02.03.2022
  338


Автор: Сұлтан Оразалы

БАБАЛАР КЕҢ ДАЛАНЫ ƏДЕТ-ҒҰРЫП ЗАҢДАРЫМЕН ҰСТАҒАН…

 


Сұлтан Шəріпұлы Оразалинов. Бұл есім – мəдени қауым, қалың көрермен үшін таныс есім. Белгілі əдебиет зерттеушісі, танымал тележурналист, аудармашы, баспагер, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық телевизия жəне радио академиясының академигі. Ағамыз теледидарда ба- тыл ойлы телепублицист, сценарист болып танылды. Сұлтан Шəріпұлы қазақ үшін тың өнер – теледидар саласында ұлттық жаратылысымызға тəн тың жанрлар əкелді. «Сұхбат», «Кездесу»,


«Айтыс», «Қымызхана», «Сахна» – бұл хабарлар эранға шыққан сайын миллиондарды экран алдына еріксіз жинап, қазақ теледидарының абыройын асырды. Қазақстандағы телеөнер бүгінге дейін бұл ха- барларға басқа балама пішін таба алмай келеді. Сұлтан аға – биік интеллектуалды журналист. Ал теледидар дегеніңіз осындай алғыр ойлы журналистерімен көрікті. Сұлтан Шəріпұлы мемлекеттік биік дəрежелі жауапты қызметтер атқара жүріп, соңғы жылдары


«Қазақ зиялылары туралы антология» сериясымен түсірілген «Дала даналары» деректі танымдық фильмдердің авторы, продюсері болды. Фильмдер топтамасы Қазақстандағы телеарналардан үлкен сұраныспен өтті. Сөйтіп, қазақтың тегінде төл заңдары болмаған деушілердің аузына қақпақ қойды. Сұхбат алуға мен білгір ағаның алдына қобалжып бардым...


 



  • Сұлтан Шəріпұлы, оқу, іздену жолыңыз қалай басталды?

  • Өскен ортам Семей облысының Абай ауданы. Бойымдағы барлық қасиеттің бəрі Абай рухымен байланысты. Олай дейтінім – ұлы ақынның шығармалары мен оның талантына бас иген адамдардың ортасында есейдім. Кешкісін мал жайғап болған соң бүкіл ауыл болып, маған «дауысың жақсы, түсініп оқисың» деп «Абай» романын оқытатын. Сол кезде 5-сыныптың оқушысымын. Мен кітапты оқып отырғанда тыңдап отырған үлкендер жағы роман кейіпкерлерін танып, өзара қызу əңгімеге кірісіп, тоқтатып қойып, комментарий жасап кететін. Ол ақсақалдардың көбісі романдағы кейіпкерлердің көзін көр- ген ғой. Туған жер Шыңғыстау топырағы – сөз өнерінің құты қонған орта – мені бала күннен шығармашылыққа баулыды. Мектепте оқып жүргенде əкемнің туған інісі Кəмен ағамның үйінде тұрдым. Ол кісі сөздің асқан шебері, көптеген роман-повестердің авторы. Алматыдан келетін, қолына қалам ұстаған зиялы қауымның бəрі Кəмен ағамның үйіне түсетін. Сəбит, Ғабит, Ғабиден, Хамит, Қасым ағалардың қолына бала кезімде су құйдым. Солардың сөзін тыңдап отырам, құлағым түрік баламын. Міне, шығармашылық жолға келуіме осы алыптардың ықпалы сөзсіз себеп болды. Мектепті күміс медальмен бітірдім. Аудан жолдамамен Мəскеудің электротехникалық университетіне оқуға


 


жіберді. Бірақ мен КазГУ-дің филология факультетін таңдадым. Сол Мəскеу электротехникалық университетіне кейін жалғыз ұлым Дулат түсіп, үздік бітірді.



  • Сіз дəрежелі қызметтер атқара жүріп, бейнеті зіл батпан тележурналистикадан біржола қол үзбей, қарайлай бердіңіз. Осы өнердің не құдіреті бар?

