Туындылар ✍️
РАЙХАН ГҮЛI
(А. Моруаның əңгiмесi негiзiнде жазылған телепьеса)
Қатысушылар:
- ЖЕННИ СЕРБЬЕ – белгiлi актриса, қартайған жəне жас шағы.
- ЛЕОН – 70 жаста, əңгiмешi.
- АНРЕ СТАЛЬ – банкир, 25–30 жаста.
- БЕРНАР – театрдың күзетшiсi.
- АКТРИСА – 25 жаста.
- ПОЛКОВНИК – 50 жаста.
- БЕРТРАН – əңгiме тыңдаушы.
Француз стилiндегi, бүгiнгi заманғы шағын бөлмеде үш адам отыр. Аса қызғылықты əңгiмеге берiлгенi олардың бейнесiнен айқын таны- лады.
Əңгiмешi – жасы 80 жастарға келген Женни Сербье. Оның қимы- лы, əңгiмесi қалған үш еркекке аса қызғылықты болса керек, дамылсыз күледi. Бұл адамдардың отырыс əңгiмелерiнен өте тəрбиелi ортадан шыққаны сезiлiп тұрады.
ЖЕННИ: Ал ендi уақыт кешкiрiп қалса керек, рұқсат етсеңiздер, мен кетейiн.
ЛЕОН: Женни, əлі де болса отыра тұрмадыңыз ба?
ЖЕННИ: Жоқ, жоқ! Сiздермен сұхбаттасқалы да, мiне, төрт сағат- тай болды, оның үстiне бүгiн сəрсенбi ғой…
Леон, сəрсенбi сайын досыма райхан гүлiн апаратын əдетiмдi сiз бiлесiз ғой…
ЛЕОН: өкiнiштi-ақ! Бiрақ сiздiң тұрақтылығыңыз баршаға аян… Бөгемей-ақ қояйын.
(Женни кетедi.)
БЕРТРАН: Қандай ғажайып адам! Леон, бұл кiсiнiң жасы нешеде?
ЛЕОН: Мөлшерi, сексенге таяп қалса керек. Менi бала жасымда шешем «Комеди Франсездегi» таңертеңгiлiкке апарғаны əлi есiмде, Женни сол кезде даңқты актриса едi. Ал менiң де жасым жетпiске келдi емес пе?
БЕРТРАН: Əрине, «Шын талант қартаюды бiлмейдi» деген осы. Ал жаңағы «райхан гүлiнiң» сыры не?
ЛЕОН: О, ол ұзақ əңгiме… Бiр кезде Женнидiң өз аузынан естiген едiм, бiрақ одан кейiн əңгiме айту – мен үшiн ұтымды бола қоймас. Көңiлiң қалып қояр.
БЕРТРАН: Əрине, оған жетем деу əурешiлiк екенi рас, бiрақ, үй иесi болғандықтан, менiң көңiлiмдi аулау мiндетiң емес пе?
ЛЕОН: Жарайды, олай болса, мен саған райхан гүлiнiң тарихын ай-
тып берейiн… Өкiнiшке орай, бiздiң бүгiнгi күнгi түсiнiгiмiзде ол əңгiме тым күлкiлi, күйреуiк көңiлдiң өзі болып шығуы да ғажап емес…
БЕРТРАН: Қорықпай-ақ қой, бүгiнгi заман нəзiктiк пен махаббатқа құштар. өрiс алған өркөкiректiктiң астарынан да шынайы сезiмге сусаған көңiлдi табуға болады.
ЛЕОН: Сiз солай ойласаңыз, шамам келгенше, сусаған көп көңiлдiң шөлiн басуға тырысайын…
Əрине, Женнидiң атақ-абыройы дəуiрлеп тұрған кезде оның қан- шалықты сұлу да сүйкiмдi болғанын сен бiле қоймайсың. Ол талайдың аузының суын құртқан мүсiндi, ашық-жарқын мiнезi мен отты сезiмi жан-күйiңдi өртеп кетер жан едi.
БЕРТРАН: О, Леон, сұлу сөздiң майын ағыздың ғой.
