02.03.2022
  291


Автор: Сұлтан Оразалы

ТƏУЕЛСІЗ ЕЛ БОЛУ ҮШІН ШЕТЕЛДЕН КЕЛЕТІН БАҚ ӨНІМДЕРІ 20 ПАЙЫЗДАН АСПАУЫ КЕРЕК

 



  • Технократиялық қоғамның шешуші құралы компьютерлік тех- нология мен əлемтор (интернет) екені мəлім. Қазақстан бұл тұрғы- да едəуір артта екені де белгілі. Осы кенжелік біздің басқаларға тəуелділігіміздің сипатын қаншалықты күрделілендіре түспек?

  • Тапшылық бар жерде тəуелділік болатыны анық. Компьютерлік технология мен əлемтордың жетпей жатуы дəл бүгінгі күні онша бір қорқынышты нəрсе емес. Өйткені бұның өзі əлем халқына соңғы 15– 20 жылда жалпыласты. Бұл үрдіс бізге де жылдам кіріп жатыр. Мəсе- лен, 2008 жылы интернетті пайдаланушылар саны 2,5 млн болса, 2009 жылы ол 4 млн 700 мыңға жеткен. Қазір интернет ең қолайлы, арзан жарнама құралы. Оның бағасы теледидардағы жарнамадан көп төмен. Қараңыз, 2007 жылы Қазақстанда интернет арқылы 1 млн долларға жарнама берілсе, өткен жылы 5 млн долларды құраған. Сондықтан біз басқалардан кем қалып жатқан жоқпыз. Жаңа технология тұрғысында біз ешкімге тəуелді емеспіз. Ақшаң бар ма, сатып ал. Қазақстанның экономикасы бұған қуатты. Ал біздің тəуелділігіміз басқада.

  • Бізде теле-радио саласындағы ақпарат тарату техникасын меңгерген қазақ ұлтының өкілдері өте аз. Осы жағынан тəуелді се- кілдіміз. Онда көбіне өзге ұлыс өкілдері қызмет етуде. Бұл тіпті ұлт- тық қауіпсіздігімізге де əсер ететіндей?

  • Компьютер мен телевизиялық техниканы игеруде артта қалып отырғанымыз рас. Бұл ең алдымен білім беру саласындағы жүйе- сіздіктен. Мен кейде деректі фильмдер түсіріп, монтаждайтын маман іздеймін. Сонда осы жұмыспен тек орыс жігіттері айналысады. Олар ақшаны жақсы табуда. Ең арзаны, бір ауысымда жұмыс істегендері кемі 100–200 доллар алады. Олардың асып тұрған түгі де жоқ, орта білім иелері. Ал біз неге осыған ұмтылмаймыз?! Қазір үй шаруасындағы əйелге де, компьютер мен интернет қажет болатын заман. Сондық- тан мектептегі информатика сабағын жүйелі түрде тереңдей оқытып, мектеп бітірушілерге осы пəннен маман ретінде арнайы сертификат берілгені жөн. Ол техникумды бітірген орта білімді мамандық ретінде бағалануы керек. Жастарымыз өмірге қажетті мамандықты игеру үшін түрлі техникумдар мен училищелерді көбейту керек. Бұрын орта білім беру бағытындағы білім саласы жеке министрлікке қарайтын. Ал қа- зір ғылым мен білімді қосып жібердік. Содан бастап ісіміз оңалған жоқ. Білім саласына келген əр министр бір реформа жасаған болады. Бірақ оның нəтижесі көрінбейді. Ұлттық қауіпсіздік жаңа ақпараттық технологияға тығыз қатысты. Қазір біздің елде ешқандай құпия жоқ секілді. Тіпті Ақордадан шығатын ақпаратты басқалар бізден бұрын біледі. Міне, осы құпияларды сақтау үшін əлемдік технология ма-


 


мандарымен иық тіресе алатын өз мамандарымызды тəрбиелеу кезек күттірмейтін іс.



