Туындылар ✍️
ДАРҚАН
Академик Мұрат Баймаханов
(Деректі фильмнің сценарийі)
Əр жерден шоқ-шоқ тоғайы шайқалған, шалғыны белуардан келе- тін, көкжиекке дейінгі кеңістіктің бəрі жап-жасыл түсті сұлу өлке. Бұл Есіл өзенінің алқабы. Осы шалғынды кешіп, шоқ тоғайдың түбінде бір адам қыдырып жүр. Ол кең далаға құмарлана қарайды. Бір жерге тоқтап, жусанын алып иіскейді. Отырады. Оның жүзі ірі планда көрінеді.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Есіл өзенінің бойындағы нулы, шу- лы, шалғынды өлке. Ата-бабасы осы өңірде туып, өнсе де, мына адам олардан кімнің қалғанын, қандай жақындары барын білмейді. Өйткені ол туысқандарын ғана емес, өзінің туған əкесінің аты-жөнін атаудан да қорқатын. Заман солай болды. Бірақ осы өлкеге деген сағыныш бала кезінен ешқашан əлсіреген емес.
М.Баймаханов кадрда. Ол көк шалғында отырған қалпында сөйлейді: Сарыарқаның осынау керемет даласы мен үшін өте қасиетті жер болып көрінеді. Себебі бұл менің ата-бабамның туған жері.
С.Оразалы мен М.Баймаханов Есіл бойынаралап келеді. Екеуіəлденені қызу əңгімелейді. Осы фонда профессор Ө.Жекебаевтың даусы естіледі де, артынша саябақтағы орындықта отырған өзі де көрінеді.
Ө.Жекебаев (кадрда): Бұлар Сарыарқадағы атақты би – Байдалының тұяқтары ғой. Ойбой, Байдалы би өте шешен адам болған.
М.Баймаханов Есіл өзенінің жағасындағы шалғында отырып сөй- лейді.
М.Баймаханов (кадрда): Бұл жерге мен ылғи сағынып келемін. Мəскеуде, Алматыда, басқа да талай жерлерде болдым ғой, бірақ Сары- арқаның жері, Есілдің жағасы мені ылғи толғандырады.
Ө.Жекебаев (кадрда): Рахымбеков Мəтел деген бір кісімен кездес- тім. Сонда сол кісі маған айтты, бұл Баймаханов деп отырғаның – біздің Атбасардағы Төреғожин Зейнолланың баласы екен ғой. Зейнолла адамгершілігі мол азамат еді, – деді.
Кең кабинет. Столдың жанында түрегеп тұрған С.Оразалы.
С.Оразалы (кадрда): Академик Мұрат Баймахановтың есімі маған бұрыннан таныс болатын. Бірақ өзімен жүзбе-жүз кездескенімізге жар- ты жылдай ғана уақыт болыпты. Осы аз ғана уақыт ішінде жиі-жиі жо- лығып, ұзақ-ұзақ əңгімелестік. Оның отбасымен танысып, көптеген əріптестерінің пікірін тыңдадым. Өмір жолына, ғылыми істеріне қа- ныққандаймын. Сондықтан да ол туралы фильмге «Дарқан» деген атты лайық көрдім. Дарқан – ұста, шебер деген мағынамен қоса, кеңдікті, жомарттықты да білдіреді. Мұрат Тəжімұратұлы – шын мəніндегі заң ғылымының ұстасы, шебері, білгірі, тереңдігімен қоса, кең, мол ғылыми істердің, жомарт таланттың иесі.
Бұл адамның бабасы Сарыарқаға атағы кең жайылған Байдалы би, ал өз əкесі Зейнолла Төреғожин белгілі мемлекет қайраткері болған. Бірақ қатал тағдыр кезінде олардың атын атауына ұрпағына да мұрша бермеді.
Кадрда отызыншы жылдардағы Москва. Тарихи хроника. Қызыл алаң. Мəскеудің сəулетті ғимараттары. Биік үйдің маңдай алдына Ленин мен Сталиннің алып суреттері ілінген. КСРО Халық шаруа- шылығы көрмесінің маңындағы субұрқақтары, кеңес əйелінің жеке мүсіні. Көрмеге қаптап келіп жатқан адамдар. М.Баймаханов таудағы саябағында отыр. Биік жотадан Алатау шыңдары мен төменде жатқан Алматы айқын көрінеді. Алматының отызыншы жылдар- дағы бейнесі. З.Төреғожинның Мəскеуден келген кезіндегі фотосуреті мұрағаттан алынып көрсетіледі. Толық та сымбатты бейне. Голо- щекиннің Қазақстан коммунистерінің ортасында отырған суреті. Камера жылжып келіп оны ірі планда алады.