ЛЕОН: өкiнiшке қарай, мен Женнидiң сол кездегi сымбатты көркiн жеткiзе алмай отырмын… Женни консерваторияны бiрiншi дəре- желі дипломмен бiтiрген соң бiрден «Комеди Франсез» театрына ша- қырылады. Бұл атақты театрда жұмыс iстеудiң қиындығын мен өз тəжiрибемнен жақсы бiлем ғой. Əрбiр актердiң атақ-абыройы жер жаратын, қызғаншақ, өркөкiрек, айтқанын iстейтiн сахна серiлерiнiң арасынан жарып шығып, басты рольдi ойнағанға дейiн де ең талантты деген жастың өзi он жылдай күтуiне тура келетiн. Көп адам бұл орын- ортаға шыдамай кетiп қалатын. Бiрақ бiздiң Женни ондай жан емес. Ол бiрден күреске шығып, өзiнiң артистiк талантын, тамаша бiлiмiн, əйелдiк қылығын, сымбат-көркiн де жұртқа таныта бiлдi. Сүйтiп, аз-ақ уақыттың iшiнде ол театрдың жетекшi актрисасына айналды. Бұл тұста драматургтер өз туындыларында Женнидiң ойнауын бақыт санаса, сыншы атаулы бiр ауыздан оның ғажайып талантын мақтауға сөз таба алмай қиналатын. Соның бiрi, жан адамды менсiнбейтiн Сарьенiң өзi:
«Женнидiң бiр ғана жарқ етiп қарап, үн қатуынан крокодилдiң жүрегiне де махаббат нұры құйылады», – деп жазды. Оның еңбекқорлығы мен iздемпаздығын тек Бальзакпен ғана салыстыруға болатын едi.
Сұлулығы мен даңқы жер жарған жас актрисаның талантына та- бынушылар тым көп болатын. Олардың iшiнде артистер, драматургтер, банкирлер де қаптап жүретiн. Женни өзiне үйленбекшi болғандықтан, Анри Сталь дейтiн көрiктi де бай жiгiтке ықыласы ауып, көптiң iшiнен соны қалап алды. Бiрде жұрттың ұзақ қол шапалақтауынан, айрықша құрметiнен кейiн Женни өзiнiң бөлмесiнде күтiп отырған Анриге келдi. Ол өзiнiң жеңiсiне мас едi.
Драма артистерiнiң кезектi рольге дайындалатын бөлмесi. Қа- бырғада айна. Бөлме iшiнде түрлi жиhаздар көрiнедi. Сəндi диванда Женнидi тағатсыз күтiп Анри отыр. Есiктен жүгiрiп Женни кiредi. Құшағы толған гүл. Ол – сəндi киiнген сұлу қыз.
ЖЕННИ: Сүйiктi Анри! Менiң бүгiнгi қуанышымда шек жоқ. Ендi кеудемдi кере демалуыма да болады. Ақыры тiлегiме жеткендеймiн.
Ал осыдан үш күн бұрынғы ойынымды көрдiң ғой, тiптi айтуға ұят. Ту… Бейне, тұңғиыққа батып бара жатқандай, демiм бiтiп, үнiм өшiп қалғандай едi. Ендi, мiне, бiрден көкке самғап ұшқандаймын. Солай емес пе, Анри? Ал келесi жолы осы шыққан биiгiмнен төмен қарай қайта құлдырасам қайтем? Құдайым-ай?
Бөлмеге театр күзетшiсi Бернар кiрiп Женнидiң қолына гүл бередi.
ЖЕННИ: Бұны жiберген кiм екен? Ə, сенiң бəсекелесiң Сен-Лу болар… Анри, столдың үстiне апарып қоя салшы…
БЕРНАР: Iшiнде сiзге арналған хаты да бар.
Бернар шығып кетедi. Женни хатты ашып оқып, сақылдап күлiп жiбередi.
ЖЕННИ: Бұны жазған лицейдiң оқушысы екен. Олар «Женниге табынушылардың клубын» үйымдастырғанын жазыпты.
АНРИ: Барша «Жокей-клубтар» сiздiң талантыңызға табынушы клубқа айналып кеттi ғой…
ЖЕННИ: Маған лицейлiк оқушылар ерекше ұнайды… Мынаны қараңыз, ол өзiнiң хатын əлеңмен аяқтапты.
«Сүйемiн» деген арманды хатты, Сөкпеңiз, отқа жақпаңыз!
Жалынамын авторын оның Директорға айтпаңыз!
Шынында да əдемi емес пе? АНРИ: Сiз оған жауап бересiз бе?