  • Сандық жүйедегі үш бірдей қазақ тілді телеарна ашылатыны туралы айтылды. «Оған маман жоқ, тіпті қандай хабармен толты- рамыз» деген пікірлер де бой көрсетті. Сіздің ойыңызша, бұл мүмкіндік нақты іске аса қалған жағдайда біз қалай пайдалана алар едік?

  • Мен екі рет университеттерде «Телевизияның жанрлық ерекше- лігі» деген тақырыпта дəріс оқыдым. Біреуін осыдан 15–20 жыл бұ- рын əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, екіншісін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жоғарғы курсында орыс тілінде. Енді екеуін салыстырып қарасам, жер мен көктей. Алғашқы дəріс оқыған студенттерім қазір телевизия саласын- дағы белгілі мамандар. Ол кезде КазГУ-ге түскен студенттер таңдау- лы əрі талантты болатын. Бəрі айтқаныңды біліп алуға құштарланып отыратын. Ал соңғы Еуразия университетінде көбіне аузы-басын бояп отырған қыздар болды. Ұстаздарынан қымсыну жоқ. Əйтеуір отырады. Сабақтың ортан белінде келіп кіре береді. Қалай болса солай. Басында əдепсіздікке үйренген адам өмір бойы солай кетеді. Содан соң, келесі жылы шақырғанда ол жерге бармадым. Қазір жас мамандардың білім сапасы əлсіреп кетті. Əлгі студенттердің бір-екеуі ғана бірдеңе ұғып шыққан болу керек. Олардың өзі орыс тілді БАҚ саласына кетті. Ал қалғандарының қайда екенін де білмеймін. Телевидение тек қана журналистерден тұрмайды ғой. Бізде неге телеоператорлар аз?! Жақ- сы оператор – үлкен өнер иесі. Талантты фотографтар да оператор бола алады. Оларды тəрбиелеу керек. Мəселен, қазақ телевизиясын құрғанда жан-жақтан қабілетті адамдар осы салаға келіп, кейін оны үлкен мамандық ретінде игеріп əкетті.

  • Сонда маман табылмайды деп қорқудың қажеті жоқ қой?

  • Əрине, егер құдай иіп үш телеарна ашылып жатса, маман табыл- майды деп қарап отырмау керек. Осыдан елу жыл бұрын телевизияның не екенін білмей тұрып, соны жасаған жоқпыз ба!? Сондықтан дұрыс басшы келсе, ол да дұрыс кадр тəрбиелейді. Неғұрлым талантты бас- шы білімді адамдарды жинайды. Ал дарынсыз басшы өзінен де төмен- дерді топтайды. Табиғаттың заңдылығы солай. Əсіресе идеология- лық жұмыс атқаратын жерге кім болса соны əкеле беруге болмайды. Телевизияда істейтін адам отанын, халқын сүйетін азамат болуы керек. Мен телевизиядағы мамандығын қадірлеп, жан-тəнімен еңбек еткен ондаған адамды білемін. Сондықтан телеарналар ашылса, оған маман табылмай қалады деп қорқу орынсыз. Өсіп келе жатқан жастар бар. Негізі əр салада өнерді өрге сүйрейтін екі-үш талант болады. Солар басқасына көшбасшылық жасайды. Міне, сол секілді əр арнада үш- төрт мықты кəсіби маман болса, көшті түзеп əкетеді.

  • Осы салада біраз қызмет атқарған маман ретінде қазіргі отандық телеарналардың таратылу сапасына, ондағы түрлі көрсетілімдердің, бағдарламалардың өміршеңдігіне қалай баға берер едіңіз?