М.Баймаханов (кадрдан тыс, кейде кадрда отырып сөйлейді): Менің əкем Төреғожин Зейнолла Сейтжанұлы Мəскеудегі тұрақты өкіл- дікте қызмет атқарды, одан кейін Өнеркəсіп академиясында оқыды, кейіннен КСРО Наркоматында қызмет істеп, содан Алматыға халық комиссарының бірінші орынбасары болып келген болатын. Сол кезде ет тапсыру мəселесі талқыланады. Сонда əкем дайындаған материал, əсіресе оның істеген есеп-қисабы сол кездегі өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекинге барлық жағынан ұнамайды. Голощекин белгілеген міндеттерді орындайтын болса, онда қазақ шаруашылықтары күйреп, барлық ел малсыз қырылатын еді. Əкем 1937 жылы қамауға алынып, 1938 жылы атылып кетіпті.
З.Төреғожинның атылар алдында түрмеде түсірілген суреті. Оның өмірі жайлы газетте басылған мақала мен бірнеше суреттері көрінеді. Мұрат ойлы қалыпта үнсіз отыр. Есіл алқабы З.Төреғожинның туған жері. Сол жерде оның ұлы М.Баймаханов С.Оразалыға əңгіме айтып келеді.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Бұл – Зейнолла Төреғожинның аты- лар алдындағы ең соңғы суреті. Азап шеккен, қорлық көрген, дүние- ден түңілген адамның бейнесі. Артында жары, төрт баласы шырқырап қалады. Олар «халық жауының, жапон шпионының баласы» деген атқа ілігеді. Алматыда отырған үйлерінен қуып шығып, жесір əйелі, панасыз, шиеттей балалары көшеде қалады.
М.Баймаханов С.Оразалымен əңгімелесіп келе жатқан бейнекөрі- ніс жалғасып, оның даусы кадрдан тыс естіледі. Ол өзінің таудағы саяжайында отыр.
М.Баймаханов (кадрда): Біз ойладық, осы Алматыда қалатын болсақ, мүмкін, шешемізді де тұтқынға алатын шығар деп, барлығын тастап, Ұзынағашқа көштік. Біз жетім бала болғандықтан, шешеміз əрең деген- де бір кинотеатрға билет сататын қызметке орналасты.
Кадрда Алатаудың қарлы шыңдары Ұзынағаш мекенінің тұсынан
көрінеді. Қызғалдаққа, түрлі түсті гүлге оранған бел-белес. М.Бай- маханов Колпаковскийге орнатылған ескерткіштің түбінде тұрып, С.Оразалыға жастық шағын əңгімелейді. Төменнен Ұзынағаш селосы панорама арқылы көрінеді. Ғалым жалғыз өзі Ұзынағаштың маңын жаяу аралап келеді. Арынды Ұзынағаш өзенінің жағасында аяғын суға батырып отыр.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Отбасындағы бес адамды анасы- ның аз ғана жалақысымен асырау мүмкін емес еді. Жоқшылық, қуғын- сүргін бəрінің қабырғасына аяздай батты. Мектепте де «халық жауының балаларын» шеттетіп, əкелерінің атын атаудың өзі де қауіпті болды. Жас ана ұрпағын сақтап қалу үшін екінші рет тұрмысқа шығып, Мұратты сол кісінің атына жаздырды. Сол күннен бастап дүние түзелгенге дейін ол өз əкесінің атын, ата-бабасының мекенін атай алмады. Азапты, жоқшылықта өтсе де, балалық шаққа не жетсін! Жалаңаяқ жүгіріп, өз қатарластарымен құлын-тайдай жарысқан Ұзынағаштың жасыл өлкесі оның бала қиялына қанат бітіріп, алдағы өмірге деген құлшынысын арттыра беретін.
Ұзынағаш өзенінің жағасы. Осы жерде бала кездерінде суға шо- мылып, асыр салып соғыс ойынын ойнайтын. Селоның жасыл баққа оранған бүгінгі қалпы панорама арқылы көрінеді. Мұрат Колпаковский ескерткішінің түбінде отырып балалық шағын еске алады.
М.Баймаханов (кадрда): Анау, төменде ағып жатқан Ұзынағаш өзе- нінде, біз, балалар, шомылушы едік. Содан кейін екіге бөлініп алып, соғыс ойынын ойнайтынбыз. Шешелеріміз: «Бұлардың ойындарын қарашы, соғыс тілейді. Бізді жұтасыңдар», – деп ұрсатын. Біраздан кейін қарасақ, шын соғыстың өзі басталды да кетті.
