Туындылар ✍️
ПАРАСАТ БИІГІНДЕ
Ə.Кекілбайұлы – қайраткер, көсемсөз шебері
(Екінші деректі фильмнің сценарийі)
Тікұшақ көкте қалықтап келеді. Астана қаласының биіктен қара- ғандағы тұтас келбеті көңіл толқытарлықтай. Зəулім үйлер, сəулетті ғимараттар. Бұратыла аққан Есілдің сол жағалауындағы Президент сарайы, Үкімет пен Парламент сарайы, Бəйтерек, Мешіт... Түрлі түсті кірпішпен өрнектеліп, əйнекпен əдіптелген сан түрлі құрылыстар күнмен шағылысып, көз қарықтырады. Тікұшақ төмендеп, құс ұшатын биіктен əсем көшелердің арасында жұмақтай құлпырған гүлзарлардың үстінде келеді. Шаттыққа толы əсем музыка ойналады. Титрлар көрінеді.
Актер даусы (кадрдан тыс): «Астана – Егемендік перзенті. Тəуел- сіздік Символы. Жаңарған Қазақстанның гүлдей құлпырып, күндей нұрланып, айдай жарқыраған бетжүздігі. Ғасырлар бойғы бодандық- тан бостандыққа шыққан қазақ қауымының ең алғаш қолға алған жасампаздық бастамасы. Ең бірінші қол жеткізген Ұлы жетістігі. Келешегінің кемел болатындығының ең кəміл кепілі».
Əбіш Кекілбайұлы
Əбіштің бұл сөздері экранда, қала көріністерінің фонында жазба- ша түрде де көрінеді. Ол жалғыз серуендеп жүр. Ірі планда бет-жүзі көрінеді. Парламент сенатының маңдай алды. Əбіш осы ғимаратқа келіп кіреді. Қос палаталы Парламенттің біріккен сессиясы. Мінбеде Президент Нұрсұлтан Назарбаев.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Қазақстан мемлекетінің басшылығына Нұрсұлтан Назарбаевтың келуі Əбіштің саясаткер ретіндегі тағдырына ерекше ықпал етті.
Сессияда отырған, Парламент ғимаратының ішінде жүрген Ə.Ке- кілбайұлы. Ол көшеде келе жатыр. Оның даусы кадрдан тыс естіледі де, артынша үйінде отырған қалпында көрінеді.
Əбіш Кекілбайұлы (кадрда): Бірде Орталық комитетке шақырды. Рес- публикаға жақында ғана бірінші басшы болып тағайындалған Нұрсұл- тан Əбішұлы Назарбаев жадырап қарсы алды. Бетіме күле қарап сұрақ қойды: «Саған біз бұйымтай салайық деп отырмыз. Қалай қарайсың, осы ұлт саясатына көз қырын салатын кез келген жоқ па деп, біз сол үшін арнайы бөлім ашпақпыз, сол бөлімге тарихты жақсы біледі, тілді жақсы біледі əрі көпті жақсы біледі, тек қазақты емес, Қазақстанда тұратын басқа да халықтардың да тарихынан хабары бар азамат деп саған қолқа салғалы отырмыз», – деді. Мен жағдай айта бастадым. Жадырап отырған Нұрсұлтан Əбішұлы кішкене қабағын жиыра бастады. Сөзімді бітірткізбей бір уақытта: «Əй, жазатын ағайындар-ай, əншейінде анау жоқ, мынау жоқ деп жылап-сықтағанда жақсысыңдар, ал өздеріңе салмақ салғанда, өстіп ат-тондарыңды ала қашасыңдар. Халық үшін жазып жүрген жоқсыңдар
ма, бұл халықтың шаруасы емес пе», – деді. Бұдан кейін уəжге тоқтауға тура келді. Мен сөйтіп үлкен саясаттың табалдырығын аттадым.
Ə.Кекілбайұлы сөзінің арасында Н.Назарбаев екеуінің бірге жүр- ген, əзілдесіп, сөйлесіп тұрған сəттері бейнеленген фотомұрағат көр- сетіледі.
Өтіп жатқан уақыт бейнесін танытқандай, Əбіш үйіндегі қабыр- ға сағаты тықылдап, тілі дамылсыз тербелуде. Сенат жиналысы. Ортада отырған Əбіш. Сенатта талқыланып жатқан мəселеге ынты- шынтымен беріле қарап отыр (Бейнекөрініс.) Əлденеге қызу сөйлеп, пікірін білдіруде. Орталық Партия Комитетінде сектор меңгерушісі болып жүрген кезіндегі сурет көрінеді. Ол Сенатта əлденеге келіспей, қолымен ишарат жасап, қолдамайтынын білдіруде. Артынан келісімге келіп, басын изейді.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Рас, бұл Əбіштің үлкен саясатқа ресми келгені, бірақ ол ешқашан да саясаттан сырт жүрген адам емес еді. Бұ- ған дейін де ол бірталай мемлекеттік, қоғамдық лауазымды қызметтер атқарып, тіпті сол Орталық партия комитетінің мəдениет бөлімінде ұзақ жылдар көркем əдебиет саясатын үйлестірумен айналысты. Бірақ сол кездегі саяси жүйе оның ойын да, бойын да еркін жазуына мүмкіндік берген жоқ.
Камера Əбіштің анасымен бірге түскен суретін ірі планда алып, кері шегінгенде жазу столында отырған жазушының өзі де көрінеді. Ол терең ой үстінде. Əлденені жалпақ блокнотқа жазады, тағы да ой кешеді. С.Оразалы екеуі саябақта қыдырып келеді.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Ол өзінің көркем туындыларында, əсіресе
«Елең-алаң», «Үркер», «Аңыздың ақыры» романдарында, «Абылайхан» пьесасында тарихи тұлғалардың саясаты, қазақ қоғамының ішкі-сыртқы жай-күйін толғаған ойлар айтып, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Əбілхайыр, Абылайхан бейнелері арқылы билік, мансап, мемлекет, қоғам тағдырына үңіліп, адам не үшін өмір сүруі керек деген қарапайым əрі терең сұраққа жауап іздеді.
Ə. Кекілбайұлы мен С.Оразалы Астана көшесінде қызу əңгімелесіп келеді.