  • Арманым жазу өнері болды. Сол арман мені Қазақ радиосының жастар редакциясына жетеледі. Радиода жастардың «Ұшқын» де- ген хабарын жасауға кірістім. Алты айдың ішінде 60 радиоочерк дайындап, халыққа танымал болдым. Бұл – 1964 жыл болатын. Ол уақытта радио беделді еді. Осылай халыққа таныла бастағанда теле- дидардың да дəрежесі өсе бастады. Оған жас, талантты, білімді жас- тар қажет еді. 1965 жылы сол кездегі Телерадио комитетінің төрағасы Кенжеболат Шалабаев ағамыз менің теледидарға ауысуымды өтінді. Сол жылдардан бастап тағдырым теледидармен байланысты болды. Теледидардың құдіреті сондай, бұл салаға бір рет бас сұқсаң, қайта шыға алмай қаласың. Бір ғажабы бұрын естігенімді жадымда жақсы сақтаушы едім, енді көргенімді елестетіп отырмасам, жай мақаланың өзін жаза алмайтын күй кештім. Теледидар менің барлық ойлау жүйемді өзгертті. Бұл томаға тұйық өнер емес, теледидар – бүткіл адамзатқа ортақ өнер. Теледидар арқылы бір сəтте халықты əлемге танытуға болады. Теледидар саз, сөз, театр, кино – бəрінің басын қосатын синтез-өнер. Сондықтан да бұл салаға ғұмырын берген адам жан-жақты, терең білімді болмай ештеңе өндіре алмайды. Теледидардың адам бойыңдағы қабілетті түгел ашатын, мол мүмкін- дік беретін құдіреті бар. Сондықтан теледидардан кете алмайсың.

  • Сіз «Сұхбат», «Кездесу», «Айтыс», «Қымызхана», «Сахна» хабар- ларын дайындай жүріп, дүниенің төрт бұрышында ғұмыр кешкен əйгілі тұлғалармен сұхбат жүргіздіңіз. Айталық, Ғабиден Мұстафин, Ғабит Мүсірепов, қырғыздың ұлы жазушысы Шыңғыс Айтматов, Пəкістанның атақты ақыны Файз Ахмад Файз, палестиналық ақын Муин Бсису, үнді жазушысы Мукерджи, композитор Арам Хачатурян, орыс ақыны Евгений Евтушенко... Атынан ат үркетін тұлғалар ал- дында сұхбат жүргізе отырып, əлдеқалай болады деген толқу, қобалжуларды бастан кештіңіз бе?

  • Шынымды айтсам, экранға шыққан сайын əлі де қобалжимын. Алғашқы 1–2 минут қобалжып отырамын. Ал тікелей əңгімеге көш- кенде алдымдағы адам – маған объекті. Себебі мен ол адамнан өзіме қажет сауалыма жауап алуым керек. Менімен бірге сыр-сұхбатымызды миллиондаған адам тыңдап отыр. Көрерменнің алдында бүгежектеп отырсам не болады. Сондықтан да əңгімелесетін адаммен терезем тең болу үшін көп дайындаламын. Ғабит ағаның атағы жер жарып тұрған кезі, мен ол кісімен үш айда 24 сағат сөйлесіппін. Шығармашылы- ғын жетік білгендігімнен Ғабит маған сенді. Сондықтан хабарда сұхбаттасу оңай болды. Шыңғыспен бес сұхбат өткіздім. Шыңғыс шы-


 


ғармашылығын солай зерттедім. Бірде Айтматов орталық теледидар мен «Известия» газеттерінің тілшілерін тоқтатып қойып, «алдымен Қазақстанға Сұлтанға интервью берем» дегені бар. Мақтанды деме, қарағым! Дарынды адамдар сенімен сөйлескенде кім екеніңді бірден біле қояды. Білімді болсаң ғана тең сөйлесе аласың. Талай талантты өнер адамдарымен сұхбат жүргіздім. Оларға мал баққызбайсың, кен қаздырмайсың, талантты адамдар ойлау қабілетімен қызықты. Мысалы: Файз Ахмад Файз, Муин Бсису – олардың əрқайсысының кітаптарын тауып оқыдым. Бсисуды Əлімжановтан артық білетін адам жоқ, сол кісімен ақылдастым. Осындай дайындықтан кейін ғана барып хабар жасауға кірісетінмін. Теледидарда жан-жақты, терең білімді болмай, ештеңе бітіре алмайсың. Қазір сұхбат жүргізген жас журналистерге қарап қынжыласың, дайындығы жоқ. Жастардың ішінде маған Қасым Аманжолов деген жас жігіттің бет алысы ұнайды.



  • Тележурналистикадан заңға қарай ауыссақ. Сіздің жазбала- рыңызда көшпенділер мəдениетінде сот билігі хан билігінен жоғары тұрады. Себебі дала даналарының ой-өрісі, білім парасаты, қараға шапағаты тұрғысынан жаһан ғұламалары Аристотель, Конфуций, Кант, Сағди секілді адамзаттың алдыңғы қатарлы ойшылдарымен тең дейсіз. Қалайша? Ол даналар кімдер?

