бiз бос сөз, даңғазаға əуес халық болып кеттiк. Iсiмiз аз. Күйiнуiмiз де, сүйiнуiмiз де, ұмытуымыз да оңай, дыз етпе, жеңiл мiнездi, ұялу, намыстану сезiмдерi топастанып бара жатқан халықпыз ба деп қорқамын. Өз асылын, өз жақсысын жете танымау, өзiндi-өзiң сыйламау соның нышандары. Сонда бiздi кiм қадiрлейдi?
Осындай көңiлсiз ойлармен қоса, жақсылардың жанында болғаның, олардың нұрына шомылғаның, мiнез, қылықтары, кейбiр қызықты сəт- тер қайта тiрiлiп, экраннан тыс айтылған ойлары мен пiкiрлерi еске түседi. Мысалы, тек «Сұхбатты» түсiрер алдында екi Ғабеңмен де үш айға жуық жиi-жиi жолыға жүрiп, көп жайға қандым. Екеуiнiң де жазушылық, адамдық қасиеттерiн тануға, азаматтық ойларын ұғуға ты- рыстым. Бұл – өз алдына бiр университет. «Сұхбат» хабарын əзiрлеу ке- зiнде Алматы мен Ташкентте жолыққан Лениндiк сыйлықтың лауреаты Қайсын Кулиевтiң бiздiң халқымызға, елiмiзге, жерiмiзге деген ықылас- пейiлi, бiрге туған бауырындай жан тартқан ағалық iлтипаты, кiсiлiк мiнезi естен кетер ме? Ақынның өзi жəне балқар халқы туралы деректi бейнефильм түсiруге келiскен едiк, бiрақ тағдыр жазбапты. Үлгермей қалдық. Бiрде мысырдың ұлы ақыны, халықаралық Лениндiк сыйлық- тың лауреаты Абдурахман əл-Хамисидiң Мұхтар Əуезов туралы ойла- рын айтқызу мақсатымен Ташкенттегi Новаи атындағы академиялық үлкен театрдың iшiнде теледидарға түсiрудi ұйымдастырғаным бар. Қашанда ауы мен бауы жиналмайтын телетехниканың қырсығынан түсiру жұмысы кешiктi де, тосып қалған əл-Хамиси наразы күйде тұр- ған. Оны əрең дегенде сабасына түсiрiп, əңгiмемiздi ендi ғана бастаған едiк, жап-жақсы сөйлеп тұрған мысыр ақыны аяқ астынан бұлқан- талқаны шыққаны. Сөйтсек, кино мен теледидардың қыр-сырын жетiк бiлетiн ақын қарсы алдындағы телеоператор орыс жiгiтiнiң өз iсiне немқұрайды, сүлесоқ қарағанына шыдамай кетiптi. Ол:
- Бұндайларға сөзiмдi қор қылмаймын! – деп терiс айналып жүрiп кеттi. Бiздiң лажсыз күйiмiздi көрген Жұбан Молдағалиев балаша жүгiрiп, əл-Хамисиге достығын бұлдап, ақыры қайта ертiп келдi.
- Мұхаңның əруағы үшiн! – дедi Жұбағаң. – Əлем таныған адам ғой, кiдi мiнезiне қарамай, Мұхаң туралы бiлгенiн жазып алғаның дұрыс.
Бұл кезде Ж. Молдағалиев Қазақстан Жазушылар одағы басқар- масының бiрiншi хатшысы, Ташкентте өтiп жатқан Азия мен Африка елдерi жазушыларының VII конференциясына барған Қазақстан делегациясының басшысы болатын. Ағаның осындай мiнезiн қалай ұмытарсың?
Палестинаның даңқты ақыны Муин Бсисумен де талай рет жо- лықтым. Ол қазақ əдебиетiн, оның iшiнде Əнуар Əлiмжановты өте жо- ғары бағалайтын. Бiрде Алматыдағы Достық үйiнде ақынмен əңгiменi жазып жатқан болатынбыз. Кенеттен жарық сөнiп қалды. Ондай-ондай бiздiң жұмыста бола бередi. Жарық қайта жанған соң техника жұмыс iстеп, əңгiмемiздi жалғастырдық. Бiрақ көп ұзамай қайтадан тоқтауға тура келдi. Бұған ерекше мəн берген ақынның жүзi қуқыл тартып, жақ еттерi бiлеулене қалыпты. Көзiнде от ойнайды. Муинның барлық өмiрi оқ астында, майдан алаңында өтiп келе жатқан адам. Оның ер- жүректiгi туралы талай аңыз таралған. Мен ақынның израильдiктер палестиналықтарды Ливаннан қуғанда Ясир Арафатты мергендердiң оғынан өз кеудесiмен қорғап, кемеге ең соңында мiнгенiн теледидардан көрген болатынмын. Қазiр ол жан-жағына айбарлана қарап отыр. Бiрақ ақын мiнезiндегi бұл өзгерiске көп мəн бере қойған жоқпыз.
Əңгiмемiз үшiншi рет жалғасқанда Муин өте ширығып, ойын түй- дек-түйдегiмен төге бастады. Аудармашы əрең үлгерiп отыр. Ол сол сəтте бар ниетi жауына атылғалы тұрған барыстай ширап алған едi. Қырсық қылғанда дəл осы кезде жарығы бар болғыр тағы да жалп етiп өшпесi бар ма! Жанымда отырған Муин ақыра айқайлап, орны- нан ұшып тұрды. Арабша айтылған сөздердiң арасынан «Сион, Сион» дегенiн ғана аңғарып қалдым. Бiр қолы төмен жылжып, жамбасын сипалай бередi. Пистолетiн iздегенi болса керек. Шаштары тiкiрейiп, көздерi шарасынан шыққандай. Айбарланғанда бiздiң Баукеңе ұқсап кетедi екен. Сөйтсек, ақынның əбден жұқарған жүйкесi жарық үшiншi рет сөнгенде сыр берiп, қатты ой үстiнде қайда отырғанын аңғармай, ата жауы – сионистер қастандық жасап жатқандай көрiнсе керек. Атой салғаны сол екен. Қайран ақын көп ұзамай Парижде жау қолынан мерт болды.
Мiне, осындай əңгiмелер де еске оралады.
СҰРАҚ: Сiздiң көптеген сын, зерттеу еңбектерiңiздi, көркем ау- дармаларыңызды оқи отырып, өз қатарыңыз сияқты əдебиетке не ғылымға бiржолата ден қойсаңыз, мұнда да өте олжалы болар ма едiңiз деп ойлаймын. Бiздiң қазақ жазушыларына үйреншiктi емес, бейнетi көп теледидарда ұзақ аялдағаныңызға өкiнбейсiз бе? Не ұтып, неден ұтылдыңыз?
ЖАУАП: Мен университет бiтiргеннен берi үш жерде қызмет iстедiм. Соның жиырма жылы, яғни жиырма үш жасымнан бастап, өмiрiмнiң ең қымбат шағы теледидарға кеттi. Рас, теледидар тiршiлiгi құйындай үйiрiп, алды-артыңа қарауға дес бермейдi. Оның екпiнiне iлеспесең, көп тобырдың бiрi болып артта қаласың. Ал өмiр толқынының жалы- нан ұстап, тек теледидардың күйiн күйттесең, онда байыз тауып, өмiр- ге тереңдеп үңiлуге, iргелi iс тындыруға уақыт қалмайды. Əр өнер, егер өгей ұлы болғың келмесе, жан-тəнiңмен берiлiп, күш-қуатыңды, өмiрiңдi өзiне ғана арнауды қалайды. Теледидар да солай. Екi таңдау жоқ. Сондықтан оған бойыңда барыңды берiп болған соң, дер уақытын- да кетiп үлгермесең, иiрiмi тартып əкетедi. Мен бөгелiп қалдым.
Сұрақта əдебиетке ден қойсаңыз… дегендей пiкiр бар екен. Ал шынында мен əдебиет пен өнерден бiр мысқал да ұзап көрген емеспiн. Бiрақ не ұқсаттық? Ол өз алдына əңгiме. Мысалы, «Сұхбатты» əде- биетке қатысы жоқ деп айта аласыз ба? Мен жазған үш жүзге жуық əдеби сценарийлердiң бəрi де əдебиет пен өнердiң мəселелерiне арналған. Егер осылар газет-журналда мақала ретiнде басылса, əдеби сын, зерттеу ретiнде қабылданып, кемiнде 4–5 кiтапқа жүк болар едi. Əдебиет тек баспа жүзiнде ғана өмiр сүрмейдi, ол ауызша да, радио мен телеэкранда жəне кинода да өмiр сүредi. Бiрақ əрқайсысының өзiндiк ерекшелiгi, артық-кемдi қасиеттерi бар. Бiз оларды бар қалпында танып, бағалауымыз керек.
