02.03.2022
  163


Автор: Баламер Сахариев

АЛПЫСТЫҢ АҚЫН ҚАРАП АСҚАРЫНАН

 


Алдымызда қалың-қалың қос кітап – «Алты асқар» деп ата- лыпты. Авторы – қазақтың əйгілі ақыны, драматург һəм əдебиет зерттеушісі Қалижан Бекхожин. Поэзия көшіне сонау отызын- шы жылдардың екінші жартысында келіп қосылған ақын бүгінде алпысқа толып, жас жағынан жігіт ағасы, творчестволық тұрғыдан бірқатар жұртқа ұстаздық хақына иелік дəрежеге жетіпті. Өмірінің əр он жылын бір асқарға балағанда, алты кезең артта қалыпты. Ерке Ертістің ақжал толқынымен жарыса жүзіп, Керекудің кұмын жалаңаяқ кешіп, тақырда асыр сап, асық ойнап, орыс балалары- мен бірге қарағай үйлі қаланың мұржаларынан көгершін ұшырып жүрген балалық шағын, түнгі көшеде əн шырқап, қызды ауылдың шеткі үйлерін торуылдап жүретін бозбалалық шақты, Ертіс бойында аудандық финанс бөлімінде, Қостанай жерінде трактордың рулінде, ауылдық мектепте мұғалімдік қызметте, т. б. жағдайларда өткізген уақытты есепке алмағанда, сол алты асқардың төртеуі – қырық жыл саналы өмір бейнеті де, зейнеті де мол творчестволық еңбекке, əдебиетке беріліпті. Мынау қалың қос кітап – сол қырық жылдың ішінде ақын жариялаған поэтикалық отыздан аса жинақтың ішінен іріктеліп алынған хрестоматиялық туындылары, өмірді əр қиядан бір қарап, ой көзімен шолған болжамдары, оның дүние танымын, ой қорытындыларын, толғам-топшылауын тануға мүмкіндік беретін


«сыр сандығы», басқа сөзбен айтқанда, ақынның бүгінгі торқалы


той үстінде Отанға, халқына, Коммунистік партияға беріп отырған творчестволық есебі іспетті.


Енді сол «сыр сандықты ашып қарасақ», ақынның алғысөз орны- на арнайы жазған жыр жолдарына кезігеміз:


«Алты асқар... Қалды қиын асулар.


Əр асуда дүркіреген жасым бар. Құлан мініп, сұңқарымды самғаттым, Жырлағаным – ардагерлер, асылдар».


Əрине, жыр жайлауында құлан мініп қиқу сап, сұңқар шүйгенге дейін əрбір жас ақын сияқты Қалижан да алғашқы адымдарын жастық шақтың əсерін жырлаудан бастады. Бұған ақынның ертерек кезде жазған «Есімде», «Балалық», «Түнгі көшеде» т. б. көптеген өлеңдері дəлел. Алайда, шын жүйрік құнанында-ақ шабады деген- дей, Қалижанның сол балауса, балғын жырларының өзінен-ақ кібір-


 


тік байқалмай, болашақ қарпуы мол, кең құлашты алымды ақынның аяқ алысы аңғарылады.


Өзінің бұдан бұрын жазған жырларына ақынның өз көңілі толма- ды. Əрине, кейін кемел шағына жетіп, есімін ел таныған кезде сонау сəби жыр жолдарына нəумез көзбен қарау заңды да. Бұл сияқты аху- ал орыстың ұлы ақыны Некрасовтың басынан да кешкендігі тарих- тан мəлім. Осындай жайға тоқтала келіп Қалижан Бекхожин «Қазақ əдебиеті» газетінің тілшісіне берген жауабында (15 август, 1976 жыл) былай деді: «Ұмытпасам, алғаш қолыма қалам алып, өлең жазғаным 1932 жыл болса керек. Ондағы өлеңдерім бөрікті қызға, нағашыма, тракторшыға деген бірдеңеден басталатын. Сөйтіп жүргенде 1933 жылы Павлодар аудандық газетінде əйелдер күніне арналған өлеңім басылып шықты. Қуанғанымнан көктемде тасыған Ертістей шалқыдым кеп. Көп ұзамай осы газетте «Бүгін майда» деген өлеңім тағы басылды. «Бүгін майда жұмысшы тап, көшелерге шығар сам- сап» – деп басталатын бұл өлеңім пір тұтқан Сəкен өлеңіне өзімше


«ұқсап-ақ» тұрды. Əйтсе де ол кездегі өлеңдерім жаттығу, үйрену


кезеңінің ғана жемісі болса керек. Өйткені, солардың ешқайсысын кейінгі кітаптарыма енгізуге лайық деп таппадым.


