Туындылар ✍️
ДАЛА ДАНАЛАРЫ
(Деректі фильмнің сценарийі)
Шетсіз-шексіз қазақ даласында жүйткіп келе жатқан поезд. Оның бірқалыпты сартылдаған дыбысы даланы мүлгіген тыныштықтан айырғандай. Жол жиегінде ежелгі тас обалар, қорымдар, көне қала қал- дықтары, тарихи жəдігерлер қалып барады. Дөңгеленген дүние – бейне ағылған уақыт керуені тəрізді. Осы көріністердің арасында фильмге қатынасатын адамдар бір сəтте ғана көрініп, екі-үш ауыз сөз айтады.
С.Зиманов (академик): Ең алдымен кең дала. Осы даланы ежелгі халық мекен еткен. Билер сонда өмір сүрген.
С.Сартаев (академик): Əдетте құқық туралы əңгіме болған кезде біз ең алдымен баласының, əсіресе біздің қоғамымыздың сана-сезімі қалыптаса бастаған кезеңнен бастауымыз керек.
Ғ.Сапарғалиев (академик): Тек қана ауыздан-ауызға көшкен, ұрпақ- тан-ұрпаққа ауысқан заңдар ғана емес, жазылған заңдар да болған екен. А.Гаркавец (профессор): Бұл күндері біз судья, сот мекемесі, при- сяжный сот деп жүрген сөздердің əлденеше баламасы ежелден бар
болса да, орысшасын пайдаланамыз.
С.Оразалы (жазушы): Өмірлік тəжірибенің молдығы, философия- лық ойларының тереңдігі, сонымен қоса, халықтың əдет-салтын, дəстү- рін, тарихын, тілін, дінін жетік білгенінің нəтижесінде ғана билер өте əділ, ақиқат шешімдер жасаған.
З. Кенжалиев (профессор): Біздің қазақ қоғамында ұһқұл деген сөз болған. Ал құл дегеніміз көшпелі қоғамда ең кең тараған жəне шаһары дамыған мемлекеттік биліктің саны жəне формасы...
Əлдебір салтанатты сəтті күткендей рухқа толы əуен ойнала- ды. Көгілдір көкте желбіреген мемлекеттік ту. Президент сарайы. Қарауыл қаққан қазықтай сіресіп қалған. Сарайдың ішінде жүздері жарқын, көңілді күлкі, шаттық кернеген үкімет мүшелері, зиялы қауым т.т. адамдар əлденені күтіп тұр. Көп кешікпей қолында кө- лемді қобдиша тəрізді кітабы бар, Конституциялық кеңестің төр- ағасы Юрий Ким Президентке қарай бет алады. Бұл – жаңадан қабылданған ата заңды тапсыру рəсімі. Салтанатты музыка ой- найды. Осы əуеннің фонында Астана көшелері, ағылған халық, үш бидің ескерткіші көрінеді. Көкте желбіреген ту.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Тəуелсіз қазақ елі тұңғыш рет бүкіл халқымыздың жаппай талқылауы мен қолдауынан кейін өзінің Ата заңы – Конституциясын қабылдады. Бұл біздің сан ғасырларға со- зылған ұзақ тарихмыздағы ең бір салтанатты сəт еді. Бұл біздің азат ел, тəуелсіз мемлекет болғанымызды заң жүзінде дəлелдеген, əлемдік қауымдастыққа өркениеттің өрісті жолымен кіргенімізді ресми паш еткен құжат болатын.
Президент мұражайы. Ұшына қасқырдың басы тігілген ежелгі қыпшақтар туы. Соның қасындағы əсем тұғырға Ата заңымыз мəң-
гілікке орын тепкен. С.Оразалы Президент сарайындағы басқышпен жоғары өрлеп келеді. Басқышты қарсысында халқымыздың тарихын, ел бастаған көсемдерін бейнелеген алып полотно тұр. Жүргізуші сол суреттердің фонында сөзін жалғайды.
Кадрда С.Оразалы: Иə, осы бір қуанышты сəтке жеткенше де біздің халқымыз Еуразияның сайын даласында заңсыз, ретсіз жөңкіліп жүрген жабайы қауым емес еді. Ол өзінің сан ғасырлық тарихында көшпенділер өркениетін берік сақтаған еркіндік пен азат ойды ту еткен халық болатын. Ол сол ұзақ дəуірде адамгершілікке ғана бас иіп,
«Шыннан өзге құдай жоқ» деп ұққан, билерін «құдайдың сүйікті құлы, елімнің құты» деп таныған ел болатын. Ұлы Шоқан Уəлиханов қазақ құқығының, оның ішінде билер сотының, мыңдаған жылдардан бері қандай қысым көрсе де, ешбір өзгеріссіз біздің дəуірімізге жеткенін айтады. Ендеше, біздің құқықтық мəдениетіміздің түп тамырын сонау арийлер заманынан бастап, үш мың жылдық тарихымыздың өн бойы- нан іздеуіміз керек.