Мысалы, Ираклий Андроников бұрын да белгiлi адам болатын. Оның Лермонтов туралы зерттеулерi əдебиет тану ғылымындағы соны сөз ретiнде танылды, кiтап болып басылып шықты. Кейiннен теледидар арқылы осы зерттеулерiн қайта əңгiмелеген жазушы сол бойы жаңа шығарма тудырып, миллиондаған адамды шебер де көркем сөзiмен тəнтi еттi, даңқы жер жарып, телеэкрандағы еңбегiне Лениндiк сыйлық алды. Сонда бiр адамның бойына бiткен осы екi өнердiң қайсысы артық? Менiңше, олар бiр-бiрiн толықтырып тұратын сияқты. Сондай-ақ Константин Симоновтың да ақын, жазушы ретiнде атағы жер жаратын. Бiрақ өмiрiнiң соңғы кезiнде теледидармен туысып кеттi. Нəтижесiнде «Солдат естелiгi» атты хабарлар тобы туды. Қазiр сыншылар жазушының атақты «Өлiлер мен тiрiлер» романының қатарында «Солдат» естелiгiн де зерттеу объектiсiне айналдырып, өте жоғары бағалайды.
Америка драматургi Артур Миллердiң даңқы алғаш рет 30–40 ми- нуттық телепьесалармен шыққан. Бұл күнде оның драмалық туын- дыларын əлемнiң көптеген театрлары қоюда. Теледидардағы тəжiрибе драматургтiң ысылып, қалыптасуына ерекше пайдасын тигiзiптi. Мiне, осы сияқты деректер жеткiлiктi. Бəрi де адамның қабiлет-дарынына, творчестволық ыңғайына байланысты екенi айқын.
Ал не ұтып, неден ұтылдыңыз? – деген сұраққа таза пендешiлiк тұрғыдан да, творчестволық тұрғыдан да қарауға болады. Мен осының екеуiне де тоқталмай, теледидардың балаң шақтан өмiрге, адамдарға
деген көзқарасымды қалыптастырып, шама-шарқымша халқымды, елiмдi тануға жол ашқанын айтсам – ұтқаным көп. Ал кезiнде көкiректе тұрған көп сөздердi айта алмай, талай жоспарларымның iске аспай қалғанын еске алсам – ұтылғаным, өкiнiшiм көп. Бiрақ бұндай жарым көңiлдiлер қайда жоқ?
СҰРАҚ: Өнердiң жаңа түрi ретiнде теледидардың өткенi, бүгiнi, болашағы туралы не айтар едiңiз?
ЖАУАП: Бұл сұрақ тұтас бiр кiтапқа жүк болғандай екен. Алпысын- шы жылдардың бас кезiнде қазақ əдеби сынында көркем шығарманы бiрiншi жақпен (мен) жазған дұрыс па, жоқ үшiншi жақпен (ол) жазған ұтымды ма деген бiр өнiмсiз айтыс болғаны есiмде. Тура осындай дау сол жылдарда теледидардың табиғатын анықтауда да бүкiлодақтық баспа жүзiнде ерекше өрiстедi. Телеэкранда бейне мен сөздiң жəне əр түрлi дыбыстардың (музыка, шу т. б.) қайсысы басым болуы керек, теледидардың өнер болып қалыптасуына осылардың қайсысының ық- палы басым. Дауға араласқандардың арасында бейне мен сөздiң ара- салмағын мысқалдап өлшегендерi де табылды. Бұндай өресi тар, схо- ластикалық даулардың тууына қазақ əдебиетi де, теледидар да кiнəлі емес едi, бар гəп өнер мен əдебиеттiң даму заңдылықтарын жете пайымдай алмаған сыншылар мен зерттеушiлерде болатын.
Құдайға шүкiр, жетпiсiншi жылдары бұндай өнiмсiз əңгiме тоқта- лып, теледидардың табиғаты жан-жақты зерттелдi. Ол техникалық, идеологиялық, философиялық, психологиялық фактор болумен бiрге, халықтың эстетикалық талғамын тəрбиелейтiн, имандыққа баулыйтын аса қуатты өнер екенiн мойындатты. Бұл ретте теледидардағы көсем- сөз бен көп сериялы көркем телефильмдердiң, телеқойылымдардың, телеэкранның өзiнен туған алуан жанрлы хабарлардың мəнi зор бо- латын. Солар арқылы көркем теледидардың эстетикасы қалыптасып, көркемдiк ерекшелiктерi, əдiс, тəсiлдерi айқындалды.
Қазақстанда көркем теледидардың дамуы алпысыншы жылдардың аяғына қарай «Қазақтелефильм» бiрлестiгi, əдеби-драмалық жəне му- зыкалық хабарлар Бас редакциялары жеке отау тiгiп шыққан кезден басталды. Бұдан бұрын бiрлi-жарым телеқойылым, «Көгiлдiр от», му- зыкалық бағдарламалар мен өнер адамдары туралы хабарлар кездесе- тiн. Бiрақ олар көркемдiк сапасымен ерекшелене қойған жоқ.
Жоғарыда айтылған үш ұжымның құрылуы шығармашылық күш- тердiң бiрiгуiне, телемамандардың кəсiптiк шеберлiктерiнiң артуы- на, əдебиет пен өнердi насихаттаудың əдiс-тəсiлдерiн игерумен қоса, телеэкранның өз туындыларын дүниеге əкелуге септiгiн тигiздi.
Сол жылдарда «Телевизиялық новеллалар театрынан» көрсетiлген шағын қойылымдар, М. Əуезовтің, Б. Майлинның əңгiмелерi бойынша жасалған телетуындылар, М. Горькийдiң «Челкашы», О. Бөкеевтiң
«Құлыным менiң», Р. Сейсенбаевтың «Майдан əндерi», жиырма бес сериалы «Қымызхана» əзiл-сықақ отауы кейбiр кемшiлiктерiне қара- мастан телеөнердiң iргесiн бекiттi. Жетпiсiншi жылдары экранға
шыққан ондаған телеқойылымдардың iшiнде түрiк драматургi Васиф Онгореннiң пьесасы бойынша режиссер Ш.Агишева экранға шығар- ған екi сериялы «Тағдыр тəлкегi» қойылымының көркемдiк сапасы өте жоғары, телеэкран табиғатын жетiк пайдаланған, Қазақ теледидарының тарихынан құрметті орын алуға лайық туынды.
Ұзақ жылдар телеэкраннан түспеген «Сахна», «Халық қазынасы»,
«Кездесу», «Сұхбат», «Алтыбақан», «Айтыс», «Тамаша» хабарлары мен
«Қазақфильм» түсiрген кейбiр көркем жəне деректi телефильмдер, көп- теген музыкалық қойылымдар ерекше зерттеудi, қазақ телеөнерiндегi орнын анықтауды қажет етедi. Өткеннiң жақсы-жаман қасиетiн таны- май, зерделемей тұрып, алға жылжу қиын. Əсiресе көркем өнер мен əдебиетте бұрын ашылған көмбелердiң сырын бiлiп, игерiп алмасақ – қазынасы алынған сол орынды қайта шиырлай беруiң ықтимал. Бұндай жағдай теледидарда жиi байқалады.
Соңғы жылдарда көгiлдiр экранда жұртшылық көңiлiн елең еткi- зерлiктей төл туындылар сиреп, телеқойылымдар көрiнуден қалды. Көбiне Орталық теледидардың белгiлi хабарларына елiктеу, соның қораштау түрiн қайта жасау басым. Ұлттық бояу, халықтық дəстүрден нəр алған «Айтыс», «Тамаша» хабарларының сақал-шашы ағарып, тозып, көркемдiк қуаты əлсiреп кеттi. Бұлар соңынан қара ермеген дара, тұл туындыларға айналуы кəдiк. Баяғыда табылған осындай бiр- екi хабардың жалына қанша жармасқанмен, өз жаңалығы, тыңнан жол салар туындылары болмаса, «Дидар» деп аталып жүрген бiрлестiктiң өрiсi ұзара қоюы екiталай.
Рас, қазiр əр түрлi телекөпiрлер, саяси хабарлар саны баршылық. Бұ- лардың iшiнде «Баланың жөнi бiр бөлек» телемарафоны, С. Əшiмбаев жүргiзген «Қарыз бен парыз», Г. Ерғалиеваның Семей атом полигонына байланысты хабарлары, Əмина Нұғманова қатынасқан жетiм балалар туралы хабар сияқты қадау-қадау көсемсөздік туындылар болмаса, тiлден тиек, ойдан бұғау алынған осы кезде жалтақтық пен жайдақ- тық жайлаған хабарлар нөпiрiнен көз сүрiнiп, көңiл қалады. Қазiргi заманғы көгiлдiр экранның көркi, миллиондаған адамдардың ойын жаулап алған көркем телепублицистиканың Қазақ теледидарына ендеп кiре алмағаны өкiнiштi. Бұрыннан бар тележанрларды дамыту, оларды түрлiк, мазмұндық жағынан байыту да ескерiлмейдi. Соңғы кездерде Қазақ теледидарының өз алдына дербес мекемеге айналуын құпта- сақ та, iшкi құрылымындағы алпысыншы жылдары өзiн-өзi ақтамаған шығармашылық бiрлестiктерге қайта көшуi – iлгерi басудың белгiсi емес. Бүгiнгi телеэкрандағы хабарлар жүйесi қой-ешкiсi араласып кет- кен, берекесiз қойшының табынына ұқсайды.
