02.03.2022
  208


Автор: Баламер Сахариев

ЗЕРДЕЛІ ЗЕРТТЕУ

 


Ұлы жазушымыз Мұхтар Əуезов өзінің «Октябрь өрені» атты мақаласында қазақ-совет əдебиетінің 40 жылдық өсу жолын шола келіп: «...əдебиетіміздің өрлеу табысына көп көмек ететін бір топ жандардың аттарын қоса атамасақ, сөз сыңаржақ болар еді. Біздің əдебиетіміздің бар жаңалығын, батыл ізденгіш өзгешелік қасиеттерін өзіміздің заманымызбен нық байланыстырып өсіре түсуге айнымас көмекшілеріміз де себепші болды. Олар бар жазушылармен тізе қосып, білекке білек жалғасып, қатар жасасып келе жатқан біздің сыншыларымыз бен əдебиет тарихшыларымыз» – деген еді де жəне сол топтың көш басында Сəкен мен Сəбит есімдеріне жалғастыра Қажым Жұмалиевті атаған болатын. Қ. Жұмалиев əдебиеттану ғылымында талмай еткен еңбегімен танылған белді де білгілік- ті ғалым ғана емес, сонымен бірге көркем əдебиет саласында жа- рыса жазып келе жатқан жан-жақты қаламгер. Ал жан-жақтылық, ақындық, жазушылық оның ғалымдық еңбегіне, шығарманы, ақын-жазушылардың өздеріне хас қасиеттер мен ерекшеліктерді ежелеп, мүшелеп терең талдауда көп септігін тигізетіндігі өзінен- өзі түсінікті. Бұл жай бұрын да ғалымның жазған оқулықтары мен монографиялық еңбектерінен, жеке зерттеу мақалаларынан айқын көрінетін.


Зерттеуші ретінде Қажым Жұмалиев қазақ əдебиетінің сан сала- сында түгел дерлік еңбек етіп келген ғалым. Оның ғылыми еңбектері


 


ауыз əдебиетінің үлгілерін, əдебиет тарихының əр алуан күрделі мəселелерін, əдебиет сынының актуальдық проблемаларын, сондай- ақ əдебиеттің теориялық мəселелерін камтиды. Ол VIII-IX кластарға арналған қазақ əдебиеті оқулығының, Махамбет Өтемісовтің өмірі мен творчествосы жайлы көптеген мақалалар мен фундаменттік монографиялық зерттеудің, «Қазақ əдебиеті тарихының мəселелері жəне Абай поэзиясының тілі», «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы жəне Абай поэзиясының тілі», «Қазақ эпосы мен əдебиет тарихының мəселелері», «XVIII–XIX ғасырлардағы қазақ əдебиеті» т.б. кітап- тардың авторы.


1966 жылы «Жазушы» баспасынан ғалымның «Стиль – өнер ерекшелігі» атты əдеби зерттеу мақалаларының жинағы жарық көрді. Жинақта жалпы жазушының жазу мəнері, стиль ерекшелігі дегеннің теориялық түсіндірмесінен басқа Сəкен, Ілияс, Бейімбет, Сəбит, Тайыр, Əбу, Дихан сияқты қазақ-совет əдебиетінің белгілі өкілдерінің творчествосын талдауға арналған мақалалар енгізілген. Алдын ала айта кететін бір жай – автор олардың басты-басты көркем туындыларына идеялық тақырыптық талдау жасай отырып, негіз- гі нысанаға олардың өздеріне лайық, басқадан айыра танытарлық стиль ерекшеліктерін, көркемдік шеберліктерін алған да, сөйтіп жал- пы жинаққа белгілі бір бағыт-бағдар беріп, тақырыптық тұтастық тапқан.


Жинаққа енген «Стиль – жазушының өзіне тəн ерекшеліктер»,


«М. В. Ломоносов тіл мен стиль туралы», «Ұлы ойлардың ұшқыны» атты мақалалар стиль мəселелерінің жалпы теориялық ұғымын жан- жақты, егжей-тегжейлі қамтып, кеңінен сөз етеді.