Осы ұлы дала барша тарихтың куəгері. Бетін мүк басқан қорымдар мен жақпар тастар. Əр дəуірдің белгілеріндей түрлі аң-құстардың, аң қуған адамдардың бейнесі тасқа бедерленген. Қобыз үні алыстан та- лып естіліп, біртіндеп күшейе бастайды. Экранда шыр айналған дала- ның фонында арийлер, сақтар, ғұндар, түркілер заманынан жеткен ескерткіштер жылжып өте бастайды. Ең көне кітап «Авестаның» авторы Заратуштраның қыштан құйылған бейнесі. Бабаларымыз көне заманда пайдаланған екі дөңгелекті жорық арбасы. Көшпелі тіршіліктің белгілері сақталған заттар, ен далада жортқан атты сарбаздар мен жөңкілген жылқы табыны кезек алмасып замандар- дың біртұтастығын аңғартады. Анахарсис тапқан кеменің зəкірі мен шығырлы дөңгелектің суретші салған нұсқасы дала бетінде жылжып өтеді. «Ежелгі Қазақстан» энциклопедиясынан алынған Тарғытай мен Ишпақайдың, Тұмар ханым мен Мөденің, Еділ батыр мен Бумын қаған, Тоныкөк пен Білге қаған суреттері, сол дəуірдегі тұрмыс-тіршілік бейнелері заман тынысын танытады. Қобыз үні тынбай естіліп тұрады.
С. Оразалы: (кадрдан тыс): Тастағы таңбалар қазақ даласының барша өңірінен кездеседі. Бұл біздің дəуірімізден бірнеше мың жыл бұрын ғұмыр кешкен, есте жоқ ескі замандардан қалған ескерткіш- тер. Алғашқы билер де сол заманда өмір сүрген. Оларды халық абыз- дар деп атаған. Адамзат тарихындағы ең көне кітап «Авестаны» жаз- ған Заратуштра – халық арасынан шыққан би-абыздың бірі. Көшкен бұлттай жөңкілген тарих толқынында осы даланы мекен еткен сақтар мен ғұндар, түркілер дəстүрі, құқықтық мəдениеті, адамдық қарым- қатынас, жақсылық пен жамандық ұғымдары көп өзгере қоймаған. Өйткені көшпелі тіршілік, ұшы-қиыры жоқ алып даладағы өмір салты ғасырлар бойы берік сақталған. Ол сақ данышпаны, əлемдегі жеті ғұ- ламаны бірі, кеменің зəкірі мен шығырлы дөңгелекті ойлап тапқан
Анарыс (Анахарсис) айтқандай: «Сақтардың ішінде өмір сүрсең ғана еркіндікте жүрер едің» деген ұстанымына негізделген. Еркіндік, сол еркіндік философиясынан туындайтын құқықтық ұғымдар сақтар мен ғұндарда, түркілерде, олардың көсемдері Тарғытай мен Ишпақайда, Тұмар ханым мен Мөде, Еділ батыр мен Бумын қаған, Тоныкөк пен Білге қаған билеген замандарда да берік сақталыпты. Қазақ құқығы мəдениетінің түп-төркінін сол замандағы мемлекет басқару жүйесінен, дана билер мен көсемдерінің іс-үлгісінен, ұлан даладағы əдет-ғұрып заңдарынан, халықтық дəстүрлерден, көшпелі халық өркениетінен іздеуіміз керек.
С.Зиманов (академик): Мына арабтың бəдəуилері немесе басқа көш- пенді халықтар, олар көп болса 50 жыл, 100 жыл немесе бір ғасыр, екі ғасыр ғана далада көшіп жүрген. Қазақ ұлы далада, құмның арасында ғұмыр бойы өмір сүрген. Біздің жеріміз деген сұмдық кең. Керемет! Малға да, жанға да лəззат береді. (Сарыарқаның шетсіз-шексіз кең даласы. Шөбі шүйгін алқап. Ежелгі тас қорымдар, обалар, бейіттер... жайылған мал.) Мал шаруашылығы дамыған. Сондықтан қазақтың өркениеті мен деңгейі өте жоғары болды. Ең алдымен – ен дала, оның шалқыған байлығы. Елді билер басқарды. Онда бостандық, адам- гершілік, əділеттілік, халықтың қамын жеу үстемдік құрды. Оның себебі – билер елдің бірлігін сақтайтын тірек деген ұғым болған.
Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің ішінде жас суретші Майқы бидің суретін салып отыр. Оның толғаныс үстіндегі сəті. Салған суретіне əр қырынан үңіле қарайды.
С.Оразалы (кадрдан тыс): Билер бейнесі сақталмаған. Бірақ халық аңыздарында олардың тұлғасы, бет пішіні суреттеледі. Мына жас су- ретші өз қиялымен Майқы бидің бейнесін қалпына келтіргісі келеді. Билер елінің таңы, маңдайдағы бағы бола білді. Сондықтан оларды барша ұрпақ айрықша қастерлейді.
С.Оразалы Президент сарайындағы (Алматыда) тарихи үлкен па- лотноның алдында тұр. Оның сөзінің мазмұнына сай камера сурет- тегі билердің бейнесін көрсетіп өтеді.
С.Оразалы (кадрда): Кəрі тарихта қазақ даласының ұлы биі – Майқының аты алдымен аталады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген сөз арқылы оның даңқы ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға таралып, біздің заманымызға дейін жеткен. Қазақ шежіресінде екі Майқының аты белгілі. Бірінші – біздің дəуірімізге дейін, ғұн заманында өмір сүрген Майқы Мəнұлы болса, екіншісі – одан мың жыл кейін ғұмыр кешкен, Шыңғыс ханның «Орда биі» Майқы Төбейұлы. Екеуі де ұлан-ғайыр қазақ даласын билеген, əділдігі, даналығы арқылы билер төрелігінің негізін салушылар. Академик Зиманов кейде бұлар- ды Мəңгі би деп деп те атайды.
С.Зиманов (академик): Мəңгі биді айтайық. Бұрынғы билердің бəрі ең алдымен Мəңгі бидің өсиетін білесің бе, оның заңдарын, ол үлгі етіп қалдырған биліктерін білесің бе деп бір-бірінен сұрайтын
болған. Мысалы, Абайдың қара сөздерінің ішінде Мəңгі би де ай- тылады. Абай – Мəңгі бидің жарғысын, Есім ханның ескі жолын, Қасым ханның қасқа жолын, Əз Тəукенің «Жеті жарғысын» білмеген би – би емес деген.
С.Сартаев (академик): Қоғамды саналы жолға салу керек болды. Жөнге салу үшін белгілі бір əдеттерді сол қоғамның тəртібі ретінде бекіту қажет еді. Ол кезде оны бекітіп жатқан ешкім жоқ, оның бəрі өзінен-өзі қоғамның өркендеуіне байланысты қалыптасқан əдет-ғұрып болды. Осылардың бəрін жинастырып, сол кездегі қоғамның өмір сүруіне, оның алға қарай басуына, қоғамдағы қатынастарды реттеуге осы əдет-ғұрыптың қалыптасуы үлкен маңызы бар жағдай болды.
Қожа Ахмет Йасауидың өмірінен салынған көркем суреттен əр түрлі фрагменттер. Оның маңайына шəкірттері мен хан нөкерлері жиналған. Ханның сарбаздары да алқа-қотан қоршап тұр. Кітап ұс- таған ұстаз бəрінің ортасында отырғандықтан, бұл ортада білім- нің үстемдігі сезіледі. Сарыарқаның төсіндегі ескі тас мазарлар. Олар өркеш-өркеш болып жазық дала төсінде мұнарыта көрінеді. Мазарлардың іші қызыл қыш кірпіштен өрілген. Оның бұрма-бұрма қойнауы бейне тарихтың бұралаң жолы тəрізді.
Ен дала. Сулы, нулы, тоғайлы қояттың бауырында ақ шағаладай шаңқан киіз үйлер көрінеді. Оның бер жағындағы қыратта даланың шақпақ тастарынан қаланған ежелгі ескерткіш. Ол уақыт дауылына да мызғымайтын мəңгіліктің символы тəрізді. Осы ескерткіш тұрған биік тұғырдан көсілген дала мен құз-қиясы қарауытқан биік шыңдар көрінеді.
С.Оразалы (кадрдан тыс): «Шындық пен əділдікке жету қазақ құ- қығының, оған негізделген билердің соттық шешімінің түпкі негізі, түпкі мақсаты саналған», – дейді академик Зиманов.