Жаңаөзендегі халық толқуынан түсірілген мұрағаттағы кинохро- ника. Көшеге шыққандардың бəрі де қазақ жастары. Оларға қарсы мұздай қаруланған əскерлер. Олардың қолында қалқан, бастарында темір телпек, резеңке шоқпарларымен ұруға əзір тұр. Жастар құр қол. Бір кезде өрт сөндіретін машиналар қаптап келіп жастарға су шаша бастайды. Ұйқы-тұйқы күрес. Құлаған, жылаған, қашқан, қуғандар.
Кадрда Ақтауға Ə.Кекілбайұлымен бірге ұшып келген З.Қабдолов, Ə.Нұрпейісов, Ə.Əлімжановтар суреті көрінеді. Əбіштің сөзінің ара- сында да Жаңаөзен оқиғасынан кинохроника көрсетіледі.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Кеңестік құрылыстың іргесін шайқаған, коммунистік екіжүзді саясаттың бет-пердесін сыпырған желтоқсан оқи- ғасы кезінде Əбіштің үні естілген жоқ.
Бірақ бірнеше жылдан кейін Жаңаөзендегі оқиға кезінде ол бейтарап жата алмады. Ашынған халықтың жан айқайын ұғудың орнына, кеңес- тік жүйе оларды да нашақор, маскүнем, бұзақы деп жала жауып, генерал Громов басқарған əуе күштерімен басып, таптағалы тұрғанда жанұшыр- ған жазушы өзінің əріптес ағалары Зейнолла Қабдолов, Əбдіжамал Нұр- пейісов, Əнуар Əлімжановтарды ертіп Ақтауға ұшып жетеді.
Əбіш Кекілбайұлы (кадрда): Өзенге келсек, əбден қаһарына мінген қалың топ беттеріне жан қаратпай, ешкіммен сөйлеспей тұрған қиын кез екен. Біз əрі ақылдасып, бері ақылдасып, ақсақалдар тобымен кез- десуді жөн деп таптық... Барсақ, мектепте лық толған ересек адам. Ашынған ақсақалдардың ащы-ащы сөзін естідік. Қаланың, облыстың өкілдері бізбен бірге отырды. Қиын болды. Жиналған ел біздің ние- тіміздің түзу екенін, өздеріне тілеулес екенімізді түсінген соң барлық жағдайды ақтарыла айтты. Біз ертеңінде Алматыға келіп, баспасөз бе- тінде, радио, телеэкранда сөйлеп, өзіміз келген қорытындыны ортаға салдық. Біз бұны көп жылдардан бері жиналып, қордаланып қалған əлеуметтік ашыну деп бағаладық. Əнуар екеуміз «Игеру тек қана ала беру емес» деген тақырыпта орысша төрт Одақтық министрлерге ашық хат жаздық. Қысқартылған нұсқасы Мəскеуде болып жатқан КСРО халық депутаттарының құрылтайына жіберілді. Көп ұзамай Одақтық министрліктер Маңғыстауға ағылып келе бастады. Қазақстан Үкіметі Маңғыстау мəселесі бойынша арнаулы қаулы қабылдады. Төтенше жағдай күшін тоқтатты.
С. Оразалы (кадрда): (Ол Алматыдағы бұрынғы Орталық партия комитетінің ғимараты алдында тұр.) Халқымыздың өзегін өртеген тіл мəселесі де осы үйдің ішінде көп талқыланды. Көптеген жиындар- ға Əбіш те, мен де қатынасып жүрдік. Қазақ тілімен қоса, орыс тілі де мемлекеттік тіл болуы керек деген қиямпұрыс пікір өріс алып тұрған кез. Өкінішке орай, оны кейбір тəсілқой қазақ зиялылары да қолдап, дау отына май құя түсті. Асқынған тартыс Жоғарғы Кеңестің сессиясында жалғасты. (Жоғарғы Кеңестің Алматыдағы ғимаратының алды.) Қазақ тілінің тағдыры безбенге түсті. Ол мемлекеттік тіл бола ма, жоқ па? Осы саяси текетірес асқынған бір тұста «Ескерткіштерді қорғау қоғамын» басқарып жүрген Əбіш сессияға шақырылды. (Əбіштің сол кездегі суреттері.) Ол тіл тарихы мен тағдырына байланысты терең ойлы, жан тебірентерлік сөз сөйледі.
Ə.Кекілбайұлы (кадрда): Мінбеден залға көз салсам, ортада таныс əр ұлттың өкілдері отыр екен. Мен соларға көзімді қадап, орысша сөй- ледім. (Жоғарғы Кеңес сессиясы өткен залдың іші. Бос тұрған мінбе, бос тұрған зал. Орындықтар үнсіз мүлгиді. Əбіштің даусы естіліп тұр.) Онда айтқаным: «Ел басына күн туғанда, туған елдерінен айыры- лып, панасыз қалып келгенде өзі аш отырған, қолындағы бір жапырақ нанының жартысын бөліп, төріне төсек салып берген қазақтар күндер- дің күнінде өзінің жерінде өз тілінде сөйлеуге келген қонақтардан жылап тұрып рұқсат сұрайды деп кім ойлаған еді? – дедім. (Əбіштің сирек
кездесетін фотосы. Онда мінбеден соншама құштарлықпен сөйлеп тұрған сəті бейнеленген.) «Баршаңыздың тарихи отаныңызда, одақтас республикалардың бəрінде байырғы халықтың тілі мемлекеттік тіл деп жарияланды. Сонда қазақ тілі Қазақстанда сондай дəрежеден мақрұм қалмақ па?» – деген сұрақпен бітті. Мəселе дауысқа қойылды. Дауыс саналды, айқын басымдықпен қазақ тілі мемлекеттік тіл деп танылды дегенде өз құлағымызға өзіміз сенбедік.