Ұлы Октябрьдің перзенті – қазақ əдебиетінің табыстарын, əлемге əйгілі туындылар беріп, туысқан халықтар əдебиеттерімен терезесі тең, үзеңгі қағысқан іргелі əдебиет болып отырғандығын заңды мақтаныш еткенде, біз Мұхаң марқұм айтқандай, оның сол шыққан биігіне лайық сыны мен əдебиеттану ғылымы да өсіп-өркендеп, қатар дамып келе жатқанын білеміз. Бұған əсіресе соңғы 10–15 жыл- да жеке кітап болып басылып шығып жатқан зерттеулер мен сын материалдарының өзі-ақ айқын айғақ бола алады.


Алайда, тұтастай алып қарағанда, қыруар табысы бар əдебиет- тану ғылымы мен сынымыздың сүрінер томары, «Ахиллестің өкшесіндей» осал да дімкəс жері, əлі де болса, ақын-жазушылардың өздеріне хас стильдік ерекшеліктерін, творчестволық мəнерлері мен көркемдік шеберлік, тіл мəселелерін зерттеу болып отырғандығын


 


мойындамасқа лаж жоқ. Демек, бүл салада əдебиетшілеріміздің əлі де тындырғандарынан тындырары көбірек. Ал осы жайды ес- керсек, ғылыми еңбектерінің денін əдебиет тарихы мен теориялық мəселелеріне арнап жүрген педагог ғалымның сөз болып отырған кітабының құндылығы да бір саты биіктей түсері даусыз. Аталған алғашқы мақаласында автор қазіргі қазақ-совет əдебиеттану ғылымы мен сынының ең бір зəру, ділгəр болып отырған мəселесіне аз жазы- лып келгендігін біршама сөз ете отырып былай дейді:


«Шынында да жазушының стилі деген сөз айтуға оңай болса да, қолға ұстатқандай етіп дəлелдеп беру, стиль ұғымын айқындайтын жəйттердің бəрін толық қамту кімге де болса қиын. Сол себептен, стильді сөз етушілердің кемшіліктерін меңзесек те, оларды даттау- дан аулақпыз».


Бұл сөздер шынайы ғалымға лайық сыпайылық танытып қана қоймайды, сонымен қоса осы кітаптың атқарар міндет, көздеген мақсат, көтерер жүгінің көлемін де белгілейді. Автор ең алдымен стиль деген ұғымның соншалықты кең екендігін, атап айқанда, оның əдеби тəсіл (метод) мағынасынан бастап, мазмұнға, түрге қатысын, көркем тілмен байланысын, сондай-ақ стиль ерекшелігін зерттеу тек əдебиетшілердің ғана емес, тіл мамандарының да ортақ төл ісі екендігін тайға таңба басып, соқырға таяқ ұстатқандай айқын да та- лассыз мысалдармен дəлелдей отырып сөз етеді. Мақалада стильдің тəсілдік кең ұғымын былай қойғанда, бергі, нақты жазушылық ерек- шелік ұғымына оралғанның өзінде, ол тақырып таңдаудан бастап, шығарманың идеялық мазмұны, жанры, композициясы, образ жасау əдістері, сөздік қоры, сөйлем құрылыстары, поэтикалық тілі т.б. то- лып жатқан компоненттерді қамтитындығы байсалды түрде баянда- лады, стильдің жалпы тарихынан бірқыдыру мəліметтер беріледі.


Бұл материалдағы тағы бір назар аударарлық мəселе – стильдің


табиғи талантқа, дарынға қатысы. Асылында, жазушының стилі бірді-екілі шығарма жазумен қолма-қол қалыптаса салатын оп-оңай дүние емес. Рас, əдебиет тарихы бірден өз стилін ала келген дарын иелерін де біледі. Бұл жөнінде алғашқы шығармаларының өзімен- ақ көркемдіктің белгілі биігінен табылып, көптеген жазушылардың басынан кешетін əдеби шəкірттік кезеңін аттап өткен Л. Толстой, М. Горький, М. Шолохов, қазақ топырағында Абай мен М. Əуезов есімдерін атауға болады. Алайда бұл данышпандықпен шектесетін таланттар тобына ғана тəн, тарихта ете сирек кездесетін құбылыс.