Өз басым творчествомның алғашқы кезеңі деп 1936–1941 жыл- дар аралығын айтар едім».


Біз жоғарыда поэзия жасағына отызыншы жылдардың екінші жар- тысында келіп қосылған деген пікірді ақынның өз куəлігіне сүйеніп айтып отырмыз. Расында да бұл жылдар Қалижан ақынның «Кек»,


«Орман қызы», «Ақсақ құлан» сияқты сүбелі-сүбелі дастандардың жағасына жармасқан кезі болатын. Жəне бұл шығармалар бірден-ақ оқырман қауымның назарын аударып, өлең еткізген туындылар бол- ды. Отызыншы жылдардағы лирикалық поэзияда үгіт-насихаттық əуен басым поэма басты тенденция саналғаны мəлім. Аталған поэмалар осындай жағдайда көтерген тақырыбы, жанры жағынан ерекшеленіп қоймай, көркемдік құндылығымен де, таза өлеңдік қадір-қасиетімен де көзге түсті.


Мұның өзі табиғи құбылыс. Өміршең жыр өмірдің өзінен туады. Демек, күні кешегі тəжірибесі аз жас ақын бұл тұста көп оқып, көп ізденудің нəтижесінде едəуір білім жинап, тəжірибе түйіп те қалған еді.


Творчестволық еңбек жолын аудандық газеттің жауапты секре- тарьлығынан бастаған таланты жас білім бұлағынан сусындауға астанаға келіп, ҚазПИ-ді ойдағыдай бітірісімен, əдебиет əлеміне


 


түгелдей бет бұрып, творчестволық еңбекке біржола ден қойды. Институт қабырғасында жүріп жазған лирикалық өлеңдері өзінің зерделі ойымен, шымыр ұйқасымен ерекше назар аударды. Бұл тұста ол жұмыр да жылы жыр жолдарымен қатар, əдебиеттің сын саласына да ат салысты. Тіпті сол кездің өзінде (1937–38 жылдары) қазақ əдебиетінің VIII класқа арналған хрестоматия оқулығын Сəбит Мұқановпен бірге жасасқанын ескерсек, бұл жиырмадан жаңа асқан жас əдебиетшінің қайсының болса да тақиясына тарлық етпейтін та- быс екенін мойындауға тиіспіз. Ретті жерінде айта кетелік, Қалижан қазақ əдебиетінің сыны мен зерттеу саласын арнайы жолым деп тұтынбаса да, қаламынан қалтарыс қалдырған емес. Бұған оның əдебиеттің проблемалық мəселелеріне арнап əр тұста жазған зерт- теу, сын мақалаларынан құралған «Дəстүр мен жаңашылдық» атты кітабы кепіл.


Алайда, Қалижанның құлашын кең тастап, көсіле самғайтын


өрелі өрісі – ақындық, басқаша айтқанда поэзия екені мəлім жəне бұл саладағы табысы да қыруар. Қалижан – жастық шақтарының еншісіне бүгінгі жарқын өмірді жасаудың қиян-қилы тұстары тиген буынның өкілі. Демек, оның жырлары сол буын бастарынан өткерген кешегі таныс тарихтың шежіресі десе болғандай. Өйткені шыпайы ақынды өлеңінен, ал өлеңін өзінен ажырату мүмкін емес. Оның ақын Тайыр Жароковке арнаған өлеңінде:


«Өмірге, өлеңге де телі келдік, Бірге біз жыр гүлдерін теріп едік. Қуандық Отан күлсе, ал жау төнсе,


Найзалы қаламменен тебірендік», – деуінде құпиясы жоқ сыр, шынайы шындық жатыр.