Қазiргiдей тiл мəдениетi ерекше назарға іліккен заманда Қазақ теледидарының журналистерi экранға қазақша ойлау қабiлетi жұтаң, тiлi балдыр-батпақ адамдарды үздiксiз шығарғанымен қоймай, ендi өз бағдарламаларын «Дидар» – əдеби дидар арнасы» деген сөз тiр- кестерiнде беретiн болды. «Дидар арнасы» деген не? Бұл, шамасы,
«видеоканал» деген сөздiң жолма-жол аудармасы болса керек. Дидар сөзi – адамның бет-жүзi, даланың, табиғаттың көркi, суретi деген ұғым бередi. Судың арнасы болушы едi, ал адамның бет-жүзiнде, даланың көркiнде, тiптi бəрiне көнбiс теледидардың өзiнде арна бола ма? Бұл –
«қолдан келгенде қоныштан басудың» бiр түрi. Əйтпесе осы тiркестiң мəнсiздiгi сөз бiлетiн адамға байқалып тұр емес пе?
Бiр ақылды адам «Қаламыздың сəулетiн өзiмiз қалай жасасақ, кейiннен ол бiздiң тұлғамызды солай қайта қалыптастырады» деген екен. Бұл теледидар табиғатына дөп келедi. Телеэкрандағы өнер мен мəдениет, ой еркiндiгi арқылы бүгiнгi қоғамның бетiн танимыз. Ендеше əлi де тоң боп қатқан тоқырау дəуiрiнiң топастығы мен бо- лымсыздығы, санадағы тежегiш күшi жеңiлмей, iлгерi жылжу қиын. Сондықтан iздену, тынымсыз iздену керек. Теледидардың болашағы бұрынғы тəжiрибенi игере отырып, əр ұрпақтың өз бетiн танытатын, өз сөзiн айтатын өнер тудыруында деп ойлаймын.
СҰРАҚ: Сұлтеке, əдебиет пен өнер iстерiн ұйымдастыруда белсене еңбек етiп келесiз. Жоғарыда сөз болған Қазақ теледидарындағы əдеби- драмалық хабарлар Бас редакциясын қолдан құрып, оны ұзақ жылдар басқарған, яғни өнер мен мəдениеттi насихаттаудың қуатты құралының тiзгiнiн ұстаған адамсыз. Кейiннен Орталық партия комитетiнде осы мəселемен жəне айналыстыңыз. Қазiр, мiне, «Өнер» баспасы…
Қазақ мəдениетiнiң бүгiнгi жай-күйi туралы не айтар едiңiз?
ЖАУАП: Академик Д. Лихачев мəдениеттен жұрдай болып, имансыз- дыққа ұшыраудың салдарынан орыс халқы, тiптi бүкiл Отанымыз аса қауiптi жағдайда тұр деп жар салды. Қазақтың ақиық ақыны Жұбан Молдағалиев өмiрiнiң соңғы кезiнде жазған бiр мақаласында республикамызда жас ұрпақты халықтық дəстүрде, ұлттық мəдениет рухында тəрбиелеудiң жойылып кеткенiн күйiнiшпен еске алады. Мiне, соның нəтижесi: ұлда – намыс, қызда – ар қалмай барады. Хал- қымыз қадiр тұтқан ағалық, аталық, аналық асыл қасиетiмiз iрiп, иегi кемиген кемпiр, сақалы сапсиған шалдарға дейiн мас болып жүргенiн, қырма сақал көк тұқылдардың қылжыраң қылықтарын, жолдан туған баласын көшеге тастаған қыздарымызды, дайын асқа тап келетiн, санасыз ұлдарымызды жиi көретiн болдық. Осылардың көбiнде орта, жоғары дəрежелi бiлiм бар, бiрақ мəдениеттен мақұрым. Моп- момақан қазақ даласында қазiр еңбек күйiнен гөрi ұры мен қарының, қандыбалақ жендеттердiң сарыны күшейiп барады. Алматы бұл салада бүкiл Кеңес Одағында жүлделi орынға шықты. Сонау патша кезiнде өз жұртына жақпағандарын қазақ жерiне қуатын əдет бiздiң
«бақытты» совет заманында да толастамағаны мəлiм. Айырмасы бұрын келгендердiң көпшiлiгi ақыл-есi бүтiн, денi сау, бiлiмдi адамдар болса, қазiр бiздiң жерiмiз түрмеден шыққан ұры-қарылар мен қанiшерлер тəрбиеленетiн сынақ алаңы болыпты. Сiбiрлiк орыс жазушысы Вален- тин Распутин Москва, Ленинград қалалары мен Орталық Россияның осындай бұзақыларын Сiбiрге жер аударғанына қарсы шығып: – Өз
сволочтарыңды ендi өздерiң тəрбиелеңдер, бiз ұры-қарыдан қажы- дық, – деп, қандастарының өзiне үлкен мiнбеден айбар көрсеткен болатын. Басқа келiмсектердi айтпағанда, осындай сұмырайларына тосқауыл қойып: – Жетер ендi, тоқтат! – дейтiн қолында билiгi бар бiзден де ұл туар ма екен? «Ұлың жақсы болсын десең – ұлы жақ- сымен, қызың жақсы болсын десең – қызы жақсымен ауылдас бол» дейтiн қазақтың қазiр көршi таңдайтын халi бар ма? Ол өз елiне өзi кiрме сияқты, келiмсектердiң кесiрiнен ығып, тiлiн де, намысын да жоғалтудың аз-ақ алдында. Республикамыздың тəуелсiздiгiн жария- лап, ұлттық тiлдi мемлекеттiк дəрежеге көтердiк деп даурығып, мəз болудамыз. Өзгерген, iске асқан дəнеңе жоқ, сол бұрынғы азға мал- данған, бейшара қалпымыздамыз. Əйтеуiр сондай заңның барын ұмытпай жүргенiмiзге тəубе, əйтпесе өздерi шығарған заңдарын өзi орындамайтын парламенттен не қайыр? Соңғы бiр жылдың iшiнде өткен Жоғары Советтiң сессиясы мен съездерiнде төрағаның қысыла- қымтырыла айтқан бiр-екi ауыз қазақшасынан басқа мемлекеттiк тiлге көрсетiлген пейiл бар ма? Қазақ депутаттардың өзi ана тiлiнде сөйлесе, ауыздарына ұшық шығатындай көрiнедi. Сонда басқаға не жорық? Бұл шiркiндер ең болмаса көршiлес қырғыз бауырларымыздың парламентiнен үлгi алмай ма? Мiне, осыдан-ақ мəдениеттiлiгiмiздiң сиқы танылады.
Мəдениет – халықтың рухани жан дүниесi, ұлттық портретi. Əлемдегi мың-сан халықтың арасында қазақ боп жүргенiмiз соның арқасы. Оны қорғау, дамыту, қамқорлық жасау – халқының қамын ойлайтын үкiметтiң де, өкiметтiң де парызы. Саналы ел мəдениеттi басқармайды, оны қорғайды, оған көмектеседi. Басқару – аздың көпке билiгi, өз еркiн, ұғым-танымын зорлап тану. Мəдениет ондайды көтер- мейдi де кешiрмейдi. Бiздiң «бақытты заманда» мəдениетке жасалған
«қамқорлықты» қайта құрудың алтыншы жылында бүкiл Одақ бойын- ша оны «дамытуға» бөлiнген қаржының мөлшерiнен-ақ көруге болады. Бұл қаржы əскерге бөлiнген ақшадан жүз есе кем. Мiне, осыдан мəдениетке деген ресми көзқарас танылады.
Соңғы он жылда эстрада өнерiнде, опера жəне драма театрларында топ жарған талант көзге шалынбайды. Мен бұл жерде профессионал- дық өнердi, яғни Əлiбек Дiнiшев, Роза Рымбаева, Досқан Жолжақсы- нов дəрежесiндегi жастардың кейiнгi кезде көрiнбеуiн айтамын. Əйт- песе, шабысы көркемөнерпаздардан аспайтын артистер сахна мен телеэкранды жаулап алғанын бiлемiз. Бiрақ ол ұшпаққа шығара ма? Бұл күнде нарықтық экономика, яки базар саудасы əдебиет пен өнер- дiң қолқасына қол батыра бастады. Шығармашылық одақтарды бiр жылғы салықтан босатқан КСРО Президентiнiң жарлығы ыңыршағы айналған мəдениеттiң аузына су тамызуға да жарамайды. Өйткенi мəдени мекемелердiң денi мемлекет қарамағында. Олар ауыр салықтан босатылған жоқ.
