02.03.2022
  163


Автор: Баламер Сахариев

ҚАЛАМДАСТАР ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫС

 


Бұрын күнделікті баспасөз беттерінде ғана бой көрсетіп келген сыншы еңбегінің жеке кітап боп басылуы тым жиі кездеспейтін жəне аса қуанышты оқиға. Өз еңбегінің жемісін кітап күйінде көру əр ав- тор үшін үлкен мерей екені өз алдына, сонымен бірге бұл – барша оқырман қауымға да, əдебиеттің жанкүйерлері мен зерттеушілеріне де шарапаты тиетін іс.


Үстіміздегі жылы жарық көрген сын кітаптарының бірі – Бекмұрат Уахатовтың «Таланттар, туындылар» атты еңбегі. Ол əдебиет тану саласында көп жылдан бері еңбектеніп келе жатқан əдебиетші. «Та- ланттар, туындылар» – оның осы көп жылдық еңбектерінің ішінен іріктеп, сұрыптап алып ұсынып отырған алғашқы кітабы. Жинақка енгізілген зерттеулер мен мақалалар кезінде газет-журнал беттерін- де жарияланып, жұртшылық кəдесіне жараған. Соған қарамастан автор кітапты баспаға əзірлеу үстіңде бұрын жазғандарының өзін қайта қарап, көптеген өңдеулер, толықтырулар жасағаны көрініп тұр. Жинаққа енген материалдардың дені қазақ прозасынын келелі мəселелерін сөз етеді. Əсіресе, «Роман... характер», «Қазіргі повес- тер хақында», «Шағын шығарма шеберлігі» деп аталатын зерттеу- лер – прозамыздың бүгінгі жеткен табыстарын мысалға ала отырып, баянды ой, байсалды пікір түйеді.


«Роман... характер» деп аталатын мақалада Б. Уахатов кезінде


«Қазақ əдебиеті» газетінің беттерінде қазіргі қазақ романы жайын- да көтерілген мəселеге байланысты пікірлерін ортаға салады. Оқиға мен суреттеу жан жақтан (І-жақтан ба. ІІІ-жақтан ба) берілуі керек, романдағы авторлық баяндаудың ролі, ішкі монолог, диалогтардың орны мен мөлшері – міне, мақалаға арқау болған проблемалық түйінді мəселелер осылар.


Кітаптағы келесі бір көлемді зерттеу – «Қазіргі повестер хақында». Бұл Б. Уахатовтың көптен бері зерттеп, етене араласып жүрген тақырыбы. Мақаланың кіріспе бөлімінде повесть жанрының ерекшеліктері туралы айтылып келген теориялық тұжырымдарды жүйелейді де, бұл айтудың өзі орыс əдебиетінде көпке шейін «баян- дау, хикая шерту» мағынасында қолданылып, кейініректе ғана «бірде поэма, бірде əңгіме» деп айтылып келген мағынасынан іргесін ажы- ратып, таза жанрлық қалыпқа көшкенін, ал қазақ əдебиетінде бұл тер- мин бір дегеннен-ақ жанр мағынасында айтылып, Ұлы Октябрьдің өзімен бірлесе келгендігін айтады. Бұдан əрі ол қазақ əдебиетінде


 


соңғы 10-12 жыл ішінде туған повестердің таңдаулы дегендері- не талдау жасайды. Аталмыш уақыттың ішінде ірілі-уақты жүзден аса повесть жарыққа шыққан екен. Əрине, оның бəрін талдап жату бір мақаланы былай қойғанда, тұтас бір кітапқа ауыр жүк. Немесе сыншының басты-басты деген шығармаларға ғана аялдауын дұрыс түсіну қажет. Соның өзінде де мақалада повестері арнайы сөз болған Т. Ахтанов, З. Шашкин, Т. Əлімқұлов, С. Шаймерденовтерден бас- тап Ш. Мұртазаев, М. Сүндетов, С. Бердіқұловқа дейінгі аралықтағы автор тізімінің өзі ғана едəуір орын алып кеткен болар еді. Сонша- ма қыруар дүниені оқып шығу бір күн, ия бір айдың шаруасы емес, ал оның үстіне олардың бірсыпырасына идеялық-тақырыптық, образдық талдаулар жасау үшін көп тер төгілетіні түсінікті.