Қазақ елінде бірнеше ғасыр бойына əділдіктің, адамшылықтың туы болып тігілген, көптеген ұрпақтар бас иіп, бағынған Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Əз Тəукенің «Жеті жарғысы» – даланың дана билері қалдырған теңдесі жоқ рухани қазынамыз. Ұр- пақтарына адал өмір сүрудің, қандай шиеленіскен қиын даулардың түйінін əділ шешудің жолдарын үйреткен ұлы нұсқа. Бұл – сайын даланы мекендеген халықтың еркін ойынан, азат тіршілігінен туған, адамзаттың ақыл дариясына қосылған құқықтық мұра. Ғасырлар бойына сыннан өткен жəдігеріміз.
Қазақ даласында негізінен екі билік болды. Оның бірі – хан билігі, яки əкім билігі болса, екіншісі əрі құдіреттісі – билердің шешімі еді. Би қаһарланса, халық атынан сөйлеп, ханның тағын шайқалтатын.
С.Зиманов (академик): Қазақтың көшпелі жерінде өзінің идеоло- гиясы бұзылмаған. Содан соң бұл қазақтың билігі қалыптағы мəселе емес, қазақтың тəртібі мен заңдарының үш бұлағы болды. Бірінші, əдет-ғұрып, екінші – хандардың заңдары, үшінші – бұл «судебный прецедент», яғни сот үлгісі болатын. Сондықтан қазақтың байырғы
заңдары қаншама ескі болғанымен, өте «гибкий», икемді болды. Бұлар қатып қалған бірдеңе емес, халықтың бойына сіңген қасиеттер. Бұл заңдар ғасыр бойы, тіпті жыл сайын өзгеріп отырған.
С.Сартаев (академик): Билердің шешімін хандар да өзгертпейтін болды. Өйткені би деген – ол халықтың қалаулы ұлдары. Төле биді алайық, Əйтеке биді алайық, Қазыбек биді алайық. Əр жүзден шық- қан белгілі билер. Олардың шешімімен санаспайтын адам болған жоқ. Төле би айтса, Төбе би айтты деп, Қазыбек айтса – о да Төбе бидің айт- қаны деп, Əйтеке би айтса – Төбе бидің айтқаны деп қабылдады. Төбе би деген – ол бүкіл халық мойындаған бидің ең үлкені деген сөз.
З. Кенжалиев (профессор): Сот билігі хан билігінен де жоғары тұрды. Бұған бір-екі мысал келтірейін. 1748 жылы Барақ сұлтан кіші жүздің атақты ханы Əбілқайырды өлтірді. Сонда бүкіл қазақ халқы бұл кісінің іс-əрекетінен шошып, оны жаппай сөгеді. Ел арасына іріткі түсіп, ел арасы бұзылады. Барақ не істерін білмейді. Қашып кетейін десе – халық жібермейді, ал тақта отыра берейін десе – Əбілқайырдың тұқымдары, балалары одан кек аламыз деп іздестірген. Сонда Барақ ең ұтымды шешімді тауып кетеді. Ол: «Мен би сотына барамын, – дей- ді. – Билер соты менің ісімді қарап, олар қалай шешсе – мен соған көнемін, – дейді. – Тіпті билер соты кінəлі деп тауып, өлім жазасына кессе, оған да қарсы келмеймін», – дейді. Міне, осы хабарды естіген халық Барақты жақтап шыға келеді. Бұдан қандай шешім шығаруға болады? Бұдан билер сотының халықпен байланысын көруге болады, яғни Барақтың билер сотын мойындауы – халық сотын мойындауы деген сөз.
Алтайдың ақ бас шыңдары мен оның бауырында буырқана аққан өзендері. Осы шыңдардың етегіндегі көк жасыл белестерде табын- табын жылқылар еркін жосылады. Маңғыстаудың атақты Шер қала биігінің қатпар-қатпар қойнауы бейне адамның миы тəрізді. Оны айналдыра, дөңгеленте көрсеткенде заманалардың жер бетіне салған əжімдері сияқты əсер қалдырады. Тағы да Сарыарқаның шақпақ тас- тарынан қаланған ежелгі қорым. Қаулар өскен ақбас селеулі теңіздің бетіндей толқыған даланың қыратында қасқайып тұр.