Əрине, ұлылыққа дарыннан гөрі тынымсыз еңбегіне, жігері


 


мен қайратына көбірек сүйеніп жететін таланттар тобы да тарих- та аз емес. Міне, дəл осы топтағы жазушылардың стилі іздену, өсу, үйрену, зерттеу, оларын өз бойына дарытып, сіңіру сияқты көптеген факторлардың нəтижесінде біртіндеп қалыптасады. Ал əдебиетте өз стилін қалыптастырып, өз ізін, өз қолтаңбасын танытқан та- лант өз еліктеушілері мен үйренушілерін де табатындығы даусыз. Демек, шын мəнінде қалыптасқан стиль – шынайы таланттың ғана үрдісі деп танысақ, ол белгілі бір топта ұстаздық хақына да ие бола алатындығын ұмытпау қажет. Олай болса, бірлі-жарым шығармасын жаза салып, əдебиет табалдырығын аттар-аттамаста «Менің стилім, менің əдісім» деп дандайсып, кеуде қағу сияқты қайсыбір қаукөкіректердің əдепсіз əулөкіліктерін сынай келіп: «...стиль – шын талант, ұлы ақын-жазушылардың қаламдарына тəн сипат. Кез кел- ген ақын-жазушылардан стиль іздеу – бекершілік. Өйткені барлық өлең қиыстырушыларды ақын, сөз жаза білушілерді жазушы десек қателескен болар едік. Дарын жоқ та – стиль жоқ. Бұл екеуі сабақтас... Демек, стильді нақтылы талант, ұлы жазушылардың туындылары- нан іздеген жөн» – деген ғалым пікірін құптау қажет.


Жинаққа   енген   жеке   ақын-жазушылардың   творчестволарын


талдауға арналған басқа мақалаларында зерттеушінің өзі де осы айтқан пікірлерін берік тұтынғандығы анық байқалады. Автор бұл мақалаларында қазақ əдебиетінің тарихында өшпес із қалдырған, өздерінің бет-бағдарын белгілеп, бедерлі өрнек-үлгілерін танытқан ақын-жазушыларды сөз етсе, екіншіден, олардың тек басты-басты деген, əрқайсысының активіне қосылатын туындыларын алып қана талдап, стильдік ерекшеліктерін «Аққудың айырылуы», «Қара жер»,


«Ақсақ киік», «Сыр сандық» сияқты көрмеге қоярлықтай көркем шығармаларынан іздеу, ал жаңашылдық, новаторлық өзгерістерін


«Советстан», «Альбатрос», «Тракторшы» т.б. туындыларынан табу осының айғағы.


Жинаққа енген материалдардың ішінде қызыға оқылатындары- ның бірі – Б. Майлин творчествосына арналған «Талант – əр алуан» атты мақала. Б. Майлин – аға буын жазушыларымыздың ішінде де сегіз қырлы, бір сырлы дейтіндей, бар жанрда бірдей қалам қозғап, ой тербеген, өзінің өмірлік мүддесін тек қана творчествода деп біл- ген, сондықтан көп те, көркем де жазған орны бөлек қаламгер. Ол ең алдымен юморист. Юмор оның қай жанрда жазған шығармаларында болса да жиі ұшырасып отырады, басқаша айтқанда, бұл оның творчествосының бойына сіңген табиғи құбылыс. Бұл – Бейімбет


 


творчеетвосы сөз болғанда есте болатын ең бірінші өзгешелік. Міне, зерттеуші оның творчествосындағы осы өзгешелікті айта отырып:


«Б. Майлин юморы орыс не европа классиктерінен үйрену нəтиже- сінде туған, оны қазақ топырағына егіп, өсіруден пайда болған юмор емес, қазақ халқының өз топырағында өскен, өз өмірінің, өз əдебиетінің, өз тілінің негізінде қалыптасқан юмор» – деп атап көрсетеді.