ЖЕННИ: Жоқ! Күнiне осы сыяқты ондаған хаттар аламын, егер бəрiне жауап жазсам – құрығаным ғой. Бiрақ осындай хаттарға ерекше қуанамын… Он алты жасар бұл жiгiттер менi талайға дейiн жүрек түк- пiрiнде сақтап жүрмек. Сiздерге қарағанда сенiмдi ғой…
АНРИ: Кiм бiлсiн… Отызға келгенде нотариус конторында қызмет ететiн осылар емес пе?
ЖЕННИ: Сонда нотариус конторы қызметкерiнiң менi сүюге хақы- сы жоқ па?
(Бөлмеге Бернар кiредi. Ол Женниге бiр шоқ райхан гүлiн ұсы- нады.)
ЖЕННИ: Қараңызшы, Анри, қандай əдемi!? Iшiнде хаты жоқ па?
БЕРНАР: Жоқ, мадемуазель. Гүл шоғын əкелген политехникалық мектептiң оқушысы көрiнедi. (Шығады.)
АНРИ: Қымбаттым, сiздi құттықтауға рұқсат етiңiз. Бұл сияқты
«икс-игректердiң» жүрегiн толқыту оңай болмас.
ЖЕННИ (гүлдi бауырына басып, құмарлана иiскейдi): Иiсi қандай ғанибет! Менi аз болса да, шынайы көңiлмен берiлген осындай сый ерекше толқытады. Ал кейбiр өзiне өзi мастанған тоқпейiл жан, түн ортасында қиналып жатып жан тəсiлiм етсем, ана Пале-Рояль көше-
сiндегi зеңбiректердiң атылғанын қызықтағандай қарап тұрары сөзсiз. Сондайлардан жүрегiм айниды.
АНРИ: Көрермендер қашан да қатыгез ғой. Есiңде ме, гладиа- торлардың жекпе-жегi… Егер əдемi актриса бiр уыс ине жұтам десе, оның атағын аспанға шығарар едi.
ЖЕННИ (күлiп): Ал егер сол актриса тiгiн машинасын жұтуға тал- пынса, даңқы жер жармақ па?
(Осы кезде сырттан залдың шуылы, қол шапалақтау естiледi де, артынша «Женни, сахнаға» деген айқай естiледi. Женни орнынан тұрады.)
ЖЕННИ: Ал, жақсы, келесi кездескенше… Мен ине жұтуға барайын. (Жүгiрiп шығып кетедi.)
(Сахнаның бiр бұрышынан Леон көрiнедi. Ол ойлы, сабырлы қалпы əңгiмесiн жалғастырады.)
ЛЕОН: Женнидiң айтысынша қызыл гүл тарихы осылай басталып- ты. Келесi сəрсенбi күнi де оны гүл шоғы күтiп алады. Үшiншi апта- дағы сəрсенбiде ойын болмағандықтан, бейсенбiге келген Женни сəл ғана сола бастаған гүл шоғын тағы көредi.
Женнидiң бөлмесi. Бернар бөлменi жинастырып жүр. Женни келiп кiредi.
ЖЕННИ: Бернар, мына гүл шоғын əкелiп жүрген сол жiгiт пе? БЕРНАР: Иə, мадемуазель… Осымен үшiншi рет.
ЖЕННИ: Жалпы сол студенттiң бет-бейнесi қандай?
БЕРНАР: Өте тамаша, сындарлы жiгiт. Сұңғақ келген, ақсұр өңдi, қара мұрты бар, көз жанары нұрлы да мұңды жас. Мадемуазель, шамасы, сол жiгiт шын ғашық болса керек. Əр келген сайын ол өзiнiң гүлiн маған ұсынып жатып: «Мадемуазель Женни Сербьеге тапсырыңызшы», – дейдi де, қып-қызыл болып кетедi…
ЖЕННИ: Ол нелiктен тек сəрсенбi күнi ғана келедi?
БЕРНАР: Сiз бiлмеушi ме едiңiз, политехникалық мектепте сəрсен- бi күнi сабақ болмайды. Сондықтан оның оқушылары театрға толып кетедi. Көпшiлiгi қыз ертiп келедi.
ЖЕННИ: Менiң жiгiтiмнiң қызы бар ма?
БЕРНАР: Бар. Бiрақ ол қарындасы болу керек, бiр-бiрiне осыншама ұқсас, өте сүйкiмдi жандар.
