01.03.2022
  189


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

кіШі хАЛыҚТАРғА үЛкЕН ҚАНЖАР кЕРЕк немесе генералдық шеннің қадірі қандай?

 


«Кіші халықтарға үлкен қанжар керек» депті бір кезде орыстардың империалистік зобалаңына қарсы 25 жыл табан аудармай қарсыласқан Дағыстанның халық батыры Шәміл имам. Бұл да біздің Кенесары хан сияқты азаттық аңсаған жалаңтөстің бірі еді-ау! Біз кейіннен Шәміл имамның осы сөзін «Кіші халықтарға үлкен достар керек» деп өзгерттік. Бірақ, әркім өз текеметін тұйықтап жатқан бүгінгідей заман- да «үлкен достар» бізге шын жүректен көңілінің құсы түсіп, қарайласа қойса жақсы... Айранша ұйып тұрып, сабынша бұзыла кететін саясаттың құмар ойыны қаймана халықты әлі талай әбігерге салмаса жарар еді.


Кеше Баку-Жейхан құбырына бүйрегіміз бұрғаны сол еді, Ресей бұртиып шыға келді. Өзбек бауырларымыздың жанын қоярға жер таппай, бүкіл шекарасын шыр айналдыра миналап жатқаны анау! Осындай алмағайып кезеңде қаннен-қаперсіз отыру мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру болмақ. Күні кеше ғана Қорғаныс министрі Сәт Тоқпақбаев елімізге дәл қазір төніп тұрған қауіптің жоқтығын айтты. Ылайым со- лай болғай!


Бірақ, күрмеуі қиын күрделі дүниенің шаңырағы әлсін- әлсін сықырлап, белдеу арқанының шиыршық ата керілуі қауіп ойлатпай және тұрғызбайды. Біз тәуелсіздік алғаннан кейін жанталаса әскер жасақтауға кіріскен жоқпыз. Бәрі де сол кешегі Кеңес армиясының негізінде жасалды. Қазақшаға аударылып, кейбір жерлері өзгертілгені болмаса, әскери Жар- ғыға дейін сол бұрынғы қалпында. Рас, бір қуанарлығы, офи- церлер құрамындағы қандастарымыздың саны 80-90 пайызға жетті. Тәуелсіздік алған жылдары үш-төрт қана генералымыз болса, қазір олардың саны 89-ға жетті.


«Менімен соғысқа мылтығын сүйретіп кірген қатардағы орыс солдаты менің арқамда 25 жылдың ішінде генералдыққа дейін көтерілді» деген еді Шәміл имам.












 
  

 
















254



 

Тәуелсіздік алғанымызға 10 жыл жаңа толып жатыр. Ер-


 


лік, қарымта көрсететін қысылтаяңда бола қойған жоқ. Енде- ше, қас пен көздің арасындай уақытта Қарулы Күштерімізге егер рас болса, 85 генерал қосылыпты. Оған бір жағы қуа- нумен қатар, таңданбасқа да болмайды.


Генерал болу үшін соғысқа қатысу міндет емес шығар. Оның бетін әрі етсін. Бірақ, ауған соғысына қатысып, небір құқайды бастарынан өткерген Б.Ертаев пен Ә.Жарболовтай ма сол генералдардың бәрі?


Ешбір тер төкпей, жоғары әскери шенге ие болғандар тіпті, талантты әскер басыларды да ығыстырып жатады. Ба- уыржан туралы Д.Снегиннің естелігінде («Түркістан» газеті, 19.01.2001 ж.) осындай көпе-кернеу алалаушылықтар егжей- тегжейлі баяндалады. «Мәскеудегі әскери академиялардың кафедраларынан да еріксіз босатылып, Бауыржанның елге келген кезінде республикада Қорғаныс министрлігі құрылады деген ұзынқүлақ хабар тараған еді. Ол өзге жұртқа ашып айт- паса да, Қазақ ССР-нің Қорғаныс министрі қызметіне өзінен басқа ешкімді лайық көрмеді. Өкінішке қарай, оның сонау Мәскеуден басталған кикілжің текетірестері алдын орап, Ал- матыға өзінен бұрын жетіпті. Бауыржан бұдан кейін респу- блика әскери комиссары қызметінен де дәмеленді, бірақ, бұл да бұйырмады. Әскери комиссарлыққа басқа адам таға- йындалды да, ол тағы керексіз болып қалды... Бауыржанды жұмысқа алудан Алматыдағы жоғары оқу орындарының ка- федралары да ат-тондарын ала қашты. Сөйтсек, барлық жер- деде Бауыржанның жолы кесілген екен...».