Əбіш сөзі аяқталғанда сессия өткен зал қайта көрсетіледі. Камера жоғарыдағы алып шырағдандарды, залдағы орындықтарды тұтас- тай шолып, кейіннен топ-тобымен бөліп, жылдам-жылдам көрсе- теді. Қол соққан жұрттың шуылы естіледі. Əбіш төралқада оты- рып, сессияны басқаруда. Қызу сөз таласы жүріп жатыр. Президент Қауіпсіздік кеңесін өткізуде. Əбіш сол ортада, Сенат отырысы, түрлі жиындардан бейнекөріністер алынады. Бұл құжаттардың арасында тарихи кинохроника да бар. Соның бəрінде Ə. Кекілбайұлының белсенді тіршілігі байқалады.
С.Оразалы: (кадрдан тыс): Қайраткер ретінде Əбіш талантының ең жарқыраған тұсы – тəуелсіздік жылдары. Бұл кезеңде ол Мем- лекеттік кеңесші, Мемлекеттік хатшы, Парламент депутаты, Парламент комитетінің төрағасы, Парламент төрағасы тəрізді жоғары лауазымдарды атқарды. Ол қазақ мемлекеттігінің ең тағдырлы, аса жауапты сəттерінде оқиғаның бел ортасында жүрді. Белсенді əрекетімен қоса терең ойлы, мол білімді, ғибратты көсем сөздерімен ел санасын оятып, дəл уақытында керекті сөзді айтып та, жазып та отырды. (Ə.Кекілбайұлы Сенаттағы кабинетінде жұмыс істеп отыр.)
Əбіштің үлкен саясатқа келуін құптап, ол Мемлекеттік хатшы болып тағайындалғанда əріптес ағалары Олжас Сүлейменов Римнен, Шыңғыс Айтматов Брюссельден жеделхат жолдаған еді. Онда былай делінген:
Олжастың бірнеше портреті экраннан көрсетіледі де, астыңғы жағына оның сөзі жазбаша шығады.
С.Оразалы (кадрдан тыс оқиды): «Өзіңіздің адал еңбегіңізбен қазақ əдебиеті саласында, Парламенттің жұмысы мен Мемлекеттік үлкен қызметтерде Сіздің бүгінгі тəуелсіз мемлекетіміздің керегесін керіп, шаңырағын көтерісіп, туын тігісіп жүргеніңізге шын жүректен қуанып, мақтан етемін.
Олжас Сүлейменов».
Əбіштің Ш.Айтматовпен бірге түскен, төралқада отырған жəне бірнеше жеке портреттерінің астына Шыңғыс сөзі жазылады.
С.Оразалы (кадрдан тыс оқиды): «Əбіш інім! Тарих біліп істегендей. Бұл қызметке келуің – ұлттық табыс. Өмірің өркендесін, еңбегің – халық үшін, қаламың – рух үшін, ақылың – заман үшін.
Шыңғыс Айтматов». Сенат мəжілісі. Ə.Кекілбаев сөйлеп отыр. Ол ірі планда алына- ды. Қ.Сұлтанов көрінеді. Ол да осы əңгімеге араласады. Қ.Сұлтанов өзінің жұмыс кабинетінде отырып, Ə.Кекілбаев туралы пікірін ай-
тады. Қ.Сұлтанов сөзінің арасында Ə.Кекілбаевтың Назарбаевпен біге отырғаны, Президенттің қағаз қарап отырғаны, əлденені қызу талқылап жатқаны, Парламенттің төралқасында Ə.Кекілбаев пен Қ.Сұлтановтың бірге басшылық жасауы, Парламенттің сессиясында Президенттің сөз сөйлеуі, басқа да тарихи хроникада Ə.Кекілбаевтың қызметі көрінеді.
Қ.Сұлтанов (кадрда): Əбіш саясатқа сабырлы, салиқалы болып келді деп есептеймін. Бір қоғамның көзқарасын, қоғамда айтылар сөзді алып кел- ген Əбекеңнің көптеген əріптестері болды. Ең үлкен əріптесі – Нұрсұлтан Назарбаевты айту керек. Өйткені біздің мемлекетіміздің шаңырағын көтеру, мемлекетіміздің мемлекеттілігін тұрақтандыру ісін басқарған Нұрсұлтан Назарбаев. Сол Нұрсұлтан Назарбаев өзінің төңірегіне бі- лімді адамдарды топтастырды. Ол үлкен шеберлік. Əбіш Кекілбайұлы саясатқа қажет болды, қазақтың мемлекеттігіне қажет болды. Əбіш Кекілбаевтың білімі қажет болды, Əбіш Кекілбаевтың білгірлігі қажет болды. Əбіш Кекілбаевтың сөзді тауып айта білетіндігі қажет болды. Дəл кезінде кімге қандай дəлелдермен анықтап айтып, жеткізіп айта білу Əбіштің қолынан келді. Міне, осы тұрғыда Əбіш қыруар еңбек жасады деп есептеймін
Киномұрағат. Кадрда Жоғарғы Кеңестің сессиясы. Залдан көрініс. Президент сарайындағы Қауіпсіздік кеңесінің мəжілісі. Ə.Кекілбаев ірі планда, Президент жиынды басқарып отыр. Ұлт саясаты жөніндегі мəжілістен көрініс. Ə.Кекілбаев төралқада басшылық жасауда.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Қазақ халқының, мемлекетіміздің тағ- дыры шешілген көптеген тарихи құжаттардың қабылдануына депутат Əбіш Кекілбайұлының ықпалы ерекше болды. Оның тарихтың терең қойнауларынан сыр тартқан əрі бүгінгі замандағы өзекті мəселелерді егжей-тегжейлі білуі, ғұламалығы, пікірінің дəйектілігі тұтқиылдан туған талай даудың шаңын басып, салиқалы шешімге бастады.
О.Əбдікəрімов Президент сарайындағы (ескі) холдан сөйлейді. Оның сөзінің арасында Ə.Кекілбаевтың бір топ ақын жазушылармен бірге тұрғаны, Жоғарғы Кеңестің сессиясында генерал С.Нұрмағамбетовпен бірге отырғаны, сессияда депутаттар арасында жүргені, О.Əбдікəрімов екеуінің демалыстағы сəті, жиналыс басқарып отырғаны, Президентпен бірге Мемлекеттік сыйлық иегерлерінің ортасында тұрғаны фотосуреттер мен бейне көріністер арқылы көрсетіледі.