 



  • Бұл сұрақтың өзі бір емес, бірнеше сұхбаттың тақырыбы. Сол себепті мен тек «Қазақстан» ұлттық телеарнасы туралы ғана қыс- қаша айтайын. Менің ойымша, еліміздегі барлық телеарналармен салыстырғанда, «Қазақстанның» көрсеткіші əлдеқайда жоғары. Өйт- кені бұл ұжымда үлкен-үлкен ізденістер бар. Оның алдында екі-үш жылдай тоқырауға ұшырағаны рас. Жаңалық болмады. Ескі-құсқының төңірегінде жүрді, оның өзін жаңартып бермеді. Өнерде дəстүрді жалғастыру керек. Мысалы, «Қымызхана» теле жобасын жалғастырдың ба, оның негізгі идеясын алу керек. Көшіруге болмайды. Көшірме өнер емес. Айтысты да жаңғыртуға болады. Біз айтысты бастаған кезде оның телевизия табиғатына жақындығын ескерген болатынбыз. Бірақ ол дамымай қалды. Қайталап айтайын, айтыс – телевизия табиғатына ең жақын халықтық өнер. Осыны ұқсата алсақ, кəне? Күлдібадам біреулерді отырғыза салып, əлəулəйлатудың керегі не? Өнер деген таңдаулының таңдаулысын іріктеуді талап етеді.

  • Телевизия да сондай өнер дейсіз ғой?

  • Əлбетте. Жасаған бір жақсы дүниең алғашында жақсы болып көрінуі мүмкін. Оның бадырайып тұрған кемшілігін біраз уақыттан соң өзің де анық көресің. «Қазақстан» арнасына оралатын болсақ, онда басқаларға қарағанда əсіресе ұлттық тілдегі бағдарламалар көп. Мəселен, атышулы «Екі жұлдыз» жобасын алайық. Бұған да түрлі көзқарас айтылып жатты. Ресейден көшіріп алынған дедік. Ал Ресейдің кімнен көшіріп отырғанын көбіміз білмейміз. Өйткені Еуропаның телехабарларын көріп отырған жоқпыз. Орыстардың көп бағдарламалары сол жақтан көшірілген. КВН-нен бастап. Бірақ олар соның бəрін өз ұлтының мүддесіне лайықтап, əбден пісіріп, жаңа сапада ұсына біледі. Түр, жанр деген нəрсе өнерде тұрақты болады. Оны бір ел ойлап тапса да, басқалары өзінше дамытып отырады. Сондықтан қазіргі «Екі жұлдыздың» қазақ əн өнерін дамытуға кəдімгідей ықпалы бар. Телевизиялық жағынан жасалуын айтсақ, онда жарықты пайдалану, режиссорлық шешім, жүргізушілер, хабардың көркемделуі бұдан бұ- рын Қазақстанда болмаған ғой. Жаңалық па? Жаңалық. Жалпы мазмұ- ны жағынан кемшіліктер де жоқ емес. Өткен жылы ұлттық өнерден біраз ауытқып кетті. Біз өзімізден гөрі өзгелерді жанығып айтатын халықпыз ғой. Сондықтан орыстың немесе ағылшынның əнін олардан артық айтамын деу тырақайлық болады. Өнерді жарылқау үшін алды- мен өзіңді көтеріп ал. «Екі жұлдыздың» биылғы алғашқы санын көрдім. Көңілге толмайтын кейбір тұстары да бар. Дегенмен бағдарлама қазақ əн өнерін дамыту үшін, телевизиялық өнердің жаңа түрін жасау үшін керек. Сол секілді «Сен сұлу» бағдарламасын айталық. Ол да Ресейде көрсетілген хабарларға ұқсайды. Бірақ көз алдыңда адамның өзгеруі де бір жаңалық қой. Əйелдерімізді əдемілікке, сұлулыққа эстетикалық тəрбиелеудің бір тамаша жолы деп ойлаймын. Хабар қазақ қауымы үшін керек. Аты да жақсы. Тек қазақша нұсқасын жүргізетін Рахман Омардың əртістігі ұстап, сəл ойнақтап кетеді. Ол жерде кішкене


 


сабырлылық жəне əзілдің де жеңіл-желпісі емес, интеллектуалды түрі керек. Хабар арқылы шаштараз, киім үлгісін жасаушылар, бет əрлеуші мамандар танылып жатыр. Оны көрген жастар да сол кəсіпке ұмтылады. Сол үшін де бұны өміршең жоба деп ойлаймын.



  • Таза өзімізде жасаған тележобалар жайлы не айтасыз?

