01.03.2022
220
Аяз Ата
Аяз Ата келді
Бәрін көзбен көрді,
Ақшақары дереу
Табыстырды елді.
Сауысқан мен жайын
Талдап істің жайын,
Сөйлегенде сөздің
Тамызады майын.
Сонда Аяз Ата
Жасама деп қата,
Тату-тәтті бол деп
Берді жақсы бата!