С. Оразалы (кадрдан тыс): Еуразияның қос құрлығында қазақ хал- қы қыпшақ деген атпен əлемге танылып, бүкіл түркі əулетінің қара шаңырағына айналғанын барша тарихшылар мойындайды. Сонау ғұн, көк түріктер заманынан бастап Алтайдан Дунайға дейінгі кең байтақ алқапта билік жүргізген бабаларымыз осы өңірге өз мəдениетін де ала келді. Он алтыншы ғасырдағы армян-қыпшақ тілдерінде басылып, əлем- нің əр елдерінде сақталып қалған «Төре бітігі» атты заңдар жиынтығы – сол дəуірдің ең құнды сипатын иеленген, көшпелі өркениет шеңберінде туған асыл мұра. «Төре бітігін» кітап етіп бастырған Александр Гаркавец пен оның заңдық қасиетін терең зерттеп, қазақ тіліне аударған Ғайрат Сапарғалиевтің еңбегі ерекше. Бұл құжат – біздің заңдарымыздың жатқа айтылып қоймай, хатқа басылғанының куəсі.
«Төре бітігі» кітабының сыртқы мұқабасы. Кітапты парақтап отырған А. Гаркавец көрінеді.
А. Гаркавец (профессор): Менің қолымдағы кітап «Төре бітігі» деп аталады. Ол Қазақстанның Əділет министрлігінің қолдауымен жарық көрді. Бұл кітапты шығаруға меніменен қоса академик Ғайрат Сапар- ғалиев пен Львов университетінің профессоры Миран Капралл көп еңбек сіңірді. Миран Капралл латын, армян, поляк, украин, қыпшақ нұсқаларын зерттесе, Сапарғалиев оны қазақшаға аударды.
Ғ. Сапарғалиев (академик): «Төре бітігі» XVI ғасырдан бастап жазыла бастаған, барынша жетілдірілген заңдар жинағы. «Төре бітігін» жаз- ған қыпшақтар. Қыпшақтарда заң тілінің қандай бай екені байқалады. Латынша бұл классикалық заң тілі.
А. Гаркавец (профессор): Кітаптың бетін ашып, «төре» деген сөз- ге тоқталсақ, өте қызықты жағдайға тап боламыз. Өйткені «төре» сөзінің барлық мəні қазақ тілінде бар. Мысалы, «төре – заң», «төре – құқықтық норма», «төре – талап (требования)», «жағдай – юридическое обстоятельство». Сондай-ақ төре сөзі – құқықтық жүйе, сот деген ұғымды да береді.
Ғ. Сапарғалиев (академик): «Төре бітігінің» үшінші бөлімі бұл қыпшақша – қазақша заңи терминдер. Оны мен қыпшақшадан теріп алып, қазақшаға аудардым. Бұл 200-ден артық сөздер. Осы сөздіктің маңызы неде дейміз? Тарихи жағдайларды зерттегенде бұл өтіп кеткен заман. Соның өзінде тарихи білім ретінде қажет болар деген ой туады. Сөздіктің өзі біздің аталарымыздан қалған көп заңы терминдерді ұмытқанымызды байқатады.
Оның орнына орыс тілінен, басқа тілдерден енген сөздерді қолда- нып жүрміз. Біздің өзіміздің ата-бабаларымызда сондай түсініктер бұрыннан қалыптасқан екен. Оны біз ұмытқанбыз. Айталық, «төре» деген түсінік. «Төрені» негізі біз бір мағынада қолданамыз. «Төре» деген – бастық, оны Шыңғыс ханға байланыстырамыз да, оның тұ- қымдарын «төрелер» дейміз. Ал шындығында Шыңғыс ханнан мың жыл бұрын пайда болған ұғым. Жəне «төренің» бірнеше түсінігі бар. А.Гаркавец (профессор): «Жарғы» сөзінің тоғыз мағынасы бар жəне оның əрқайсысы біз үшін өте маңызды. Осы кітап жарық көрген соң құқықтық тарихымызға көз салсақ, ерекше жағдайға таң қалып, мы- нандай қорытындыға келдік. Таризымыз, дəлірек айтқанда, түркілер- дің, оның ішінде қазақ халқының құқықтық тəжірибесі сонау Алтай
дəуірінен бері ешқашан үзілмеген екен.
Сыбызғы тартып келе жатқан жігіт. Оның əуенінде ескі заман- дардың сарыны естіледі. Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің маңдай беті. Ағылған ел. Кейбіреулері құран оқып, мінəжат етіп жатыр. Кесененің іші, оның залдары, қазандық көрінеді. Осында жерленген адамдардың тізімі. Есім ханның, Қасым ханның, Əз Тəукенің суреттері жылжып өтеді. Қобыз үні. Жоғарыдан алынғандағы кесененің жалпы
көрінісі. Сап-сары, үлпілдеген топырақ. Сартап болған дала көрінісіне ауысады.
