ІЗДЕСЕК ЕГЕР ІЗТАЙДЫ...
Ұмытпасам, 1953 жылы жаз айларыньщ бірінде Пролетар көшесіндегі он бірінші үйде орналасқан Жазушылар одағына бар- дым. Қазіргі «Жұлдыз» журналының редакциясы да сол үйде бола- тын-ды. Журналдың сын бөлімін басқаратын курстас досым Айқын Нұрқатовқа келген шаруаның жайын енді айта бастағаным сол еді, есіктен түсі бейтаныс, танауы қусырыңқы, тəмпіш мұрын, орташа бойына қарамай сəл еңкіштеу қара жігіт кірді. Бет əлпетіне қарап, сы- найы мен сияқты жас авторлардың бірі боларсың деп онша мəн бере қойған жоқ едім, жігіт аядай бөлмеге иін тіресе қойылған үш-төрт столдың біреуінде жатқан қағаздарды жинастырды да, менің сөзімді киіп кетіп: «Əй-аға, мен бір сағатқа бір жаққа барып келейін деп едім, бастықтар іздей қалса, өзін түсіндіріп айтарсың», – деді де, шығып кетті. Əдетте əдебиет əлеміне жаңа келген адам жасқаншақтау, тіпті, редакция деп аталатын мекеменің курьерін көрсе де ізетшіл, ілти- патшыл болады ғой. Мен де соған бағып, жүріс-тұрысына қарағанда
«мына қара тегін болмады» деп ойладым да, Айқыннан сұрадым.
Əлгі жігіт сол жылы ғана университет бітірген жəне Айқынның ай- туымен редакцияның поэзия бөліміне қызметке алынған жас ақын Ізтай Мəмбетов болып шықты.
Көп кешікпей-ақ Ізтай есімі жыр сүйер қауымның аузына ілікті. Бірінен бірі асып түсіп жатқан ойлы, жүрекке жол тапқан сыршыл да сындарлы лирикалық шумақтарын туындатқан ол поэзиямыздың тарлан өкілдері Сəбит Мұқановтың, Əбділда Тəжібаевтың, Қалижан Бекхожин мен Хамит Ерғалиев, Сырбай Мəуленов, т.б. осылар сын- ды ақындардың сынына толып, ыстық ықыласына ие болды, баспасөз беттерінде олардың жылы лебіздерін естіді. Ал журналда қызмет істеген жылдары ақын творчествосының қалыптасу сəтіндегі бір үлкен басқыш, тұтас бір мектеп болғандығы даусыз. Жалпы, Ізтай достыққа берік, тиянақты, пейілі түскен адамына үстіндегі соңғы көйлегін шешіп беруге əзір тұратын жомарт еді, екі сөйлемейтін жəне ойына алғанын қандай жағдайда да көлгірсімей көзге айтатын. Ақынның:
Кесірлік етсең, кесірлік етер жыным бар,
Сырласа білсең, сыйласа білер сырым бар.
Түн болсаң – түндей, күн болсаң – күндей қыбым бар,
Көңілім осы, сыймаңдар мейлі сыйыңдар, – деген сөздерінде оның адамдық, азаматтық тұлғасы тұрған болса:
Тек əйтеуір жүргенім жоқ ермекпен, Шын тəттілік іздей бердім көрмектен. Көпшіліктің көнілі боп маздадым,
Осы менің өз қызметім елге еткен, – деген жыр жолдарында оның бүкіл ақындық болмысы жатыр. Ол сондықтан да жылуы мол, қызуы зор жыр жазды, көптің көңілін тапты, өмірден де, Абай атамыз айтқандай, «жайнаған туы жығылмаған» қалпында, маздаумен өтті. Тірі болса, бүгін елуге келер еді-ау деп еске алғанда, өлең əлеміне өзгеше көзбен қарайтын талғампаз ақын Əбділда Тəжібаевтың сол тұста «Ізтай қыршын кетті, барлық берерін түгел бере алмай кетті...
Бұл біз үшін үлкен өкініш, зор күйініш», – деуінде үлкен мəн бар екені тағы да ойға оралады.
Ізтайды жасы кіші інілері ғана емес, құрбы-құрдас замандастары біздер де, тіпті, кейбір жасы үлкен ағалары да «Із-аға» дейтін. Бұл есімді інілері сыйлап айтса, құрбылары ойнап, ағалары еркелетіп айтатын жəне бəріне де жарасып тұратын. Ал сонау 1929 жылдың ақпан айының боранды күндерінің бірінде Ақтөбе облысындағы Та- бантал деген қоныста дүниеге келгенде, сəбидің құлағына айқайлап, ата-анасының азан шақыртып қойған шын аты Ізбасқан екен.
Ізтайдың мінезінде сəл қызбалық та байқалатын еді. Онысын өзі де жасырмай «Ала құйын мінезім бар ашулы, қапелімде басылам ба, болам ба?!» – деп өлеңге қосты. Сол мінезіне қарамай, төңірегіне жұрт үйірілгіш еді. Оның қасынан ақын достарын, кейінгі інілерін жиі көруге болатын. Сонда жұртты өзіне тартып тұратын оның өмірде де, өлеңде де ешбір жасандылығы, жымысқысы жоқ шыншылдығы, қалтқысыз адалдығы, жанының тазалылығы еді.
Əйтеуір менің қойынға тыққан жоқ тасым, Ақ адал жаным – қорғаным, əрі жақтасым. Арманым – жүрек адамды сүйіп тоқтасын!
Арманым – елім ұлым деп сонда жоқтасын! – деген жолдарда ақынның имандай сыры жатыр. Ізтай ерте кетсе де, сол айтқан арма- нына жеткен ақын. Ол өмірінде «көпшіліктің көңілі боп маздады», оның жүрегі адамды сүйген қалпында тоқтады. Бүгін оқырман қауым, халқы, елі азамат ұлын, ақын перзентін іздейді, сонда іздегенің оның артына қалдырған өшпес, өлмес лирикалық жыр кітаптарынан, онға жуық поэма-дастандарынан табады.
«Қазақ əдебиеті», 30.03.1979 ж.