Сонда не iстеу керек?
Менiң ойымша, ұлттық мəдениеттi, талант иелерiнiң құқын қорғай- тын заң болуы керек. Сонда ғана домбыра ұнамайтын, халқының оқығанын қаламайтын, ұлттық өнер көкейiне қонбайтын үлкен ман- сабы бар күш иелерiнiң зорлығына, көптiгiмен көмiп бара жатқан келiмсек тобырға, күшейе бастаған базар саудасына, мəдениет пен оны жасаушыларды жем етпей, тосқауыл қоюымыз ықтимал.
СҰРАҚ: Сiз қызметке келген кезде «Өнер» баспасының халi мүшкiл едi. Аз уақыттың iшiнде ол республикамыз бен одақтағы озат ұжым- ның қатарына қосылды. Осының сырын түсiндiрсеңiз?
ЖАУАП: Бiрлiк жоқ жерде береке болмайтыны бесенеден белгiлi жай ғой. 1986 жылдары «Өнер» баспасының жаман аты жалпақ елге жайылып, iшкi алауыздық пен арыз-шағымдарды тексеруге қысқа мерзiмде əр түрлi дəрежедегi жиырма комиссия жұмыс iстеген екен. Тақырыптық жоспар жыл сайын жартылай ғана орындалып, жарты миллион сомның өнiмi жылдар бойы шықпай жата берiптi, ондаған мың сомның қаламақысы жазылмаған кiтапқа, iстелмеген жұмысқа, шалағай қолжазбаларға төленiп, ұстағанның қолында, тiстегеннiң ау- зында кеткен. Қазақ тiлiнде шығатын кiтаптардың көлемi барынша кемiп, оған бөлiнген қағаз орыс тiлiндегi өнiмнiң 4–7 пайыздай мөл- шерге төмендеген. Ұжым iшiн iрiтiп, өктемдiк құрған кейбiр адам- дардың жүгенсiз кеткенi соншама, белгiлi ғалымдар Ə. Марғұлан мен М. Меңдiқұлов кiтаптарының ең шұрайлы, ұлт мəдениетiне баға беретiн тұстарын қасақана қысқартып, құртып жiберуге дейiн əре- кет жасапты. Бiз өз жұмысымызды осындай қолы былғаныш, ар- ұяты аз, жалақор адамдардан құтылудан бастадық. Құлдырап кеткен экономикалық жағдайды, тоқырап қалған шығармашылық жұмысты қайта жандандыру үшiн ең алдымен кiтап iсiндегi жариялылық пен демократиялық үрдiстi орнықтыруға, iшкi тəртiптi нығайтып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, шығармашылық ынтымақты, бiрлесе еңбек етудi жолға қоюға ерекше назар аударылды. Өйткенi сан-сала- лы баспа жұмысында ниеттес, тiлектес, iскер, бiлiмдi мамандардың ынтымағынсыз iс тындыру қиын едi. «Бiрлесе көтерген жүк жеңiл» дегендей, оның нəтижесi де бiрден көрiндi. Мысалы, қазақ тiлiндегi кiтаптардың көлемi 70 пайызға дейiн көтерiлiп, тиiмдiлiгi артты. Бас- паның экономикалық жағдайы қүрт жақсарып, қызметкерлердiң жала- қысы 2–3 есе жоғарылады. Бiрнеше жыл қатарынан республикалық, бү- кiлодақтық жарыстың жүлдегерi атандық. Көптеген басылымдарымыз түрлi көрмелерде медальдармен, дипломдармен, ақшалай сыйлықтар- мен марапатталды. Баспамыз «Қазақ тiлi» қоғамына, «Абай қорына», Арал мен Шығыс Қазақстан еңбекшiлерiне ақшалай көмек көрсеттi. Осының бəрi – ұжым iшiндегi береке-бiрлiктiң бекiп, ынтымақтың жарасуында ғой деймiн. Қазiргi қиындықты да соның күшiмен жеңiп келемiз.
СҰРАҚ: Баспаның шығармашылық бағыты мен оның бет-бейнесiн айқындайтын туындылар жөнiнде айтсаңыз.
ЖАУАП: Бiздiң шығармашылық бағытымызды баспаның «Өнер» деген аты-ақ айтып тұрған жоқ па? Сондықтан халықтың өнердiң бəр- бəрiн насихаттау – басты парызымыз. Адам жанын iзгiлiкке тəрбие- леп, сұлулықты танытуда, марғаулықтан сергiтiп, заман сырын, өмiр күйiн ұғындыруда өнер құдiретiне теңдесер қандай күш бар? Əсiре- се көңiлдегi кiрдi аршып, халқымыздың жоғалған асылдарын шарқ ұра iздеген, имандылыққа бет бұрған бүгiнгi шақта оның тəрбиелiк мəнiн айтып жеткiзу қиын. Даңқты француз мүсiншiсi Огюс Роден құдайдың қолын салғанда оны саз балшықты илеп жатқан мүсiншi- нiң қолына ұқсатқан екен. Шындығында аңыздағы əлемдi жаратушы мен мүсiншiнiң əрекетiнде туыстық, жақындық аз емес қой. Ал сол қасиет тек мүсiншiде ғана ма? Сөз құдiретiмен адам бейнесiн, өзiндiк дүние суреттерiн жасайтын ақын-жазушы, дыбыстардың сиқырлы үнiмен түрлi сезiм-күйге бөлiп, көз алдыңа қилы-қилы өмiрдi елестетiн композитор, бояулардың сəулелi келiсiмi арқылы адам, табиғат, тiршiлiк бейнесiн тудыратын қылқалам шеберi, əр заманда ғұмыр кешкен адамдар кейпiне кiрiп, оны қайта тiрiлтетiн актер өнерi – осының қай- қайсысы да Роден кейiпкерiне ұқсас емес пе? Өнер атаулының құдiрет күшi, «дүниенi тек сұлулық сақтап қалады» дейтiн қанатты сөздiң астары, мiне, осында жатқан сияқты.
Қазiр заманалар бойы қалыптасқан жетi өнердiң қатары он үшке жеттi. Көп салалы, одақтағы ең күрделi баспалардың бiрiнен саналатын
«Өнер» осылардың бiрде-бiрiн өгейсiтпей, қолда бар қолжазбаларға ыждағатпен қарап, ал ескерусiз, елеусiз қалып бара жатқан өнер тү- рiне мамандардың назарын аударып, жақсы еңбектiң жазылуына ұйтқы болып отыр. Бейнелеу өнерi, фотобасылымдар, музыка, театр, би, эстрада, кино, сəулет өнерi, радио, халық өнерi, балалар əдебиетi, ауыз əдебиетi, проза, драматургия, поэзия, ғалым еңбектерi, мiне, осы- лардың бəрi де əр түрлi серияларға жүйеленiп, сала-сала бойынша жарық көредi. Қазақстан қылқалам шеберлерi мен мүсiншiлерiнiң соңғы жетпiс жылдағы ең таңдаулы шығармалары қамтылған «Совет- тiк Қазақстанның бейнелеу өнерi», «Қазақстан акварелi», «Қазақстан- ның монументальдық өнерi», «Қазақстан экслибиристикасы» сияқты ғылыми жағынан жүйеленген iргелi еңбектермен қатар, «Қазақстан бейнелеу өнерiнiң шеберлерi» сериясынан Ə. Қастеев, А. Ғалым- баева, Ə. Исмаилов, Н. Нұрмұхамбетов, С. Романов, М. Кенбаев т.б. суретшiлердiң жеке альбомдары басылды, ал «Қазақстанның жас су- ретшiлерi» сериясында өзiндiк қолтаңбасы анықталып, суреткерлiк қуаты таныла бастаған таланттарға жол ашылып келедi. Көп жылдық зерттеу мен жинаудың нəтижесiнде дүниеге келген «Жамбыл бейнелеу өнерiнде» «Шоқан жəне өнер» атты альбом-кiтаптардың да танымдық мəнi зор. Осындай еңбек ендi Абайға арналып шығарылады.