Əрбір совет адамының моральдық, азаматтық-патриоттық, идеялық-саяси сапалары сынға түскен кешегі жорық жылдарында Қалижан да Совет Армиясының қатарында болып, саяси қызмет атқарды, əскери журналист болды. Жайшылықтың жарты ғасырының өмір жүгін арқалатқан сол бір сұсты кезең – каһарлы да қатал соғыс жылдары ақын қаламын қайрай түсті, шабытына шамырқану са- рынын қосты. Кеше ғана лирикаларында балалықтың базары мсн жастық жайлауын жазып келген ақынның ендігі жырында шамырқана шыққан ыза-кек, жауға деген өшпенділік, кемелденген кекселік но- тасы пайда болды. Бұл кейінірек ақынның өз оқырмандарына:


«Жүрегімді жұмсадым, Кешіп солдат сапарын.


 


Жырымда бар сол сарын,


Жырымда бар қатал үн», – деуіне себеп болған еді. Оның осындай солдат сапарынан туған жыр шумақтары 1944 жылы жарық көрген


«Шеру» атты өлеңдер жинағында бас қосты.


1946 жылы Совет Армиясының қатарынан қайтқаннан бері қарай Қалижан Бекхожин творчестволық еңбекпен бірыңғай шұғылданып келеді. Творчестволық тожірибесі толысып, дүние танымы кеңейіп, пайымдаулары байсалды тартып, марқайған шағында ақын туған жер табиғатын, өз халқының өткені мен бүгінгісін, ескелең өмір мен өзгерген өлкені, өндіріс пен ауыл шаруашылық ардагерлерінің еңбектегі ерлігін, совет халықтарының ынтымагы мен мызғымас берік достығын өз жырына арқау етіп келеді. Ал оның Ұлы Отанға, Москваға, Кремлые, Коммунистік партияға деген азаматтық, ақындық сезімін білдіретін философиялық, саяси лирикалары өз ал- дына бір төбе. Мұнда да ақынның шынайы сезімі бірден танылады. Мəселен, ақын өзінің Коммунистік партияға арнаған бір өлеңінде:


«Тең емес сенің мұхит қуатыңа, Тұлғана құздан биік заңғар қия. Тең күш жоқ құдіретіңе, ұлы атыңа, Данасы мəңгіліктің Компартия!» –


десе, «Москва туралы жырында» ұлы орыс халқының мейірбанды адал жүрегін, революцияшыл рухын, батырлық, батылдығын баян- дай келіп:


Мейрімді сол жүрек қой иені тартқан Кең жатқан кеудесімен Кремльден.


Астанамсың аяңнан бақыт тапқан,


Мен де ұлыңмын орыстың біреуіндей... Жаңа келіп тұрсам да туғандай-ақ Москвада, Кремль бауырында.


Өзімсініп мен тұрмын, тұрғандай-ақ Нағашымның үйінде, ауылымда.


Балаңдай басымды иіп мейіріміңе, Жүрегімді алдыңа тостым анық, Құшағыңда күлімдеп тұрмын міне,


Мен қазақпын, адаммын москвалық», – дейді.


Міне, дəл осындай бүкпесіз шынайы сезім, азаматтық айқын үн Қалижанның:


«Советтің сылтыңы жоқ ақынымын,


Ақиқат сырым жəне батыл үнім», – деп айдай əлемге бар дауысы- мен жар салуға мүмкіндік береді.


 


Жас Совет мемлекетінің В. И. Ленин қол қойған алғашқы декреті Бейбітшілік туралы болғаны тарихтан мəлім. Содан бері Комму- нистік партия мен Совет үкіметінің сыртқы саясатына үздіксіз негіз болған бұл ұран совет əдебиетінің де тұрақты тақырыбы болып ке- леді. Бейбітшілікті қорғау ұраны 1941 –1945 жылдардың тауқыметін көтеріп, тақсыретін тартқан қарапайым халықтарға соғыстан кейін- гі жылдары ерекше қымбат болды. Соғыс өртін тұтандырушы им- периалистік реакцияшыл күштерге қарсы қаһарлы үн қатқан қазақ ақындарының ансамблінде Қалижан Бекхожиннің де өз дауысы, өзіндік асқақ үні бар:


«Азаматпын,


Ақынмын өрттен шыққан, Менің заңды кезеңім


Бұл тыныққан.


