01.03.2022
  279


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ЖАН СОЛҚыЛы СЕЗіЛгЕН ЖыРЛАР ғалым Жайлыбайдың «Тобылғыжарғаны» хақында

 

Баяғыда перғауындар бақилық болған перғауынның дереу кеудесін жарып, жүрегін алып тастап, орнына асыл тас салып балауыздайтын болған. Мұның себебі, әлгі өлген перғауын Жаратқан иенің алдына барған кезде – сол перғауынның көзі тірісінде я біліп, я білмей істеген күнәсін Аллаға айтып қояды деп қорқады екен. Соған қарағанда жүрек – саф тазалықтың, имандылықтың асыл мекені екендігіне күмән жоқ.


Ендеше, осы жүректен шымырлап шыққан жыр да тегін нәрсе болмаса керек.


«Құлқынымды көздеп кітап жазсам, мені қарғыс атсын!»,



  • деген екен Эрнест Хемингуэй.


Иә, дарынды адам орта жастан асқаннан кейін, жердің тар- ту күшінен босаған зымырандай, шырқау кеңістікке көтері- ліп, дүние құпиясына жақындай түседі, туған еліне ғарыштан қарағандай күй кешеді.


Былайша айтқанда, ақындық шабытқа, қордаланған ойға философиялық толғаныс қосыла өріледі.


Ақын Ғалым Жайлыбайдың «Тобылғыжарған» топтама- сын парақтағанымызда дәуір, замана сарыны, қазақ халқы- ның басына түскен түрлі катаклизмдер тірі сөзбен бедерленіп,


 


сай-сүйегіңді сырқыратар өлеңге айналып, түйелі қарақшы- дай бірден көзге түседі. Мысалы, «Жетім құлын» өлеңіндегі:


«Протонның уынан енесі өлген, – Көлеңкеде жылайды жетім құлын», Жетім құлын қаңғиды әр аулада,


«Жесір әйел жылайды түніменен...»


«Қайран ауыл! Құшағын жайған Ана!


Алладан нұр күтеді айдалада...»,


деген жолдарды тебіренбей оқу мүмкін емес.


Мезгілсіз жусап жатқан төрт түлік мал, дарға асылып, жанталасып дүние салған адамдар, топырағы кеуіп үлгерме- ген жас қабірлер, көкте сықылық ата қалықтаған сауысқан, күшіген, өлікті жемтік еткен қара бауыр тышқандар, ғарыш- тық сынақтың құрбанына айналған, ауыр бейнет белін үз- ген, арқасын күн жеген қара жауырын, кемпірбет өңді ауыл жұрты, жылаудан басқа шарасы жоқ, Алладан басқа панасы жоқ қаймана қазақтар...


Қандай трагедиялық сурет! Осы бір көріністер оқырманды қарлығаштың ұясына өрмелеген жыландай шошытады.


Әлдебіреулер ақын осы араға реалистік бояуды аямай-ақ жаққан екен деуі де мүмкін. Алайда, бұл ешбір күлбілтелеуді көтермейтін, қаны сорғалаған шындық!


Жаңарса тек – иін ғана жаңарған, Әлі күнге қан шапшиды жарамнан Әлі күнге жас шапшиды жанардан. Қыңсылайды көз ашпаған күшіктей, Көкіректе көктей солған сан арман Жаңарса тек – иін ғана жаңарған..., –


деп, Әбіш Кекілбайұлы жырлағандай, әлі де баяғы митыңнан қара үзіп, көбеңсіп кете қоймағанымыз анық қой!


Құтты ел, құтпанды жеріміздің аяусыз уланғаны жарамыз- ға тұз құйғандай бебеулетеді.


Иә, ұран шақырылғанда өлген – тірілгеніне қарамайтын көпшілік бүгінде айықпас ұйқыға кеткен, салбөкселік, бой- күйездікке бет түзеген.


 


Қашан да, сөзің өтпеген, қолың жетпеген арман адамды жеп қояды ғой. Алайда, мұңлы көңілдің хошынан туған бұл жырлар оқырманды селк еткізбей қоймайды.


Ақын Ғалым «Сарыарқа. «Протон» құлаған жыл» өлеңін-


де:


Мұң емес – мұңалмас қайғы, Ғасырлар қауіпті өткелі.


Жусаны жұпар шашпайды, Ақбөкен ауып кеткелі, –


деп тағы бір қауіптің ұшын шығара кетеді. Бір қарағанда, Сарыарқаның символы – жусан мен ақбөкен ғой. Бір кезде Бейбарыс бабамыз да Египетке құлдыққа сатылғанда Аты- рау даласының бір түп жусанын қолтығына қысып ала кет- кен. Неге екенін қайдам, бізге бегемот, керіктен гөрі, ақбөкен ыстық.