Қай халықтың болса да эстетикалық талғамын, сұлулық туралы ұғы- мын айқындайтын, заманалар бойы өзiмен бiрге жасасып келе жатқан жанына жақын қымбаттысы – қолөнерi екенi белгiлi. Қазақтың ұлы
ғалымы Əлкей Марғұлан осы өнердi ұзақ жылдар зерттеп, артына үш томдық мұра қалдырды. «Қазақтың халықтық қолөнерi» деп атала- тын бұл еңбектi жарыққа шығаруда, əсiресе ғалымның əр жылдарда жазған қолжазбасын бiр жүйеге келтiрiп, Совет Одағының көптеген қалаларындағы музейлерiнде сақталған бұйымдарды суретке түсiрiп, үш томдықты құрастыруда баспа қызметкерлерiнiң сіңірген еңбегi айрықша. Осындай ыждағаттылықпен жасалған Ш. Тоқтабаеваның
«Қазақтың зергерлiк өнерi», К. Ақышевтiң «Қазақтың көне алтыны», К. Байпақов пен Л. Ерзаковичтiң «Орта ғасырдағы Отырар керами- касы» атты альбомдарының көркемдiк сапасы жоғары, ғылыми мəндi, оқушыға берер жаңалығы мол туындылар. Бұлардың көпшiлiгi безен- дiрiлуi, жобасы, басылымы жағынан бүгiнгi полиграфикалық өнер- дiң үздiк үлгiсi ретiнде бағалауға лайық, Орта Азия мен Бүкiлодақтық кiтап көрмелерiнде талай рет үздiк шығып, бəйгелердi жеңiп алған, көз қуантар еңбектер. Б. Тұяқбаеваның «Қожа Ахмет Ясауи ғимараты- ның эпиграфикалық өрнектерi», Н. Нұрмұхамбетовтың «Қожа Ахмет Ясауи мавзолейi» атты көне дəуiр сəулет ескерткiшiндегi ою-өрнектер мен жазудың құпия сырларын ашатын жəне осы құбылыстың тари- хын зерттеп, сұлулық сипатын көрсететiн фотоальбомдарды да атап өту лəзiм. Баспаның өзiндiк бетiн танытатын «Медеу» «Бурабай»,
«Алатаудан Эверестке дейiн», «Қазақстан өрнектерi», «Нан туралы аңыз», «Аққайыңдар өлкесiнде», «Қазыналы құтты өлке», «Түлеген түбек», «Есiл бойы ен байлық» т. б. туындыларда бүгiнгi замандастар- дың тiршiлiк-тынысы, еңбек адамдарының келбетi фото өнерi арқылы ашылған.
Соңғы жылдарда баспамызда плакат салуға белгiлi суретшiлермен қоса, Москва мен Ленинградтағы жоғарғы оқу орнын бiтiрген бiр топ талантты жастардың шақырылуы бұл өнердiң деңгейiн биiкке көтер- дi. Қазiр жұртшылық қолына тиген Абылай ханның, Махамбеттiң, Шəкəрiмнiң, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың, М. Жұмабаевтың, Қ. Сəтбаевтың портрет-плакаттары осы сөзiмiзге дəлел болғандай. Соңғы бес жылдың iшiнде бұл саладан «Өнер» баспасы Орта Азия мен Қазақстандағы əрiптестерiнiң арасында үнемi бiрiншi орында келедi. Музыкалық өнердiң барлық жанрларына көңiл бөлiп, түрлi жинақтар шығару, жеке композиторлардың туындыларын басу, музыка тану саласындағы еңбектердiң жарық көруiне мұрындық болу сияқты мiндет те баспаның мойнында. Бұл салада көзге түсер құнды еңбектер деп «Абай», «Қыз Жiбек», «Бiржан-Сара», «Алпамыс»,
«Назыгум» операларының клавирiн, «Замана бұлбұлдары» сериясы- нан жарық көрген Абайдың, Ақан серiнiң, Бiржанның, Жаяу Мұсаның, Шəкəрiмнiң, Кененнiң əн жинақтары мен Қорқыт бастаған көптеген күйшiлердiң шығармаларының, «Ұйғыр мұқамдары», Б. Баяхуновтың шығармалары, екi томдық «Қазақ əндерiнiң антологиясы», «Бозiнген»,
«Күй қайнары» сияқты музыкалық жинақтарды атар едiк. Осыдан бiрер жыл бұрын жарық көрген «Ұйғыр мұқамдарына» қазiр көпте-
ген шет ел мамандары жылы лебiз бiлдiрсе, таяуда ғана кiтап дүкенi- не түскен жас зерттеушiлер А. Райымбергенов пен С. Аманованың
«Күй қайнары» атты жинағында халқымыздың мəдени мұрасының бiршама нұсқаларының басын қосып, сипатына қарай жүйелеп, топ- тастыруға, музыкалық өнерiмiздiң жетекшi салалары – домбыра, қобыз, сыбызғы күйлерiнiң дамуы туралы əңгiмелеп, олардың халық өмiрiндегi əлуметтiк орны мен сол күйлерге тəн негiзi музыкалық- стилистикалық заңдылықтарды ашып көрсетуге тұңғыш рет талпы- ныс жасайды. Кiтапта соны деректер, тың ойлар бар. Көптеген халық композиторларының суреттерi де тұңғыш рет жарияланған. «Өнер» баспасы алдағы уақытта А. Сейдiмбеков жинаған «Күй аңыздарын», I.Жақанов əзiрлеген «Əн тарихын» басып шығарып, ұлттық өнерiмiздiң осы саласына ерекше мəн бермекшi.
Жыл сайын баспамыздан жүзден аса кiтаптар мен əр түрлi басы- лымдар жарық көредi. Олардың арасында «Қазақстан өнерi» жыл- намасы, сатиралық, эстрадалық жанрдағы кiтаптар, театр, кино, теле- дидар туралы еңбектер, балаларға арналған шығармалар бар. Қазақ пьесаларын шығаруда да көп iс тындырылды. Олардың арасында Ж. Шаниннiң «Арқалық батыр», Ж. Аймауытовтың «Шернияз» пье- салар жинағы алпыс жылдан соң тұңғыш рет оқушы қолына тидi. Ал М. Əуезовтен бастап бүгiнгi қазақ дарматургтерiнiң iске татыр туындыларының көпшiлiгiн баспа жеке кiтап етiп те, түрлi жинақтар- дың iшiнде де жариялады. Шет ел мен совет драматургтерiнiң таң- даулы пьесаларын қазақ тiлiне аударып, қазақ пьесаларын орыс тiлiн- де шығару iсi де назардан тыс қалған емес.
Мiне, осы айтылғандардан баспаның негiзгi бағыты ұлттық мəде- ниетiмiздi насихаттау екенiн байқау қиын емес.
СҰРАҚ: Қазақ теледидарында көптеген жаңа бастамалардың ұйт- қысы болған едiңiз. Сол дəстүрдi «Өнерде» жалғастыра алдыңыз ба?
ЖАУАП: Менiң баспадағы қызметiм жаңғыру, қайта құру ке- зеңiмен тұспа-тұс келдi. Бұл жылдарда кiтап басу iсiн демокра- тияландыру, жоғарыдан жасалатын қысымнан құтылу, əрбiр шы- ғарманы құндылығына қарай бағалап, халық тiлегiмен ұштастыру, редакторлардың жауапкершiлiгiн арттыру, баспаның iшкi құрылымы- на, экономикалық ахуалына өзгерiстер енгiзу, алдымен шаруашылық есепке көшiп, өзiн-өзi қаржыландыруға қол жеткен соң, ендi, мiне, нарықтық экономикаға тұмсық тiреген жайға дейiнгi жаңалықтардың бəрi – уақыттың талабынан туған. Бұларды iске асыруда жоғарыдан да, төменнен де белсендiлiк танылды.
Қазiр əркiм өз болмысына тереңдей үңiлiп, кiсiлiк, азаматтық, iскер- лiк қасиеттерiн биiк талаптар тұрғысынан қайта сараптаған заман ғой. Жан күйттеп, тыныштық iздеп, бой тасаламай, үлкен де, кiшi де халқының, елiнiң мүддесi үшiн не тындырғанын, қолынан ендi не ке- летiнiн мазасыздана ойлап, iс-əрекетiмен танылуға тиiстi. Өйткенi қай- та құру – өмiрдiң барша саласын жайлаған кемшiлiктер мен адамдар
санасында қалыптасқан əр алуан терiс пиғылдарға қарсы ұзаққа со- зылатын күресте ерлiк пен табандылықты қажет ететiн ауыр еңбек. Ол əрқайсысымыздан нұрлы ақыл, таза жүрек, iскер қолды қажет етедi.
Елдiк қасиет ең алдымен ұрпақ тəрбиесiнен басталады. «Баланы жастан» деймiз. Халқының тiлi мен мəдениетiнен мақұрым өскен дү- бəра жастардың көбейiп бара жатқанына, тəрбие жұмысында жанға бататын жағымсыз құбылыстың етек алуына баспагерлер де кiнəлi деп ойлаймын. Сондықтан да «ештен де кеш жақсы» деп, басты жаңалықты балаларға эстетикалық тəрбие беретiн, ұлттық өнер сырын ұқтыратын кiтаптарды шығарудан бастадық. Олардың iшiнде «Ою-өрнектер»,
«Қуыршақ», «Карнавалдық маскалар», «Суреттi қалай салады», «Өзiң жасап ал», «Көңiлдi əуендер», «Музыка жайлы əңгiме», «Қазақ ер- тегiлерiнiң кейiпкерлерi», «Кемпiрқосақ торлаған қалада» сияқты көр- кем безендiрiлген басылымдарды ерекше атау лəзiм. Бұл бағытта iсте- летiн жұмыстың ұзақ мерзiмдiк жоспары жасалып, қазақтың ұлттық музыка аспаптарында ойнауды, оны өз қолыңнан жасап алуды, ұлттық ойынды, билердi үйрету, зергерлiкке, ұсталыққа, iс тiгуге баулу, бүгiнгi замандағы кино, театр, эстрада, теледидар жайлы танымдық кiтаптар шығару тəрiздi жұмыстарды тезiрек атқарсақ деп ойлаймыз.
