ҚҰЛ ЕШкіМДі СүйЕ АЛМАйДы!.. немесе экономикадағы кейбір келеңсіздіктер
Міне, талай пенденін арманы болған 2000-шы жылдың да табалдырығын атгағалы отырмыз. Міне, осы бір адамзат баласының кемелденген ғасырына қандай күйде кірмекші- міз? Қаншама желпінейін десең де, бір зілмауыр пәлекет еңсенді езеді де тұрады. Бүкіл әлеумет тойынбай тұрып, бү- кілхалықтық мереке жасаудың өзі жарты-кештік екен-ау! Құпия қылмыстарда шаруамыз жоқ, біраз әйгіленіп қалған экономикалық сорақылықтардың өзі төбе шашыңды тік тұр- ғызады. Мысалы, мұнайды өндіру мен экспортқа шығару құқығын бірнеше алдыңғы қатарлы мұнай компанияларына беріп қойған Қазақстан мұнай нарығына тікелей ықпал ете алмай отыр, әрі мұнай өндіретін елдердің келіссөздеріне де қатыса алмайды. Терең ойластырылмаған қадамдардан, ашық экономика саясатына шексіз жол беруден өз рыногымызға өзіміз жете алмай отырған жәйттер де кездеседі. Бұл мәсе- лелердің бәрі жан-жақты байыпты талдауды қажет етеді. Әлемдік нарықтағы жағдайды өте терең бақылап, барлап, бәсекелестік күрес себептерін ескеріп және оның республи- ка экономикасына, оның қауіпсіздігіне тигізетін әсеріне көп көңіл бөлу керек.
Бәзбір салаларда шетелдік тауарлардан қалыспайтын отандық өнімдер пайда бола бастады, ал кейбір тұста тіпті ше- тел өндірісін басып озатын салалар да өмірге келді. Мәселен, Есіктегі шарап өндірісі, май, айран, сүт өндіретін «Фудмас- тер» компаниясы өнімдері шетел тауарларын ығыстырарлық- тай бәсекелестік сапаға ие өнімдер. Осы мақтаулы Есік шара- бы тұрғанда еуропа шарабына валюта шығындауымызды не- мен түсіндіруге болады? Ал, газдалған сусынға келсек құ- дайға шүкір, сапалы «Сарыағаш» суынан артық қандай өнім керек? Бірақ өзіміздегіні місе тұтпай 9 миллион долларға Ре- сейден минералды, газдалған суды сатып алуымызды қалай түсінуге болады? Республикадағы кәсіпорындардың 52 пай- ызы банкроттық шекке жуық жағдайда, өзін-өзі ақтай алмай- тыны ойландырар жәйт. Мысалы, Астана құрылысына қажет цементті өз республикамызда бар 4 ірі цемент зауытынан,
атап айтқанда, Қарағанды, Шымкент, Семей, Өскемен це- мент зауыттарынан алмай, Қырғызстаннан тасылғаны не сұмдық? Мал шаруашылығы республикасы бола тұра сол- түстік облыстарға етті Ресейден әкелудеміз. Банктер қаржы нарығынан әлі шыға алмай жүр. Әлі отандық өндіріске бетбұрған жоқ. Шетелдік инвестиция орнын таппай, оңды- солды шашылуда. Мысалы, өзіміздің Оралда кеме жасалып жаткан жағдайда неге біз катерлерді Араб Эмиратынан сатып алуға тиіспіз? Ол пайдаланылса бір сәрі, алып келе жатқанда өрт шығып, алтауы бірдей Каспий тұңғиығына батып кетті. Әуелі шулыған болғанымен, уақыт өте келе бұл оқиға да жым-жылас болды. Мұның астарында да қылмыстың кұлағы қылтиятын сияқты. Тізе берсең жаныңды ауыртатын дерек- тер жетерлік. Тіпті, атауы Алматы бола тұрып, қаламызға Иран мен Түркия, Эмираттан алма тасу өлім емес пе? Қы- зылордалық диқандар әйгілі Сырдың ақмаржанын өткізе ал- май жүргенде, көрші Кытайдан дұрыс тазаланбаған күріш са- тып алуымыз қалай? Қазақстанның 1 миллион долларға Ки- ыр Шығыс пен Балтық бойының балық-консервілерін сатып алуы отандық Атыраубалық, Балқашбалық, тағы басқаларын тақырға отырғызатынын Үкімет білмейді дегенге кім сене- ді? Аралдықтар өндірілген тұзын қайда сатарын білмей отыр- ғанда 600 мың долларға Ресейден тұз сатып алуымыз эко- номикамызға жасалған қастандық емес пе? Мәдени, рухани саланы тұралатқанымыз ештеңе емес, ауру-сырқау, кем-кетік, ғаріп пен қасерлердің бүкіл жеңілдіктерінен жұрдай қылуы- мыз нағыз тағылық болды. Үкімет қаржы жоқ деп зарлағанда көз жасына етегі толады. Керісінше, Қаржы министрлігі әкім- шілік шығындарын 257 миллион теңгеге ұлғайтты. Бұл аз болғандай 2 миллиард теңгені қазынашылықты жетілдіру- ге, техникалық қолдауға, шетелдік кеңесшілерге ақы төлеуге жұмсамақ болып отыр. Тағы бір айта кететін мәселе, Семей- де салынып жатқан көпірдің құны 220 миллион АҚШ долла- ры. Ал, Жапония мамандары Түрікменстанда Әмударияның үстіне әрі темір жол, әрі автомобиль жолын қосарлана са- лып жатқан көпірдің құны бар болғаны 80 миллион доллар- ды құрайды. Біздің көпір тым қымбатқа түсіп тұр. Ал, осы-
ны анықтап жатқан кім бар? Айналамызда осындай қиянаттар жасалып жатқаны жанға батады.