Ертеде ата бабаларымыз «Бұ да бір Құдайтағаланың жа- ратқан адал мақұлығы ғой» деп, қырдағы киікке, судағы ба- лыққа көп залал тигізбегені ақиқат. Алдынан маңырап шық- қан кез келген құралайды өгейсімей емізіп, өзімен ертіп ке- тетін ақбөкеннің мейірбандығы қазаққа да бөтен емес.


Жайлы қоныс іздеп, жат жерге ауып кетпей, сахараны са- ялап жүрген сол бір пәруана ақбөкенге да зауал тиді. Мил- лиондаған киік гептилдің зардабынан тау-төбе боп қырылып қалды. Тілі болмағанымен, Алла берген түйсігі керемет ақ- бөкендер қазақ даласын қанша қимағанымен, тірі қалғандары ақыры басқа өлкеге безе қашуға бел байлады.


Осы бір денеңнен ет кескендей мұңлы халді Ғалым ақын былайша егіле жырлайды:


Көзіне көзсіздердің күйік пе едің? Арымның аруанасын иіткенім.


Қайда екен, білесің бе, сүйікті елім, Сап-сары сахараның теңізінде


Қып-қызыл толқын болған киіктерім?


Иә, осы бір көзапара бар сұлулығынан айрылған Сарыар- қаның мүшкіл халін ақын айтпаса, экология министрлігін- дегілер өлсе де айтар ма? Амал не, мынау сауыры жалпи- ған сахара зар илеген, шашын жұлған жоқтаулардын, қарғыс-


 


наланың неше парасын естіген шығар-ау! Шайыр шпамыр- қанғанда небір өттей ащы сөздерді бұршақша төгеді. Кейде өлеңіне қасіретті штрихтарды қоса өріп, айтар ойын тұз- дықтап та жібереді.


Қалай дегенмен де, Ғалымның Ресей империясының зұ- лымдығын, ата-баба мирас еткен жерұйықтарымыздың бү- гінгі халін зар заман ақындарынша күйзеле жырлаған соқта- лы туындылары – су құйса да бұрқылдап барып әзер сөнетін алапат өрттей, оқырман жүрегін біраз мезгіл шыжғыра түсері анық. Ең бастысы, автор бүгінгідей алмағайып кезеңнің қы- зуын суытпай, қасіретін көлегейлемей, сол қалпында, бүкіл динамикасымен жеткізеді. Ол оқырманын біраз тайыз жер- мен жетектеп әкеледі де, бірден шүңетке тастап жібереді. Және сөзді ойната білетіні, композициясының шымырлығы, көкіректегі ойларын әбден маңызы шыққанша қайнатып ба- рып бере білуі – оның ақындық бойтұмары десе де болады.


Әсілі, ішкі сарай бұрқ-сарқ қайнап, шын тербелсе, одан ке- мел дүние тумай қоймайды. Қысқасы, Ғалым ақын оймақтай ойдың өзін білте қылып, маздата отырып, балауыз шырақ жағады.


Міне, Сарыарқа келбетінің бүгінгі мұңлы панорамасы іс- петтес – «Киікқашқан» поэмасы – көкжиекте түйдектеле көшкен күзгі қорғасын бұлттардай терең әсер қалдырады.


Оның қай шығармасының да негізгі мәйегі – жау жата- ғында, ел отанында, кой қотанында тыныш жатқанын тілей- тін бейбіт мәмілегерлік.


Ғалым ақын небір қақырап кеткен ұлтанды тереңнен қа- йып, ұлтаратын етікшінің бізіндей, белгілі тұлғалар мен та- рихи оқиғаларды жымын білдірмей жымдастырудың кәнігі шебері. Мұның бір дәлелі «Ақ сиса» поэмасы.


Жаяу Мұсаның әуелі жуандарға деген жастық желікпен басталған кикілжің, қысастығы барған сайын тереңдеп, ақы- ры ел, халық, туған жер тағдырына алаңдау, отарлаушыларға деген бітіспес күреске, жаулыққа, лағнатқа ауысады. Бауы- рында ешбір жота, белесі жоқ, тақыр жерден аспанға оқтай атылған Климанджаро шыңы сияқты, Жаяу Мұса да бірте- бірте дау-дамайсыз халықтық тұлғаға айнала бастайды. Поэ- маның нағыз шеңбірек атар жері – осы тұс.


 


 


 


 


 


немесе:


 


Жарық күн жанарына жара салған, Кезің жоқ, мәрт бабам-ай, аласарған. Қалың қол ат ойнатып, казак келіп – Баянның баурайына қала салған, –


 


Уақыт жемтік болса, Заман – қарға, Бағдар жоқ оң мен солды бағамдарға. Қаржастың қалың елі бағым еді, Жайлауы тарылған соң амал бар ма?, –


 


деп, Жаяу Мұса пұшайман боп, зар төгеді. Ардагер ақын қалауға бермес күлігі, сұрауға бермес сұлуынан осылай айы- рылады. Көкірегіне көнектей шер ұялайды.