Бейімбеттің зілсіз, жеңіл юморынан туған Мырқымбай образы- ның өзі қазақ əдебиетіндегі тың, соны образ болды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында жалпы қазақ кедейлерінің көпшілігінің ба- сында болған ортақ қасиеттерден жинақталып алынып, Мырқымбай атына ие болған нақты образ жасалды. Орыс əдебиетінде Гогольдің Маниловы мен Хлестаковы, Гончаровтың Обломовы, Фонвизиннің Митрофанушкасы заман шындығының бет-бейнесін ашып салу құдіретінің арқасында белгілі бір əлеуметтік топтардың өкілдігін танытарлық, қосалқы өмірге ие болған (нарицательдік) жанды кейіп- тер еді. Қазақ əдебиетінде де бұл сияқты кейіптер ұшырамайды емес. Мəселен, Ғабит Мүсреповтің Жантығын, Мұхтар Əуезовтің Жұман қыртын, Əбдіжəміл Нұрпейісовтің Судыр Ахметін атауға болады. Міне, осы орайда қазақ əдебиетінде өзінің жеке, жалқы есімімен жалпы есімдік жайлар танытқан тұңғыш образ Мырқымбай десек, асырып айтқандық емес. Мұның өзі де Бейімбет қаламының құдірет- күшін танытарлық ерекшелік деп білген жөн.


Бейімбет творчествосынан табылатын тағы бір өзгешелік – ла-


конизм, айтайын дегенін соэбұйдаға салып шұбалаңқы суреттемей, нақ басып, дəл, қысқа да ұтымды бере білу. Бұл оның прозалық шығармаларына да, поэзиясына да хас ортақ қасиет. Поэзия демек- ші, Бейімбет қазақ поэзиясында сюжеттік лириканы жасаушылардың алғашқыларының бірі жəне бірегейі. Осыдан да болу керек, оның өлеңдері көбінесе құрылады да, лирикаға драманың элементтері ара- ласып отыратын жайлар жиі кездеседі. Бейімбет творчествосының ерекшеліктері дегенде зерттеуші осы мəселелердің төңірегінде толғанған тəрізді.


Жинақта бұдан басқа да көптеген мақалалар бар.


Оларында да Қ. Жұмалиев əрбір   ақын-жазушының   өзіне ғана лайық деген ерекшеліктер жайын сөз етеді. Мысалы, Ілияс Жансүгіров поэзиясына лайық музыкалылық, ұтымды берілетін ішкі ұйқасқа кұрылған дыбыс əуезділігі (эвфопия), Сəбит Мұқанов творчествосындағы өмір фактілерінің байлығы мен батылдық,


 


өмір танытушылық күшінің молдығы, Тайыр творчествосындағы лептілік пен суреттеу тəсіліндегі əкілендіріп, дамытып отыруға құрылған үдемелілік (градация), Əбу лирикасындағы сезімге ой- найтын сыршылдық, Дихан поэзиясындағы ұнамды мағынасындағы қарапайымдылық – бəр-бəрі де зерттеуші қаламынан лайықты бағаларын алған.


Жинақтың ең соңындағы екі мақала туысқан қырғыз əдебиетіне



  • бірі «Манас» эпосына, енді бірі Тоқтоғұл Сатылғанов творчество- сына арналған. Əрине, мұнда да зерттеуші назары көбінесе олардағы стиль ерекшеліктеріне аударылғандықтан, жинақтың құрылу прин- ципіне қиғаш келерліктей оғаштық көрініп тұрған жоқ. Жинақта кейбір пікір қайталаулар, цитата қайталаулар ұшырайды. Осын- дай кедергі-кемшін деген кейбір уақ-түйек жайларға кешіріммен қарасақ, Қ. Жұмалиевтің бұл еңбегі жалпы оқырмандарға да, мектеп мұғалімдеріне де, сондай-ақ əдебиетшілерге де қажетті, пайдалы кі- тап екендігі даусыз.


1967.


 





Пікір жазу