Соңғы кездері сонау Терещенко үкіметінен қарыз алған- дардың қарызынан құтылу үшін республикалық бюджет- тен 97 миллион АҚШ доллары, 228 миллион неміс маркасы жұмсалған. Сол қарыз алғандар өздерінің байығандығымен қоймай, өлім-жітімін тағы бюджет мойнына артуы кылмыс емес пе? Неге басқалардың кылмыстық кызметі үшін қара- пайым еңбеккерлердің қалтасы қағылуы тиіс? Мұндай заңы жұмыс істемейтін мемлекетте күн өткен сайын өмір сүрудің өзі қауіпті болып бара жатыр. Халықтың көнбістігін пайдала- нып, алпауыттар білгенін істеп қалуда. Рас, Қазақстан ТМД елдері арасында шетел инвестициясын тартуда алдыңғы орында келеді. 1993–1998 жылдар аралығында инвестиция көлемі 7 миллиард 900 миллион долларға жеткен. Соның 47 пайызы мұнай-газ секторының үлесіне тисе, ал 24 пай- ызы түсті металлургияға тартылған. Жыл сайын бай ел- дер кедей мемлекеттерге 60 миллиардқа тарта доллардың жәрдемін көрсетеді. Бұл ақшаға зәру елдер үшін қомақты жәрдем. Бірақ қаржылай көмек алатын көптеген мемлекеттер өздерінің экономикасының гүлденгенін айтып мақтана ал- майды. Сондай-ак, соңғы кезде жүргізілген зерттеулер бой- ынша шетелдік қарыздарды көптеп алған елдердің халқының тұрмыс деңгейі көтерілмеген, қайта жыл сайын төмендей түскен көрінеді. Ол дегеніңіз – мемлекеттің экономикаға тым көп араласуы. Жергілікті үлкенді-кішілі басшылардың ара- сында коррупцияның кең етек жаюы. Сондай-ак, макроэко- номикалык тұрақсыздық, тағысын тағылар. Әлемдік банктің бұл ескертуінде, әлбетте, шындық бар. Халықаралық қаржы қоры және Әлемдік банк секілді қорлар мен ұйымдар тек қана экономикалық реформаларды жүргізу саясатына ғана көңіл бөледі де, ал артта қалған елдер халқының әлеуметтік жағдайына, ғылыми-техникалық салаларының дамуына еш- қандай кұлықсыз көрінеді. Осы орайда кімге өкпелеуге бо- лады? Оларға мәңгілік шикізат көзі боп қалғаның, солардың майлық-сулығы болып қалғаның мың артық емес пе? Аузы- мызды аққа жеткізеді деп отырған үкіметіміздің ойраны мы- нау болса, басқа кімнен дәметесің?
P.S. «Жасағанның зырылдауығында шаршау жоқ» деген- дей, міне, санаулы айлардан кейін 2000-шы жылдын алғашқы орайы себездейді. Америка, Еуропа, т.б. бай елдер бұл ме- рекелі сәтте қалпағын аспанға атар. Ал, біз немізге жетісіп қуанамыз? Еліміздің күннен-күнге тұралап бара жатқан эко- номикасы «Халқымыздың ертеңгі күні не болады?» де- ген сұрақты еріксіз алға тартады. Кеңес дәуірінде тірнектеп жинаған азын-аулақ дәулеті мен абыройынан айрылған ха- лықтың (оның ішінде жұмысшы мен шаруа да, интеллиген- ция да бар) ар-намысын кім қорламай, кім аяққа таптамай жа- тыр?! Осы халықтың, елдің игілігіне жұмсалатын есіл күш, қайран қуат бостан-босқа рәсуә болуда. Өзі өліп кетсе де, осы кездің сықпытынан күн ілгері шошынып Ж.Жақыпбаев ақын:
Қор болады құл қылған ел бар ұлын, Бор қылады жігері мен дарынын.
Бүған дейін жауым емес, елім ең,
Құл ешкімді сүйе алмайды, жарығым, –
деп жазып еді-ау! Иә, азат елге азат ойлы, өз ісіне пәруана берілген атан жілік азаматтар керек. Өйткені құл-құтан ешкімді сүйген емес.
«Жетісу», 16.ІХ.1999 ж.