02.03.2022
  220


Автор: Баламер Сахариев

ҚАУЫШҚАН ҚҰШАҚТАР

 


Социализм дүниесіне, коммунистік жарқын болашаққа бірінші боп жол тартқан біздін еліміздің əлем алдында мақтанышпен атайтын қол жеткен табыстарының бірі – халықтардың мызғымас достығы. Бұл ұлы достықтың тарихи тамырлары тіпті тереңде жатыр.


Қазақ халқы мен орыс халқының достығы екі халықтың тарихи тағдырларының тоғысуынан, азаттық аңсаған мүдде-мақсаттарының бірлігінен туып, қалыптасты. Тіпті сонау жаңа тарихтың құлан иек бозала таңында қазақтар патша самодержавиесіне қарсы күрескен орыс елінің еңіреп туған ер ұлы Емельян Пугачевқа қол ұшын беріп, көмекке барғанын, 1812 жылғы Отан соғысында Наполе- он басқыншыларына қарсы майданда қазақтардың болғанын, XIX ғасырдың басында-ақ орыстың озат ойшыл ғалымдары мен алдыңғы қатарлы прогресшіл қайраткерлері бауырлас қазақ халқының тұрмыс- салты мен əдет-ғұрпын, əдебиеті мен мəдениетін зерттеп білуге көп күш салғанын тарихтан жақсы білеміз.


Қазақ өмірінен «Қырғыз – қайсақтар» повесін жазған Василий Ушаков, «Бикей мен Мəулен» повесін Жазған Владимир Даль не-


 


месе белгілі ғалымдар Потанин мен Радлов, Веселовский есімдерін, немесе XX ғасырдың басында қазақ тақырыбына арнап көптеген əңгімелер жазған Антон Сорокин мен Тверитин есімдерін əрбір қазақ оқушысы бүгінде шын риза көңіл, жылы сезіммен атайтындығы белгілі. Шоқан Уəлихановтың Потанинмен жəне Достоевскиймен, Ыбырай Алтынсариннің Григорьевпен жəне Ильминскиймен, Абай Құнанбаевтың Михаэлеспен жəне Долгополовпен Достық үлгілері де бір алуан əңгіме.


Қазақ халқы мен ұлы орыс халқының əріден келе жатқан осынау дəстүрлі достығы Ұлы Октябрь революциясынан кейін мүлде жаңа мазмұнға ие болды. Ендігі жерде достық еліміздің қозғаушы күшіне, жеңістеріміздің кепіліне айналды.


Біздің заманымызда халықтар достығын нығайта беру үшін əдеби байланыстар мен əдебиеттер достығын күшейтудің маңызы ерекше. Қазір біздің еліміздегі бірде-бір ұлттық əдебиет тек қана өз шеңберінде өрбіп дамуы мүмкін емес, ол тек туысқан халықтар əдебиеттерімен тығыз достық байланыста, қарым-қатынаста ғана өркен жайып, дамудың даңғыл жолына шыға алады.


Қазақ əдебиетінің ең жақын достарының бірі – белгілі орыс со- вет жазушысы Леонид Сергеевич Соболев. Ол қазақ əдебиетін орыс оқушыларына насихаттауда баға жетпес қызмет атқарды. Атап айтқанда, ол қазақтың көптеген ауыз əдебиеті үлгілерін, жеке ақындардың өлеңдерін, жазушы С. Мұқановтың «Сырдария», М .Əуезовтің «Абай» романдарын аударды. Осындай қол ұстасып, бірлесіп еткен еңбектің нəтижесінде ол көптеген қазақ жазушыла- рымен, əсіресе Мұхтар Əуезовпен ұзақ жылдар бойы творчестволық достық ынтымақта болды.


«Өнер мен ғылымның қай саласын алып қарасақ та, орыс жəне қазақ мəдениеті қайраткерлерінің творчестволық достық байланыстарының соншалықты жемісті өміршеңдігін айқын көруге болады. Ақындар мен ғалымдардың аңсар армандары мен мүдде- мақсаттары, жаңашылдықтары мен өмір тəжірибелері міне, осы достық байланыс арқылы тоғысып-табысады.


Бұл достық байланыстың жемістері кез келген жерде кездеседі».


«Советский Казахстан» журналының 1957 жылғы II-санында Ұлы Октябрь революциясының 40 жылдығына арналған «Өшпес таңның сəулесі» атты мақаладан алынған бұл сөздердің иесі – дос қадырын бағалай білген, достық байланыстың мəуелі бақшасын өз көзімен көріп, жемісінен дəм татқан марқұм Мұхтар Əуезов еді.