ЖЕННИ: Бейшара бала-ай, Бернар, менде де жүрек бар ғой, ең болмаса бiр рет сол жiгiттi iшке кiргiзiп, гүлiн өз қолымен тапсыруға рұқсат етiңiзшi.
БЕРНАР: Бұл ойыңызды қолдамаймын, мадемуазель! Ондайларға мəн бермеңiз, сонда қауiпсiз болады. Алыстан-ақ ғашық болып, көңiлiн демдеп жүре бередi. Ал егер сəл ғана көңiл аударсаңыз, құдай сақтасын,
басыңызға пəле болып жабысады. Саусағыңыздың ұшын тигiзсеңiз – алақаныңызға, алақаныңызды созсаңыз қолыңызға жармаса кетедi. Күле берiңiз, мадемуазель, мен осында қызмет еткен жиырма жыл- дың iшiнде не көрмедi дейсiз? Ғашық болған қыздарды, есiнен танған жiгiттердi, тiптi шалдарды да көрдiк қой. Соның бəрiнде де мен тек гүлi мен хаттарын ғана алып, өздерiн босатқан емеспiн. Амал қанша, содан дұрысы жоқ.
ЖЕННИ: Сөзiңiз жөн, Бернар. Олай болса, бiз де есепқор жауыз болғанымыз жөн!
БЕРНАР: Бұның несi жауыздық, дұрысы солай…
Леон сахнаның екiншi шетiнде тұр. Əңгiмесiн əрi жалғастырады.
ЛЕОН: Апта артынан апта айналып өтiп жатты. Гүл шоғы да ешқашан толастаған жоқ. Келе-келе бұл оқиға бүкiл театрға жайылды. Бiрде Женниға актрисалардың бiрi жолыққан едi.
Женнидiң бөлмесi еш өзгерiссiз сол қалпы. Таранып, боянып жат- қан Женниге актриса қыз кiредi.
АКТРИСА: Мен жаңа сенiң студентiңдi көрдiм. Қандай сымбатты, жан жүрегi таза жан десеңшi! Бейне махаббат драмаларындағы серi жiгiттi ойнауға жаратылғандай екен.
ЖЕННИ: Оның менiң студентiм екенiн қайдан бiлесiң?
АКТРИСА: Жаңа театрға кiрiп келе жатқанымда оның күзетшiге батылсыздау келiп: «Өтiнемiн, мына гүлдi мадемуазель Женни Сербьеге берiңiзшi!» дегенiн естiп қалдым. Бұл соншама жүрек толқытар көрi- нiс едi. Жiгiттiң ақылдылығы байқалғанымен, өзiнiң толғаныс сезiмiн жасыра алмады. Несiн жасырайын, бiр сəтте осы гүлдiң өзiме арнал- мағанына, мынандай таза да пəк жанның асыл сезiмiне алғыс айта алмағанымызға өкiнiште қалдым. Тiптi ол жiгiт сенiмен жолығуға да əрекет жасамады. Мен сенiң орныңда болсам…
ЖЕННИ: Иə, қабылдар ма едiң?
АКТРИСА: Сөз жоқ, уақыт табуға болар едi. Оның келiп жүргенiне де көп болды ғой. Мазамды алады деп қорқатындай ештеңесi жоқ, таяу- да ұзақ гастрольге кетесiң, ал ол болса, өз мектебiнен шыға алмайды.
ЖЕННИ: Дұрыс айтасың, осындай адамның бет жүзiн көрмеудiң өзi де ұят қой. Бернар! (Бөлмеге Бернар кiредi.) Бернар, келесi сəрсенбiде ана студенттi жiберiңiзшi. Мен оны үшiншi актiден кейiн кафедрада, жоқ фойеде, тiптi басқышта күтiп тұрайын. Жарай ма?
БЕРНАР: Жақсы, бiрақ сiз мазаңызды алады деп… ЖЕННИ: Жоқ, жоқ! Жiберiңiз.
Əңгiме айтып отырған Леон ауыр күрсiнедi де, сөзiн жалғастырады.