Сондықтан


ызыңындай сары масаның Сөздерді


Жақтырмаймын дауырыққан».


Қай тақырыпқа қалам тартса да, Қалижан жырларының бір ерек- шелігі – онда өлең жазатын қауымның кейбіреуінде кездесетін «мен кереметпін, мен өйтемін де, бүйтемін!» – деп кеуде қағатын бос даурығу жоқ, қайта, лирикалық геройдың оқырман қауыммен іш- тей үндесіп, тонның ішкі бауындай жан тарта сырласып отыратын кейде қатты, кейде тəтті шынайы шындық бар. Ең бастысы, ақын айтқанына сендіреді. Қалижанның лирикалық жырлары оқырман қауымға əуелі осынысымен қымбат. Өзінің алғашқы қадамдарынан- ақ жұртқа қалтқысыз танылған талантына, дарқан дарынына қоса Қалижан талмай ізденетін еңбекқор ақын. Оның:


«Өттім кейде басып жанған жалынды. Мұртым мүмкін сол жалынға шалынды. Борандарда кейде суыт жол шектім,


Бұл басыма сонда қырау тағылды. Жастық дəурен өтті дулы-дабырлы, Өзгелердей болмадым да сабырлы. Тұңғиықтан сөзді сүзіп сарғайдым,


Асықтым мен жұмсап албырт шағымды», – деген шумақтарында ол кешкен өмір жолы, алпысқа келсе де, сиремеген қайратты қалың шашқа ұласқан қаумет пен мұрт ақындықтан, суыртпақтай сөз сүзген ізденістен ағарғандығы айқын аңғарылады.


 


Ақын өзінің «Біздер өткен жастық шақ» деген өлеңінде жоға- рыдағы пікірін сабақтап:


«Біздің жастық лебіміз Толқынға тең топтасқан. Күрестерге теліміз,


Өрендерміз от басқан», – деп əрлендіре, айқындай түседі жəне ол мұны өз атынан ғана емес, өзі қатарлы буынның өкілі болып, соның атынан сөйлейді. Сөйте тұра тағы да:


«Қарап бурыл шашыма, Алқынба деп асыға Тақпа, досым, сын маған. Өйткені бұл ғасырда


Əлі талай асуда


Алатын көп сыбағам», – деп, егде тарту енжар тарту емес екенін, шаштың ағаруы ақындық шабыттың шау тартуы болып саналмайтындығын, творчестволық қуатының əлі де молдығын жəне ескерте кетеді. Күні бүгінге дейін қаламына тыным бермей, өлең жолдарын нөсерлете төгіп келе жатқан ақын бұл айтқандарына қалтқысыз кəміл сендіреді.


Қалижан лирикалық жырлардың майталман шебері ғана емес, со- нымен бірге жалпы саны жиырмаға тарта үлкенді-кішілі поэманың да авторы. Бұл салада Қалижан əсіресс эпикалық сюжетті поэмалар жасауға шебер ақын. Ол өзінің бұл қасиетін 1939 жылы республика комсомол ұйымы жариялаған конкурста жүлде алған «Орман қызы» атты алғашқы дастанымен-ақ көрсеткен болатын. Содан бері оның қаламынан «Кек», «Ақсақ құлан», «Жусан», «Мамырстан», «Соңғы сайран», «Сырдария көктемі», «Келтемасат», «Дала комиссары»,


«Мариям Жагорқызы», «Теңіз дастаны», «Гималай сарыны», «Амери- ка хикаяттары», «Тұрлаулы тағдыр», «Сұңқар туралы аңыз», «Кремль сақшысы», «Шардара», «Ертіс хикаясы», «Аппақ намə» поэмалары туындап, дүниеге келді. Ақынның сюжетті поэмалары жайында сөз болғанда «Ақсақ құлан» дастанына тоқталмай кетуге болмайды. Бұл оның 1939–40 жылдары жазған алғашқы поэмаларының бірі. Поэманың оқиға желісі ел арасына ертеден тараған аңыз əңгімеге құрылған. Кезінде жұртшылықтан жылы лебіз естісе де, ақын кейін кемелденген шағында бұл шығармасына қайта оралды да, аңыз жетегінде қалмай, оны əрлендіріп, өзінің творчестволық көрігінде қайта жасап шыгарды. Нəтижеде өнер шығармасының озбырлыққа, жауыздыққа қарсы, сүрінгенді жебеп, қарлыққанды қолтығынан