С. Оразалы (кадрдан тыс): Бүкіл Орта Азияны Ақсақ Темірдің қанды жорықтары қалжырата бастаған заманда қазақ еліне ислам дінін таратушылар бұрынғы əдет-ғұрып заңдарын шариғат заңымен алмастыруға үгіттеді. Бірақ қарапайым халық бұған селқос қарады. Міне, осы дəуірде елінің тыныштығын, халқының бірлігін ойлаған Қасым хан барша билердің басын Ұлытауда қосып, өзінің «Жарғысын» жариялады. Бұл «Жарғы» сол дəуірдің шындығына лайық, əрі қатал, əрі əділ əдет-ғұрып заңдарының жиынтығы болатын. Кейіннен Еңсегей бойлы Ер Есім өзінің бабасы салып кеткен «қасқа жолды» одан əрі дамытып, академик Марғұлан айтқандай, жол-жоба, кəде- қаумет заңдарын шығарған. Ол мемлекет негізін нығайтып, іштей жіктелуге жол бермеу үшін құн дауын, жер дауын, жесір дауын əділ шешіп, «Жасақ» пен «Жазаны» күшейтеді. Бұл заңдар – «Есім салған ескі жол» деген атпен тарихқа енді.
Президент сарайындағы тарихи полотноның кейбір фрагментте- рі көрсетіледі. Онда қазақтың ұлы билері мен хандарының тұлғалары ірі қалыпта алынады. Жүргізуші сөзінің арасында панорама арқылы берілген бұл көрініс олардың тарихи жалғастығын сездіреді.
С. Оразалы (кадрда): Қазақ даласы – ұлы дала. Осы даланы мекен еткен халықтың өмір сүру салтын реттеп отырған заңдарының өмір- шеңдігі ерекше таң қалдырады. Бұл заңдар ғасырлар бойы бұлжымай орындалып, аласапыран дəуірлерде ел бірлігін сақтап қалған. Бұның құдіреті неде? Бір шеті мен бір шеті мыңдаған шақырым жерді алып жатқан ұлан-байтақ далада өмір сүрген адамдардың тілі мен діні, əдет-салтының бірлігі оның елдік рухының биіктігінде, ел басқарушы хандары мен билерінің кемеңгерлігінде жатқан сиқты.
С.Сартаев (академик): Қазақтың ескі қоғамын алатын болсақ, бір кезде «Есім ханның ескі жолы» деп, «Қасым ханның қасқа жолы» деп айттық. Бұл екеуінің де істегені сол қоғамдағы əдет-ғұрыпты жиыстырып, бір тəртіпке біріктіріп келтіруінде болды. Одан кейін келе, біз айтайық, «Жеті жарғы» деп жаттық. «Жеті жарғыны» жасаудағы қазақ хандарының ролі өте күшті болды. Тəуке ханнан бастап, одан кейінгі хандардың бəрі осы «Жеті жарғыны» өрістетіп, ұлғайтуға, оны бір жүйеге келтіруге көп күш салды.
Ірі планда қасқардың басы. Мұражайдағы ежелгі қазақ жауынгері- нің жорық киіміндегі бейнесі. Тас обалардағы сынық жазу. Тəуке хан- ның суретші салған портреті. Камера оның көзіне тіреледі. Айбарлы да ойлы жанар. Арқа төсіндегі маңайын қалың тоғай көмкерген айдыны кең өзен мен көк шалғыны желмен тербелген дала суреті. Алыстан мұнартқан Маңғыстаудағы шер қаланың көкпен астасқан бейнесі. Осы фонда қазақтың ұлы билері Төле, Қазыбек, Əйтекелердің суреттері көрінеді. Маңғыстаудың сортаң даласы біртіндеп айдын көлге орын береді. Алыстан қарлы шыңдар көрініп, Жетісудың əсем
өлкесіне ауысады. Көгілдір аспанда баяу қалқыған қыран бейнесі көңілді көкке шалқытады.
С. Оразалы (кадрдан тыс): Тəуке ханның заманы билер заңының барынша қанат жайып, өркендеген тұсы. Ол құрған «халық кеңесі» мен «билер кеңесі», «жеті жарғы» аталған заңдар жиынтығы ел басқаруда ерекше мəнге ие болды. Бұл – бұрынғы бабаларының қатал заңдарын жаңа заманға лайықтаған дала демократиясының жарқын көрінісі болатын. Əсіресе оның дана кеңесшілері – Төле, Қазыбек, Əйтеке сынды билер – «ел қамын жеген ерен еңбегімен, топ бастаған көсемдігі, от ауызды, орақ тілді шешендігімен ел жадында қалған».