О. Əбдікəрімов (кадрда): Біздің көзіміздің алдында Орталық партия комитетінде істеп жүрген кезде, партия тарап жатқан кезде, Жоғарғы Кеңесте ол төраға болып жүргенде мемлекетті құру жөніндегі айтқан пікірлері көп нəрсеге əсер етті. Əбекеңнің тарихты білетіні, ұлттық сезімінің жоғарылығы сонда ашық, жарқын көрінді. 360 депутаттың сол кісінің айтқан сөзіне, пікіріне ергеніне біз куə болдық. Əсіресе мемлекеттік декларация қабылданып жатқанда, мемлекеттік тіл туралы Заң қабылданған кезде бұл кісінің пікірлері басым болды. 15 жыл өткен- де ойлап қарасақ, осындай жігіттер болмаса, қазіргі жолымыз қандай
болатын еді?! ...Əбекеңді мен талай жерде байқадым: ресми жиналыс- та, кездесуде, жұмыстан кейінгі жағдайда. Сонда таңғалатыным – осы еліміз қалай болады? Мемлекетіміз қалай болады? – деп үнемі терең ойда жүреді.
Бұл кісіден көп нəрсені үйренуге болады. Үйреніп те жүрміз. Мə- дениет жағынан болсын, ұлттық мүддені қорғау жағынан болсын ол кісінің ойларын өзіміз пайдаланамыз. Мемлекет қайраткері ретінде бұл кісінің қазіргі дамуымыздағы үлесі мол деп есептеймін.
Əбіш Кекілбайұлының Германияға, Түркияға, Иранға т.б. шет ел- дерге делегация басқарып барғаны туралы бейнекөріністер мен фо- тосуреттер. Онда осы елдердің президенттері, мемлекет, қоғам қай- раткерлерінің қарсы алуы жəне сөз сөйлеуі бейнеленген.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Əбіш Кекілбайұлы көптеген елдерге рес- ми делегацияларды басқарып барды. Соның қайсысында болмасын ол туған елінің тұғырын биіктетіп, абыройын көтере білді. Шет елдегі əр- бір кездесуде халқымыздың, жеріміздің тарихынан сыр шертіп, оны өзі барған мемлекеттің тарихымен шендестіре сөйлеп, əлемдік мəдениеттің сабақтастығын дəлелдейді. Ол өзі кездескен мемлекет басшыларына да, қоғам қайраткерлеріне де тамаша əсер қалдырып, Қазақстанға деген ықыласын оята білді.
С. Сартаев (кадрда): 1994 жылы 23 қарашада Əбіш Кекілбайұлы Қазақстан Республикасының делегациясын басқарып Иран жəне Пəкістанға жол тартты. (Ə.Кекілбаев басқарған делегацияны Иран мен Пəкістанда ресми қарсы алу салтанаты тарихи кинохроникада беріледі.) 20 шақты делегация мүшелерінің бірі мен де болған едім... Бізді Иран аэропортында мемлекеттік делегация ретінде қабылдады. Еліміздің туын көтеріп, гимнін орындаған кезде делегация мүшелерінің көзіне жас оралып тұрды. Өйткені біз бірінші рет дүние жүзін аралай жүріп, тəуелсіз мемлекет өкілі ретінде қабылданғанымызға бір жағынан көңіліміз тасып, бір жағынан көңіліміз босап тұрды. Өйткені біз 500 жылдан соң тəуелсіздігімізді таныта бастадық. Сол кезде Иран парламентінің өкілдері сөйледі. Кейін Əбіш Кекілбаев сөйледі. Ол əрі жазушы, əрі саясаткер ретінде еліміздің тарихын аз ғана сөзбен жеткізіп, айтып берді.
Астана. Конгресс-холл сарайындағы Рим папасымен кездесу. Əбіш Кекілбайұлы орысша сөз сөйлейді. Залда Президент, мемлекет қай- раткерлері отыр. Əбіш Рим папасына қазақтың домбырасын сый- лайды.
С. Оразалы (кадрдан тыс): Əбіш Кекілбайұлы парламент төраға- сы, мемлекеттік хатшы, сенатор ретінде елімізге келген көптеген рес- ми делегация басшыларын қабылдап, Елбасының саясатын жүргізіп келеді. Осылардың ішінде əсіресе жарты əлемнің рухани көсемі, Рим Папасымен Астана жұртшылығының кездесуіндегі сөйлеген сөзі ерекше. Адамзат тарихында болсын, яки бүгінгі саясатта болсын аса ықпалды Рим Папасының Абай сөзін қазақша айтуына ризалық көңілмен қасиетті домбыра сыйға тартылды.
Маңғыстаудың ескерткіштері. Бекет ата тарихи кешені. Ə.Кекіл- баев бір топ адамдармен аралап жүр. Жер асты мешітінің сыртқы жəне ішкі тұрпаты. Əулиеге құран бағыштау. Тас обалар, ежелгі зираттардағы сан түрлі сынтастар. Ақтау қаласындағы «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша өтіп жатқан комиссияның отырысы. Жиынды облыс əкімі Қ.Көшербаев басқаруда. Облыс əкімшілігі ғи- маратының ішінде Маңғыстаудағы тарихи жəдігерлердің фотокөрмесі ашылған. Камера оларды тұтастай шолып көрсетеді.
С. Оразалы (кадрдан тыс): Əбіш қандай қызметте жүрсе де ежел- гі мұраға, бабалардан қалған жəдігерге, қазақ даласының түкпір-түк- пірінде шашылып жатқан тарихи ескерткіштерге селқос қараған емес. Қолында бар билігін де, көкірегіне ұялаған ойларын да соларды сақ- тап, жаңғыртуға жұмсап, келешек ұрпаққа жеткізуді мұрат етіп келе- ді. Оның əсіресе жүрегіне жақыны, бала кезден көңіліне ұялаған əсем əні – Маңғыстау ескерткіштері. Ақтауға жиі барып, облыс басшылары мен белгілі ғалымдардың басын қосып, сол ескерткіштердің сақталуын, жөнделуін, зерттелуін зерделеп, алдағы істердің межесін айқындайды.
