02.03.2022
  340


Автор: Сұлтан Оразалы

КӨГІЛДІР ЭКРАН ШЕЖІРЕСІ

 


Энциклопедиялық еңбек шығару – елдің есейгенін, ғылымның да- мығанын, ғылыми кадрлардың пісіп жетілгенін, əсіресе сол еңбек ар- налып отырған саланың энциклопедияға лайық туу, өсу, даму үрдісінің қалыптасқанын аңғартса керек. Қазақстанда «көгілдір экранның» сəуле шашқанына да жарты ғасырдан асты. Осы жылдарда ол техникалық жаңғыру, шығармашылық күштердің өсіп, толысуы жағынан да сан белесті бастан кешті. Ең алғашқы салмағы жүз келідей тұратын ауыр камералардан, тұтас залдарға əрең сиятын телеаппараттардан бүгінгі шағын, қолайлы, сапалы, сан қилы мүмкіндігі бар сандық телевизияға дейін өзгеру, өсу дəуірін кешкен Қазақ телевизиясы шығармашылық жолдың да талай белесінен өтіп, бірнеше ұрпақ үлес қосқан іргелі де ірі, жан-жақты толысқан, халқымыздың ақпараттық рухани қажетін өтеп отырған қуатты күшке айналды. Ағайынды Льюмерлердің техникалық жаңалығы кино өнерінің тууына жол ашса, телевизия техникасы да қазір бүкіл əлемді аузына қаратқан жаңа өнердің туып, дамына əсер етті.


Телевизия – туған күнінен бастап адамзатты таңырқатып келе жатқан құбылыс. Ол техникалық жағынан қиял жетпес мүмкіндіктерді ашып, көз ілеспес жылдамдықпен, адуынды қарқынмен жаңғырып, дамып келе жатса, жаңа өнер ретінде бүгінгі күнге дейін адам баласы жаратқан өнер атаулының барша қасиетін бойына сіңіріп, жаңа тұрпатты өнер тудырып отыр. Ол бір сəтке ортақ мақсат үшін көптеген елдерді жұмылдыра білетін қуатты күшке ие. Ол – ұқсата білсе, ұлттың ұлы мұратына жетуіне орасан көмек беретін құдіретті құрал. Əлеуметтанушылардың зерттеуі бойынша, қазіргі адам теледидарсыз өмір сүре алмайтын халге жетті. Олай болса, бұл феноменді тану, зерттеу, мемлекеттік идеологияда ұтымды пайдалану бүгінгі күннің өзекті мəселелерінің бірі.


Алғашқы кезеңде Қазақ телевизиясы – негізінен ақпарат таратушы, бұрыннан бар кино, театр туындыларын əр үйге жеткізетін техникалық мүмкіндікті ғана пайдаланса, көп ұзамай телевизияның ерекшелігіне сай өз туындылары көріне бастады. Жіңішке жəне жалпақ кинотаспаларға жедел түсірілген тележаңалықтар, жылжымалы телестанциялар арқылы оқиғаның ортасынан жүргізілетін телерепортаждар, студияның ішінде қойылған əр түрлі жанрдағы телетуындылар алғашқы талпыныстар болатын. Ол келе-келе шығармашылық ізденістерге ұласты. Алғаш- қы телеспектакльдер, телефильмдер пайда болды. Балаларға, жастарға арналған хабарлар, оқулық бағдарламалар дүниеге келді. Қоғамдық өмірдің, ауыл шаруашылығының, өндірістің, ғылымның, өнердің, əде- биеттің өзекті мəселелерін қозғайтын шығармалар əр түрлі жанрда бой көрсетті. Бұлардың сəттісі де, сəтсізі де жетіп, артылатын. Телевизия өмірдің өзі тəрізді тоқтаусыз құбылыс болғандықтан, тынымсыз ізденіс толас таппақ емес.