Бұрын өнер, өнерпаз жайлы көркем шығармаларды басу аракiдiк болмаса жүйелi түрде қолға алынбаған едi. Бiз 1987 жылдан бастап
«Өнер тақырыбындағы туындылар» деген сериямен романдар, по- вестер, əңгiмелер жинағын жиi шығара бастадық. Т. Əлiмқұловтың
«Кертолғау» жинағы, I. Жақановтың «Ықылас» романы, Ғ. Қайырбеков- тің «Елтiнжал», Ж. Кəрменовтің «Ғашықтың тiлi», К. Жүнiсовтің
«Көксеу», И. Кенжалиевтiң «Құрманғазы», Х. Дəрiбаевтың «Тəттiмбет» повестерi мен «Ардақ» атты əңгiмелер мен эсселер жинағы осы сериямен жарық көрдi. Бұлардың iшiнде талантты туындылар аз емес. Алдағы уақытта жұртшылық өнер адамдары туралы жазылған таң- даулы повестер жинағымен, Ж. Мусиннiң «Балқадиша», Қ. Толыбаев- тың «Жапанда кезген жолаушы», С. Лəмбековтың «Тəттiмбет», Т. Сү- лейменовтың «Сегiз серi» роман, повестерiн оқитын болады. Бұл серияның аясын кеңейтiп, əлемдiк өнер алыптары туралы жазылған таңдаулы шығармаларды қазақ тiлiне аударып бастыру да ойымызда бар.
«Алыстағы асылдар» деп аталатын жаңа серия – ғасырлар бойы шашылып, əркiмнiң қолында кеткен, сөйтiп елiмiздiң түрлi қала- ларындағы, шет елдердегi мұражайларда сақталып қалған қолөнер бұйымдарын iздеп, жүйелеп, суретке түсiрiп, альбом етiп шығаруды мақсат етедi. Ұлттық қазына болып саналатын бұл байлықты елге қайтару iсi кешеуiлдеп барады. Мұрағат қарайтын, мұражай аралайтын бiрен-саран адамдар болмаса, оны көпшiлiк жұрт бiле де бермейдi. Сондықтан бiз қолымыздан келгенше, Москва, Ленинград, Ташкент, Нүкiс, Омбы, Орынбор қалаларын осы байлықты бiлетiн, сол мұра- жайлардағы мамандарды тартып, олармен жұмыс iстей бастадық. Ал-
ғашқы қолжазбалар қолға тидi. Аманшылық болса бұл кiтаптармен алдағы жылдары дидарласып та қалармыз. Ал шет елдегi мұраға əзiрге құлашымыз жететiн емес.
«Құтты болсын тойларың» деп аталатын əсем безендiрiлген кiтап та баспа қызметкерлерi iзденiсiнiң жемiсi деуге болады. Бұл жинақтың идеясынан бастап, əрбiр тарауы, көркемделуi – бəрi де өз ортамызда туды. Қазiр оқушыларының iлтипатына бөленiп, халықтан жоғары баға алған бұл басылымда шiлдехана, мектепке бару, əскерге шығарып салу, туған күн, үйлену, күмiс той, алтын той, сабан той, шопандар тойы, наурыз тойын қалай өткiзу туралы əңгiмелер, сол тойларда ойналатын ойындар түрi келтiрiлген. Адам өмiрiнiң аса қымбат сə- тiнде еске алынатын жақсы лебiз, даналық сөздердi, халқымыздың игi дəстүрлерiн қалай сақтау, тойға барғанда, қонақ шақырғанда өзiңдi қалай ұстауды оқып бiлуге болады. Кiтаптың қажеттiлiгi оған түскен 150 мың тираждан-ақ байқалады. Қағаз тапшылығынан əзiрге 60 мың данасын ғана шығардық. Жұртшылықтың ықыласы соншама, қазiр бұл кiтаптың базардағы құны бес есе көтерiлiп, 30 сомға дейiн шығыпты. Шамасы, бұл қара базарда бағаланған қазақ тiлiндегi алғашқы басылым болса керек.
«Той» кiтабының iзiн ала «Беташар» атты жинақты да бастырып отырмыз. Бұл да қалың көпшiлiктiң көңiлiнен шығуға тиiс.
Мiне, жаңа бастама дегенде осыларды айтуға болар. Бiрақ бiр жай- ды ескерту парыз сияқты. Ол қойылған сұрақтан туындап отыр. Егер баспаның бiрiншi басшысы осының бəрiн өзiм ойлап тауып, басқарып, iстеп шығардым десе, жұмсақтап айтқанда, əбестiгiн танытар едi. Бұл жерде оның басты мiндетi – ұжым бойындағы шығармашылық қуаттың шығуына жол ашу, талантты күштердiң бiрiгiп еңбек етуiне, сəтiмен табылған ойдың жүзеге асуына көмектесу ғой деп ойлаймын. Əрине, iсiң өнiмдi болу үшiн оның басы-қасында жүру керек. Жұрт меңгеру де, Абай атамыз айтқандай, əркiмнiң қолынан келе беретiн оңай шаруа емес.
СҰРАҚ: Баспа iсiнiң ең қиын түйiнi полиграфия мен кiтап саудасында жататыны мəлiм. Олармен қарым-қатынасты қалай құрдыңыздар?
ЖАУАП: Мен бұрын ең артта қалған, жетiмсiз техника Қазақ те- ледидарында шығар деп ойлаушы едiм. Ол жерде алдымен техниканы, содан кейiн ғана шығармашылықты ойлауға тура келетiн. Жиырма жыл қызмет iстегенде бұл мекемеде шығармашылықтың бiрiншi қатар- ға шыққанын көре алмай-ақ кеттiм. Дəл осындай жағдай кiтап басу iсiнде де бар екен. «Саңғалбайды өскен сайын құдай ұрады» дегендей, күн өткен сайын жақсарудың орнына полиграфияның күйi төмендеп барады. Таяуда Россияның Жоғарғы Кеңесінде осы республиканың баспа жəне көпшiлiк хабарлар министрi М. Полтаранин Россияда- ғы 1200 типография құрал-жабдығының əбден азып-тозғанын, оның 60 пайызы таяу арада жұмыс iстеуге жарамай қалатынын, ал кiтап шығаратын полиграфиялық базаның да осындай күй кешiп тұрғанын
жариялады. Революцияға дейiн бүкiл Европада кiтап басудан екiн- шi орында тұрған Россияның биылғы жағдайы осындай болғанда,
«Түйенi жел шайқаса, ешкiнi аспаннан iзде» дейтiн мақал еске түсiп, Қазақстан полиграфиясының мүшкіл халін айтпай-ақ қоюға болар едi. Бiрақ аз мүмкiндiкпен көп iс тындырып жатқан ұжымның кiнəсi не? Бiздiң баспада əзiрленген əр кiтап өнер жайлы баяндаумен қо- са көркемделу, қатталуы, басылым сапасы жағынан полиграфиялық өнердiң үлгiсi болуға тиiс. Бұл ретте оза шауып, Бүкiлодақтық, Орта Азиялық, республикалық көрмелердiң жүлдесiн иемденген көптеген туындыларымызға полиграфистердiң сiңiрген еңбегiн айпай кетуге болмайды. «Қазақстан акварелi», «Медеу», «Той туралы кiтап», «Алтын домбыра туралы аңыз», «Кемпiрқосақ торлаған қалада» сияқты соңғы кезде шыққан туындылар кiтап басу мамандарының өте биiк өреде жұмыс iстей алатынын байқатады. Бұл жерде баспа қызметкерлерi мен кiтап басушылардың өзара түсiнiсуi мен бiрлесе еңбек етуiнiң маңызы ерекше. Əрине, кейде қажеттi полиграфиялық бұйымдардың тапшылығынан, яки салақтық пен немқұрайдылықтан кiтап сапасы төмендегенде арақатынасымыз қиындап кететiн шақтар болады, де- генмен де бiз олардың мұңын түсiнуге тырысып, орындалуы қиын, күрделi басылымдарды ойдағыдай жасаған мамандарға материалдық көмек көрсетудi əдетке айналдырдық. Ол өз нəтижесiн беруде.