 


«Сыйға – сый, сыраға – бал» деген қазақ халқы шын достық, шынайы адал достық адал жүректі, шырайлы адал көңілді ғана шақыратынын əуелден-ақ жақсы білген. Сондықтан да ол өз əдебиетінің өркен жаюына орыс мəдениетінің еткен игі əсерін, орыс əдебиеті мен мəдениет қайраткерлерінің тікелей көмегін ешқашан да естен шығармайды.


Əдеби күштерді топтастырып, орынды пайдалану үшін, нəтижелі іс жүргізу үшін облыстарға шығып тұрудың туысқан əдебиеттердің апталықтарын, онкүндіктерін жиі-жиі алма-кезек өткізіп тұрудың пайдалылығына арнайы тоқтала келіп, көрнекті совет жазушысы Леонид Сергеевич Соболев «Литература и жизнь» газетінің 1961 жылғы 4 декабрьдегі санында «Көркем аударма туралы» жазған бас мақаласында: «Бұдан басқа, тағы да орыстың «достық» дей- тін қарапайым ғана бір жақсы сөзі бар. Достықсыз біз, жазушы- лар, түкке де тұрмаймыз. Біздің жазушылар ұйымдарына жиі-жиі шығып тұруымыз... осындай достыққа жетекші мұрындық бола- ды», – деп жазып, өз өмір тəжірибесінен, марқұм Мұхтар Əуезовпен араларындағы творчестволық достық жайларының көптеген мысал- дарын келтірген болатын.


Біздің алдымызда БК(б)П Зайсан аудандық комитетінің органы



  • «За большевистские колхозы» газетінің 1935 жылғы 16 июнь күнгі, уақыттан əбден сарғайып біткен бір номері жатыр. Газет жазғы парк- те Л. Соболев, М. Əуезов, П. Лукницкий т. б. совет жазушыларының қала жастарымен кездескенін, сол жиында лагерьдегі пионерлер жиналысының қаулысы оқылып, Л. Соболев пен М. Əуезов құрметті пионерлер боп сайланғанын, сөйтіп, олардың мойындарына қызыл галстук байлағанын хабарлапты. Жиын соңында құттықтауға жиналған қала халқына арнап М. Əуезов пен Л. Соболев совет əдебиетінің міндеттері жайлы ұзақ сөз сөйлеген.


Бұл оқиға Л. Соболевтің Ленинград жазушыларын бастап Қазақстанға ең алғаш келген сапарында болған еді. Содан бастап жазушының Қазақстанға деген махаббаты мен зейіні, ізет-ілтипаты ешуақытта бəсеңдеген жоқ.


Елімізді индустрияландырумен байланысты отызыншы жыл- дардың орта шенінде совет əдебиетінде өнеркəсіп тақырыбын өрістету мəселесі күн тəртібіне ерекше қойылды. Осыған орай көптеген орыс совет жазушылары еліміздегі жаңадан салынып жатқан өнеркəсіп ошақтарына аттанып, соның нəтижесінде толып жатқан өлең, əңгімелер мен очерк, репортаждар жазылды. Міне,


 


Ленинград жазушыларының жоғарыдағы сапары да осы мақсатпен тікелей байланысты еді, олар сол кезде жүріп жатқан «Шығыс шеңбері» («Восточное кольцо») деп аталатын автотрасса жол құрылысымен танысты.


Бұл сапарда республика өмірімен танысудан алған əсерлері жайында кейін Л. Соболев: «Біз Қазақстанға мəңгі-бақи шын беріліп қайттық дер едім, жəне мұның өзі біздің əдеби өмірбаянымызда өте күшті, өшпес із қалдырды» деп еске алады.


Міне, содан бастап Қазақстан тақырыбы, қазақ əдебиетінің мəселелері жазушының творчестволық жоспарында өзінің төл туын- дыларымен жарыса, қатар жүріп отырды. Ретті жерінде айта кетелік, революциядан бұрын кадет корпусында, сосын теңіз училищесін- де білім алып, көп жыл бойы соғыс кемесінде командирлік қызмет атқарған жəне азамат соғысын, совет-фин соғысын, Ұлы Отан соғысын бастан өткеріп, сан сұрапылға қатысқан жазушының төл туындылары түгел дерлік соғыс-теңіз флотымен байланысты деуге болады. 1926 жылдан жариялана бастаған Л. Соболев 1928 жылы өзінің тұңғыш көлемді еңбегі «Күрделі жөндеу» («Капитальный ремонт») романын жазуға кірісті. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қарсаңында матростар арасындағы революциялық рухтың өрлеуін, офицерлер арасындағы идеялық толқулар мен ауытқушылықтарды суреттейтін бұл шығарма 1932 жылы жарық көрді. Талантты жазылған бұл роман жазушы есімін бірден-ақ көпке жайып жіберді. Кейін бұл Англияда, АҚШ-та, Чехословакияда, Польшада, Финлян- дияда, Японияда, Швеция мен Болгарияда т. б. елдерде аударылып басылды.