Қ.Көшербаев сөйлеп отыр. Қарақия ойпаты көрінеді. Биік қыр- дан төмен қарай ағылған машиналар күндіз де, түнде де толас тап- пайды. Əбіштің Ақтауды аралап жүргені, қаланың əсем орындары көрсетіледі. Ə.Кекілбаев пен Қ.Көшербаевтың жаңа ықшам ауданның іргетасын қоюы, көктем мерекесіндегі халық шеруін көруі, облыстың ардагерлерімен жолығуы, жүз жасаған Еренқұл қарияның тойына қатынасуы, жарқын жүзді халық бейнекөріністерден орын алады.
Қ.Көшербаев (кадрда): Сұлтеке, бізде мынандай жер бар. Маңғыс- таудың тарихи географиясын зерттеген адам 132 метр теңіз деңгейі- нен төмен Қарақия деген ой бар депті. Энциклопедияны оқып отырсам жазыпты: Маңғыстау деген жер бетіндегі ең төмен орналасқан жер- дің бірі деп. Бірақ біз, маңғыстаулықтар, оны басқаша айтамыз. Əбіш Кекілбаев дүниеге келген, киелі 362 əулиесі бар, пір Бекет ата жатқан, киелі шығармалар жазылған жер – ең төмен жер емес, ең терең жер деп мақтанамыз. Сондықтан Əбекеңнің əрбір келген сапарына үлкен қуанышпен қарап, жетістіктерімізді көрсетіп, ой-пікірлерімізбен ақыл- дасып, ол кісінің сын-ескертпелерін, ақыл-ойларын тыңдап, сонымен бірге мүмкіндікті пайдалана отырып, Маңғыстау жерінің тарихын, қазақ халқының тарихын, халықтың басынан өткен тақсыреттерін Əбекеңнің аузынан тыңдаймыз, өйткені бұл кісі – тірі энциклопедия. Сондықтан да халықаралық интеллектуалдық əлеумет Əбекеңді жүз ойшыл адамдардың ішіне кіргізген. Біз бұны мақтанышпен айтамыз.
Тікұшақ тау беткейін жалпағынан алып жатқан Шопан ата қоры- мын айнала ұшады. Оған жан жағынан қан тамырындай қаптап келіп түйісетін дала жолдары көрінеді. Қобыз сарыны. С.Оразалының даусы кадрдан тыс естіледі. Ол Əбіштің «Обалар» өлеңін оқиды. Өлеңнің əр шумағына лайық көрініс.
Сисен ата қорымы. Маңғыстаудың ақ тастарынан ойылып жасал-
ған ескерткіштерді мүк басып, сарғайған. Батырлардың қылыш семсері, найзасы тас бетіне бедерленген. Ə.Кекілбаев жұртқа əр ескерткіш туралы əңгіме айтуда.
Ескерткіштерді көруге арнайы автобустармен келген қалың жұрт.
Олар алқа қотан отырып, дұға оқуда.
Шопан ата мазары. Бір-біріне ұқсамайтын сəулет ескерткіштері. Биік қиядағы жолмен төмендегі көлге қарай түсіп келе жатқан
Президент пен оның жанына ерген адамдар (киномұрағат). Президент пен Əбіштің осы сапарынан түсірілген фотолар көрінеді.
С. Оразалы (кадрдан тыс):
Обалар, өңшең обалар, Қатар, қатар қаздиған. Обалар – өңшең молалар, Найзаменен қаздырған. Обалар ылғи маңайым, Төңірек толы жыр-дастан. Елегізе қараймын,
Ерлер жатыр тұрмастан.
Əрбір дөңі мен төбесінен, əрбір қорымы мен моласынан терең сыр шерте білетін Əбіш əңгімесінен кейін тарихтың небір парақтары ашылып, көз алдында тіріліп, тұңғиық ойларға жетелейді. Маңғыстау жерінің, елінің тарихы Нұрсұлтан Əбішұлын да ерекше қызықтырды. Сондықтан оны аралап, қыры мен ойын өз көзімен көргенге не жетсін.
Ə. Кекілбаев сөзінің мазмұнына сай көріністер. Тікұшақтың биігінен көз жетпес көк жиекке дейінгі алып қиыр өзінің сан түрлі бояуымен, құз қия, терең ойпатымен, Ақтау мен Қаратау қойнаулары тегіс көз алдыңа келеді. Ə.Кекілбаев отырған төбенің артында Шерқала, алдында Қаратау. Тік ұшақ Шерқаланы айналып өткенде оның қуыс қалтарысы, биік төбесі мен бауырындағы құлама жарлары таңғажайып əсерге бөлейді. Қаратау болса – ақ шағыл таулардың ортасындағы құйқалы, көркі бөлек өлке. Шопан атаның жер асты мешіті. Оның ішін қыздың отауындай етіп кілем, текеметтермен жабулаған. Шопан атаның басындағы шырақ тасты жұрт айнала жүріп, мінəжат етуде, ақтық байлауда.
Қаратаудың бауырындағы Қызылқаланың жұрты. Мөлдір бұлақ, жағасы жайқалған құрақ. Бір-біріне кереғар сурет. Шопан атадағы ежелгі мазарларда əр түрлі мəдениеттің ізі көрінеді.