  • Дана адам деген ол қалада тұра ма, ауылда тұра ма, ол – дана. Дана адамды табиғат жаратады. Əл-Фарабиді қазақтың даласы жаратты. Дана деп отырғанымыз қазақтың билері, шешендік жағынан Демос- фен мен Цицероннан кем түспеген адамдар. Ойшылдығы жағынан алғанда біздің даналарымыз Конфуций, Кант деңгейлес, терезесі тең адамдар. Қазақ билерінің екі мың жылдық тарихы бар. Тарихтағы абыздар сонау арийлер заманынан бері жалғасып келіп, XIX ғасырдағы Нысан абызбен аяқталады. Олар да билер. Қазақтың билері Майқыдан бастау алады. Қазақ тарихында екі Майқы би бар. Біріншісі біздің дəуірімізге дейін, сақ заманында өмір сүрген. Екіншісі Шыңғыс ханның замандасы. «Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы – Майқы би» деген сөз бар. Майқы би бабамыз билердің көш басшысы болды. Тарихи деректерге қарағанда, қазақ жұртының ғана емес, ол дүйім түрік халқының бас биі аталды. Майқы баба ел қамын ойлаған үлкен ойшыл, халықтың əдет-ғұрпы, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бабаның орны бөлек. Міне, қазақ əдет-ғұрып құқығы жазылмаған құқық, ол құқықтық дəстүрлер жиынтығы. Қазақ құқығы– қазақ халқының жəне барлық көшпенді өркениеттің мəдени байлығы

  • «Қазақ мемлекетіне қанша жыл болса, заңдары, құқықтық ере- желері де солай қалыптасқан» дейді тарихшы ғалымдар. Бұл пікірді Сіз қолдайсыз. Сонда бабалар о заманның өзінде заң жазған ба? Бұл туралы Сіздің пайымыңыз қалай?

  • Қазақ мемлекетіне қанша жыл болса, елдің заңдары, құқықтық ережелері де солай қалыптасқан. Бұл ақиқат. Ол тарих ертеден хатқа


 


жазылып та, жатқа айтылып та келеді. Сондықтан жазба тарих пен шежіре тарихты салыстырғанда, талай күмəннің беті айқара ашылады. Көне жазба деректерге қарағанда, XIII–XIV ғасырдан бастап Дешті Қыпшақ мемлекетінің беделі Еуразия құрлығындағы елдер арасында мəртебесі биік болды. Орталық Қазақстаннан бастап, Дунай өңіріне дейін қанатын жайған Дешті Қыпшақ мемлекеті заманында мемлекеттік тіл – қыпшақ тілі үстемдік етті. Осы тілде жазылған «Төре бітігі» – сот ісін жүргізу кодексі. Тағылымы терең еңбек. Құқықтық жазбаша заң ережелері ерте дəуірлерде-ақ қалыптасқанын іргелі мемлекеттің ғалымдары іркілмей дəлелдеп отыр. Ақылға құрылған əдеп-ғұрып заңдары болмаса, бабаларымыз мынандай кең далада елді қалай ұстар еді. Қазақ тұрмысында есікке құлып салынбағаны осының айғағы.



  • Ежелгі билер заңы – əдет-ғұрып заңдарынан «Жеті жарғыны» неліктен ала бөтен бөліп қараймыз, өзгешелігі неде?

  • Бүгінгі күнге түгел болмаса да келіп жеткен əдет-ғұрып құқығының ірі жинақтарының бірі «Жеті жарғы» əдеп-ғұрып заңы. Тəуке хан- ның ел үшін сіңірген еңбегі екі қырымен айрықша назар аудартады. Бірі – елдің іргесін аман сақтап қалды. Сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел алдырмады. Екінші – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси құқықтық тəртіп орнатуы. Тарих сол тұста хан қасында Əнет, Төле, Қазыбек, Əйтеке билер секілді дана, турашыл, шешен көсемдердің болғанын айтады. Бабалар мемлекеттің тіршілік жасау жолындағы саяси ізденістеріне əлемдік тəжірибенің басты қа- ғидаларын пайдаланды. Сол даналар «Жеті жарғы» заңын жасауда ұлттың болмысын басты назарда ұстады. Сондықтан да бұл заң қазақты бір одаққа біріктіруде өзін-өзі ақтады. Ал кейін ел бірлігі əлсіресе, оған бабалар баптаған заңның осалдығы емес, отарлау саясаты айыпты.

