02.03.2022
  250


Автор: Баламер Сахариев

Аңшы мен шымшық

Бір шымшықты аңшы ұстап алыпты.



  • Мені қайтпексің? – деп сұрапты құс.
  • Сойып, етіңді жемекпін, – деп тіл қатыпты аңшы. Шымшық жалыныпты:
  • О, мейірімді адамзат, жанымды қия көр! Мені жеп бəрібір жарылқанбассың. Босатамын деп уəде бер, мен саған жақсы үш ақыл айтайын. Менің етімнен гөрі олардың беретін пайдасы анағұрлым артық. Алғашқы ақылды өзіңнің қолыңда тұрғанда айтамын. Екін- ші ақылды сонау ағаштың басында отырып айтамын, ал үшіншісін


  • ана жартасқа ұшып жеткен соң ғана айтамын.

    • Ал, тыңдайық, – депті аңшы.
    • Келмеске кеткен дүниеге өкінуші болмағайсың.



Бұл ақыл аңшыға ұнап кетіпті де, шымшықты қоя беріпті.



  • Өмірде болмайтын қисынсыз іске ешқашан сенбегейсің, – деп- ті шымшық ағашқа қонып алған соң. Сонан соң қанатын бір сілкіп алып, сөзін сабақтай түсіп:

 



  • Ақымақ адам! Егер мені сойсаң, ішімнен баға жетпес екі асыл меруерт тас алар едің ғой.

Өкініштен іші күйген аңшы саусақтарын сыртылдатып:



  • Мүлде зым-зыя ұшып кетпей тұрғаныңда үшінші ақылыңды айтшы! – депті.
  • Алдыңғы екеуін ұмытып та үлгердің, қалғанын айтып не өнер дейсің. «Келмеске кеткен дүниеге ешқашан өкінуші болмағайсың,

«өмірде болмайтын қисынсыз іске ешқашан сенбегейсің», – демедім бе, əлгінде мен саған? Ал сен мені қолыңнан шығарып алғаныңа өкініп, ішімде меруерт тастар бар дегенге сеніп қалдың. Теңіздің түбінде ғана болатын асыл тас құстың ішінде жатқанын қайдан көріп ең?


«Қазақ əдебиеті», 16.05.1958 ж.


 





Пікір жазу