Міне, Халық Батырының жан досы Митя ағайдың есте- ліктері осылай сөйлейді Ол кез қызыл империяның ісіп-ке- уіп тұрған кезі еді. Осындай көріністер тәуелсіздік алған азат елімізде қазір де қайталанып жатқандығы жанға батады. Сен- бесеңіз, мына дерекке назар аударыңыз.


1996 жылы ауған соғысына қатысқан қазақстандықтар- дың бір тобы «Қазақстан-1»телеарнасы арқылы еліміздің әс- кери және саяси басшыларына өтініш білдірді. Олар құзыр- лы органдардан Тараз қаласында үй-күйсіз, қызметсіз жүр- ген ауған соғысының ардагері, Кеңес Одағының Батыры,


 


КСРО әскери тікұшақтарының тамаша маманы Қайырболат Майдановқа көмектесулерін сұрады. Үкімет басындағылар бұл өтінішті естіген-естімегені белгісіз. Бірақ, Қ.Майданов бір уәжі болар деп ұзақ күтеді де, ақыры болмағасын Ресей- ге кетіп қалады. Өзімен бірге Ауғанстанда соғысқан Кеңес Одағының батырлары, құрдастары қалмақ Очиров пен ингуш Аушев әлдеқашан генерал шенін алған. Очиров Ресей Әскери Әуе Күштері қолбасшысының орынбасары да, Аушев қазір Ингушетияның Президенті.


Ресей әскери тікұшақтарының тамаша маманы Қ.Майда- новты жерге түсірмей қағып алып, табан астында Шешен- стандағы соғысқа салды. Ғаламат ерлік көрсеткен батыр жер- лесіміз 2000 жылдың қысында қаһармандықпен қаза тапты. ОРТ және НТВ телеарналары хабарлағанындай, осы ерлікте- рі үшін ол генерал-майор шеніне ұсынылған еді. Бірақ, амал не, бұл марапаттарды көре алмай, осы бір абыройсыз соғыс- та Қ.Майданов мезгілінен бұрын опат болды. Обалы кімге?! Арыстан ұлдың кеудесінен итеріп, қаңғытып жібергендегі шыққан биігіміз қайсы? Осы орайда «Кез келген шығынның орнын толтыруға болғанымен, дарынды адам шығынының орны толмайды» деген Б.Момышұлының сөзі еске түседі.


Қазақстан Республикасы Бас әскери прокурорының бі- рінші орынбасары, әділет полковнигі Әмірхан Естаевтың ай- туы бойынша, бүгінде 511 қашқын жауынгер іздеуде жүрген көрінеді. 2000 жылы әртүрлі қылмыстар жасағаны үшін 2006 әскери қызметкер жауапқа тартылыпты. Олардың 206-сы – жоғары шенді офицерлер. Өткен жылы республика әскерінен 39 сарбаз қайтыс болды. Ал, 1995 жылдан бері әскерде жара- ланып, мүгедек болғандардың саны 18500 адамға жеткен.


Бұл – тек қана бетін шарпып өтіп, тереңге бойламаған жеңіл-желпі деректер. Ал, түкпірде, тұңғиықта не болып жат- қанын бір құдайдың өзі біледі. Міне, қоғамды жайлап ал- ған, елдің сенімін, әскери рухты көктей солдыратын осын- дай жұлынқұрттардың Қорғаныс саласында қамтып бара жатқанын бүгін айтпасақ, ертең кеш боларын ішіміз сезеді.


«Жас Алаш»,


26.V. 2001 ж.


 





Пікір жазу