Қаз-қатар тізіліп, кең даланы жалпағынан басып, жосылып келе жатқан неміс танкілері. Аспаннан бомба жаудырған жау ұшақтары. Азалы музыка. Киномұрағат. Жауға қарсы ұмтылған кеңессолдаттары. Ұзынағаштың ортасында сиырларын өргізіп, сол кездегі жүк маши- насында соғысқа қажетті заттарын тасыған ауыл адамдары (кино- хроника). Бір жақ шетте майданға аттанып бара жатқан солдат- тар, ал соның жанында піскен егінін орып, жинап жатқан диқан. Алатаудың бауырында егін жайқалып тұр. Ауыл əйелдері тон, пима, қолғаптар əкеліп майдан үшін тапсыруда. Темір жолда тұрған жүк вагондарына ел тапсырған заттарды тиеп жатыр. Поезд майдан даласына бет алуда.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Бұл соғыс – сегіз жасар Мұраттың өз қатарластарымен асыр салып ойнайтын соғыс ойнына мүлде ұқсамай- тын. Қанды қырғынның суық лебі Ұзынағаштың жұртын да шарпи бастады. Бұрынғы жүдеу өмір одан сайын қиындап, ауыл адамдары қолда бар астықты, жылы киімдерді майданға жіберіп жатты. Жауды жеңсек- ау деген арман, қиындыққа төзімділік соғыс уақытының балаларын тез есейтті. Олар жалғызынан айрылып аңыраған ананы көрді, əкесінен айрылып жетімсіреген қатарластарымен бірге өсті.
М.Баймаханов (кадрда): Əр үйге қара қағазбен бірге қасірет келді, біресе хабар-ошарсыз кетті деген хат жетеді. Біресе ана үйде, біресе мына үйде жылап жатқандарды естиміз. Соғыстың қандай екенін сонда барып түсіндік.
Желтоқсан айында күн қысқарып, сағат бес, бес жарымда қараңғы түседі. Мына жер кішкентай болса да таулы болғандықтан, жанынан өткенде қорқатынбыз. Өйткені кейбір кісілер: – Осы жерде қасқыр жүреді, – дейтін. Əйтеуір аман-сау қалған сияқтымын.
Кинодеректер мұрағаттан алынған. Соғыстан соңғы Ұзынағаш маңындағы ауыл тұрмысы. Оқушылар картадан кеңес əскерлерінің азат еткен жерлерін көруде. Мектеп оқушылары дабыл соғып, ту кө- теріп шеру тартып келеді. Алматы мен Талдықорғанның соғыстан соңғы көріністері. Алматының Горький атындағы саябағындағы гүл аллеялары. Көшеде сол кездегі «Победа» жеңіл машинасы мен трол- лейбустар ағылып, соғыстан соңғы адамдардың шат-шадыман күлкісі көрінеді.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Мұрат Жеңіс күнін Ұзынағашта қарсы алды. Алғыр, еңбекшіл болып өскен қағылез бала мектепте үздік оқыды. Екінші əкесінің қызметіне байланысты олар соғыстан соң Алматыға, Талдықорғанға, Текеліге көшіп, сондағы мектептерден білім алды. Əсершіл жас ақын болуды армандайды. Жетісудың əсем табиғаты, жас жүректі елжіреткен алғашқы махаббат, туған еліне де- ген сүйіспеншілік оның жырларына арқау болады. Жүректе шемен болып қатқан əке тағдыры, қиын тұрмыс бозбаланы табандылыққа, өз мақсатына еңбекпен жетуге баулиды. Ол орта мектепті күміс медальмен бітіріп, жоғары білім алуды армандайды.
М.Баймаханов (кадрда): Сол кезде облыстық газеттерде бір-екі өлең жариялаған едім. Бəлкім, менен ақын шығар деп ойладым. Содан Мəскеудегі МГУ-дің журналистика факультетіне арызды жаздым да, жібердім. Прокуратурада істейтін жездем бар еді. Төлеу жездем. Сол сұрады: – Осы МГУ-ге түсейін деп жатырсың. Əкең туралы жаздың ба? Жазатын болсаң, сені маңайына жүргізбейді, – деді. – Сондықтан оны көрсетпей-ақ қой.
Мəскеуге келген жолаушы поезы. Қызыл алаң. Москва өзені, онда жүзіп бара жатқан кемелер. Маяковский мен Пушкин ескерткіші. МГУ- дің бұрынғы ғимараты көрінеді. Алды толған жастар. Мұраттың бозбала кезіндегі суреттері қабаттаса көрінеді.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Төлеу жездесінің айтқанын есіне тұт- қан ол өмірбаянында əкесі туралы ештеңе жазбайды. Өйткені журналист болу, сөз өнерімен айналысу оның бойын билеп алған еді. Бірақ ол Москваға жеткенше журналистикаға қабылдау аяқталып қалған еді.
М.Баймаханов өзінің таудағы саяжайында отырып əңгімесін жал- ғастырады. Сөзінің арасында МГУ-дің жаңа ғимараты, одан кейін алдында заңгердің ескерткіші тұрған заң факультетінің ғимараты, жастар. Мəскеу көшелеріндегі халық көрінеді (кинохроника).
