01.03.2022
  155


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ЗАңДАРДың ҚАЗАҚШАСы ОҚыЛМАйДы. НЕгЕ?

Тәуелсіздік алған он жылдың ішінде қаншама  заңдар мен қаулылар шықты десеңші! Солардың кейбіреулері қатал дәуірдің тезіне шыдай алмай, қолданыстан шығып, күшін жойды. Заңды хан да, қара да түгел ұлықтап, оны әлеумет әрбір бабына дейін толық түсініп, өз қажетіне жаратқанда ғана, оның ғұмыры ұзақ болмақ.


Бізде күллі заңның мәтіні орыс тіліңде дайындалады да, артынан іле-шала қазақша ресми аудармасы басылым бет- теріңде жарияланады. Осы заңдардың кейбір баптарының күлдібадам аудармалары күлкіңді келтіреді.


Сөзіміз дәлелсіз болмасын, 2002 жылғы шілденің-3-інде Елбасы Н.Назарбаев қол қойған «Инновациялық қызмет ту- ралы» заңның қазақша нұсқасына назар салыңызшы.


4-бап. Мемлекеттік инновациялық саясаттың принциптері 4-тармағы былай басталады: қызметтік және заңмен қорға- латын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, ин- новациялық қажеттіліктер мен ғылыми-техникалық және ин- новациялық қызмет нәтижелері туралы ақпаратты алу және тарату еркіндігі мемлекеттік инновациялық саясаттың прин- циптері болып табылады.


Түсінгің-ақ келіп, қайта-қайта оқисың. Бірақ, түк те түсін- бейсің. Арнайы заңның осы тармақтарын түртініп жүрген біз ұқпағанда, қарапайым халық қалай түсінбек?


Мысалы, осы Заңның 9-бабының 2-тармағы былайша был- дырлайды: Аймақтық инновациялық бағдарламалар аймақ- тарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдар- ламалары негізінде қалыптастырылады және кадрлар даяр- лауды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылым мен ин- новациялық әлеуетті дамытудың негізгі басымдықтарын, инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін ынталандыру нысандары мен әдістерін айқындайды.


Құдайшылығын айтайықшы, осы бір «жаңылтпаш» аудар- маларды білікті заңгердің өзі түсінбеуі мүмкін. Осы орайда пролетариат көсемі Ленин марқұмды сағынады екенсің. Бұл


 


жарықтық: «Партияның қарарлары мен қаулылары қара тани- тын әрбір адамға түсінікті, ұғынықты тілмен жазылатын бол- сын» деп өсиет айтып еді-ау!


«Инновациялық қызмет туралы» Заңнан кейін шілденің 4-інде Қазақстан республикасы Президентінің «Қазақстан республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» заң кү- ші бар жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура- лы №335-ші арнайы қосымшасы жарияланды, оның да қа- зақшасы солақай.


1-2 бап. Күзетілетін адамдар.


Осы баптың 7-тармағы былай боп келеді: Қазақстан рес- публикасының тұңғыш Президентінің онымен бірге тұратын отбасы мүшелері немесе оған еріп жүрушілер;


Президенттің қасына тегін адамның еріп жүрмейтіні бел- гілі. Оларды еріп жүрушілер деп сүмірейтпей-ақ, серіктері немесе ресми адамдар десе жарасып тұрған жоқ па? Респуб- лика Парламентінде осындай заңдарды, қаулы-қарарларды аударумен айналысатын 30-40 аудармашы бар екені кәміл.


«Әркім тапқанын теке қояды» дегендей, әлгіндей аудармалар- дан кейін ойдан-қырдан жиналған шаласауат, халқымыздың бай тілінен қажет сөздерді суыртпақтап ала білмейтін қара- байыр аудармашылардың барынан жоғы дегің келеді.


Кезінде марқұм Ғ.Мүсрепов: «Социалистік Қазақстанды» түсіну үшін алдымен «Каз.Правданы» оқып алу керек» деп бүкіл шындықты жайып салып еді. Тәуелсіздік алғанымызға он жыл болса да, осы бір итжанды үрдіс әлі еріп келеді.


Әлгі «Күзетілетін адамдар» деген 1-2 баптың 10-тармағын окып қарайық: қауіпсіздігі Қазақстан республикасының аума- ғында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасының халық- аралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етілетін шет мемле- кеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшы- лары;


Міне, орыс тілінен еш қиналмай, сүйкектетіп аударудың


«ғажайып» үлгісі! Біріншіден, сөйлем дұрыс құрылмаған. Екіншіден, кауіпсіздігі сөзін ең болмаса сөйлемнің аяғына шығаруға ерінген көрсоқыр аудармашыларға не дерсің! Тіпті, бірнеше беттік заңдарды айтпағанда, жарты беттік заң, жар-


 


лықтарда да орнын таппаған баламалар ит үстіндегі бүргедей өріп жүр. Туған тілінің өңін кетіріп, ажарын айғыздап, аяу- лы жүзіне қара күйе жағып отырған осындай аудармашыларға не айтуға болады? Мемлекетіміздің саяси бағдарынан хабар беретін, қазақ баспасөзінде жарияланған заңдар мен жар- лықтар неліктен оқылмайтыны енді түсінікті болған шығар. Өйткені, әлгіндей быламық аудармалардан ешкім ештеңе ұқ- пайды. Сосын барып жұрттың біразы: «Әй, осы түпнұсқасы дұрыс болар, не де болса содан оқиық» деп орыс басылымда- рына жүгіретіні өтірік емес.


Оны айтасыз, Жаңа Қылмыстық кодекс мәтіні әуелі орыс тілінде дайындалып, іле-шала қазақ тіліне аударылады. Өйт- песе тағы болмайды. Өйткені Республика Ішкі істер минис- трлігі мен Әділет министрлігінде қазақша түртіп алмайды. Басқасы басқа, Қылмыстық кодекстің қазақша аудармасыңда бұрыс, мағынасын тап баспай тұрған терминдер жетерлік. Заң нормативін аудару үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оған жүрдім-бардым қарау түбі орға жығады. Біздің шалағай аудармашылардың кесірінен құқық қорғаушылардың Құра- нындай Қылмыстык кодекстің біраз жері бұрмаланып кет- кен. Мәселен, «кража» – «ұрлық», «хищение» де «ұрлық» деп аударылған. Оның қазақшасы «талан-таражға салу» емес пе? Өзі Қылмыстық кодекс болғасын, ондағы баптардың әрбір әрпінің артында адам тағдыры тұрғанын сөздік қоры таяз, шала-сауат аудармашылар қайдан білсін?


Пайғамбарымыз Мұхаммед ғалайссаламның мынадай ха- дисі бар: «Әрбір адамның үш намысы болады, өз мемлеке- тінің низамы, Отаны, отбасы. Осы үшеуін қорымаған, күзете алмаған адам діннен шығады...»


Ал, өз патшасы қол қойған, Парламенті бекітіп берген ни- замды қыңыр, «мипалау» етіп аударған біздің «супер тәржі- мандарға» қандай жаза лайық?!


«Ана тілі», 15.08.2002 ж.


 





Пікір жазу