ТАэкВОНДО ТАРЛАНыН кіМ өЛТіРДі?
Бексейіт Түлкиевтің қазасы жайында бірер сөз
Халықтың үкілі үміті, әлпеші болған дарынды азамат, ке- скін өнерінің құмайы,таэквондо тарланы ретінде төрткүл әлемге белгілі болған, туған топырағының бай өнерінен ке- ректілерін талшықтап ала білген, қабағына қақ тұрмайтын ақкөңіл қайран Бексейіт жендеттер қолынан қаза тапты. Естіген сәтте ішімізді ит жыртқандай болды. Күпті жүрек, әділетсіз өмір, бұлдыр үміт, топыраш тірлік, шарасыздық бәрі... бәрі жиылып кеп отырған орнымызда шегелеп таста- ды. Бір тажал тырнақ айналасын кеулеген күбірткедей жан-
жағымызды қоршап келе жатқандай хал кештік. Әсіресе, адам аулаушылардың, жендеттердің көбеңсіп кеткені жанға бата- ды. Құдайтағаланың ақ бұйрығы келіп, алып кеткеннің өзіне де қайғырып жатамыз, ал, мынадай сұмдыққа не істеуге бо- лады? Қоғамдық пікір ұйымдастырып, мына жауыздықты көпшілік талқысына салып, қылмыс қордасын ашуға үндей- тін қазақ басылымдары да үнсіз қалды. Теледидар тек Бексе- йіттің қазасын естіртті де тынды.
«Қызғыштай болған есіл ер, Қайран да жұрттан не көрді...», –
деп Махамбет айтқандай ең болмаса дұрыстап жоқтай ал- мадық-ау!
В.Листьев айуандықпен өлтірілгенде бүкіл Ресей теледи- дары армансыз аза түтты, газеттері де бұл қылмысты жеріне жеткізе айыптап, бүткіл бір халықтың қайғысына айналды- ра білді. Президент Ельциннің өзі табыт басында сөз сөйлеп, ұлықтап, азаматын соңғы сапарға шығарып салды. Амал не, Листьевті өлтіргендер күні бүгінге дейін табылған жоқ. Іздестіру қайнаған сүт көбігіндей бұрқырап көтерілді де, ақырын-ақырын басыла берді. Оның орнын жантүршігерлік жаңа қылмыстар басты. Иә, кешегі топыр-тоғыт, бейдауа им- периядан іргемізді бөлектеп, шідеріміз алынып, кемел ша- ғымызға енді-енді беттей бергенімізде Бексейіттің тасбиқтан зорлықпен үзіліп түсуі адал сүт емген әр адамға ауыр тиеді.
Ілияс Омаров дүние салғанда Евней Букетов: «Жұрттың иті өлгенде, біздің китіміз өлетіні неліктен, осы» – деуі дәл қазіргідей шарасыздықтан айтылған екен-ау! Мұстафа Өз- түрікті Германиядан арнайы шақырып алып, одан айырыл- дық. Талантты сазгер Ж.Дәстенов те қарақшылар қолынан қаза тапты. Өткен жылы А.Шәйкенов деген өнерлі азамат та осылардың жолын құшты. Бексейіт болса мынау... Хабар- ошарсыз кеткен бала-шаға, өндірдей жастар қаншама! Жаман айтпай жақсы жоқ, бетін аулақ қылсын, біртуар дарындар, бе- саспап азаматтарымызға да ауыз салса, осылай шарасыз оты- ра береміз бе? Осы қазалардың астарында «қазақтың аса да-
рынды өнерпаздарын жалғыздап соғып, құрта берейік, өнері өлімші болған ел қайтіп оңар екен», – деген жымысқы сая- сат жоқ па екен, жамиғат? Қылмыскерлер әлеміне үңілсек олар әдетте ұсталмайтынына сенгеннен кейін немесе жалда- ушылардың, ұйымдастырушылардың мықтылығына көзде- рі жеткеннен кейін барады. Ұсталмай кеткендер әбден бе- лең алып, кәсіпқой ретінде көбеңсіп, тағы талай адамның қанын төгеді, тағы бірнеше топты баулып, өздеріне қосып алады. Ақыры тізгін бермейтін сұрапыл күшке айналады. Міне, осы жендеттердін қолына атом қарулары тиетін бол- са, мемлекеттін өзін тыпыр еткізбеуі мүмкін. Мың сан шиыр- дан қылмыстың сорабын табу, із шығару – қиынның қиыны. Бұл істі аса маңызды, жойқын қылмыстарды сеніп тапсыра- тын, қанішерлер қайда салса да бұлтартпайтын ең тәжірибелі тергеушілер қолға алса дейсің. Қарағанды металлургия ком- бинатының бас директорын өлтіріп кеткенде жоғары лауа- зымды азаматтар араласып, қыруар қаржы бөлініп, ақыры қарақшыларды ізін суытпай ұстап еді. Осы орайда Бексейіт- тей халық перзентін министрлерден бастап жоқтаса несі ай- ып?
