02.03.2022
  339


Автор: Баламер Сахариев

ЭНАНСИ БАЛЫҚШЫ

Африка ертегісі


 


Батыс Африкада, ну орманның жанында, Ашхенти деген жерде, Энанси атты кісі болыпты. Атақты аңшы, айтулы іскер болмаса да, оны төңіректегі жұрт түгел біледі екен. Энансидің аты еріншектік- пен жəне қулықпен шықса керек.


Атышулы қудан жұрттың бəрі аулақ жүруге тырысатын бопты. Сондықтан ол əрдайым жаңа бір қулық ойлап табуға құштар екен.


Бір күні Энанси Оусанса деген кісіге жолығыпты.



  • Ей, менің сөзіме құлақ сал, – депті ол, – теңізге ау салайық та, балық ұстап сатайық, бірден байып шыға келеміз.


Бірақ Энансидің қулығына сырттай қанық Оусанса:



  • Жоқ, ішіп-жемге жететін байлық өзімде де бар. Балық ауласаң, өзің аула, – деп жауап беріпті.

  • Мəссаған! Жалғыз ауласам, бар жұмысты өзім істеймін ғой.


Маған бəрін мен үшін істейтін адам керек.


Оусанса кеткесін, біраздан соң Энанси Анени деген кісіге кез- десіп:



  • Достым, бері қара, теңізге ау салып, балық ұстап сатып, байысақ қайтеді? – депті.


Энансиді бұл да жақсы біледі екен, сонда да келісіп:



  • Несі бар? Жалғыз аулағаннан екеу боп аулаған тиімді, мен əзірмін, – депті.


Екеуінің уəдесі елге тез тарап кетсе керек. Бір күні Оусанса Анениге жолығып:



  • Сені Энансимен бірге балық аулайтын бопты деп естідім. Байқа, ол сені алдап кетіп жүрмесін. Оған жұмысты біреу істеп, пайдасын өзі көрсе болғаны, – депті.

  • Сонда Анени:

  • Бүлк етпе, Оусанса, кім ақымақ болғанын көре жатармыз, – деп жауап беріпті.


Келесі күні таңертең Анени мен Энанси ау тоқу үшін пальма ағашының бұтақтарын кесуге орманға барыпты. Энанси жол бойы Анениді қалай алдасам екен деп келе жатады. Орманға келісімен Анени кенеттен:



  • Уһ, Энанси, достым, буманы мен көтерейін, ал мен үшін сен шарша депті.

  • Жоқ, ол болмайды, – депті Энанси. – Мен соншама ақымақ емеспін. Буманы мен алып жүремін, ал сен сол бұрынғыша шаршай


 


бер. Сөйтіп ол буманы иығына салып алып деревняға аяңдай беріпті. Ал Анени қасында келе жатып: аһлап-уһлей беріпті.


Деревняға келген соң Анени əбден шаршаған дауыспен:



  • Ал, достым, ең болмаса, енді орын алмастырайық. Мен ау тоқиын, сен шарша, – депті.

  • Жоқ, жоқ! – деп Энанси тағы да келіспепті. – Əу баста келіскен өзің, енді ақырына дейін шаршайтын өзің боласың.


Ол ау тоқуға кірісіпті де, Анени белгілі əніне салып, көлеңкеде жатып, шаршағаннан көзін жұмып, мызғыпты.


Ау тоқып отырып Энанси шалқасынан түсіп жатқан Анениге қарап тілін шығарып мазақтапты – Анени де ақылдымын дейді-ау, – деп ойлапты ол, – нағыз ақымақтың өзі. Қарашы аһлап-уһлеп өлейін деп жатқанын».


Ау əзір болған соң Анени орнынан əзер тұрып:



  • Ох, Энанси, ең болмаса енді берші, ауды мен алып жүрейін, сен шарша, – депті.

  • Жоқ, сен қатарласып жүріп отыр да, өз шаршауыңды біл.


