01.03.2022
149
Жануарлар
Ойбай салып сасып
Панда шықты қашып,
Бір бұрышқа зытты
Шыршадан да асып.
Мамонт шетте жатып
Күлді шегі қатып,
Ерке барыс оны
Қалды қармен атып.
Мамонт ұшып тұрып
Кетпек болды ұрып,
Ырғып кетті барыс
Иттер шықты үріп.
Буйвол мүйзін шайқап
Мамонт тұрды байқап,
Төбелессе бұлар
Кетер бәрін жайпап.