«Олардың аузынан шыққан бітімді бата, кесімді баға, ордалы ой, бейнелі теңеу, төрт аяғы тең жорға толғаулар ғасырдан ғасырға жұрт жадында жатталып, бүгінгі күнге жетті, – дейді тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев. – Халық болып сақталғанымыз, міне, бүгін егемен ел атанып, тəуелсіздік туын тігіп отырғанымыз... ата-баба жерінде басымыз аман, бауырымыз бүтін жүріп жатқанымыз үшін бүгінгі ұрпақ осы аталарымыздың аруағының алдында бас иеді».
Кадрда С. Оразалы: Шешендік – қазақ билерінің ең бір ұлы қасиеті. Бұл тұрғыда олар көне дəуірдің Цицерон, Демосфендерінен артып түспесе, кем соқпайды. Олардың əрбір толғауы халық жүрегіне жетіп, санасында жатталып қалатыны шешен айтылуында болса керек. Міне, соның бірі – Əйтеке бидің сөзін оқып көрелік (Əйтеке бидің портреті көрінеді.):
«Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме? Ерінің сағын сындырса, ел мұратқа жетер ме! Ел тірегі – ері, ер тірегі елі болған қауымның басынан бағы кетер ме?! Есті еріңді ез тұтсаң – өзіңді-өзің қорларсың, есеріңді ер тұтсаң – іргеңізден жау кетпей, сойқаннан сойқан жолығып, сорларсың да зарларсың...» дейді. Бұл бүгінгі біздің заманда да, есері мен ерін, жақсы мен жаманын шатастыра бастаған қауымда да мəнін жоймаған сөз. Тек ұғар құлақ болса ғой.
С.Зиманов (академик): Қазақ халқында екі құдірет болды. Біреуі – сөз патшалығы, екіншісі – заңдылық. Заңдылық, реттілік – бұл атадан келе жатқан əдет, бұл бұрынғылар айтқан үлгі сөз. Үлгі дегеніміз – заң тілінде прецедент деген ұғым. Мына Абайдың талай үлгі шешімдері, биліктері бар. Абай бұл істі былай шешкен деп үлгі қылады.
Алматыдағы Абай ескерткіші кешкі шапақпен аспанға бой соз- ғандай, асқақ көрінеді. Домбырада Абай əнінің мелодиясы. Абайдың 150 жылдығына арналған Жидебайдағы салтанат. Абайдың басына қойыл- ған биік күмбез. Алып кітапты төрт адам көтеріп келеді. Оның бірінші бетіне ел Президенті Абай туралы сөзін жазады. Қуанышты халық. Жидебайға қарай ағылған шеру. Абайдың портреттері. Абайдың билік құрған сəтін бейнелеген қазақ суретшілерінің картинасы, Абай...
С. Оразалы (кадрдан тыс): XIX ғасырдың екінші жартысында билер тарихындағы соңғы «Ережені» жазған адам – Абай. Ол патшалық Ресей бүкіл Орта Азия елдерін жаулап алып, өз заңын, өз дəстүрін оларға күшпен таңа бастағанда, ел тілегіне сай билік жасап, сан түрлі
қиын дауларды шешуде тапқырлық пен əділдігі арқылы құрметке бөленген. Абай да өзінен бұрынғы билердің дəстүрін жетік білген. Басқасын айтпағанда, бүкіл қазақтың төбе биі болған Əнет бабаңнан бастап, өз əкесі Құнанбайға дейін билік дəстүрлерін, шешендік үлгісін игеріп, өзінің табиғи мол дарыны арқылы елінің игілігіне жұмсауға тырысады.
Соның дəлелі 74 баптап тұратын атақты «Шар ережесін» айнала- сы үш күннің ішінде жазып шығады. Бұндай заң сол дəуірде ресейге бағынған басқа түркітектес елдердің бірде-бірінде болған емес.
С.Зиманов (академик): Абайды тірі кезінде халық ең алдымен төбе би деп таныған. Оны қазақтың ақыны, бүтін бір жүздің ақыны деп таныған жоқ, өйткені оның өлеңдері өзі өлген соң жарыққа шықты. (Абайдың тірі кезіндегі суреттері.) Абайды халық төбе би деп, бұрынғы ұлы билердің ұрпағы деп санады. Сондықтан оны патша үкіметі үлкен істерді қарауға дарынды би ретінде пайдаланды. Өте күрделі істерді шешу үшін патша чиновниктері, болыстар түгел бас қосып, көп киіз үй тігіп, үлкен жиын жасап, сонда даулы істерді қарайтын. Оны патша үкіметінің уезд бастықтарымен келісетін. Соған Абайды екі рет төбе би етіп сайлаған. Мысалы, Қаныш Имантайұлы, 1972 жылы Едіге батыр туралы жазғанында қазақтардың билері туралы айтады. Едіге өзі де би болған адам. (Қ.Сəтбаевтың Алматыдағы ескерткіші көрінеді.) Сонда Едіге: «Ханда қырық адамның ақылы бар, ал биде қырық адамның ары мен білімі бар», – дейді.