ЛЕОН: Келесi сəрсенбiде Женни Селиненiң ролiн жан-тəнiмен ойнап, белгiсiз жiгiтке барынша ұнауға тырысты. Үзiлiс кезiнде де, ойын бiткеннен кейiн де көңiлiн əлдебiр сезiм мазалай бердi. Ол бiресе фойеге шығып, бiресе бөлмесiне барып, мазасы кеттi. Келетiн мезгiлi жеткенiмен, хабар болмаған едi. Ол өз бөлмесiне барып ұзақ күттi.
Өз бөлмесiндегi креслода үнсiз отырған Женни. Əр нəрсенi қолына бiр алып, мазасызданады. Бiр сəт жымиып басын шайқайды. Женнидiң ойы кадрдан тыс берiледi.
ЖЕННИ: Адамның жаратылысы да қызық-ау, алты ай бойына өзiме жан-тəнiмен берiлген сол жiгiтке ешбiр мəн бермеген едiм, ендi, мiне, оның бiр шоқ гүлi уақытында келмей қалғанына қамығып, бұрын тiптi ұнатпайтын адамды сүйiктiмдей асыға күтiп отырмын. Адам тiрлiгi қызық-ау…
Бөлмеге Бернар кiредi. Женни ұшып тұрып, оған қарсы ұмтылғаны- мен, қолында гүлi көрiнбеген соң көңiлi жабырқап қалады.
ЖЕННИ: Бернар, менiң студентiм қайда? Сiз оны жiбермей қой- ғаннан саусыз ба?
БЕРНАР: Жоқ, мадемуазель, дəл бүгiн қырсыққандай келмей қалды.
Жарты жыл бойына театрға келмегенi осы жолы ғана.
ЖЕННИ: Қызық екен. Əлде менiң қабылдауға келiскенiмдi бiреу айтып қойып, қорыққанынан келмей қалды ма?
БЕРНАР: Ол мүмкiн емес, бұл əңгiме сiз екеумiздiң арамызда ғана болды ғой. Ал мен ешкiмге айтқаным жоқ.
ЖЕННИ: Бұны қалай түсiнуге болады, Бернар?
БЕРНАР: Өзiм де ештеңе ұғып тұрғаным жоқ. Бəлкiм, баянсыз жүрiсiнен жалыққан болар, немесе ауырып қалды ма, кiм бiлсiн? Не де болса, келесi сəрсенбiнi күтейiк…
Леон əңгiмесiн жалғастырады.
ЛЕОН: Бiрақ келесi сəрсенбiде де студент театрға келмейдi. Оның гүлi тұратын орын бос едi.
ЖЕННИ: Бернар, ендi не iстеймiз? Мүмкiн, оның достарының бiрiн тауып сөйлесермiн, əлде мектептiң директорына барсақ па екен?
БЕРНАР: Ең болмаса, аты-жөнiн де бiлмеймiз, қалай сұраймыз?
ЖЕННИ: Иə, солай! Қандай өкiнiштi, Бернар! Менiң жолымды қырсық шалуға айналды ғой.
БЕРНАР: Олай демеңiз, мадемуазель, сiздiң биылғы табысыңызды айтып жеткiзудiң өзi қиын. Өнерiңiз толысқан шақтасыз, гастрольге барған соң да ондай жiгiттiң талайы табалдырығыңызды тоздырар.
ЖЕННИ: Үнсiз бетiн басқан күйде отырып қалады. ЛЕОН: Бiр күннен соң Женни ұзақ гастрольге кеттi.
Ол қайда барса да өнерiмен жүртты тəнтi етiп, ел махаббатына бөлендi. Сүйiктiсi Анри Сталь да үнемi жанында болатын. Бiраздан соң романтик студент есiнен де шығып кеткен едi. Арада бiр жыл өткен соң бiр полковниктiң өзiн қабылдауын өтiнген хатын алды.
Женнидiң бөлмесiне қаралы киiм киген орта жасар адам келiп кiредi. Қолында бiр шоқ гүл оралған түйiншегi бар. Бұл Андренiң əкесi. Женни тұрып қарсы алады.
ПОЛКОВНИК: Мадемуазель, менi қабылдағаныңызға көп рахмет. Сiзге келу себебiмдi хатқа жаза алмадым. Оған кешiрiм сұраймын… Сiз менiң қаралы киiмде отырғанымды байқаған боларсыз. Осыдан екi ай бұрын менiң ұлым – лейтенант Андре Мадагаскарда қаза тапты.