  • Сұлтан аға, «Дала заңын» жасаушылардың бірі – Құнанбай би. Алайда «ол кісі Демосфен мен Цицеронды есітпеген, көрмеген» деп жазды өзінің «Қазақ даласы саяхат жазбалары» деген еңбегінде А. Янушкевич. Ал Əуезов бейнелеген Құнанбай би тым қатал, əділетсіз көрінеді. Сіздің ой тұжырымдарыңыздан Құнанбай бидің əділдігін заманының асқан озық ойлы перзенті деп ұғынуға болады. Ақиқаты қайсы?

  • Құнанбай бидің қарапайым, тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі сөзімен ел қамын күйттеген, алдын болжай білетін көрегендігіне қай- ран қаласыз. Дала қыранындай өткір, əділдіктен айнымаған, шындық- ты іздегендерге пана болған тұлға. Өзінің де, орыстың да əдет-ғұрып заңдылықтарын жете білген парасат иесі. «Абай жолы» романындағы Құнанбай əрекеті астарлы жазылған деп ойлаймын. Мəселен, Қодар- дың келінімен арасындағы жағдай. Бұл шындықтан алыс емес. Егер Құнанбай осы жəйтті есітіп, біліп отырып шара қолданбаса, ұрпағының ертеңі не болар еді?.. Дала заңдары туралы айтқанда Абай туралы айтпай кете алмаймыз. Ресей заңдары қазақтың дүниетанымына, қылмыстық ұғымына сай келмей, халық патша заңына наразы


 


бола бастады. Бұл тұста қажырлылық көрсетіп, болашақты түсінген Абай ғасырлар елегінен өткен билер жасаған заңдарды топтастырып, уақыт ағымына қарай «Ережелерді» үш күнде жазған. Абай жасаған


«Ережелер» астарында саяси-əлеуметтік жəне ұлтық мүдде тұрды.



  • Сіз «көшпенділердің құқықтық заң кодексі бабалардың көзіндей жауһар, жəдігер аманаттар орта ғасырдан бізге аман-сау жетті» дейсіз. Десек те дербес мемлекетіміздің заңдарын даярлауда өз тегі- міздің құқықтық жаратылысы ескерілмей келеді...

  • Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары болашақ ұрпақтың алдындағы жоғарғы жауапкершілікті сезіне, егемендік құқығымызды негізе ала отырып, С.Зиманов, С.Сартаев, Ғ.Сапарғалиев бастаған қазақ заң- герлері тəуелсіз мемлекетіміздің көптеген заңдарын жазып шықты. Осы заңдарда өрелі елдердің тəжірибелеріне еліктеген тұстарымыз да аз емес. Алайда «еліктеу», «ұқсау» жас мемлекеттің қанатын қомдауы ғана болмақ. Ендігі мақсат – заңдардың түп нұсқасы ана тіліміз- де жазылуы керек. Сонда ғана өз тегіміздің бостандыққа, əділдікке негізделген тамаша тағылымдары бар құқықтық жаратылысын заң арқылы заңдастыра аламыз. Олардың заман талабына сай өзгеріп, жетіліп отыруы табиғи заңдылық. Қалай десек те, жас мемлекетіміздің заңдық негізі қаланды.


Есіңізде болар, мемлекет басшысы Қазақстан халықтары ассамблея- сының кезекті бір съезінде сөйлеген сөзінде «15 жылда аюға да тіл үйретуге болады» деген еді. Керемет табылған сөз емес пе? Неге сөз сүйегімізден өтпейді ?


Менің бұл айтқанымды қысқартып тастайсыңдар ғой. Егер Президент сол жолы «аюға намаз үйреткен – таяқ» деп батылырақ кекеткенде, бəрі басқаша болар еді...


 


Автордан: Сұлтан Шəріпұлы қай салада бағын сынаса да, жұлдызы жарқырап тұрады. Қазақта балаға алғыс айтқанда үлкендер «Өз құрбыңның алды бол!» – дейді. Сіз үлкендерге кітап оқып, ұлылардың қолына су құя жүріп, алғысты көп алғансыз-ау деп ойладым. Қазақ теледидарында ұлттық болмыстың абыройын асқақтатқан хабарлар жасадыңыз. Біз оны бала күннен көріп өстік. 80-шы жылдардың орта тұсында теледидарға келген өрімдей қыз-жігіттердің теле- журналистиканы таңдауына үлгі болдыңыз. Сізше хабар жасау əр- қайсысымыздың арманымыз еді. Мен солардың бірі ғанамын. Сіздің өреңіз Алатаудай биік екен... Алдымызда Сіздердей ағалардың болғаны қандай жақсы. Аман-сау жүріңіз!


 


Сұхбаттасқан Ұлдай Ибадуллаева.


«Тағдыр Таразы» журналынан


 





Пікір жазу