01.03.2022
335
![](/uploads/shorttexts/author_image/1.png)
Бал мен аю
Балы қандай тәтті екен,
Шақса сондай ащы екен,
Екі көзі іседі
Суға келіп түседі.
Суға басын батырды
Сөйтіп әрең құтылды,
Бал ұрлаған балпаңбай
Болды қашып жалтаңбай.
Үрейленіп күнімен
Жан-жағына қарайды,
Бал жалаған тілімен
Жараларын жалайды!