АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ
Ақынның қайтыс болғанына 50 жыл толуы қарсаңында
Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармаларының игі дəстүрі сөз болғанда, оны қазақ өлеңдерінің жасалу техникасына Абай енгізген жаңа формалар мен синтаксистік сөйлем құрылыс- тарының, сөз қолданыстардың тұрғысынан ғана танып қою аздық етеді. Абай мұрасының тамаша дəстүрлерінің бірін оның қазақ халқын ұлы орыс халқымен, сондай-ақ басқа да туысқан халықтар- мен достыққа, мəдени қарым-қатынас жасауға шақырған тамаша прогресшіл идеясынан іздеу қажет. Бүгінгі ұрпаққа Абай қадірін арт- тырып, ақын атын ардақтатып отырған да – оның осындай достықты үгіттеуі, сол жолда тынбай істеген творчестволық еңбегі болса керек. Қазақ халқын ұлы орыс халқымен жəне басқа да туысқан халықтармен достыққа шақыру – Абай творчествосының прогрес- шілдік сипатын белгілейтін ең негізгі, басты тақырыптың бірі. Абай шығармаларында тамаша интернационалистік пікірлер бар. Əрине, бұдан Абай барлық елдердің еңбекшілерін күреске шақырды деген ұғым тумайды. Абай барлық елдердің еңбекшілерін емес, тіпті, қазақ еңбекшілерінің өзін де күреске шақыра алмады. Бұл Абайдың бүкіл творчествосындағы, қоғамдық əлеуметтік пікірлері мен идеясындағы
шектелушілік еді.
Абай өзінің көптеген өлеңдері мен қара сөздерінде қоғамдық дамудан кенжелеп қалған қазақ халқын озық елдердің өнерінен, мəдениетінен, ғылымы мен білімінен үйренуге үтіттеді. Оның ең алдымен үлгі етіп уғынғаны да, өзіне ұстаз тұтып оқып, үйренген мектебі де орыс жұрты, орыс халқының прогресшіл мəдениеті бол- ды. Ақынның сол кездегі тайынсыз, харекетсіз, «елең еткенмен өмір оздыруға құмар қазақ жастарына орыстың ұлы жазушылары Салты- ков пен Толстойдан үлгі алуға шақыруы да сондықтан болатын.
Ақын орыс тілі мен орыс мəдениеті арқылы қазақ халқын бүкіл адамзаттық мəдениетке жетуге, сөйтіп өнерлі жұртты мəдениетті халықтың қатарына қосылуға талпындырмақ болды. Орыс тілін үйрену мақсатын ақынның өз көңіліндегідей танып ал- май теріс түсініп, я тілді білуді патшаға қызмет етіп, «шен-шекпен киюдің» қарызындай танып жүрген кейбір қазақ жастарына Абай орыс ғылымын оқып, үйренудегі дұрыс мақсатты айқын ашып, түсіндірді.
Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме Оқалы киім киюге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге, – деп жазды Абай.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына орыс халқының тұрмыс салтының шындап араласа бастауы орыс мəдениетіне бой ұруды тудырмай қойған жоқ, қазақ жастарының алғашқы буыны ғылым мен мəдениетке ұмтылды. Міне, Абай идеясы да қоғамдық дамудың осындай тынысынан келіп туған еді. Өйткені, қашан да болсын ақынды халық пен өмір сүрген заманы тудырады.
Абайдың өмір сүрген заманы, сонымен бірге, қазақ даласында ислам дінінің де əрекеті күйген кез еді. Ислам діні фанатиктерінің ең зиянды жəне ең қауіпті əрекеті – олардың қазақ халқын ұлы орыс халқының мəдениетінен алыстатқысы, сөйтіп, реакцияшыл шатыс- тың кертартпа мəдениетіне қарай бейімдегісі келген еді. Олар өздіерінің бұл зұлымдық пікірлерін діни қабыршақтармен бүркеме- леп отырды, орыс халқын басқа діннің адамдары бодтандықтан, мұсылман емес, жаттар деп түсіндірді. Ислам дінінің бұл зыянды əрекетін патша үкіметі өз мақсаттары үшін барынша қуаттады. Патша үкіметі Россияның шет аймақтарындағы халықтарды орыс халқының мəдениетінен жырақ ұстағысы келді. Өйткені, патша үкіметі арт- та қалған қараңғы ұлттардың еңбекшілеріне орыс еңбекшілерінің көрсететін күрес үлгісінен беретін өнегесінен мейлінше қорықты. Ал, ислам дінінің əлгіндей үріті патша самодержавиесінің ұлт араздығын қоздыру отына май құйды.
