01.03.2022
  218


Автор: Баянғали Әлімжанов

Достар мен қасқыр

Қасқыр келіп қалды,
Достар қарсы алды,
Арандай ғып ашып,
Қозыға ауыз салды.
Қарғып кетті қозы,
Сондай епті өзі,
Құлын келіп тепті,
Ісіп кетті көзі.
Лақ секіріп сүзді,
Бұзау мұрнын бұзды,
Қасқыр құлап суға
Шалпылдатып жүзді.
Қасқыр жаман састы,
Су, су болып қашты,
Қарамады артқа
Алты қырдан асты.
Қозы болды қошқар,
Орындалды жоспар,
Бірлікпенен жауды
Жеңді сөйтіп достар!





Пікір жазу