  • Ол санатта мен жақсы жоба ретінде «Сегіз қырлы» бағдарламасын айтар едім. Қазақтың дəстүрлі əн өнерін əспеттеу. Қараңыз, ғаламат нəрсе – бір «дың» еткен дыбыстан кейін-ақ оның қай əн екенін айтады. Не деген ұшқырлық?! Далалық адамдардың зердесінің беріктігін əйгі- леп тұр. Бірі əннің басын айтса, екіншісі келесі шумағын жалғастыра жөнеледі. Бұндай таласты, тартысты хабарларды мен ешқайдан көрген жоқпын. Бұл таза қазақы, қазақтың табиғатын ашатын дүние. Күй жарысын айтайық. Бір күйші күйдің бір-екі нотасын ғана шалғанда екіншісі соны бірден жалғастырады. Жүздеген күйді мида сақтайтын не деген зерде!? Еуропаға апарып өнерпаздарымызды осылай жа- рыстырып көрелікші, құлап түседі. Бұл өз өнеріміздегі үлкен жаңа- лықтардың бірі. «Көкпар» бағдарламасын алайық. Мақтаған емес, Серік Жанболат қазір мəскеулік тележүргізушілерінің ешқайсысынан кем емес. Əр тақырыбын жетік біледі. Тақырыпты жөнді білмеген адам қатысушыларды қалай сөйлетеді. Оларды иіп əкеп, қызу таласқа түсіру үлкен шеберлік. Бұл жігіт осы салада жақсы жетістіктерге жетті деуге болады. Ал «Көкпар» ойыны да өте ұтымды көрсетілім. Қазақтың ұлттық спортының жарқын бейнесін ашып көрсету. Не деген өлермендік, аттың астына түсіп, атпен бірге ұшып, құлап жатады. Оның жанында əлгі өгізді түртіп кетіп, қашып жүргендер түкке тұрмайды. Бұл қазақ жігіттерінің жанкешті, жүректілігін танытады. Осындай хабарлар міндетті түрде көп болуы тиіс деп санаймын.

  • Əлгінде өзіңіз айтқан дəстүр жалғастығы біздің телеарналарда қалай көрініс тауып жүр?

  • Осыдан отыз жылдай бұрын қазақ телевизиясында «Сұхбат» бейнефильмдер сериясы дүниеге келген болатын. Онда біз Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Шыңғыс Айтматов т.б. ұлы тұлға- лардың бейнесін жасауды мақсат тұттық. Ой адамының шынайы тұлғасын телевизияда қалай жасау керек деген сұрақ тұрды. Біздің ойлап тапқанымыз: сол адаммен ұзақ кездесе жүріп, сырына қану, жүрегіндегі, көңіліндегі көп айтыла бермейтін ойларды ашып, шабыт- ты сəтін түсіріп алу. Оған өз ой-пікірімізді қосып, кейіпкерлеріміздің бейнесін мүсіндеуді жөн көрдік. «Сұхбат» халыққа тез тарады. Оған еліктеушілер де, үйренушілер де болды. «Сұхбат» тектесалғашқыхабар он жылдан кейін көрсетілді. Оны жүргізген алдында ғана Алматыға келіп біздің хабарды көріп кеткен эстон журналисі Урмас Отт еді. Оның хабарлары «Сұхбатқа» қатты ұқсайтын. Сол хабарына елінің көптеген сыйлықтарын алды. Ал Қазақстанда əр түрлі телеарналарда көрсетілген «Личность», «Серьезный разговор», «Өмір-өзен», «Үзеңгі


 


жолдас», «Көктөбедегі кездесу», «Шынның жүзі» хабарлары аздаған өзгерістеріне қарамастан «Сұхбатпен» өзектес, тамырлас, соның жал- ғасы екенін дəлелдеудің қажеті жоқ. Бұл «Сұхбаттың» өміршеңдігін айқындаса керек. Бірақ осы жерде бір кілтипан бар. Өркениетті ел- дерде жобаны алғаш бастаған адамның атын өшірмейді. Мысалы, Артем Боровиктің қаза тапқанына он жылдан асты, бірақ ол бастаған


