01.03.2022
  172


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ШАЛғАйДАН ЖЕТкЕН Шәй ЕДі...

Мезгілінде шәй ішпегендіктен қалжырап, басының сақи- насы ұстап, қабағы қату келе жатқан жолаушыларды сапарға шыққанда өздеріңіз де көрген боларсыздар. Егер сол жан- ды ыстық шәймен сыйлай қалсаңыз, самайынан ақ сынап – тер сорғалай, көз құйрықтарына ризалық күлкісі жүгіріп, ма- мыражай күй кешіп, ой, бір әңгіме тиегін ағытады-ау! «Шәй, ішсең көңілің жәй», «Шіркін, шәйдің жөні бөлек қой!», – деп отыратын сусыны қанған сары тісті қариялар. Біздің халық біреудің сараңдығын айтқысы келсе: «Өй, ол деген үйінен бір кесе шәй бермейтін Шығайбай ғой», – деп іске алғысыз қылып тастайтын. Ел ішінде «орамалды сыққанша, самау- рынды жыққанша» ішетін небір шайқорлар әлі де бар. Соған қарағанда осы бір сусын жер жаралып, су аққалы бізбен бірге жасасып келе жатқан сияқты. Шәй өсімдігі бізге қай дәуірде, қалай келгенін ешкім тап басып айта алмайды. Кейбір дерек- тер адамдар шәй іше бастағалы кемінде бес мың жыл уақыт өтті дегенді айтады. Шәй туралы Марко Полоның жазған- дары да баршылық. Бірақ шәй туралы алғаш жазған ол емес. Тіпті жеті жүз сексенінші жылдың өзінде-ақ бұл сусын ту- ралы тұтас кітап жазылған. Оны жазған – қытайдың тұңғыш шәй өсірушісі Лу Ой. Қытай жазбаларында шәйдің дәрі- лік өсімдік екендігі туралы дерек біздің дәуірімізден бұрын- ғы екі мың жеті жүзінші жылдары-ақ кездеседі. Өткен ға- сырдың ортасына дейін Қытай тек өзі ғана шәй өсіріп, дү- ниежүзін қамтамасыз етті. Қытайлықтар шәй сырын кере- мет ұқыптылықпен сақтап келді. Егер бір айлакер ағылшын болмағанда бұл құпия сол беймәлім күйі қала берер ме еді, қайтер еді? Әлгі әккі кісі оның тұқымын ұрлап алады да, бір көңілшек қытайлыққа көп ақша төлеп, оның әзірлеу тә- сілін үйренеді. Қытай экономикасының тарихы бұрын-соң- ды тап мұндай соққыны көрген емес. Шәй туралы небір қызғылықты жайларды естуге тура келеді. «Шәйдің отаны» деген құрметті атақ күні бүгінге дейін бірнеше халықтың арасында талас туғызып келеді. Шәй деген сөздің өзі қытай


 


тілінен алынғандықтан, бұл сусынның отаны да Қытай бо- лып есептелінуі керек. Шынында да он тоғызыншы ғасырға дейін осылай болып келді. Сонан соң шәй өсімдігінің жа- байы бұталары кенеттен бір емес, бірнеше жерден – Индия- дан, Вьетнамнан, Гималай тауларынан табылды. Бірақ көп бо- лып жүргізген тәжірибелер алғашқы шәй бұтасын тудырған ежелгі жер – Қытай мен Вьетнам топырағы болғанын дәлел- деп берді. Шәй осы елдерден дүниенің басқа бұрыштарына тараған. Шәй қорапшасының сыртында байха деген сөз тұ- рады. Байха қытай сөзінен алынған. Бай – хоа сөзбесөз ау- дарсақ «ақ кірпік» деген мағынаны білдіреді, ал қазақтар оны «ақ құйрық» деп атайды. Қытайлықтар жаңа ғана ашыл- ган шәй жапырақтарының төменгі жағындағы талшықтарды осылай атаған. Олар ашық түсті мүк сияқты болып, жапырақ бетін басып тұрады. Түптеп келгенде кез келген шәйдің са- пасы осындай кірпіктері бар жас жапырақтар санына байла- нысты. Бұл көне сөз, шамасы саудагерлердің қытайлықтар аузынан өнімнің сапасын білдіретін бай-хоа деген сөзді жиі естігеннен қалыптасса керек. Шәйдің дүниенің түкпір-түк- піріне шындап таралуы XVII ғасырдың бірінші жартысы- на сай келеді. Қьітай керуендері 1600 жылы-ақ Ресейге шәй жеткізе бастаған. Шәйдің отаны – Азия болғандықтан бізге бұдан әлдеқайда бұрын жеткені белгілі. Біз шәй ішуді әдетке айналдырғанымызбен, бұл сусынның денсаулыққа пайдасын біле бермейміз. Мысалы, Қытай халық медицинасында оны әртүрлі улану кезінде пайдаланған, шәй ерте заманнан бері ой мен дене еңбегінен шаршаған кезде сергу үшін ішіледі, кейінірек ол қан тасу сырқаттарынан алдын-ала сақтандыра- тын тамаша дәрі екені анықталды. Сонымен қатар бұл су- сын адамның шығармашылық қабілетін, біздің миымыздың мүмкіндіктерін күрт ұлғайтады. Шәй кісінің қиялын оятып, оған қанат бітіреді, аптапта ішсең – денеңді салқындатады, аязда ішсең – бойыңды жылытады. Адамды семіртпейтін, не- сеп жолы мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтетін, қан қысымын төмендетіп, адамды сергітетін бұл ғажайып сусында қасиет жетерлік. Бір кезде дүниенің ұлы емшісі


 


Әбдуғали Ибн Синаның: «Шәй ішіңіздер, сонда сіздер ба- қытты боласыздар», – деуі тегін емес шығар. Бұл күнде Қа- зақстан шәйқұмарлар Меккесі болып отыр. Есепшілердің де- регіне сүйенсек, республика халқына жылына 12 мың тон- на шәй керек екен. Өткен жылы Алматы шәй фабрикасы бар болғаны 5 мың тоннаның айналасында ғана шәй шығарыпты. Грузиядан шәй өнімін алу қиындаса, Үндістаннан алу өте қымбатқа түсіп отыр. Осыларды саралай келіп, Жамбыл қа- ласындағы «Жамбылинтер» қауымдастығы Араб Эмираты- мен бірлесе отырып, шәй өндіретін біріккен кәсіпорын ашу- га келісім жасасты. Шикізатты Араб Эмираты Үндістаннан алып беретін болса, болашақ зауыттың жабдықтарын Жапо- ниядан алады. Осы кәсіпорын іске қосылса, жылына 6 мың тонна шәй беріп, көпшіліктің сұранысын қанағаттандырмақ- шы. Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында өзіміздің Тараз қаласы өңдеген Үнді шәйі дүниеге келеді. Ендеше, шәй жа- рықтық көбейе берсін. Өйткені шәйі таусылған үйде сән бо- ла ма?


Міне, елеусіз шәйдің өзінің арғы тегін қазбаласақ осын- дай ұланғайыр тарихы бар. Бұл сусын туралы сөз бола қалса, сонау бала күнімдегі асыл жеңгелерімнің, құрбы-қыздардың


«шәй ішіп кет» деген назды үні құлаққа келгендей болады.


«Азия» газеті, 5.06.1993 ж.


 





Пікір жазу