Сөйтіп екеуі бірі ау көтеріп, бірі шаршап теңізге келіпті. Анени айтыпты:



  • Тоқтай тұр, Энанси. Ойланып алайық. Бұл жерде акула көп жүреді. Мен жалғыз барып теңізге ау құрайын, егер мені акула жеп қойса, мен үшін сен өлетін бол.

  • Тапқанын қарашы, – деп ашуланыпты, Энанси. – Одан да мен өзім барып ау құрамын, акула жеп қойса, мен үшін сен өлетін боласың.


Сөйтіп, ол ауды теңізге ала жөнеліпті.


Ертеңіне екеуі ау қарай келсе, төрт балық түскен екен. Анени тұрып:



  • Энанси, бар-жоғы түкке тұрмайтын төрт шабақ екен, бүгін сен ал. Ертең шамасы, балық көп болар, соны мен алармын, – депті.

  • Қарай гөр мынаны, – депті Энанси. Айтқанға көне салатын мені бір ақымақ көресің бе? Мына түкке тұрмайтындарды сен ал, ертеңгіні мен аламын.


Анени көп ойланып жатпай-ақ, төрт балықты алыпты да, қалаға апарып сатыпты.


Ертеңіне ауға сегіз балық түсіпті: Анени отырып:



  • Мынаны қара, Энанси, не бəрі сегіз-ақ балық екен. Бүгін сенің кезегің болғаны қандай жақсы. Ертең көп түскенін мен алатын бол- дым.


 



  • Жо-жоқ! – деп көнбепті Энанси. – Бұларды да сен ал, ертеңгі молын мен аламын.


Анени тағы сегіз балықты қалаға апарып сатыпты. Сөйтіп, күндер өтіп жатады. Анени балықтарды ала береді, ал Энанси балықтың көп түскенін тосып жүре береді.


Ақырында, бір күні ауға бір-ақ балық түскен екен. Сөйтсе олар аудың шіріп кеткенін көріпті.



  • Əрине, бүгін сенің кезегің, Энанси, – депті Анени. Мен қуаныштымын. Сен қалаға апарып балықты сат, ал мен ауды сатайын. Ол үшін едəуір ақша табуға болады. Қалай менің ойлап тапқаным ұнай ма?

  • Хм, – деп міңгірлепті Энанси. – Тоқтай тұр, асығудың керегі не?


Одан да ауды мен сатайын, ал балықты сен ал.


Сөйтіп, олар қалаға барыпты. Анени балығын тез сатыпты, ал Энанси көшеде айқайлап, арлы-берлі сандалып жүріпті.



  • Кімге шіріп кеткен ау керек?! Шіріген тамаша ау сатамын. Ақыры оның дауысын дуанбасы есітіп, қатты ашуланып Энан-


сиді алып келуге əмір беріпті.



  • Сен менің қаламда не істеп жүрсің? – деп сұрапты ол.

  • Мен шіріген ау сатып жүрмін, – деп жауап беріпті Энанси шімірікпестен.

  • Сен өзің жынданғанбысың? Бізді кім деп ойлайсың? Сенің сыңарың Анени жап жақсы балық əкеліп сатты. Ал сен болсаң, жұртқа əлде қашан далаға тастайтын шоқпытты сатқың келеді. Сен немене, бізді мазақ қылғың келе ме? – деді де, дуан басы оған дүре соғып, қаладан қуып жіберуге əмір етті.


Ох, Энанси ойбайлады дейсің!


Ақырында қаланың қақпасынан шығарып жіберген соң оған Ане- ни айтты:



  • Ілгеріде бұл саған сабақ болады. Сен жұртты ақымақ қылайын деп жүріп, өзің ақымақ болдың.

  • Иə, иə, айтқаның рас, – деді ол, екі бүйірі мен арқасын си- пап. – Сен де жақсы-ақ серік боп шықтың. Мені таяқтап жатқанда ауыртпалығын сен алсаң бірдеңең кетер ме еді!


«Қазақстан пионері», 16.04.1969 ж.


 





Пікір жазу