Ал кiтап саудасының қиындығы мен кемшiлiгi жеткiлiктi. Бұл көп айтылған, көп жазылған мəселе. Бүгiнгi күнi кiтап дүкендерiнде тұр- ған мыңдаған сатушылардың еңбек ақысын көтерiп, олардың өз iсiне деген ықыласын тудырмай, екi тiлге бiрдей жетiк мамандарды iрiктеудi жеделдетпей, республикадағы барлық кiтап саудасын Баспа комитетi өз қолына алмай iс алға жылжымайды. Сонымен қоса сырттан көмек күте бермей, бүгiнгi нарықтық экономика үстемдiк ала бастаған заманда сауда қызметкерлерi де ширап, кiтап алушыларға бет бұруы, iскерлiк пен пысықтық танытуы қажет. Бiр өкiнiштi жай: осы қасиет əлi де жетiсе бермейдi. Соның салдарынан кейбiр кiтаптарды бiр облыстың халқы таба алмай шарқ ұра iздеп жүрсе, екiншi облыста ол өтпей, үйi- лiп жатады. Бiз шығаратын кiтаптардың көпшiлiгi қазақ аудандарына жетпейдi де. Ал кiтап оқушы қолына жеткенде, оқылғанда ғана рухани қазына, əйтпесе жинаулы тұрған, қоймада жатқан жай мүлiктен несi артық?
Қысқарта айтсақ, полиграфия мен кiтап саудасы баспа жұмысының қос қанаты сияқты. Олардың ауру-сырқаудан сау, күйлi-қуатты болуы баспагерлер үшiн де өте маңызды. Ортақ iстiң мүддесi үшiн бəрiмiз бiрiгiп қимылдағанда ғана iс оңға басады деп ойлаймын.
СҰРАҚ: Сiздер өнердiң барлық саласын қамтисыздар. Ал өнер та- қырыбында еңбек жаза алатын адамдар сирек екенi баршаға аян. Бұл мəселенi қалай шешесiздер?
ЖАУАП: Бұл ендi əрқилы ғой. Өнер адамының өз өнерi жайлы ой толғауы бар да, олар туралы өнертанушылардың, жазушы мен жур-
налистердiң жазуы бар. Өнер адамдарының iшiнде қаламы төселген, жазуға икемi мол Қ. Бадыров, Х. Елебекова, К. Кенжетаев, Б. Римова сияқты белгiлi адамдармен қоса, қазiр талантты жазушылар қатарына қосылған I. Жақанов, Ж. Кəрменовтердiң орны бөлек. Бiрақ өз сала- сында үлкен шеберлiкке жетiп, елiнiң сүйiктiсiне айналған қылқа- лам шеберiн, яки сахна саңлағын, əншi мен бишiнi, композиторды неге жақсы кiтап жаза алмайсың деп кiнəлауға бола ма? Бiз олардың iшiнен жазуға талап қылғандарын қолдап, көбiне əдеби өңдеушiлердi көмекке жiберiп жүрмiз. Бұл жақсы нəтиже беруде. Ал шындығында
«өз аяғымен» келетiн туындылар некен-саяқ. Көбiне əлуметтiк заказға сүйенемiз. Мысалы, «Өнердегi өнегелi өмiрлер» сериясы осылай туды. Қазiр жарық көрген Ж. Елебеков, Ə. Қастеев, К. Бəйсейiтова, Қ. Тел- жанов, Р. Жаманова, Б. Досымжанов, Қ. Қуанышбаев, Ш. Айманов, И. Байзақов т. б. туралы кiтаптардың iшiнде қазақ өнерi мен оның саңлақтары туралы құнды деректер мен пiкiрлер айтылған туындылар баршылық. Бұл кiтаптардың тəрбиелiк мəнi де зор. Оқушы жұртшылық осы сериямен шығатын К. Əзірбаев, Ш. Сəкиев, Б. Байқадамов туралы кiтаптарды таяу уақытта қолдарына алса, Р. Бағланова, Н. Бекежанов, М. Кенбаев, Ш. Қалдаяқов, Қ. Жандарбеков, К. Қармысов, Ə. Мол- дабеков, С. Мұқамеджанов, Ф. Шəрiпова туралы шығармалардың бiрi жазылып бiтiп, келесiсi жазылу үстiнде. Егер баспа талабына сай бол- са, олар да жарық көредi.
Өнер адамдарының өз тұстастары туралы естелiктерiн шығаруда жалғасын таппақ. Бұрыннан жұртшылыққа таныс М. Төлебаев, Қ. Жан- дарбеков, Н. Бекежанов, С. Қожамқұлов туралы жинақтардың қатары- на ендi А. Жұбанов, Ш. Айманов т. б. арналған естелiк кiтаптары қосылады.
Ал өнердегi шеберлiктi талдайтын, оның тарихын зерттейтiн өрелi ой айтып, өрiстi, жемiстi жинақтаулары бар күрделi еңбектер жаза алатын маман кадрлар республикамызда саусақпен санарлықтай. Рас, елiмiздiң əр түрлi жоғары оқу орындарында өнертанушы маманды- ғын алған бiраз мамандар бар. Бiрақ олар – шөре-шөре күйде қалған, не орысшаны, не қазақшаны мандытпаған жартыкеш мамандар. Ба- рымыз сол, басқасы жоқ. Сонда үш-төрт жыл бұрын ғана «Қазақ көп оқып, жетiлiп кеттi, басқа жұртқа жол берер емес» деп аттан салған басшысымақ пен ұлы халықтың жандайшаптары бiздiң осы күйiмiздi ескердi ме? Ертеңiн ойламаған елдiң, өнерiн танымай, тiлiн ұмытқан ұрпақтың барар өрiсi, көрген күнi мазаққа ұшырай берерi заңды. Бұл салада да ес жиып, етек жинайтын кез əлдеқашан жетiптi.
СҰРАҚ: Қазақ кiтаптарын шет елге, басқа жұртқа насихаттауда
iстелген жұмыстар жөнiнде айта кетсеңiз.
ЖАУАП: Шекараның арғы бетіне шығуға талап негізінен екі жыл- да бір жиналатын Москвадағы Халықаралық кітап жəрмеңкесінде жүргізілетін. Дүниенің төрт бұрышынан келген мыңдаған баспагерлер əлемдегі кітап басу ісінің соңғы жетістіктерімен танысып, өзіңді де
көрсетіп, өзгені де көріп, кітап алмасып, бəтуа байласып қайтатын бір сапар бұл. Бұрын советтік өмірдің артықшылығын насихаттау бас- ты мақсат болса, соңғы жəрмеңкеде іскерлік қарым-қатынасқа көңіл бөлінді. Соның нəтижесінде біз алты экспорттық шартқа қол қойдық. Чехословакияның «Пресс-фото» баспасымен бірігіп үш тілде «Жібек жолы» атты қабырғаға ілетін күнпарақ, буклеттер шығаруға, Германия Федеративтік Республикасының «Дагиеле ферлаг» баспасында Таң- балы қойнауындағы тас бедерлер туралы кітап шығаруға, қазір негізінен жұмысы аяқталып қалған осы еңбектерді Европаның көп- теген елдерінде сатуға қол жеткіздік. Сондай-ақ «Қазақстанның бей- нелеу өнері», «Орта ғасырдағы Отырар керамикасы» атты екі аль- бомды Германия Федеративтік Республикасының баспаханасында шығаруға келіскен едік, бұл келісім тез орындалып, екеуі де қазір кітап дүкендерінде сатылып жатыр. Жапония, Болгария, Словакия баспагерлері халқымыздың ұлттық киімін, музыкасын, туған жер табиғатын көрсететін басылымдар шығаруға келісіп, шарт жасасты. Оның нəтижесін таяуда көреміз.
Соңғы жылдары баспамыздан қазақ, орыс, ағылшын тілінде шыққан бір топ кітаптарымызды Польша, Эфиопия, Болгария, Моңғолия, Куба, Ирак, Конго, Мали, Алжир, Ирландия, Венесуэла, Марокко, Гвинея- Бисау, Аргентина, Эквадор, Сейшель аралдары, Танзания сатып алған еді, содан түскен валютаға қымбатты компьютер, фото шығаратын химикаттар сатып алдық. Ал Индия, Бангладеш, Кубамен арадағы шартқа сай ағылшын, бенгал, испан тілдеріне аударылған «Борсық пен ай», «Нептун патшалығында», «Карнавалдық маскалар», «Қазақ ертегілерінің кейіпкерлері» атты суретті кітаптарымызды дайындап қойғанмен, қағаз тапшылығы қолбайлау болып отыр. Валюта табу үшін бұл шартты қалайда орындау керек. Іскерлік байланысты биылғы жəрмеңкеде де кеңейте түсуді ойластырудамыз. Бұл күнде Венгрияның
«Карвина» баспасымен «Қазақстанның бейнелеу өнерін» жəне «Орта ғасырдағы Отырар керамикасын» Будапеште долларға сатуға келіссөз жүргізудеміз. Нəтиже берер деген үмітіміз бар. Қытай, түрік елдеріне шығудың жолы ашыла бастады. Басқа да жоспар аз емес.