Жалпы мемлекет, мәдениет, жақсы өмір ондаған палуан- ның күшімен орныға қалмайды. Оны өз ісіне пәруана бе- рілген мындаған сәулетшілердің көз майын тауысқан еңбегі ғана құра алады. Дәл осы жерде Бексейіттің орны үңірейіп шыға келмей ме? «Домбыра ұстаған, көкірегіне өнер ұялаған жандардан жауыздық күтпе», – деген нақыл бар. Бұл жерде Бексейітті «біреумен кермалдасып, ақыры өзі орға құлады», – дейтіндей арзан күдікке бой алдыруға әсте орын жоқ. Өзімен кездескенде: «Менін біреуді даттауға, қысыр кеңеске уақы- тым да жоқ, бауырым, көкірек толы арман, қашан соны ең- сергенше бізде тыным болмайтын шығар», – деп еді марқұм. Көрген сайын дүние құрғырдын бықсығын кеудеден қуып шығатын керімсал ескен, жұтып қойғың келетіндей сұлулық себездеген суреттері қандай еді! Оның туындыларын тама- шалаған адам оны өлімге қимастай еді. Бүгінде әлемнің он алты мемлекетінің сурет галереяларында Бексейіт Түлкиевтің
қолтаңбалары тұр. Мәскеуде жеке көрмесі ашылды. Ғалам- ның небір зүбаржат – жауһарлары сатылатын көтерме сауда- да өз суреттері де қымбат бағаланып, одан түскен қаржыны елімнің мұң-мұқтажына салсам деп армандайтын марқұм. Дүниенің шаршы алаңдарында талай алыптың «шәйтанын» қаққан Мұстафадай жампоздан аманатқа қалған таэквондо өнері де Бексейіттің арқасында бойына қан жүгіріп, гүлденіп келе жатыр еді.
Осыншама таудай талап, үміт-арманды қас қағымда пар- шалап, қарақшылар оның өмір сүру сызығына соңғы нүктені қойып кетті. Әзиз қан жібере ме, күндердің күнінде ақиқат та сүңгуір үйректің құйрығындай жылт етуі мүмкін. Бірақ осы әрекетке қылмыс әлеміне дендеп кіріп, қолы қанданған алпа- уыттар араласса, іс құрдымға кетті дей беріңіз. «Халықтың обалына қалған жоғары лауазымды бір-екі шортанды алаңға дарға асып қоймай, бұл қылмыс тоқталады демеңіз», – деп Шерхан Мұртаза ағамыз дұрыс айтады. Бексейітті жоқтай- тын, іздейтін қалың ел бар екенін, бұл зұлымдықтың ізіне қазірден бастап шам алып түспесек қылмыскерлер қауіпті шектен әлдеқашан аттап кеткенін баршаға ескерткіміз ке- леді.
«Ерігенменен қалың қар, Ішілмей қалған қағым бар. Әлі де мүмкін бар шығар, Заманын күткен залымдар. Кінәсі кімде – табыңдар!» –
деген ақын өлеңі дүниеге енді келер, келмесі белгісіз Бек- сейіттей боздақтың жан берер алдындағы бізге қаратып айт- қан зар тілегі сияқты...
«Жетісу» газеті, 17.05.1998 ж.