«Совершенно секретно» хабарларының жүргізушілері ауысып жатса да, алғашқы авторының есімі үнемі аталып тұрады. В.Листьев бастаған жобаларда да оның аты алдымен жазылады. Сериялы кітаптар шығару ісінде де осы дəстүр сақталған. Бұл автор құқығын сыйлаудан туған. Біз де күндердің күнінде осы мəдениетке жетіп, əр істің бастаушы- лары мен қостаушыларын шатастырмай, өз орнымен атайтын күнге жетерміз. Телевизиядағы дəстүр сондай дұрыс жалғасын табады.



  • Еліміздің оңтүстік аймақтарында Өзбекстанның, солтүстігі мен батысы жəне шығысында Ресейдің телерхабарлары үлкен сұранысқа ие. Ал қаладағы көрермен көбіне кабельдік жүйе арқылы шетелдік арналарды тамашалайды. Сонда отандық телеарналардың ішіндегі қазақ тілді хабарлардың ауқымы мүлдем тарылып қалатыны анық. Осы олқылықтардың бəрін қалай толтыруға болады? Телеарналар бағытында жекелеген бағдарлама жасап, арнайы ұлттық саясат ұстану қажет пе?

  • Қазір Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш, Қазығұрт, Мақтарал аудандары қазақстандық телеарналарды көрмейді. Таңнан кешке дейін өзбектердің телеарнасын тамашалайды. Қараңыз, «Өзбек телевидение-1», «УзТВ-2», «Марказ ТВ», «Яшлар», «Спорт Өзбек- стана», «Ташкент ТВ» секілді арналарын Оңтүстік Қазақстан об- лысы халқының тең жарымы көріп отыр. Радиосында да тек өзбек- тің музыкасы ойнайды. Мен Түркімендердің төрт телеарнасын көріп жүрдім. Төртеуі де түркіменше. Кішкентай ғана Түркіменстан, бірде-бір басқа тілдегі хабар жоқ. Онда тұтас қазақтар тұратын ау- дандар бар. Олардың да ештеңесін көре алмайсыз. Түркімендер болса телевизиямыз жаман болып қалды деген жоқ, өз жүректеріне жақын бағдарламаларын жасап, дəстүрін ұлықтап, жайбарақат жүріп жатыр. Міне, кеше ғана өзімізбен қатарлас жүрген елдер осындай. Ал солтүстіктегі халық он төрт телеарна көреді. Оның он екісі орыс, қалған екеуі қазақ тілінде. Ол екеудің өзі заңымызға сай, 50 де 50 өлшемімен ғана хабар береді.


Құдай сақтасын дейік. Егер біздің ақпарат кеңістігімізге қытайлар келетін болса – не боламыз?! Оларда тоқсаннан астам телеарна бар. Бір арна тұтас қытай тарихын көрсетеді. Мен Бейжіңге барған кезімде сол арна жапондарды барынша жамандап жатты. Олардың басқыншылы- ғын, кейін Маоның оларды қалай жеңгенін айтумен болды. Телеарнала- рын қанша аударыстырсақ та, Еуропаның немесе басқаның бірде-бір фильмдерін көрсеткен жоқ. Бір арна тұтас спорт, күні бойы қытайдың


 


жеңімпаздығы, қытайдың рухын көтеру. Бір арнасы түгел өнерге арналған. Оларда анда-санда шетелдік фильмдер көрсетіліп қалады екен, таяуда оны да шектеу керек деген шешім шығарды.


– Ал біздегі шетелдік БАҚ-тың экспансиясы азаятын түрі байқала ма?