М.Баймаханов (кадрда): МГУ-ге барсам журналистика факультетіне құжат қабылдау бітіп кетіпті. Олар маған: – Сіздің түсуге ешқандай мүмкіндігіңіз жоқ. Сондықтан құжатыңызды қабылдамаймыз, – деп қайтарып жіберді. Сөйтіп тұрғанымда МГУ-дің бір қызметкері келіп:– Енді не істейсің? Саған заң факультеті ұнамай ма? Ол өте жақсы факультет. Оны талай белгілі адамдар бітірген. Солардың ішінде Громыко да бар, – деді. Содан кейін мен «жарайды» деп, құжатымды заң факультетіне бердім.
Мəскеу университетінің ғимараты. Кітапханада отырған жас- тар. Қырқыншы жылдардың соңындағы қаланың қым-қуыт тіршілігі. Қатар құрбыларының ортасында тұрған студент Мұраттың бейнесі. Мəскеу жастарының қалың тобы университет алдында кетіп барады. Мұрат құрбы қыздармен қаланы аралап жүр. Оның сол кезде курстас достарымен түскен суреттері. Бұл көріністер мұрағаттан алынған.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Міне, осылайша, бір көрген адамның ақылымен заң факультетіне кездейсоқ түскен Мұрат бір жыл бойы журналистикаға ауысудың амалын іздегенімен, жолы болмайды. Атағы жер жарған даңқты заңгер-ғалымдар Трайнин, Кечекьян, Денисовтар- дың университетте оқыған дəрістері жас жігітті баурап алып, біртіндеп заң ғылымына қызықтыра бастайды. Университет кітапханасы білімге құштар жігерлі жастың сүйікті орнына айналды. Бірақ өзінің «Халық жауының баласы» екені есінен шықпай, жасырған сырының ашылып қалуынан қауіптеніп, үнемі алаң көңілде жүреді.
М.Баймаханов (кадрда): КГБ төртінші курста оқитын студенттер- дің шығу тегін, құжаттарын толық тексеретін. Тексерген кезде кейбір студенттердің жасырған құпиялары ашылып, сол студенттерді МГУ- ден қуып шығарған болатын. Мен соған дайын болдым. Бірақ Сталин өлгеннен кейін саясат өзгере бастады.
Мұраттың жас кездегі фотосуреттері (мұрағаттан алынған). Мəскеу университетінің заң факультеті орналасқан ғимарат (кино- мұрағат). Жас ғалым Мұрат Баймаханов ғылыми кеңесте сөйлеп тұр. В.Ким (кадрда): Бір күні жап-жас, сүйкімді жігіт келіп: – Владимир Александрович, мен сізге аспирант болғым келеді, – деді. – Жоғары білімді қайдан алдың? – деп сұрадым. – Мен Мəскеу университетінің заң факультетін бітірдім, – деді. – Қалай бітірдің? – деген сұраққа: – Үздік дипломмен аяқтадым, – деді. – Мəскеу мемлекеттік университеті ондай дипломды бекерге бермейді. Сіз дайындығыңыз бар адамсыз. Он бес күн пұрсат беремін. «Мемлекеттік қызметтің қоғамдық бірлестіктерге біртіндеп өтуінің жолдары» деген тақырыпқа ғылыми жұмыс жазып əкелесіз, – дедім. – Ол кезде бұндай мəселе зерттелген емес. Айтылған уақытта 30–40 беттік авторефератты қолыма ұстатты. Түгел оқып
шықтым да, «Мен сізді қабылдаймын», – дедім.
Елуінші жылдарғы Алматы. Ескі киностудия ғимараты. Бұрынғы Комсомол көшесіндегі ағылған жұрт көрінеді. Көше бойы толған гүл (кинохроника).
С.Сартаев (кадрда): Кезінде Мəскеудің белгілі бір оқымыстысы Фарбер деген кісі Алматыға келіп сөйлегенінде айтқан еді: – Бізде, Мəскеуде Баймаханов деген аспирант бар. Біздің ойымызша, ол сіздердің болашақта академиктеріңіз болады, – деді.
М.Баймаханов (кадрда): Мен кандидаттық диссертациямды 1963 жылы, ал докторлық диссертациямды 1973 жылы қорғадым (Мəскеу ғалымдарының ортасында тұрған, Алматыда жүрген фотосуреттер көрінеді.) Мəскеудің ғалымдарының көзқарастары өте жақсы болды. Олар менің жазған еңбектерімді жақсы қабылдап, оған жол ашып, жарық көруіне көмектескен болатын.
Қ.Халықов (кадрда): 1965 жылы мен университетті бітіріп, Фило- софия жəне құқық институтына қызметке барғанымда, ол кісі сонда ғалым-хатшы болып қызмет істейді екен. Кандидаттық диссертациясын қорғап келген, əлі үйленбеген – бойдақ (Мұраттың сол кездегі бірне- ше фотолары көрсетіледі), өзінің жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі, жалпы бейнесі, жас, талдырмаш кейпі əлі күнге есімде сақталып қалыпты.