СҰРАҚ: Шет ел дегеннен шығады, біздің көпшілік баспаларымыз басқа жұрттың əдебиетін насихаттауға келгенде елпілдеп, ерекше бейіл танытады. Мынандай тапшылық заманда, өзің жетісе алмай отырып, өзгеге шүленсігеніміз қалай болар екен?
ЖАУАП: Бұның екі түрлі себебі бар: біріншісі – сұранысы жоғары кейбір шығарманы көп тиражбен тарату арқылы баспаның, кітап са- татын орындардың экономикалық ахуалын жақсарту болса, екіншісі – оқырманның ой көкжиегін, зердесін, дүниетанымын кеңейту үшін əлемдік əдебиет пен өнердің озық үлгілерімен таныстыру мақсаты. Бұл ретте шектен шығып, мөлшерден аспау қажет. Мысалы, кейбір баспалардың арнайы жүз мыңдаған тиражбен жеңіл оқылатын шы- тырман оқиғалы кітаптарды шығаруға құштарлығын құптау қиын.
Қағаздың бəрі соған кетеді де, төл əдебиетімізге ештеңе қалмайды. Ал қаражат табу тағы керек. Сонда шығар жол қайсы?
Біздің баспамыз да өткен жылға дейін А.Моруа романдарын шы- ғарып келді. Биыл қордағы бар қағазды үнемдеп, пайдалы жұмсау үшiн одан бас тартып, бағасы жоғары, сұранысы мол «Той», «Қазақ əндерiнiң антологиясы», «Ақыл-ой гимнастикасы немесе қызғылықты 500 есеп» сияқты төл туындыларды бастыруды қолға алдық. Жылына осындай 3–4 кiтап əзiрлесек, ол экономикалық қиындықтан құтқарып, шығыны мол, тиражы аз басқа кiтаптарды бастыруға да жол ашады. Менiңше, бiр өнiмдi, пайдалы жол осы сияқты. Бiрақ бұған тер төгiп, iздену, еңбектену қажет.
Ал əдебиет пен өнердiң озық үлгiлерiн өз тiлiмiзге аудармай, көсеге- мiз көгермейдi. Қандай қиыншылық болса да, одан бас тарту бiлген- дiк емес. Мысалы, бiздiң баспадан шығып жатқан «Өнердiң ықшам тарихы» атты көп томдық еңбектiң құнын тек ақшамен ғана есептеуге бола ма? Рас, əрқайсысы 4500 дана болып басылған үш кiтаптан бiз ақшалай зиян шектiк. Бiрақ осы кiтаптардан оқушылар алатын ұшан- теңiз мол бiлiмдi, рухани пайданы немен өлшеуге болады? Сондықтан бiз алдағы уақытта басқа халықтардың өнерi мен мəдениетi туралы жазылған таңдаулы кiтаптарды өз тiлiмiзге аударып, жұртшылыққа ұсынуды жалғастыра беремiз.
СҰРАҚ: Нарықтық экономикаға елiмiз ендей кiре бастаған бүгiнгi кезеңде баспа қандай күй кешуде? Қиыншылықтан құтылу үшiн не iстеп жатырсыздар?
ЖАУАП: Əрине, өнер мен мəдениет саудаға түскен бүгiнгi шақта кез келген қолайсыз жағдайдың болуы ықтимал. Шығарған өнiмдерi əлемдi шарлап кеткен «Аврора», «Прогресс» сияқты баспалардың iргесi шайқалып, қызметкерлерiне жалақы тауып бере алмай, қағаз тапшылығынан өмiр сүруi екiталай күнге жеткенiн көре отырып, етек- жеңдi жинақтап, тас түйiн күйге түспей болмайды.
Қазiр тауқыметтi баспа жұмысында бiр жылдығын ғана ойлаған қызметкердiң өрiсi қысқарып, авторлар ненi ұсынса – соны қанағат етiп, можантопай жүре беретiн редакторлардың уақыты өткенiн көрiп отырмыз. Сондықтан да ең алдымен үш-төрт жыл алдын болжап, халық тiлегiне лайық кiтаптардың жазылуына жəне солардың басылуына мұрындық болатын, жақсының жақсылығын, жаманның жаманды- ғын айта алатын, жауапкершiлiктен қорықпайтын, шығармашылық табиғатын өзi де жанымен түсiнетiн өрелi редакторларды iрiктеп қал- дырып, кадрлердiң сапасына ерекше мəн берiлдi. Шығармашылық одақтармен байланысты нығайтып, өнер мен мəдениеттiң көрнектi қайраткерлерiнiң ақыл-кеңесiне жиi жүгiну арқылы көркемдiк сапасы төмен туындыларға тосқауыл қою көзделдi. Осы жерде бүкiл совет баспагерлерiнiң қабырғасына аяздай батып отырған мəселенi айтпай кетуге болмайды. Қазiргi оқушы кiтаптың мазмұнымен қоса, оның сапалы, жақсы қағазға басылуын қалайды. Ал тiлек пен шындық
бiр-бiрiнен алшақтап кеткен елiмiзде қағаз өндiру iсi ескерусiз қал- ды. Мысалы, бiр мың куб. ағаштан Швеция – 129, Америка – 137, Финляндия – 164 тонна қағаз өндiргенде, бiздiң елiмiз 27,3 тоннаға əрең жеткiзгенiн айтудың өзi ұят. Соншама ысыраппен алынған қағаздың сапасы да басқаларға қарағанда көп төмен. Сондықтан бiз шығара- тын альбомдар шетелдiк басылымдармен бəсекелесуге жарамайтынын ашық айтқан жөн.
Хош, осы сапасы төмен қағаздың өзi биыл көзден бұл-бұл ұшып, соған қол жетпейтiн болды. Оның мемлекеттiк бағасы төрт есе қымбаттаса да, қағаз шығаратын комбинаттар өнiмiн баспаларға сатудан бас тар- тып, жеке пайдасы үшiн қымбатқа алатын түрлi кооперативтермен ауыз жаласып кеттi. Өткен жылы əр тоннасы 300–400 сомнан аспайтын қа- ғаздың биылғы базар нарқы 10–12 мың сомға жеттi. Бұған мұқабалық картонның 6 есе, коленкордың 8 есе, типографиялық шығындар 2, 1 есе қымбаттағанын қоссаңыз, бұрын пайда түсiретiн кiтаптардың өзi шаш етектен шығынға батыратынын байқайсыз. Мысалы, өткен жыл- ғымен салыстырғанда көлемi 15 баспа табақ, 10 мың дана альбом 73 579 сомға, 20 баспа табақ, 5 мың дана пьесалар жинағы биыл 14975 сомға қымбатқа түсетiн болды. Дəл осындай жағдайда кiтаптың баға- сы қай жерге барып тоқтайтынын болжау қиын. Революцияға дейiнгi Россияда Никитин сияқты баспагерлер жекеменшiк баспасы шығынға батса да, халықтың қамын ойлап, ұлттық кiтаптардың бағасын жоғары көтермеген екен. Көп елде бағасы қойылмай, халыққа тегiн берiлетiн қасиеттi «Құран», «Iнжiл» сияқты кiтаптар да біздің ортамызда қызу саудаға айналды. Сөйтiп ежелден қалыптасқан гуманистiк дəстүрдi тəрiк еттiк. Ал шындығына келетiн болсақ, Совет Одағында барлық ұлт тiлiнде шығатын кiтаптарға кететiн қағаз бен одан түсетiн пайда- ның көлемi орыс тiлiндегi əдебиеттiң 4–7 пайызы ғана көрiнедi. Егер осыларды мемлекеттiң ауыр салығынан құтқарса, ұлттық баспалар белiн жазып кетер едi. Бiрақ бұл əзiрге арман ғой. Сондықтан осы бiр аласапыран кезеңнен аман өту үшiн баспаның жанынан қағаз табатын
«Шарапат» атты шағын кəсiпорын құрып, оларға тиiстi қаражат бөлдiк. Оның алғашқы қадамы сəттi басталды. Егерде тiл-көзден аман болып, осылай жұмыс iстесек, бiз əсiресе қазақ тiлiндегi əдебиеттiң көлемiн көбейтiп, бағасын төмен ұстауды жүзеге асырамыз. Бұл жолда басқа да əрекеттер бар, бəрiн тiзе берудiң қажетi болмас.
Сонымен, адам баласының ұзақ ғұмырындағы ұлы табысының бiрi – кiтап басу iсi қазiргiдей алмағайып заманда тығырыққа тiрелдi. Кiтап… Бұл – сан ұрпақтың ақыл-ойының қағаз бетiне жинақалған қазынасы. Заман мен заманды, ұрпақ пен ұрпақты жалғастыратын да осы кiтап. Оның бетiнен ақынның хатын, ғалымның атын, шебердiң бiзiн, iсмер- дiң тезiн, ұстаның төсiн – бəрiн де оқуға, көруге болады. Ендеше кiтап тағдыры – баршамыздың ортақ iсiмiз.
1991 жыл