С.Сартаев (академик): Біздің тарихымызда, ізденушілеріміз, тарих- шыларымыз бен заңгерлеріміздің айтуы бойынша, үш жүзден астам билердің өмірбаянын тауып отырмыз. Əлі де болса олардың өмірі, істеген істері халыққа кең тарайтын болса, оның тəрбиелік мəні зор болмақ. Өйткені билердің əрбір айтқан сөзі, істеген ісі, өмірден жиған тəжірибесі – үлкен байлық. Осы бай мұраны халыққа таратуға тиіспіз.
З.Кенжалиев: Кеңес үкіметі кезінде де билер болды. (Шəкəрімнің суреті көрінеді.) Мысалы, Шəкəрім.
С.Оразалы кадрда: Шəкəрім – қазақ тарихындағы ең соңғы би. Ақ- тар мен қызылдар елімізді қанға бөктіріп, Семейді кезек алып, кезек шауып жатқан аласапыран уақытта Алашорда үкіметі ел ортасында зор беделі бар, ескі билер дəстүрін жетік білетін Шəкəрімді сот сай- лап, жазықсыз жапа шеккен көптеген адамдарды қазақы жолмен аман алып қалуға тырысады. Бірақ орыс империясының, олар ақтар ма, яки қызылдар ма, бəрібір, қазақтың би сотын көзге ілмей, табанға салып таптағаны мəлім. Шəкəрім өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты поэмасында ол туралы былай дейді:
Семейге сөйтіп барғанбыз, Жүректі қанға малғанбыз. Ұялмай сот боп отырдық,
Құр атаққа нанғанбыз.
Бұрынғы орыс тергеген Біздің сотқа бермеген, Қазақы жұмыс көп екен, Қызылдан сұрап алғанбыз.
Ақ соты сұрап сол істі, Тез қайтар деп жұмысты.
Тарылтқан екен тынысты Тырысып бермей қалғанбыз...
Ақыры Шəкəрім басына қысым күшейе бастаған соң, ол Шыңғыс- тауға кетіп, көп уақыт өтпей қызылдардың қолынан қаза табады. Осылайша ғасырларға созылған билер сотының əділет пен ақиқатқа құрылған өрісі қиылып, көшпелі өркениеттің жемісі – қазақ заңдары өмір сүруын тоқтатады.
Абылай ханның ат үстінде тұрған айбынды ескерткіші. Ол ерек- ше өктем, тəуелсіз елінің төрінде Алатау шыңдарына көз тігеді. Астананың орталық алаңы. Ығы-жығы халық. Үш бидің ескерткіші. Оның маңайы толған балалар, жастар. Күн нұры шағылысып билердің жүзін нұрландырып жібергендей.
Президент өз сарайынан шығап, «Конгресс-холға» қарай келе жатыр. Бүкіл халық оны екі қапталынан қоршап, ерекше қошемет көрсетуде. Бұл жаңадан сайланған Елбасының ант беру рəсімі. Конгресс-холдағы салтанат. Жүрек толқытарлық əуен ойналады.
Қайтадан үш бидің ескерткіші көрінеді. Парламент ғимараты. Тəуелсіз елдің халық сайлаған депутаттары заң шығару ісімен айналысуда. Көкте көк ту желбірейді...
С. Оразалы (кадрдан тыс): Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған жеке мемлекет, тəуелсіз ел болдық. Əлемнің өркениетті халықтарының қатарына қосылдық. Міне, бүкіл халық болып сайлаған тұңғыш Президентіміздің ант беру рəсімі. Ол да, алдыңғы бабалары тəрізді, елінің көсегесі көгеріп, дəулетті де, сəулетті өмір сүруін тілейді.
«Береке басы бірлік, – дейді Президентіміз. – Бірлігіміз берік болса, болашағымыз баянды болары даусыз».
Ел іргесін берік сақтайтын Ата заңымыз – Конституцияны тұғыр етіп, əділет пен ақиқатты ту етіп, жаңа дəуірге бет алған халқымызға бабалар рухы қуат берсін деп тілейік.
2004 жыл