Мұрат өзінің жазғы саяжайында Алатаудың биік шыңдарына қарап ойланып тұр. Тау баурайындағы жасыл алқап, ондаған саяжайлар көз тартады.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Өзінің алғашқы еңбектерімен-ақ ғылымға ойшыл ғалымның келгені анық еді. Ол қызмет сатысымен де жылдам көтеріле бастайды. Осы жылдары Мəскеуде қатар оқыған Роза Ахметқызымен көңіл қосып, өз бақытын табады.
Кадрда Қонаевтар əулеті. Ортада Димаш Ахметұлы. Оны жан- жағынан жұбайы, қарындастары қоршаған. С.Оразалының сөзі осы суреттің фонында естіледі. М.Баймаханов пен С.Оразалы саяжайда алау оттың қасында əңгімелесіп отыр.
С.Оразалы: Əрине, сіз Қонаев сияқты ұлы адамның жəне осы бір үлкен отбасының ең жас мүшесі болып сол ортаға кірдіңіз. Қазақстанда бұл отбасының абыройы да, беделі де ерекше болатын.
Кадрда Мұрат Тəжімұратұлы алаудың жанында отырып сөйлей- ді. Қонаевтар əулеті түгелдей жиылып түскен екі сурет мұрағаттан алынып көрсетіледі.
М.Баймаханов (кадрда): Біз Роза екеуіміз үйленгенімізде Меңліахмет ақсақалдың əулеті өте үлкен болатын.
С.Оразалы: Өзіңіздің осы отбасының мүшесі болғаныңызды қалай бағалайсыз?
М.Баймаханов: Менің осындай отбасының бір мүшесі болғанымды мақтан тұтам. (Д.Қонаев ортасында тұрған суретте ағайын-ту- ғандар арасында М.Баймаханов та бар.) Өте білімді, басқару, ұйым- дастыру қабілеті жағынан өте күшті адамдардан үлгі алғаныма өте қуаныштымын.
С.Оразалы (кадрда): Роза Ахметқызының əке-шешесі ол кезде тірі еді ғой. Ол кісілер сіздің осы отбасына келіп қосылуыңызды қалай қабылдады?
Кадрда Меңліахмет қарияның жас кезіндегі жəне кейінгі жылдар- дағы өте сирек суреттері көрінеді.
М.Баймаханов (кадрда): Өте жақсы қабылдады. Кейде Меңліахмет ата айтушы еді: – Мына күйеу баланың отыратын жері – босаға. Бірақ мен сені ылғи төрге отырғызғым келеді. Отыра бер, – дейтін. (Роза екеуінің дастарқан басында, төрде отырған суреттері көрінеді.) Соған қарағанда маған ол кісінің көзқарасы өте жақсы болған сияқты.
С.Оразалы (Алау от лапылдап жанып, əңгімелесіп отырған екеуді көрсетпей кетеді. Оператор отты ірі планда алады): Сіз өзіңіздің өмірлік мəселелеріңізді шешуге, ғылымдағы мəселеңізді шешуде олар- дың пайдасын көрдіңіз бе?
М.Баймаханов (кадрда): Ең алдымен мына бір мəселені айтқым келеді. Осы отбасына келген кезде мен үлкен институттың ғылыми хатшысы болғанмын. Келе салып өскенім жоқ.
Кадрда С.Зиманов, В.Ким жəне М.Баймахановтың бірге түскен суреттері. Ғалымның докторлық атақ алған монографиясы көрінеді.
В.Ким (кадрда): Біздің байланысымыз кейін де үзілген жоқ. Екеуі- міз күнұзақ отырып оның болашақ докторлық диссертациясын ақыл- дасқанымыз бар (кітаптар көрінеді). Ондай тақырыптан жұрт қор- қатын. Ал ол қорыққан жоқ.
С.Сартаев (кадрда): Менің ойымша, Мұраттың өміріндегі ең үлкен ізденістерінің бірі – «Кеңес құқығының ішкі қайшылықтары» деген тақырыпта докторлық диссертациясын (кітап көрінеді) қорғауы болды. Қ.Халықов (кадрда): Теория – заң ғылымының негізі болып саналады.
Теорияда асығыс айтылған пікір авторды да, ғылымды да ұятқа қалдыра- ды. Сондықтан да бұл кісінің құқықтағы қайшылық деген ғылыми ең- бегіне ғалымдар өте жоғары деңгейдегі бағасын беріп келе жатыр.
С.Сартаев (кадрда): ҚСРО Ғылым академиясында белгілі кеңес заң- герлері істейді. Солардың бəрі Мұраттың жазғанын қолдап, докторлық дəрежені бір ауыздан берген болатын.
М.Баймахановтың мінбеде тұрған, кітапханада отырған суреттері мен шығарған кітаптары көрінеді.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Баймахановтың диссертациясымен қоса, басқа да еңбектері ғылыми ортаның назарын өзіне аудара бастады.
Қ.Халықов (кадрда): Сол еңбек ғылыми құндылығын əлі жойған жоқ.
