01.03.2022
  174


Автор: Баянғали Әлімжанов

Шыршадағы шытырман

Жаңа жылдық шырша
Біздің мектеп құрды,
Жан-жануар келіп
Қол ұстасып тұрды.
Елтіп ән мен күйге
Елік шықты биге,
Қорбаңдайды аю
Деп өзімдей биле.
Еріп шықты бұлан
Желіп шықты құлан,
Ырғағымен әннің
Бұраңдайды жылан!





Пікір жазу