Зерделі ақындардың бір өзгешелігі – олар бейнелеген өмір шындығы өзгелерге де ортақ болып отырады.


Ғалымның соңғы жылдары эпикалық сарынға құлаш ұр- ғаны қуантады. Тағдыр шіркін кейде бәрін қасақана әрі ке- рісінше істейді ғой. Бұралқы, баянсыз, шірік дәулет кімге жолдас болған? Ақшамен самаурын қайнатқан, әмірімен қара суды теріс ағызған кешегі Мұса қайда, Мұстафа қайда? Кө- кейде тек Жаяу Мұсаның аты қалды. Халқын іңкәр көңілмен сүйген, қылғанға қылып өткен хас өнерпаз, әділет іздеп, тұ- лыпқа боздаған саулы інгендей аңырап өткен бұл да бір есіл ер ғой!


«Атыңнан айрылсаң да, ер-тоқымынан айрылма, қатының- нан айрылсаң да, қазан-ошағынан айрылма, қазан-ошағынан айрылсаң да, халқыңнан, атамекеннен айрылма», – дейді атам қазақ. Осы орайда, Жаяу Мұса атынан ғана емес, туған жерінен де айырылса, енді аянатын не қалды? Әр Мұсаға – бір перғауын деген осы-ау!


Қорыта айтқанда, «Ақ сиса» поэмасы Баянауылдан түлеп ұшқан ұлтымыздың небір жайсаңдарына орнатылған бедерлі ескерткіш десе де болады.


Кейде жол үстінде немесе жастық туралы әсем әннің қа- йырмасын естігенде яки ұйқысыз түндерде байқатпай сусып бара жатқан өміріңнің бұралаңы санаңда қайта түлеп, жүректі шымшылайды. Сойқанды, сері күндерің еске түседі. Ғалым бозбала кезінде біраз жыл жылқы бақты. Жылқының үстінің


 


ерекше желі болады. Біздің бала күнімізде жылқышылар қой- шыларды менсінбейтін. Бейне бір, есек жеккен арбалыға пә- уескеден қарағандай болатын. Ғалым ақын Ұлытау жазира- сында жылқы баққан күндерін жырға қосқанда, қолтығының астына қанат біткендей, жер танабын қуыра түседі. Ырғай мойын көкала тұлпарлардың талайына тақымы тиді. Жай- лаудың құнан қымызынан қанып ішіп, тақиясын бір шеке- сіне баса киіп, өрмек тоқып отырған күлегеш қыздарға базы- налықпен өлең арнады. Түйсікшіл, керсылаң, қылықты ару- лар – шабыт қайнары, жүрек уанышы. Ғалым әсіресе, махаб- бат тақырыбына қалам тербегенде құйқылжытып, жандыр- тып жібереді. Түн қараңғы, түндік жабулыда армансыз шер тарқатысқан сәттер қағазға түскенде қиялда балқыған күміс тамшысындай мөлт-мөлт етеді. Ақын қай тақырыпқа қалам тартса да, жырынды, әккі аңшыдай көздегенін қиядан шала- ды.


Жұмекен – бозжусанды, Сағи – қызғалдақты, Қадыр – ақ-


селеуді, Дүйсенбек – адыраспанды жырға қосса, Ғалым сек- сеуілді, тобылғыны өлеңіне өзек етеді.


Жылқышының ұлы едім мен, Шөлде қалған жалын жас. Жанымменен, жүрегіммен Сексеуілмен тамырлас.


Көшпенділердің ұрпағы Ғалым жазу-сызудан қолы бо- саса, Олжас ағасы сияқты әлем елдерін аралайды. Төрткүл дүниенің әр қиырынан жазған жырларының өзі бір төбе. Қазақ қойын түгендегенімен, уақытын үнемдемейді. Мәшһүр Жүсіп өмірдің қысқалығын айта келіп: «Бір есіктен кіріп, екіншісінен шыққандай болдым», – деген екен.


Егер мезгіл жағынан алып қарасақ, қазір Ғалым шайыр дер шағында.


Ертеректе мергендер көбе бұзар, ұшы асыл болаттан жа- салған қозыжаурын жебені қорамсақта бөлек сақтайтын бол- ған. Оны нағыз сұрапыл, алабөтен айқасқа арнайды екен. Әл- гі жебені көн садақтың адырнасына салып, құлаштай тар- тып, мөңірете жібергенде, ол тиген жерін қақыратып өтетін көрінеді. Сол тәрізді, Ғалым Жайлыбай да қозыжаурын же- бесін әман қорамсасында сақтайтын ақын дейміз.


 





Пікір жазу