Ө.Жекебаев (кадрда): Бұл кітапқа шетелдерде де, көршілес елдерде де үлкен мəн берді.
М.Нəрікбаев (кадрда): (М.Баймахановтың «Кеңес құқығының ішкі қайшылықтары» атты кітабы көрінеді.) Академик Баймаханов бүгінгі таңда өзінің таңдап алған саласында ең жоғарғы деңгейдегі маман, заңгер, академик, профессор, ғылым докторы деп айтуға болады.
Мұрат Тəжімұратұлы Еуразия ұлттық университетінен шығып, Есіл өзенінің жағасындағы саяжолда қыдырып жүр. Жағалаудағы əсем ғимараттарға, Есілдің жалпақ айдынына сүйсіне қарайды.
Ғалымның кітаптарының арасында таңдамалы еңбектері ірі план-
да алынады. Ондаған кітаптары, брошюралары, журналда, баспасөзде шыққан туындылары экраннан жылжып өтеді.
Академик демалыс саябағында орындыққа келіп отырады. Жан- жағына зер салып қарайды. Гүлзарлардың жанында ойнап жүрген сə- билердің жанына келіп, оларға қызықтай қарайды.
Жүргізуші даусы (кадрдан тыс): Мұрат Тəжімұратұлы – аса ірі тео- рияшыл ғалымдардың бірі. Оның қаламынан туған 4 жеке, 10 ұжымдық монографиялары мен 300-ден аса ғылыми еңбектері тек Қазақстанда ғана емес, əлемнің көптеген елдеріне танымал. Бұл шығармаларында ол заң ғылымының сан алуан мəселелерін зерттеп, терең ойлар айтады. Академик Баймаханов бүкілəлемдік маңызы бар Демократ-заңгерлер- дің Халықаралық ассоциациясының Алжирде, Бразилияда, Францияда, Америкада, Германияда, Москвада өткен конгрестеріне қатысып, терең мазмұнды баяндамалар жасады, сөз сөйледі. Қайда болмасын, оның ғалымдық, азаматтық болмысы əрқашан айшықты көрінеді. Ол қайда барса да Қазақстандағы заң ғылымының туын биік ұстап келеді.
Алматының əсем бағы. Қ.Халықов пен С.Оразалы сол бақтың ара- сында серуендеп, əңгімелесіп келеді. (Қ.Халықовтың сөзі алдымен кадрдан тыс естіліп, артынан өзі көрінеді.) Оның сөзінің арасында сексенінші жылдардағы Алматы көріністері: Аспалы жол, Көктөбе, Ленин алаңы, Ленин атындағы көше, осы көшелердегі гүлзарлар, сол кезеңнің адамдары кіреді.
Қ.Халықов (кадрда): 1984 жылы Кеңестер Одағының түкпір-түкпірі- нен Алматыдағы бір үлкен жиынға көптеген делегация келді. Грузиядан келген заңгерлерді мен күтіп алып, қаланы аралаттым. Олардың бас- шысы – атақты заңгер Чербонадзе деген профессор еді. Заң ғылымы- ның докторы, профессор Чербонадзе мен Мұрат Тəжімұратұлы екеуі Ленинградта шығатын «Құқықтану» журналында редколлегия мүшесі екен. Қонақты Мұрат Тəжімұратұлы үйіне шақырады. Роза Ахметқызы бар, өзі бар, жаңағы Чербонадземен ғылым, мəдениет, саясат, Қазақстан, экономика жөнінде əңгімелесіп біраз отырған соң қайтатын болдық. Мен оларды қонақүйге алып келдім. Чербонадзе келген соң маған:
- Сізден бір өтінішім бар, тек шындығын айтыңызшы, – деді.
- Айтайын.
- Онда, жаңағы барған үйіміз Мұраттың өз үйі ме, əлде басқа пəтерге алып бардыңыз ба? – деді.
- Жоқ, өзі тұратын үй, кезінде сатып алған, – дедім.
- Апырай, осындай ұлы адам, аброй-беделі де бар, сонда мынан- дай тар үйде тұрғаны ғажайып екен, – деп жаңағы грузин профессоры таңғалып кетті.
М.Баймаханов институттың кітапханасында жұмыс істеп отыр. Ол сөредегі кітаптарды алады, ішіне үңіле қарап, керегін іздей бас- тайды. Орнына қайта отырып, əлденені жазады. Ойланады. Қайта тұрып, тағы кітап сөресіне барады. М.Нəрікбаевтың сөзінің арасында осы көрініс жəне Мұраттың жұбайымен бірге түскен суреті көрінеді.