Фин соғысында «Правда» газетінің корреспонденті болған жа-


зушы «Қызыл тулы Балтика» жəне «Балтық ерлері майданда» атты əңгімелер мен очерктер жинақтарын жариялады.


Ұлы Отан соғысы майдандарына басынан аяғына дейін қатысқан Соболев совет теңізшілерінің өмірінен «Теңізші жаны» атты əңгімелер жинағын, «Жасыл сəуле» атты романын жəне «Жеңіс жолдарымен» атты күнделігін жазды. «Теңізші жаны» кітабы үшін жазушыға 1943 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді.


Осы жұмыстарымен қатар Л. Соболев қазақ əдебиеті мəселелері- мен де шұғылдана берді. Ол құрастырып, редакциялаған қазақ поэ- зиясы мен прозасының алғашқы антологиясы 1940 жылы Москвада орыс тілінде басылып шықты. Жазушының қазақ əдебиетшілерімен, əсіресе М. Əуезовпен жақын достығы осы кітапты əзірлеу барысын-


 


да туып, қалыптасты. Бұл жұмыстың жай-жапсарына тоқтала келіп Л. Соболев кіріспеде: «Егер антология, жұмыс барысында біздің өз басымызда болғанындай, орыс оқушысының қазақ əдебиетіне, оның тамаша өзіндік өзгешеліктеріне тереңдеген үстіне тереңдеп ене беру кұмарлығын тудыра алса, егер орыс оқушысы дала жырларын сүйіп, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жер ұйықты іздеп далалар мен ғасырларға шеру тартқан мехнаты мол көшпендінің, ақырында іздегенін тек коммунизмнің күншуақ жайлауынан келіп тапқан ұлы халықтын қасірет шеккен ұзақ та қиын жолын ұғынса, антология мақсатының орындалғаны» деп жазды.


Антологияның жұрт кəдесіне жарағандығы ешқандай шүбə кел- тірмейді. Антологияның жеке-жеке бөлімдері М. Əуезовтің «Қазақ эпосы жəне революцияға дейінгі фольклор», С. Мұқановтың «XIX ғасырдағы қазақ əдебиеті», М. Ритманның «Социалистік Қазақстан əдебиеті» атты мақалаларымен ашылды. Л. Соболевті Қазақстан өмірінің қызықтырғаны соншалық, ол осы кітаптың біреуін М. Əуезовке сыйға тартып, оның бетіне: «...флот туралы кітап жазып жатырмын, Қазақстанды санамағанда, бұл өзі менің екінші перзен- тім ғой», – деген автограф жазды.


Л. Соболев Қазақстанға алғашқы сапарынан кейін екі жылдан соң қайтып оралды. Бұл кезде ол М. Əуезовпен бірге «Абай» пьесасын жазуға кіріскен еді. Екі жазушының бұл игі бастамасы 1939 жылы аяқталды да, пьеса 1940 жылы күзде қазақтың академиялық драма театрының сахнасында қойылып, кейін оның тұрақты репертуарына айналды.


Бірлесіп жазудың (соавторлықтың) бірнеше жолдары бар. Осы жағынан алғанда бұл пьесаның жазылу тарихы да қызық көрінеді. М. Əуезовтің жұбайы Валентина Николаевнаның айтуына қарағанда, авторлар бірлесіп отырып, ең алдымен пьесаның кеңінен ойластырылған жоспарын жасап алып, əрқайсысы өзінше орысша- қазақша екі тілде, бірақ біріне бірі ұқсас екі пьеса жазып шыққан. Сосын Жазушылар одағының Москва түбіндегі Переделкиндағы творчество үйінде семьяларымен демалыста жатып, екі пьесадан ортақ бір вариант жасаған. Пьеса қазақ сахнасында сол вариант бойынша қойылған. Валентина Николаевнаның бұл айтқандары пьесаның қалай жазылғандығы туралы жоғарыда аталған мақалсында Л. Соболевтің айтқандарымен бір жерден шығады.


