01.03.2022
  171


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

бАЗАРДАғы АРбАкЕШ іНіМЕ хАТ

Құдайтағала ер азаматқа 60 жас ғұмыр берсе, соның 45 жы- лы ел, халық, отбасы алдындағы аманат, парызды орындауға, яғни буырқанған шабытты еңбекке арналуы керек еді ғой. Осы аралықта бойдағы бұла күш ықты-жарына қаратпай, бірде Ұрымға, бірде Қырымға қарай шалқымаушы ма еді?


Ал, бүгінде сен не істеп жүрсің, 20 мен 30-дың арасын- дағы қызуымен  тоңды  оятын  атанжілік  азамат?  Білме- сең айтайын, сен екі жаны аққаптал болған, арбаға жегілу- ден көз ашпаған біреудің меңіреу есегісің, біреудің қора-қо- псысын, дәретханасын тазалайтын малайысың, аярлығы, қотиындығы жеті нарға жүк болатын шетелдік саудагерлер- дің қолбаласысың... Сен жүрген жердің бәрі лас, қапырық, ызғырық... Қыста екі бетің домбығып, жазда жүзің өрт сөн- діргендей қамырығып, алау-далау жүрісің мынау. Үмітсіз- дік, жүдеулік, санасыздық, әрекетсіздік сені түбі айықпас дертке шалдықтырады. Үйіңдегі сары ауыз балапандай ши- қылдаған екі-үш шикі өкпеңді, өлмелі кемпір-шалыңды кім бағады? Сен осы бір күйкі тірлігіңді, ит өміріңді ұмытқың келіп, кешке қарай күні бойы жанынды жалдап жүріп тапқан кір-қожалақ аз ғана нәпақаңа түрлі уды уыттаған арзан қытай арағына бас қоясың... Оллаһи, осыным өтірік деші, айна-қатесіз шындық қой! Дәретхана демекші, сен қара ба- зардағы қытайлардың «Ялян» сауда үйіне кіріп көрдің бе? Кі- ріп көрмесеңіз ондағы екі дәретхананың да қызметкерлері қытайлықтар. Міне, көрдіңіз бе, қазақтарға жылы жердегі бұл жұмысты да көп көріп, қытайлық саудагерлер мен инвестор- лар өздерінің қаржы күшімен бірге Қазақстанға адам күшін де ала келуді әдетке айналдырған. «Күрекке боқ көп, екі қолға бір жұмыс табылар» деп жүргенде өз атакүлдігіңде қаңғып қалып жүрмесең болды бауырым.


Өмірі аспанды көрмеген кежір мойын қиқар қабан қуса- май, ең болмаса айналаңа қарасаңшы. Сен көразап жұмыстан кешке қарай әбден титықтап, сүйегіңді сүйретіп, талаурап ке- ле жатқаныңда жан-жағыңдағы самаладай жарық офистер-


 


де сенің бұйырмысыңды, сенің несібеңді кертіп жеп, шыттай болып өзге ұлттың пысықайлары отыр! Пәруардігер-ау, сенің солардан нең кем?


Мына бір аңыз-әфсананы оқып шығып, санаңа құйып ал- саң, біраз нәрсеге көзің ашылар еді: «Ертеректе бір жас бала сенімді тайымен екі-үш күншілік жердегі нағашысының ау- лына жолға шығады. Жолшыбай сол бағытқа қарай кетіп ба- ра жатқан бір қарт кісі ілеседі. Қоналқыда екеуі кемпірі жоқ, бір егде адамның үйіне түнейді. Таң ала-көбеңде жол бойы бірге келе жатқан қарт орнынан тұрып, үй иесі байгұстың талғажау қылып отырған 5-6 ешкісін түгел қырып тастай- ды. Оны бала керегенің көзінен көріп жатады. Көп ұзамай екеуі тағы жолға шығады. Жолшыбай бала әлгі қарттан: «Ата, ана байғұс енді қалай күн көреді, 5-6 жандығын сіз өлтіріп тастадыңыз» дейді. Сонда әлгі қарт: «Балам, мен Қыдыр атаң боламын, мына шалды мен ширек ғасырдан бері білемін, 5-6 ешкісі өспейді де, қоймайды да, есіл ғұмыры босқа өтіп кетті. Енді бұған несібені басқа жақтан бұйырттым. Аштан өлетін болғасын, амалсыз қоныс ауыстырады, сол жақта бақытқа кенеледі» деген екен.


Ендеше, бауырым саған өз Отаныңда жүріп біреуге арба- кеш болу қол емес, сенің несібең басқа жақта! Биікте! Өйт- кені сен тәуелсіз Қазақстанның бірден-бір иесісің! Статис- тикалық деректерге сүйенсек, жыл сайын ауру-сырқаудан, табиғи aпаттардан, қайыршылықтан 200000 адамға кеміп ба- рады екенбіз. Құдауанда, сонда мына ұланғайыр өлкені бо- лашақта кім қорғайды? Қорғайтын сен. Егер арбакеш бо- лып қала берсең, саған Отанның қажеті жоқ. Оу, мырза-шо- ралар, сақи, қайсар азаматтар! Уа, көк Түріктің тұқымы, тамырларыңдағы соңғы тегеурінді тірілтіп, айналаңа бір қа- рашы!


«Ана тілі»,


11.ХІІ.2003 ж.


 





Пікір жазу