Ə.Кекілбайұлы (кадрда): Шынында да, Маңғыстау деген елді 360 əулиенің жері деп атайды. Осы сөздің өзінен бастап Маңғыстаудың ежелден бері адамзат мекені болғанын айыра беруге болады. Мына жарқырап атқан əрбір таңды жаратушының сыйы деп қабылдап, оның əрқайсысының өз пірі болады деп есептейтін ұғым – ежелгі ұғым. Сол
кезде əрбір күннің өз тəңірі болады деген ұғымға байланысты 360 əулие деген қисын қалыптасқан. Қазір жер шарында 360 əулие атын сақтап қалған үш мекен бар. Біреуі – Арабиядағы Меккедегі Қағба, 360 əулиенің пұтханасы, екіншісі – Хорезмдегі көне Үргеніштегі 360 əулие дейтін ескерткіш-зират, үшіншісі – осы Маңғыстау өлкесін де 360 əулиенің елі деп атайды. Ал Маңғыстаудағы 360 əулие, Меккедегідей, көне Үргеніштегідей, бір жердегі қорым емес, бұл мына ұлан-байтақ Арал мен бір кездері Хазар теңізі болған байтақ кеңістікте шашылып жатқан əулиелер (кадрда биіктен түсірілген Маңғыстау атырабы). Бірнеше мəдениеттердің ізі Маңғыстауда əліге дейін сайрап жатыр. Оның ең бергі ежелгілерін қазатын болсақ, атақты Заратуштра айтатын, Арьяна Вэджа деп айтатын, үлкен кеңістіктің батыс жағалауы, Хазарға тіреліп жатқан Маңғыстау далалары. Маңғыстауда адамзат білетін монотеизм пайда болғаннан кейінгі, яғни бір тəңірге табынушылық пайда болғаннан кейінгі қалыптасқан барлық діннің де жұрағаттары бар екенін көрдіңіздер. Шопан ата дейтін үлкен қоныс бірнеше мəдениеттің тоғысқан бұрышы жəне солардың мəдени қабаттары осы кезге дейін сақталынған. (Шопан ата қонысына зиярат етіп жатқан сəттер.) Біздің өлке зерттеушілік өнеріміздің əлі күрегі батып бойлай қоймаған жер. Сондай бір үлкен қасиетті аймақтың қақ ортасында қазір отырмыз – ол атақты Маңғыстаудың жұлыны болған Қаратау деп аталатын тау. Біз отырған жер – сол Қаратаудың сақталып қалған ескі астаналарының бірі, Қызылқала дейтін қала. Бұл Қызылқала дейтін қаланың орны жайында батыс-шығыстың əдебиетінде көп- теген жұрнақтар бар. Атақты Якуттың Маңғыстау бекінісі туралы айтатын сөздерін осы Қызылқаладан айтты ма деген ұғым бар қазір. Артымызда тұрған тау Шерқала деп аталады. Байқап отырсыздар, бұның бəрі қала, қала деп аталатын себебі – оғыз, түрікпендер, біздің қыпшақ бабаларымыз қала деп бекіністі айтқан (осы айтылып отырған жерлердің барлығы кадрда көрсетілуде). Мына таулардың бəрі, былай қарасаңыз, табиғи бекініс, адам атпен шыға алмайды, садақпен ала алмайды, көп жағдайда мынандай үлкен-үлкен бұлақтардың басында отырған елдер жау келгенде таудың басына шығып кетеді.
Ə.Кекілбаев Маңғыстаудың тарихи ескерткіштерін аралауда. Бала кезде өзі жол бастап, геологтарға темір кені тұтасқан жерді көр- сеткенін, сол жердің əр тасында қазір де темір бар екенін жұртқа көрсетуде. Ежелгі заманнан бізге жеткен бесік тас. Оның бетіне семсердің суреті салынған.
Ə.Кекілбаев үйіндегі жұмыс столында кітап оқып отыр.
С.Оразалы екеуі теңіз жағасында əңгімелесіп келеді. Оның пуб- лицистік туындылары көрінеді. Арасында «Ұйқыдағы арудың оянуы»,
«Шандоз», «Ежелгі Тараз», «Заманмен сұхбат» т.б. кітаптары бар.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Əбіш соңғы 15–20 жылда ғылыми таным- дық, зерттеу еңбектерімен қоса көсемсөзге ерекше ден қойып, бірталай
кітаптар шығарды. Оның əр мақаласы қоғамдық өмірдің, саясаттың, мəдениет пен тарихтың өзекті мəселелеріне жедел үн қосып, ең зəру кезде шұғыл жазылып, жұрт санасына ерекше ықпал етті. Бір ғажабы, жылдар жүріп жинайтын, зерттейтін қиын да күрделі əрі қызғылықты деректерді зердесінде сақтап, көсем сөзін шыңыраудан атқылаған Маңғыстау мұ- найындай төгілтіп ақ қағаздың бетіне түсіреді. Оның туындыларында бұлтартпас дəйек, көркем суреттер, терең фəлсапа, ағыл-тегіл мол білім астасып, кірігіп, сом алтындай тұтастыққа ие болады. Əбіш қазақ публицистикасында жаңа сөз айта білді.
А.Сейдімбек (кадрда): Əбіштің шешендік-публицистік қасиеті болса, мұнысын шын мəнінде ерекше құбылыс деуге болады. Тəрізі мұның сыры – Əбіштің қоғамдық ғылымдар саласындағы энциклопедиялық- академиялық білім өрісінің биіктігінен болу керек. Тəңір шебер Əбішке сол білгендерін еліміздің кешегі, бүгінгі жəне болашақтағы тағдыр- талайымен шендестіре алатын сараптамалық зерде берген. Бəлкім, даналық дегеніміздің өзі осы болар.
Ə. Кекілбаевтың Парламентте отырған екі-үш суреті көрсетіледі.
Ə. Кекілбайұлы (кадрда): Қай қызметіңізден ерекше қанағат аласыз дейтін болса, мен еліміздің егемендігі жарияланған, тəуелсіздігі жария- ланған кезеңдегі Парламенттік қызметімді ерекше шабытпен еске ала- мын. Бұл кезде қазақ қауымы өздерінің тарихи арманына лайық екенін көрсетті. Тіпті күдер үзуге дейін жақындап қалған, дербес мемлекет болу мəселесі күн тəртібінде тұрған кезде қазақтың əлеуметтік күштері өзінің тарихи өкілетін дұрыс түсініп, бірауыздылық танытты...
С.Сартаев (ғалымның сөзі кадрдан тыс басталады. Кадрда Жоғар- ғы Кеңестің сессиясы жүріп жатыр. Ə.Кекілбаев төралқада отыр.): Біздің ел тəуелсіздік алғаннан бастап Əбіш Кекілбайұлының қатысуын- сыз бір заң қабылданған жоқ. Біріншіден, Президенттік басқару форма- сын орнату кезінде, еліміздің тəуелсіздігін жариялау кезінде, еліміздің азаматтарының азаматтық праволары мен құқықтарын белгілеу кезінде, біздің еліміздің барлық мемлекеттік органдарын қалыптастыру кезінде Əбіш Кекілбайұлының ролі, оның орны өте үлкен болды.