М.Нəрікбаев (кадрда): Қазақ халқында «Ұлық болсаң кішік бол» деген бір мағыналы мақал бар. Меніңше, осы мақалда философиялық мəн бар. Осы сөзді біздің көп азаматтарымыз, қасиеті бар болса да, өмірінің ақырына дейін дұрыс ұстай алмайды. Ал ұстайтындардың ішіндегі ерекше қасиетті адам Мұрат Баймаханов деп ойлаймын. Алматыда жүргенде ұстаздарға арнап 45 пəтерлі тұрғын үй салдым. Үйдің кілтін тапсыруға 2–3 күн қалғанда академик М.Баймаханов келді. Алдымен екі-үш мəрте кешірім сұрап алды. – Мақсұт Сұлтанұлы, сіз кешіріңіз, мен мазаңызды алмайын деп едім, мына үйдегі əпкеңіз бе, жеңгеңіз бе, сол кісі бой бермей, «Барсаңшы, айт- саңшы жағдайыңды» деген соң келіп отырмын. – Ол не жағдай? – деп сұрасам: – Сонау кеңес заманында, үлкен қызметте жүргенімде, Орталық Комитет арқылы төрт бөлмелі үй алған едім. Əлі күнге дейін сол пəтерде тұрып жатырмын. Мен пəтерді жаман демеймін, ал бірақ қазір біздің немерелеріміз, тіпті шөберелеріміз өсіп қалды. Отырып, жұмыс істейтін бөлмем де жоқ, – деп айтқаны бар. – Олай болса, төрт бөлмелі пəтер берейін бе? – десем: – Жоқ, Мақсұт Сұлтанұлы, маған үш бөлме де жетеді, – деп отырып алды. Осыған əлі күнге таң қала- мын. Шынымен жоғары деңгейдегі азамат деп Мұрат Тəжімұратұлын есептеймін.
Мұрат Заң институтында мемлекеттік емтихан алу үстінде. Кезегін күтіп отырған студенттер. Қатарында отырған ұстаздар. Ол мұқият тыңдап, студентпен сөйлесуде. Кадрда Қ.Халықов пен С.Оразалы əңгімелесіп отыр.
Қ.Халықов (кадрда): 1996 жылдың ақпан айының ішінде менің алғашқы аспиранттарымның бірі кандидаттық диссертация қорғады. Оның негізгі тақырыбы: айыпталушы мен сезіктінің құқығын қор- ғау болатын. Сол жиынға академик Мұрат Тəжімұратұлы келіп, арт жаққа отырып, блокнотына əлдене жаза бастады. Не жазып жатқанын білмейміз. Былай алып қарағанда, қылмыстық процестің маманы емес, теорияның маманы. «Қалай болар екен?» деген ойлар болды. Аспирант сөзін бітірді, оппоненттер сөйлеп болды, бұл кісі үнсіз отыр. Сөйтсек, ол кісі өзіне керекті жерлерін жазып алған екен.
Əр уақытта жеке адамның құқығы мен бостандығын қорғау – өзекті мəселе. Сол 1996 жылдың өзінде бұл кісі оның болашағына мəн берсе керек.
Мұрат өз кабинетінде отыр. Оған студенттер, аспиранттар келіп, əр түрлі мəселелерді сөйлеседі.
С.Сартаев (кадрда): Мұрат ғылыми жұмыспен қоса ұстаздықпен де айналысып келеді. Біздің қазақтың ұлттық заң институтында профессор болып дəріс оқыды. Бұл кісінің лекциясын, аса қатты шықпайтын қоңыр даусын біздің студенттер қызыға, сүйсіне тыңдайтын.
М.Баймаханов пен С.Оразалы Астанадағы гуманитарлық Заң инс- титутының алдында тұр. Ғимарат жан-жақты көрсетіледі.
М.Нəрікбаев (кадрда): Бұрыннан заң ғылымының туы болып жүр-
ген ақсақалдарымыздың біразын қызметке шақырдым. Соның ішінде Мұрат Тəжімұратұлын екі жылдай үгіттеп жүріп, міне, бір жылдай болып қалды, Астанамыздағы ең үлкен шаңырақтың астында бірге қызмет істеп жүрміз.
С.Сартаев (кадрда): Құқық академиясының кафедра меңгерушісі болып Астанада жұмыс істеп жүр. Менің байқауымша, студенттер оған дəн риза. (М.Баймаханов студенттермен бірге.)
М.Нəрікбаев (кадрда): Əлі күнге дейін таңқалдыратын жағдай, Мұрат Тəжімұратұлы əрбір лекциясына, өзінің студенттерімен əрбір кездесуіне де өте мұқият, тиянақты дайындалады. Өмір бойы жауапкершілікпен келе жатқан кəсіби тұлға десем болады.
Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіндегі жиын.
Қ.Халықов факультет жиналысын өткізуде.
Қ.Халықов (кадрда): Бұл кісінің отбасын мен жақсы білемін. Роза Ахметқызын да, қазір бізде қызмет істейтін қызы Динаны да. Бəрі де өте тəрбиелі, ерекше адамдар.
М.Баймаханов өз үйінде, дастарқан басында отыр. Барша туыс- тары, балалары, немерелері жиналған. Өзі төрде əлденені айтып, жұртты күлдіреді.