  • Бізде ресми тіркелген 2970 бұқаралық ақпарат құралдары бар екен. Оның 2756-сы мерзімдік. Осылардың 453-і қазақ тілінде. 2303-і орыс тілінде. Бұл Қазақстанның өзінде шығып жатқандары. Енді осыған Ресейден келетін 5248 газет-журналды қосыңыз. Олардың телевизиясындағы бəленбай бағдарламаларын қосыңыз. Барлық радио стансалары біздің ақпараттық аспанымызды торлап алған. Алатаудан құлаған сел тəрізді. Міне, қазақтың санасын талқандап жатқан да осы ақпараттық сел. Яғни ақпараттық басқыншылық. Біздің еліміз тəуелсіздік алғаннан бері ақпараттық тəуелсіздік бағытында жұмыс істелген жоқ. Шығып жатқан қазақ газет-журналдары аз да, əлсіз. Ең көп дегені «Егемен Қазақстан». Ал қалған тəуелсіз басылымдардың Ресей баспасөзінің жанында үні де шықпайды. Басқасын былай қойғанда, Алматы мен Астанадағы дүңгіршектерден қазақ газеттерін іздеп жүріп əрең табасыз. Міне, бұл мемлекеттік саясаттағы, идеологиядағы біздің ең бір осал тұсымыз. Ең қорқыныштысы осы. Біз ертең қандай халық болып шығатынымызды білмейміз.

  • Енді не істеу керек?

  • Тəуелсіз ел болу үшін шетелден келетін БАҚ өнімдері 20 пайыздан аспау керек. 80 пайызды өз елінің үлесінен толтыруы тиіс. Мəселен, біз оны қазақ ұлтының мүддесін негіз ете отырып жасауымыз қажет. Өткенде Ресей президенті Дмитрий Медведев өз елінің БАҚ өкілдерімен өткізген бір жиында «құдайға шүкір, біз тəуелсіз елміз, бізде 80 пайыз БАҚ тек орыс тілінде», – деді. Оның бұнысы астамдық. Себебі ол тек орыстардың ғана басшысы емес. Ресейде бірнеше ондаған ұлттар бар ғой. Солардың ішінде жойылу қаупі төніп тұрған 136 тіл бар екенін ол білмей отырған жоқ. Бұның салқыны бізге де келіп жатыр. Бізбен тағдырлас тəжік елін алайық. Олар өткенде тіл туралы заңының 20 жылдығына байланысты, орыс тілінің ұлтаралық тіл деген мəртебесін алып тастады. Ешкім жылқысын тиып алған жоқ. Ол өзінің халқын, елінің болашағын ойлап отыр. Бұл мысалдар Белоруссия, Украина, Грузия елдерінде де ұтымды көрініс тапқан. Ал біз болсақ, жалпақ шешей қалпымыздан арыла алмай келеміз.


 


Саралы сөз


Тəуелсіз, ешкімге жалтақтамай шындықты айтып отыратын телеарналар болуы керек. Оларды тұншықтырмау керек. Ондай ар- налар бұрын да туған болатын. Олар артық кетуі, белден басуы мүмкін. Қалай дегенмен де біз тəуелсіз ой айтуға, жағынбай, тура да тік пікір білдіре алатын адамдарды тəрбиелеуге жол ашуымыз


 


керек. Əйтпесе қоғам дамымайды. Қазақ қоғамы бұрынғы бар қал- пынан, бейнесінен айырылып қалады. Біз айырылып та қалдық содан. Жалтаңкөз, кім бастық болса соның табанын жалайтын, ертең ол кеткенде аузына келгенін көкіп жамандайтын екіжүзді елге айналып бара жатырмыз. Халқымыздың өзі сол екіжүзділікке қарай бейімделіп бара жатыр. Бірен-саран адамдар бар. Бірақ олардың тағдыры да Абайдың «Масғұт» поэмасында айтылғандай болып тұр. Ол поэмада жынды суды ішіп алған бір топ жынды жандарындағы жалғыз сау адамды жынды дейді. Ақыры шыдамаған соң жынды суды ішіп əлгі сау адам да жындыға айналады. Сөйтіп бəрінің көңілі тынады. Құдай сондайдан сақтасын.


 


Сұхбаттасқан Мұрат Алмасбекұлы.


«Алаш айнасы» газеті, 15 сəуір 2010жыл


 





Пікір жазу