Əрине, қазақ халқының орыс халқына, оның озат мəдениетіне
ұмтылуын патша үкіметінің реакцияшыл саясаты да, сондай-ақ ис- лам дінінің үгіті де тоқтата жаздады. Алайда қоғамның анағұрлым артта қалған бөлігінің ішінде, діннің айтқанына көзсіз еріп, «орыс» деген сөзге тосырқап, үрке қарайтын адамдар болған жоқ деп айту қиын. Өйткені əрбір қоғамда үстем идеология – сол қоғамдағы үстем таптың идеологиясы. Ал, үстем идеология өз үстемдігін сездірмей, қоғамдық пікірге əсерін тигізбей отыра алмайды.
Орыстың революционер демократ сыншысы Добролюбов осын- дай жағдайларды ескеріп, «бір сыпыра шет аймақтардағы ұлттар
орыстарға сенімсіздікпен қарайды, ал, бұған кінəлі орыс халқы емес, патша самодержавиесі деген болатьын.
Міне, Абай қазақ қоғамындағы артта қалған пікірлерге орыс халқының мəдениетіне жакындасуға бөгет жасайтын зиянды үгітке қарсы күресті. Сөзге құлақ бермей, жамандық болса «орысқа» ауда- ра салатын надандықты аяусыз əшкереледі. «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінде:
«Орыс теріс айтпайды, Жалған бол деп оларды. Қаны бұзық өзі ойлар, Қк менен сұм болдырды
Орыста қалар жаласы», – деді ұлы ақын.
«Қаны бұзықтардың» кеселді пікірлерін əшкерелей отырып, Абай Россияның прогресшіл мəдениетіне жету қазақ халқының шы- найы арманы екенін түсіндіреді. Сондықтан да ол ескіліктен, ислам дінінің кертарпашылығынан қол үзу керек деп тапты. «Орысша оқу керек, қызмет те, мал да, өнер де, ғылымда – «бəрі орыста тұр. Зала- лынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымнын білмек керек. Оның себебі: олар дүниенің тілін білді, мұндай бол- ды. Сен оның тілін білсең көкірек көзің ашылады... орыстың ғылым, өнері – дүниіенің кілті, оны білгенше дүние арзанырақ түседі... ту- расын ойлағанда балаңа қатын əперме, енші берме, барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет», – деді Абай.
Ұлы ақын кейбір қазақтың бір халықты «сарт», бір халықты
«ноғай» т.б. деп менсінбей қараған теріс пікірлерін де əшкерелеп, ол халықтардың өнері қазақтан əлдеқайда артық, сондықтан олардан үйрену керек деп үйретті, озық елден үйреніп, оған жақындасқанның пайдасын түсіндірді. Бұл халықтар өтірік пен өсек қумай, шаруа қуып, өнер тапқан халықтар деді.
Басқа халықтардан, əсресе орыс халқынан үйреніп, оған жақын болуды мұсылманшылықтың кешпес күнəсындай етіп түсіндіретін реакцияшыл діни көзқарасты батыл əшкерелеу – Абай заманы үшін бұл, сөз жоқ, интернационалистік пікір. Өйткені Абай заманында қазақ қоғамында бұдан озған пікір айтқан ешкім болған жоқ. Абай қазақ халқының болашағы ұлы орыс халқымен достықта, мэдени қарым-қатынас жасауда екенін өз кезінде өзгеден артық түсінді. Абай қазақ халқын орыс халқымен, сондай-ақ, басқа да туысқан халықтармен достыққа шақыра отырып, өзі де сол жолда аянбай қызмет істеді. Абайдың орыс əдебиеті үлгілерінен жасаған аударма-
сы да осыны дəлелдейді. Ақын орыс халқының бай əдеби мұрасын қазақ халқына өз ана тілінде таныстыру мақсатын көздеді.
Ертеме, кеш пе орыс халқының мəдениеті бүкіл Россия халықтарына ортақ мəдениет болатынын, сол кезде «дауысым бүкіл Россияға тарайды» деп, болашаққа үлкен үміт артқан даныш- пан Пушкиннің «Ескерткішін», сол сияқты ұлы революционор демократтардың Россияның болашағы жөнінде орыс халқының шет аймақтар үшін атқаратын ролі жөнінде айтқап пікірлерін оқып- білген Абайдай ұлы ақынның халықтарды достыққа, білімділікке, ынтымаққа шақыруы əбден заңды да жағдай ғой.
Алайда Абай көзі тірісінде көңіліндегісін көре алмай кет- ті. Ақынның шынайы арманы тек советтік заманда ғана жүзеге асып отыр. Қазір қазақ халқы туысқан орыс халқының толық қамқорлығының арқасында ССРО-ның барлық халықтарымен дос, терезесі тең ел болып, социалистік мəдениетке өз үлесін қосуда.
«Лениншіл жас», 30.06.1954 ж.