Жүргізуші (кадрдан тыс): Мұрат Тəжімұратұлы – аса үлгілі, тату, биік мəдениетті отбасының иесі. Бұл үйді ғалымдар ұясы десе де болады. Сөз жоқ, Баймаханов сынды ірі ғалымның жемісті еңбек етуіне осы адамдардың үлесі аз емес.
Ол ұзақ жылдар философия жəне құқық институтында еңбек етіп, кіші ғылыми қызметкерден директорлыққа дейінгі жолдан өтті. Университеттерде ұзақ жылдар дəріс оқыған, 5 ғылым докторына, 37 ғылым кандидатына жетекшілік еткен ұстаз.
Тарихи-танымдық, құқық қорғаушы «Əділет» қоғамның президенті ретінде ол сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған талай боздақ- тарды ақтауға қатысты. Оның ішінде өз əкесі де бар. Ол ғалымдықпен қоса, қоғам, мемлекет қайраткері дəрежесіне жеткен адам.
М.Баймаханов (кадрда): 1992 жылы Конституциялық сот құрылған кезде мені сол соттың төрағалығына ұсынды. (Жоғарғы Кеңестегі жиын. Президент М.Баймахановты құттықтап тұр.) Жоғарғы Кеңес мені бекітті.
Кадрде заң əділдігінің символы – көзі байланған əйелдің таразыны тең ұстап тұрған мүсіні көрінеді. Шайқалып тұрған таразы. Қалай басары белгісіз.
С.Сартаев (кадрда): Заңдылықты бұрмалауға қарсы біраз жұмыс- тар істелді. Сондықтан да бұл жұмыс кейбіреулерге ұнамай қалды. Сөй- тіп, конституциялық сотты жойып, оның орнына конституциялық кеңес құрылды.
Қ.Халықов (кадрда): Бір қалыпты, дөрекі мінезі жоқ, артық сөз айт- пайды, дауыс көтеру дегенді білмейді. Ал ғылыми пікір сайысында ол
кісі пікірін нақты түрде айтады да, сонымен тоқтайды. Кейбір азаматтар даусын көтеріп, өзінікін дұрыс санап, басқаны төмендетіп сөйлейтіні бар ғой, бұл кісі ешқашан олай істеген емес.
М.Баймахановтың конституциялық соттың отырысын өткізіп, Президентпен бірге заң мəселесін талқылап отырған сəттері көрінетін фотосуреттер.
В.Ким (кадрда): Ол мол білімді, аса зор ғалым. Оның білімі ғажайып, таусылмайтын кен сияқты. Нағыз творчествоның адамы. Оның ең- бектерін терең зерттеу керек. Творчестволық мұрасы ұшан-теңіз. Ол теориялық ғылымның, яғни мемлекет пен құқық теориясының үздік өкілі болса, Конституциялық құқық саласының да сондай маманы. Бəрін де терең игерген.
Ел президенті ғұламаларымен кездесу өткізуде. Олардың арасын- да əр саланың ең даңқты ғалымдары бар. Бел ортада М.Баймаханов та отыр. Ғалым сан түрлі ортада заң ғылымының өзекті мəселеле- рін талқылауда. Əділет министрлігіндегі жиын. Барлық заңгерлер бас қосқан. Мұрат сөз сөйлеп тұр. Опера жəне балет театрындағы Қазақстан заңгерлерінің мерекелік бас қосуы. Оған атақты əншілер, өнер шеберлері де шақырылыпты. Заң ғылымының барша өкілдері осы ортада. Академик М.Баймаханов əріптестеріне жаңа жылдық тілек айтуда. Бəрінің де жүзі жарқын, көңілді.
Жүргізуші (кадрдан тыс): Академик Мұрат Тəжімұратұлы – бүгінгі зиялы қауымның ортасында өз орны бар, Қазақстан заңгерлерінің көш- басшыларының бірі. Тəуелсіздік таңы атып, бостандыққа қолы жеткен қазақ елінің құқықтық мемлекет орнату жолындағы барша талпынысына ол белсене араласып келеді. Қандай мəртебелі жиын болса да, ғұламаның орнықты пікірі ешкімді бейжай қалдырмайды. Оның əрбір сөздері, том- том ғылыми мұрасы ел игілігі, халық мақтанышы. Сондықтан да зор талант, үлкен ғұлама, адамшылық пен кішіпейілділіктің үлгісі, мейірбан жүректі ұстаз Мұрат Тəжімұратұлының шын тұлғасы биіктей бермек.
Есіл өзенінің жағасы. Жалғыз өзі ой үстінде. Сазды музыка. Ол өткен өмірін еске түсіріп отырғандай. Камера оның жүзінен шегініп, жап-жасыл далаға, одан тұңғиық көкке тіреледі. Осы фонда титрлар шығады.
2006 жыл