Алғашқы он жылдықта телевизияның табиғатын терең түсінген жаңа шығармашылық топтар, жеке дарындар өсіп жетілді. Бұрын газеттен,


 


радиодан, театрдан келген мамандардың көпшілігі жаңа өмірдің талабына тез бейімделіп, оның дамуына өз үлестерін қосты. Ал телевизияның өз қазанында пісіп жетілген жас журналистер, режиссерлер, тележүргізуші- лер, телеоператорлар қазақ телевизиясының іргесін бекіте түсті.


Əр жылдарда Қазақ телевизиясы сан түрлі құрылымдық өзгеріс- терге ұшырады. Оның бəрі де шығармашылық топтардың жемісті еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаудан туындаған еді. Солардың ішін- де алпысыншы-жетпісінші жылдардағы шығармашылық бірлестік- тер («Шұғыла», «Құрдастар», «Ровесники» т.б.), бас редакциялардың құрылуы өз жемісін берді. Осы кезеңде басшылықта болған белгілі қайраткерлер К.Шалабаев, К.Үсебаев, Х.Хасенов, К.Смайыловтар қазақстандағы телевизияның жан-жақты дамуына зор үлес қосты. Көгілдір экранда көп сериялы телеспектакльдер («Қымызхана»), дерек- ті телефильмдер (50 серия), авторлық бағдарлама («Сұхбат»), ұлттық бояуы қанық жастарға, балаларға арналған хабарлар («Алтыбақан»,


«Айгөлек»), ауыл шаруашылығын («Ақ бидай»), өндіріс тақырыбын қозғайтын («Операция «Ритм») т.б. туындылар жарық көрді.


Қазақ телевизиясы əзірлеген шығармалар Бүкілодақтық көрермен- дерге де жетіп жатты. Бұл əсіресе жетпісінші жылдардың соңы мен сексенінші жылдары кең өріс алды. Ал «Алатау» арнасын қытайдағы қандастарымызқызығакөрсе,«Қазақтелефильмнің» деректітуындылары көп елдерді шарлап кетті. Сол жылдары Қазақ телевизиясының фес- тивальдары барлық Одақтас республикалар мен Ресей қалаларында өтті. Бұл шығармашылық топтардың тəжірибе алмасуына, есейіп, толысуына жол ашты.


Қазақ телевизиясында əр кезеңде əлденеше жүздеген адамдар еңбек етті. Олардың əрқайсысының мамандығына сай өзіндік орны бар. Барлық телеөнердің бет бейнесін айқындаған, оның шығармашылық жағынан дамуына үлес қосқан алғашқылардың орыны бөлек. Олар С.Шəріпов, Ш.Агишева, С.Масғұтов, Е.Сацук, Ə.Дүйімбаев, Ф.Бегенбаева, Т.Қай- молдинов т.б. Соңғы кезде қатарға жаңа толқын жастар келіп қосылуда. Олардың еңбектерінде тың ізденіс, соны серпін байқалады.


Бұл кітап – телевизияны жан-жақты қамтыған, ең алғашқы күрделі туынды. Бұндай ауқымды еңбектер арнайы құрылған, қару-жарағы сай, қаражаты мол, сан түрлі мамандардың бірлескен күшімен іске асатыны белгілі. Өкініштісі, сол істің басында жүрген Құдайберген Тұрсынов- тың қасында бірен-саран жанкүйерлер болмаса, бір өзі сол топтың міндетін жалғыз атқарып жүр. Əрине, бұл көзсіз ерлік, жанқиярлық еңбек. Сондықтан кітаптағы кейбір кемшілікке түсіністікпен қарап, оның жетпегенін жетілдіру үшін əр оқушы өз үлесін қосса, алдағы іске көп септігін тигізер еді.


Үлкен көштің алғашқы адымы басталды. Оның жетпей жатқан ат- тұрман, жасау-жабдығы жүре келе түзелетініне сенімдіміз.


Қазақ телевизиясы: Энциклопедия.


1-том, 2009 жыл


 





Пікір жазу