Міне, осындай талдаулардан соң автор бүгінгі повестер негізі- нен екі түрлі жанрдың (драма мен лирика элементтерінің) син- тезінен тұрады деген топшылау жасайды да, өз ойын былайша тұжырымдайды: «Сөйтіп соңғы он жылда туған повестер өзінің жа- зылу мəнері, жанр табиғатына қосқан жаңалығы жағынан ғана емес, тақырып түрлілігі, көтерген мəселелерінің байлығы жағынан да əр тарап, əр сала екенін көреміз».


Əрине, осы зерттеуде Уахатовтың кейбір жеке повестер жөнінде берген бағасына, образдарды талдауларына дау айтуға да бо- лар еді. Бірақ ол əр автордың талғам-тұщымына қатысты мəселе болғандықтан, өз ойын, өз тұжырымын ортаға салуға праволы. Де- мек, бұл жерде зерттеушіге «олай емес, былай» деп жатуды жөн көрмедік.


Дегенмен, осы тұста Бекмұрат Уахатовқа бірер тілек айтар едік. Мақалада жеке шығармаларға талдау, образдарға анализ жасау көп те, сол анализдерге сүйене отырып, ой қорытындылау, жалпыға тəн ортақ сипаттарды белгілеу (синтездеу) жағы əлі де олқылау тəрізді. Екіншіден, кейбір пікірлер мен тұжырымдар нақтылай, айқындай түсуді талап етеді. Мəселен, ол қазіргі повестерге қойылар талаптың өзгергендігін айтып келеді де: «Бүгінгі жазушының алдында тұрған міндет – адам жанының нəзік сырларын, оның психологиялық жүрек тебіреністерін суреттеу» (45-бет) дейді. Шындығында, бұл – тек бүгінгі ғана емес, жазушы атаулының алдына ежелден қойылып келе жатқан белгілі міндет, белгілі ақиқат. Сыншы ниеті адам жанын, ішкі психологиялық дүниесін суреттеуде бүгін анағұрлым ілгеріле- гендік бар екенін көрсету болар деп топшыладық. Қалай болғанда да сөйлем дəлдікті сүйетіндігін ескерген жөн.


 


Б. Уахатовтың «Эскизден эпопеяға» деген мақаласы М. Əуезовтің


«Абай жолы» романының соңғы кітабына, арналған. Бұл кітапты арнайы бөле қарап сөз етуінде де себеп бар. Эпопеяның барлық төрт томының ішінде авторлық өзгеріске ең көп ұшырағаны осы кітап екені аян. Бекмұрат мақаласында осы жайларды жазушы лабора- ториясына еніп, оның музейінде бар қолжазба матерналдарды, тіп- ті жазушы жинаған фактілер мен жасаған эскиздерге дейін мұқият пайдалана отырып, ғылми түрде жан-жақты зерттегенін аңғартты.


М. Əуезовтің «Өскен өркен» романы өзі қайтыс болғаннан кейін жарияланды. Бұл шығарма жарыққа шығысымен баспасөз бетінде алғаш пікір айтушылардың бірі осы Бекмұрат Уахатов болатын.


Алдымызда В.И. Лениннің туғанына жүз жыл толу, республи- камыздың елу жылдық мерекесі келе жатыр. Б. Уахатовтың жинағындағы «Жүрекжарды жырлар» деп аталатын мақаласы қазақ поэзиясындағы В.И. Ленин образын, көсем бейнесін жасауға қазақ ақындарының қосқан үлесін сөз етеді. Бұл жинақтың сапасын арт- тыра түсері даусыз.


Ал жинаққа енген «Азамат ақын» (М. Əлімбаев творчествосы ту- ралы). «Қазына халықта» (бүгінгі халық поэзиясының жайы тура- лы), «Принципшіл мəдениетті сын үшін» деген мақалалар да өз дең- гейінен табылатын ойлы мақалалар. Қысқасы, Бекмұрат Уахатовтың


«Таланттар, туындылар» атты кітабы туған əдебиетіміздің қазіргі деңгейін танытатын оның бірсыпыра күрделі мəселелерін хал- қадарынша шешкен жəне жұртшылық кəдесіне жарайтын елеулі еңбек болып шыққан.


«Қазақ əдебиеті», 20.09.1969 ж.


 





Пікір жазу