Теңіз. Атыраудың күміс толқындары жағалауды соққылайды. Ə.Ке- кілбаев пен С.Оразалы серуендеп жүр. Парламент жұмыс үстінде. Əбіш сессияны басқаруда. Депутаттармен араласып, сөйлеседі. Ол Сенаттағы жұмыс кабинетінде. Ойлы. Əлдебір қағаздарды аударып- төңкеріп қарайды. Парламентте қаралатын құжаттар. Ол Нұрсая ғимаратының алдындағы орындықта терең ойға батып отыр. Алысқа, тым алысқа көз тігеді.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Ұлы Абай «Биік мансап – биік жартас...» дейді. Одан құлаудың да қаупі мен күйігі күштірек. Əбіш төрелік еткен Парламенттің болымсыз себеппен бір күнде тарауы, Олжас Сү- лейменовтың өткір тілімен айтқанда: «Ресей парламентін таратуға тан- кілер керек болса, біздің парламентті жалғыз Таньканың өзі-ақ жайратып салған» күндерге шарасыздықтан, намыстан өртенген Əбішті əсте сөгуге
болмас. Бұл сезімтал жүректі адамның халқы үшін көп істерін атқара алмай қалған қайраткердің жан күйзелісі болатын
С.Оразалы (кадрда): (Саябақтың іші. Əбішпен əңгімелесіп отыр)
Осыдан кейін саясатқа қайта жоламайын деген шешім болған жоқ па?
Ə. Кекілбайұлы (кадрда): Футболды менсіз де ойнайды. Қазақ- станның тəуелсіздік алып жатқан тарихи оқиғасы – менің тұсымда ең басты тарихи оқиға, мен үшін ең қымбат оқиға. Мен оның ортасында таяқ жесем де жүруім керек, өліп қалсам да жүруім керек. Біздің көріп отырған тауқыметіміздің өзін талайлардың армандап кеткен заманы емес пе? Біздің əкеміздей Абайдың, біздің əкеміздей Махамбеттің көксегені осындай емес пе? – деп ойлаған ой сені сабырға шақырады, сондай ой сені тəубаға келтіреді, күнəһарлықты тыяды. Осы ретпен келгенде біздің тəубаға келуімізге, көңіл тоғайтуымызға, сабыр шақыруымызға жеткілікті негіз бар деп есептеймін.
Əбіштің жайдары, көңілді күйдегі суреттері көрінеді.
С. Оразалы (кадрда): Əбіштің тал бойындағы асыл қасиетінің бірі – оның кісілігі, кішілігі, зор адамгершілігі. Ол ханмен отырса да, қарапайым жұрт ішінде жүрсе де бір қалпынан айнымайтын, кең пейілі, зор мейірімі арқылы жұртты өзіне баурап алатын қасиет иесі. Сондықтан да оның достары көп.
О.Əбдікəрімов (кадрда): Өзімнің ұққаным: ол кісі біреуді жамандап, анау солай деп айтқан емес. Ол кісі қателесуі мүмкін, бірақ негізі жаман адам емес дейтін... Бұл кісі біреуге қарсы айтып, қарсы жұмыс істегенін көрген емеспін.
Қ. Сұлтанов (кадрда): Бұл кісіде қара нардың көнбістігі, жүк кө- тергіштігі де бар. Тулап тұрған тұлпардың тарпаңдығы да бар. Адам- шылығы, кеңпейілділігі, мейірімділігі бар... (Əбіштің маңғаз, өзімен- өзі отырған бірнеше суреті көрінеді.) Табиғаты, ой-өрісі кең, қазақтың маңдайы жарқыраған тұлғасы.
Кадрда Клара Кекілбай келіні (Əбіштің жұбайы): Əбіш мінезге бай адам. Кең, ешкімге жамандық ойламайды, болсын дейді, ал енді біреу- ге жақсылық жасаса, мен саған өстіп едім ғой деп еш уақытта айтқан емес. Үйде де солай (отбасында анасымен, бала-шағамен бірге түскен суреттер, зайыбымен бірге отырғаны көрсетіледі). Əбіштің анасы өте ақылды кісі еді, данышпан кісі еді. Ол кісі артық сөйлемейтін, артық ешкімге кінə тақпайтын, сол кісінің тəрбиесін көп көрдім (жазушының анасының суреті). 40 жылдай ене, келін болып, бір отбасында тұрдық. Соның арқасы болар, əлі күнге дейін осы жарастығымыз созылып келе жатқаны. Анамыз ешкімге қабағыңды түйме, бір асым етің болса да артық болып тұрсын, қонаққа тарылуға болмайды. Қонақ өз несібесін ала келеді дейтін. Сол өсиеттерін орындап, сол кісінің айтқан ізімен жүрдік (анасы Айсəуле Жұмайқызы Қоқым келініне қойылған ескерткіш, ана рухына құран бағыштаған сəттер көрсетіледі).
Əбіштің 4 баласы бар. Бір қызығы сол – төрт баланың қалай өске- нін, қалай оқуға барғанын, нешінші класс оқитынын ол білмеді. Қазір
немерелеріне де сондай (немерелердің фотосуреттері жəне үйдегі дастарқан басы көрсетіледі). Балалар өздері оқуларын бітірді, өздері қайда оқимын десе, сонда оқыды. Əй, сен мынадай ғылым жолын қу немесе басқа оқуға түс деп, маңдайларынан қаққан жоқ. 4 баланың төртеуі де жоғары оқу орнын бітірді, жұмыстарын істеп жүр. Бастық болған жоқ, бірақ қатардан қалған жоқ.
Əбіш дүкенге барып, киім өлшеп көрген жан емес. Не болмаса тамақ алып келейік деп бірге барған адам емес. Не пісіріп, не дайындап қоясың, соны ішеді, содан кейін өзінің шаруасына отырады. Əр жағында бала не болып жатыр, үйде қандай шаруа болып жатыр, онымен ісі жоқ. Сондай адам. Ал киімді жобаменен барып алып келем, үлкен болса, кіші болса, барып ауыстырамын.