 


демеп, жылауларды жұбатуға тиісті заманалар бойы келе жатқан миссиясын дəріптеген көркем де көлемді тарихи поэма туды. Асы- лында, өнері туындысы адамдарды іштей түлетіп, рухани жағынан жетілдіріп, кемелдендіре түсуге тиіс екендігі Тыма күйші мен Жошы хан арасындағы үнсіз арбасу, тартыс негізінде өте нанымды сурет- телген. Дастанның эпилогында ақын Шыңғысхан мен Жошы сияқты халықты қанға бояп, көз жасын селдей ағызған, тақта отырған тажал- дардан дəнеңе де қалмағандығын, болашақ ұрпақтың оларға лағнет пен қарғыстан басқа айтары жоқтығын, ал халқы үшін қатерге басын тігіп, аждаһадай төнген ажалдан тайсалмай, елін, жұртын апаттан аман алып қалған өнер иесі Тыма күйшіден ғасырлардан ғасырларға жеткен өнср туындысы – күй қалғандығын былайша баяндайды:


«Ер шығар, кім болса да сол ашынған, Ел шығар, ашындырған сол ашудан.


Күйшідей кекті қуған сабазды сол, Көтер жыр, көне кұмның арасынан! Бейнесін сол батырдың қала шыңға, Таңырқап тарих соған қарасын да. Шыңғысты тітіренткен кекшіл ата, Қалайша жыр болмайды даласында?»


Қалижанның айтулы шығармаларының бірі – қазақ халқының орыс халқымен достығын жырлауға, оның тарихи тамырын таныс- тыруға арналған «Мариям Жагорқызы» поэмасы. Бұл дастанның оқиғасы да ел арасына кең тараған белгілі жағдайға құрылған. Алай- да ақын тағдырлас екі халықтың ұлы мен қызының арасындағы махаббат мотивінің шеңберіндс қалып қоймай, оқиғаны барынша қоюлатып, үлкен əлеуметтік мəселелердін аясында алып, асқақ су- реттеген, есте қаларлық бірнеше характер мүсіндеген. Ақынның бұл поэмасы орыс сыншылары мен оқырмандарының да ыстық ықласына бөлеңуі сондықтан. Орайы келіп тұрғанда айта кетелік, Қалижан бірнеше кітабы орыс тілінде (Москвада, Алматыда) жария- ланып, Одақ оқырмандарына да мəшһүр болған ақын.


Қ. Бекхожиннің лирикалық дастандарының ішіндегі соқталысы –


«Сұңқар туралы аңыз». Осыдан он шақты жыл бұрын жазылған бұл поэма – революционер-ақын Сəкен Сейфуллин туралы Қалижанның өз толғаныс-тебіреністері, философиялық ой тұжырымдары. Мұнда халықтың ардагер азаматы, ақыны Сəкен бейнесі автордың дүние танымы тұрғысынан баяндалып, революция жалынын жарып ұшқан қызыл сұңқар ретінде мүсінделеді. Дастанда оқырман жа-


 


нын тебірентер шумақтар аз емес. Жалпы, Қалижан сөз құдіретін жақсы түсінетін, қазақ-совет поэзиясында айшықты өз қолтаңбасы, өз кестесі бар кемел ақын екендігінің тағы бір мысалы – осы дас- тан. Сондықтан да академик-жазушы марқұм Сəбит Мұқанов ақын поэзиясының осы қасиетін айта отырып: «... «Ақсақ құлан», «Мари- ям Жагорқызы», «Сұңқар туралы аңыз» дастандары – Қалижанның ақындық өнерінің биік шыңдары жəне де қазақ-совет поэзиясының алтын қазынасына қосылатын асыл туындылар», – деп бағалаған еді.