ЖЕННИ (ештеңеге түсiнбейдi): Қайғыңызға ортақпын, бiрақ… ПОЛКОВНИК: Əрине, мадемуазель, менiң ұлымды сiз бiлмейсiз.
Бiрақ ол сiздi перiштеге балап, табынып өткен жан едi. Бұл сөздерiне сiздiң таңырқауыңыз да орынды, дегенмен адал шыным, ол сiздi жарық дүниедегi ең қымбаттысына балап, сүюмен өттi.
ЖЕННИ: Мен жаңа түсiнiп келемiн. Бұл жайында сiзге өзi айтқан ба едi?
ПОЛКОВНИК. Маған ба? Жоқ. Ол бар сырын қарындасына айтқан екен. Осының бəрi сiз ойнаған бiр спектакльден басталыпты. Балаларым театрдан келiсiмен сiздi ауыз жаппай мақтаумен болды. Айтқандырының бəрi де рас болуы керек. Өйткенi көңiлдерiнде кiршiк жоқ жастар ғой. Ұлым арманшыл, өн бойы тұнған қиял едi…
ЖЕННИ: Құдайым-ау, соның өзi емес пе?..
ПОЛКОВНИК: Иə, мадемуазель сол, сiзге сəрсенбi сайын гүл шоғын əкелетiн политехникалық мектептiң студентi – менiң ұлым Андре болатын… Оның бөлмесi толған сiздiң суреттерiңiз екен. Əр суретiңiздi қолға түсiру үшiн қарындасы да аз қиналмаса керек. Оның сырын бiлген достары сiзге хат жаз деп кеңес те берiптi.
ЖЕННИ: Құдайым-ау, неге жазбады екен?
ПОЛКОВНИК: Жазыпты мадемуазель! Бiрақ сiзге жiберiлмеген сол хаттарды ол өлген соң тауып алдым. Бұл хаттар сiзге тиiстi бол- ғандықтан, алып келдiм. Менiң бұл келiсiмдi кешiрiңiз… Баламның сiзге деген сезiмiнде ешқандай да əдепсiздiк, жеңiл ойлылық жоқ. Ол сiздi сұлулықтың, өнерлiліктiң биiк шыңы деп санады. Өзiнiң ұлы махаббатына лайық жан едi ғой.
ЖЕННИ: Нелiктен ол маған жолығуға əрекеттенбедi? Құдайым-ау, өзiм неге жолықпадым?! Қандай қатыгез, жексұрын адам едiм…
ПОЛКОВНИК: Өзiңiздi қинай бермеңiз. Сiз ештеңенi де бiлмедiңiз ғой. Ол политехникалық мектептi бiтiрiсiмен өзi сұранып Мадагаскар- ға кеттi. Несiн жасырайын, оған себепшi болған сiз едiңiз. Ол қарын-
дасына: «Екiнiң бiрi – алысқа кетiп осынау шексiз құштарлықтан құтылу, əйтпесе өлшеусiз ерлiк жасап назарыңызға iлiгу», – дептi.
ЖЕННИ: Қарапайымдылық, тұрақтылық пен парасаттылық ерлiк- ке татымай ма? (Үнсiз мұңайып.) Қалай дегенмен де өмiр дəмiн тат- пай қыршын кеткен Андренiң алдында менiң де қарызым аз емес. Полковник, ұлыңыздың зираты қайда екенiн айтсаңыз екен? Жер басып жүрсем əрбiр сəрсенбi сайын бейiтiне бiр шоқ гүл апарып отыруға ант етейiн… (Қайғылы музыка ойнайды.)
Алғашқы көрiнiс. Үшеу де үнсiз отыр.
ЛЕОН: Мiне, көпшiлiк жұрт күле қарайтын, кейбiреулер, өзiмшiл деп санайтын Женни соншама жылдар бойы əрбiр сəрсенбi сайын достарын да, жұмысын да тастап, жалғыз өзi Монпарнас зиратындағы белгiсiз лейтенаттың бейiтiне гүл қоюға кетедi… Ал жарайды, жаңа айттым ғой бұл оқиға бiздiң заманымызда сезiмтал, күйреуiк көңiлдiң хошы сияқты көрiнедi деп. Ендi доғарайын.
БЕРТРАН (ұзақ үнсiздiктен соң): Иə, бұл жарық дүниеде асыл сезiмдер өшпек емес. Оған лайық жандар да табыла бермек…
Қазақ теледидары,
1976 жыл