01.03.2022
  1298


Автор: Баянғали Әлімжанов

Балаларға арналған бата тілектер

Бата берем, балам,
Қолың жайып, тыңда,
Кім болам деп ертең
Ақылмен жол таңда!
Сабағыңнан қалма,
Жаман бала болма,
Ұйқтап жата берме
Оранып ап тонға.
Табысты бол адал,
Түсіп тура жолға,
Бастай берсін сені
Талап, ниет оңға!
Аман-есен өсіп
Ата жырын толға,
Бағың жанып, ер боп
Ана тілді қорға!
Еңбек етіп елге
Ізгі тілек жолда,
Жақсылықтың бәрін
Жарқын жүзбен қолда!
Денің сау боп , шыңға
Қыран құстай самға,
Ұзақ ғұмыр беріп
Жарылқасын Алла!





Пікір жазу