Қалижан Бекхожин бірқатар шетел мен Совет Одағы халықтары поэзиясының озық үлгілерін қазақ оқырмандарына танытқан шебер аудармашы да. Ол қазақ тіліне өлеңдерін аударған ақындарды Пуш- кин, Лермонтов, Некрасов, Маяковский, Байрон Гете, Навоидан бас- тап санай берсек, ондап есептелер еді.


Соңғы жылдары Қалижан драматургия жанрына да барлау жасап, қалам тербеп жүр. Бұл, əрине, ақынның ұлғайған шағында сүйікті жанры поэзияға жасаған опасыздығы емес, керісіншс, іздену өрісін кеңейткендігі еді. Қайталап айтайық, Қалижан өлеңнен бір сəт қол үзген жоқ, сыңайы, үзбек те емес. Оның балалар мен жасөспірімдер театрында қойылған «Егер жүрек шын берілсе», Семей театрын- да қойылған «Нөсерден кейін» пьесалары драматург ізденісінің сəттілігін аңғартса, осы таяуда ғана қазақ өнерінің қара шаңырағы атанған М. О. Əуезов атындағы академиялық драма театрының сах- насында қойылған, халық тарихының айрық жол алдына келген қиян-қилы кезеңіне арналған «Ұлан асу» пьесасын да жұртшылық жылы қарсы алды.


Сөз соңында ақынның өнеге алған, өзіне белгілі дəрежеде өсері тиіп, үлгі тұтқан ақындары жайында бір-екі сөз айта кетудің артықтығы жоқ. Қалекеңнің өз айтуынша, ақындыққа алғаш рет бой ұруына мұрындық, себепкер болған өзінің туған əкесі Нұрғожа болса керек. Ол ескіше сауатты, діни білімі бар, өз жанынан өлең шығаратын, тіпті Ақан сері, Нұржан Наушабаев, Мəшһүр Жүсіп Көпеев сияқты белгілі ақындармен айтысып, сөз таластырып бел- десуге жараған едəуір ақын адам болыпты да, ескіше хисса-хикаят кітаптарды өте көп жинапты. Қаршадайынан ескіше хат танып, сауа- тын ашқан болашақ ақынның алғашқы мектебі – өзі құныға оқыған осы хиссалар болған көрінеді. Содан соңғы қадамы жайында ақын:


«Менің балаң қиялыма дана Абай өлеңдері қанат бергенін өмір бойы ұмытпақ емеспін. Абай өлеңдерін біздің үйдің іші түгелдей жатқа


 


білетін еді», – деп еске алады Əрине, бұған да білімдар, ақын əкенің əсері, ықпалы болғандығын болжау қиын емес. Ал енді ақынның


«Сұңқар туралы аңыз» поэмасындағы:


«...Деп солай өлеңімді бастадым да, Кірістім таңсəріде дастаныма.


Алдымда жыр серісі Сəкен тұрды, Пернесін балаң жырдың басқанымда»


немесе Ілияс Жансүгіровке арнаған өлеңіндегі:


«Кеудемде ұялатып күй-əніңді, Қандырып кеттің жырға құлағымды. Сол бір күй жаңғырсын деп іздеп едім


Ізіңді, мініп «Ақсақ құланымды», – деген тамаша шумақтар кейініректе, кемел шағында кімдерді ұстаз тұтқандығынан ха- бар береді. Қазақ тіліне аударма жасай жүріп, Байронның, Пуш- кин мен Лермонтовтың ақындық мектептерінен көп нəрсені творчсстволықпен үйреніп, солардың ықпалымен бірқатар өлеңдер мен дастандар жазғаны, орыс поэзиясы, оның ішінде аталған қос алып ақын Қалекеңе тұтас бір унивсрситет болғандығы өз алдына арнайы сөз етуді керек етеді.


Сонымсн, ақын бүгін алты асқарды артқа тастады.


«Мезгілдің тұғырымен желіп келем, Жолымның ой мен қырын көріп келем. Алқынып астым талай асулардан,


Бəріне көніп келем, сеніп келем...», – деп ақынның өзі айтқандай, оның жыр нөсерін төге беретініне оқырман қауым да сенімді. Біз сол қауым тілегіне қосыла, «алар биігің əлі де көп болсын, ақын аға», демекпіз.


1974–1978.





Пікір жазу