Т. Əбдіков (кадрда): Əбекең, менің ұғымымда, өзгермейтін, көкіре- гінде шамшырақтай жанып тұрған бір кісіліктің, ізгіліктің бір шыра- ғын сөндірмей, соны аялап алып келе жатқан айрықша адам секілді. Əбіштің өн бойында əулиелік қасиет бар, жүрегі өте жұмсақ. Кісіні аяғыш. Бұл қасиет əлсіздік болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұның артын- да философиялық сенім, философиялық бір тұжырым жатады. «Мінез бен талант бір адамның бойында табысқан кезде ұлы тұлғалар пайда болады» деген Гетенің сөзі бар екен. Сол сөзге біздің Əбекең лайық па деп ойлаймын.
Əбішті Маңғыстауда қарсы алған жерлестері. Əр жерге барған сайын оны құшақтап көрісіп жатқан адамдар, кəрі шал-кемпірлердің ықыласы, үй тігіп, тосып отырғандар көрінеді.
Бəйтеректің түбінде, Астана көшесінде, Ақтаудағы теңіз жаға- сындағы жас жұбайлар, Ақтаудағы мейрам күндері қауышып жат- қандар. Осы көріністердің көпшілігі сазды, қуанышты, əсем музыканың фонында көрсетілді.
С. Оразалы (кадрдан тыс): Əбіш халқының шынайы ықыласына, ай- рықша құрметіне бөленген адам, Ол еліміздің қай түкпіріне барса да, оны қаумалаған қалың жұртты көруге болады. Бұл жазушының кемел туындыларына, елі үшін, халқы үшін сіңірген еңбегіне деген құрмет.
Жазушының Ақтау қаласындағы мұражайынан көріністер. Ол оқыған мектептің орнына салынған жаңа мектеп, «Əбіш Кекілбаев түлектері» жазушыны қарсы алады. Мектептің маңдайшасына «Əбіш Кекілбайұлының атындағы мектеп» деп жазылған. Еренқұл ақсақалдың жүз жылдығы. Кəрі ұстаз шəкіртіне шапан жауып, батасын береді.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Бұл көріп отырғанымыз Ақтау қала- сындағы Əбіш Кекілбайұлына арналған мұражай. Мұқият əзірленген əр стенділерде жазушының өмірі мен шығармашылығын бейнелейтін көптеген экспонаттар қойылған.
Бір кезде өзі оқыған Оңды ауылындағы мектептің орнына бұл күнде сəнді ғимарат салынған. Оның ішінде оқушылардың білім алуына қажетті жағдайдың бəрі жасалған. Қазір бұл орта мектеп Əбіш Кекілбайұлының атында. Мына өрімдей жастар өздерін Əбіш-
тің түлектеріміз деп атайды, оның шығармаларын оқып, даңқты жер- лестерінің өмір жолын үлгі тұтады.
Қазақ мəдениетінің тарихында көзі тірісінде есімі мектепке беріл- ген, мұражай салынған бірден-бір жазушы тек Əбіш Кекілбайұлы болса керек. «Сүйер ұлың болса сен сүй, сүйенерге жарар ол» деген осы.
Маңғыстау елінің ең қарт адамы жүз жасаған Еренқұл қария Оңды- дағы бастауыш мектепте Əбішке сабақ оқытқан ұстазы. Шəкірті алыс- тан ат терлетіп ұстазын құттықтауға келіпті. Атағы жалпақ жұртқа жайылған шəкіртіне Еренқұл қария ризалық пейілін білдіруде.
Əбіштің əлемнің əр тілінде шыққан кітаптары, алған награда- лары. «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының» медалі, кітапшасы ірі планда алынады. Екінші экспозицияда «үкімет телеграммасы». Президент жеделхаты кадрдан тыс оқылады. Пре- зидент пен екеуінің əр түрлі суреттері. Музыка. Жеделхаттың мəтіні жазбаша түрде Маңғыстау табиғатының фонында көрініп тұрады.
С.Оразалы (кадрдан тыс): «Құрметті Əбіш Кекілбайұлы! Сізге Пре- зиденттің Бейбітшілік пен татулық сыйлығын беру туралы шешім қа- былдағанымды қуана хабарлаймын.
Туған халқыңыз, бүкіл Қазақстан жұртшылығы Сізді республика- мыздың көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, тамаша сөз зергері ретінде таниды, қадірлеп қастер тұтады. Бұл абырой биігіне Сіз табиғат-ана молынан сыйлаған ақыл-парасатыңыздың, қажы- мас қайратыңыздың, дара дарыныңыздың арқасында жетіп отырсыз. Сөз танитын адамды тəнті етпей қоймайтын кітаптарыңыздағы ордалы ойлар, терең толғаныстар Сіздің мемлекеттік, қоғамдық қызметіңізде жаңаша жалғасып, жарқырай көрінгені – халықтың игілігі».
Нұрсұлтан Назарбаев. С.Оразалы (кадрда): Міне, қазақтың дарынды ұлдарының бірі – Əбіш Кекілбайұлы осындай адам. Оның бойынан кейбір зерттеушілер 14–15 түрлі қасиет тауып, жіліктеп айтып жатады. Ол да ақиқат. Өйткені кемел жаратылған адам солай болса керек. Ал ең бастысы – Əбіш қазақтың дарқан даласындай кең пішілген, қазыналы, қасиетті жаратылыс иесі дер едім. Сол даланың тамаша жыршысы, көсем ойлы ақылманы елімен,
жерімен мəңгі жасай береді.
Тік ұшақтың ішінде илюминатордан Маңғыстау даласына қарап отырған жазушы. Көгілдір аспан астында қазыналы қазақ даласы жатыр. Оның бауыры байлыққа қаншама тұнып тұрса, тарихы да соншама мол. Адамзат жаратылғаннан бері ұрпағына құт мекен болған бұл өлке, талай кемеңгер жыршыларын да туғызған. Соның бірі, міне, жанарына туған жерін тұтас сыйдырып əкеткісі келгендей емірене қарайды. Кинокамера Шерқаланың бауырынан бастап, көкжиекті тұ- тас қамти отырып, зеңгір көкке самғайды. Музыка. Титрлар көрінеді.
Екінші фильмнің соңы.
2007 жыл