01.03.2022
  617


Алина Ғалым

Бала болғым келеді

Бала болғым келеді, күліп-ойнап,


Шын жүрекпен өмірді сүйіп, күйіп. 


Ештеңені ойламай, асыр салып,


Бала болып, балалыққа масайып.


 


Қайтқым келед(і) бала күнгі уақытқа,


Еш нәрседен хабарсыз болған бақытқа. 


Жүрекке емес, денеге түскен жарадан, 


Жылап алып, ойнай-тұғын шаттыққа.


 


Тез есейсек, бой жетсек деп армандап


Бала болып, үлкендерге қызықтық.


Көзді ашып-жұмғанша, уақыт зырғып,


Қалайша тез есейдік, бой жеттік?


 


Бала болсақ дегенменен, алайда,


Оралмайтын, айналды ғой арманға.


Тек естелік қалатыны жадымда, 


Жара салар кеудемдегі жаныма..





Пікір жазу