Авторлар бұл трагедияны кейін орыс көрушілеріне анықтап, ықшамдап, əдет-ғұрыпқа, салт-санаға қатысты кейбір ситуациялар-


 


ды, қазақ ұғымына жеңіл болғанмен, басқа ұлт өкілдерінің ұғымын ауырлататын кейбір сөздер афористік сөз тіркестерін қысқартып, қайта қарады. Пьеса осы күйінде 1945 жылы Москвада «Искусство» баспасында орыс тілінде жеке кітап боп басылып шықты.


Осы кітапқа жазған соңғы сөзінде белгілі өнер зерттеушісі Ник. Львов пьесаның жазылуындағы əлгіндей ерекше жағдайды тағы да растай отырып: «Авторлардың бұл пьесаны жазу үстіндегі жұмыстары екі əдебиеттің орыс жəне қазақ əдебиетінің қалтқысыз достығының, екі əдебиеттің аса көрнекті екі өкілі – қазақ Мұхтар Əуезов пен орыс Леонид Соболевтің шынайы творчестволық достық бірлестігінің айғағы болып табылады» – деп жазды.


Авторлардың қазақ жəне орыс халықтары достығының айны- мас жаршысы, Соболевтің өз сөзімен айтқанда, «Қазақ халқының ақындық жəнс азаматтық ар-ұжданы» болған Абай тақырыбында тіл тауып табысуы кездейсоқ емес еді. Ұзамай 1940 жылы Абайдың


«Лирикалары мен поэмалары» Москвада алғаш рет Соболевтің редакциясымен жеке кітап боп басылып шықты. Жинақ Л. Собо- левтің «Ойшыл ақын» деген мақаласымен жəне М. Əуезовтің


«Алғысөзімен» ашылды.


Бірлесіп істеген осы жұмыстардың барлығы Л. Соболевті кейін- нен «Абай» романын аударуға əкелген баспалдақ тəрізді еді. Қалай болғанда да «Абай» сияқты ұлы туындыны аударуға екі жазушының арасындағы достық мұрындық болғаны даусыз.


Кейбір аудармашылардың ұлт шығармаларын авторды көрмей- білмей тұрып-ақ, жолма-жол жасаған тəржіма бойынша аударуға болады деген пікірлері мен іс тəжірибелеріне қарсы Л. Соболев іл- геріде аталған аударма туралы мақаласында «Абай» романын аудару үстінде автормен қалай жұмыс істескен тəжірибесін ортаға салды.


«Дəлірек айтқанда, «аударма» деген сөз біздің бірлесіп істеген жұмысымыздың сипатын дəл бере алмайды. Қазақ тілін мен білмей- мін. Менің алдымда орысша сөзбе-сөз аударылған подстрочник бол- ды. Бірақ ол бойынша тек автормен тізе қосып отырып қана жұмыс істеу мүмкін еді. Сөзбе-сөз аударма Əуезовке тəн поэтикалык образ- дар мен теңеулердің бар əсемдігін жеткізіп бере алмаған. Шынын- да да ішінде, мəселен «Абай далада митинг өткізді» деп жазылған сөздері бар аудармаға қалай сөнерсің. Кейде мен орысша тексті оқып отырып Мұхтар Омарханұлынан: «Сен осылай деп жазып па едің?» – деп сұрайтынмын. Ол таңырқаған пішінмен ернін шүйіріп:


«түу... масқара, менің жазуымда мүлде басқаша», – деп, жауап бере-


 


тін де, қолма-қол қазақша түпнұсқадан өзі аудара бастайтын. Текст енді орыс тілінде құлпыра жөнелетін. Міне, дəл осындай достықпен бірлесіп істеген жұмыс қана түпнұсқаның ерекшелігін сақтай алатындығына менің сенімім кəміл»,– деп жазды ол. М. Əуезов рен Л. Соболевтің творчестволық достығы – əдебиеттер достығы əдебиетшілер достығынан басталатындығының айқын бір көрінісі.


Бұлардан басқа Л. Соболев қазақ əдебиеті мен өнері, қазақ жазушыларының шығармалары жайында көптеген құнды мақалалар да жазды. Көрнекті орыс совет жазушысының қазақ əдебиетіне сіңірген еңбегінің ұзын-ырғасы осындай. Ол Қазақстанда болып өткен орыс əдебиеті мен мəдениетінің тұңғыш онкүндігіне қатысқан делегацияны бастап келді. Тарихи маңызы бар бұл онкүндік ұлы орыс халқы мен қазақ халқы əдебиетінің шын мəніндегі зор мере- кесі болып өтті.


1964.





Пікір жазу