01.03.2022
  160


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

«Мың өЛіП, Мың ТіРіЛгЕНіМіЗ өТіРік ЕМЕС»

Биыл жасы 80-ге толып отырған қазақтың көрнекті ақы- ны, марқұм Жұбан Молдағалиев әйгілі Желтоқсан оқиға- сынан кейін Колбиннің алдында: «Мен мынау өрімдей қа- зақ қыздарын бұрымынан сүйреп, ішке тепкілеп, солдат кү- регімен ұрып-соғып жатқанын көргенше кешегі соғыста өліп кеткенім дұрыс болар еді» деген екен. Атақтарынан адам шо- шитын, атан жілік ағаларымыздың көбі сол кездері тұяқ сер- пуге де жарамаған.


Атақты жазушымыз Мұхтар Мағауин өзінің «Ұлттың кү- ре тамыры» («Жұлдыз» журналы, 1999, №9-10) кітабының үзіндісінде Жұбан Молдағалиевтің әйгілі «Мен қазақпын» поэмасын іске алғысыз қылып, былай дейді: «Қазақтың ба-


 


сынан неше бір жағдайлар өтті. Әлгі мың өліп, мың тірілген деген сөз дұрыс емес. Бірде-бір рет өлген жоқ қазақ. Жұбан Молдағалиевтің поэмасы бар ғой, қайта-қайта айтыла бе- ретін: «мен қазақпын» деп. Бұл өзі – күні өткен, зиянды дү- ние. Бұл – қазақты қорлаған шығарма, тауып, оқып көретін болсаңыздар...»


Шындығына келсек, «Мен қазақпын» поэмасының алғаш- қы нұсқасын Жұбан ағамыз соғыс кезінде жазып, 1944 жы- лы майдандық газетте жарық көрген екен. Бұл дүниенің Ба- уыржан Момышұлына арналғаны және шындық. Кезінде осы поэманың атауы біраз сөз болып, түрлі әңгіме шыққан кезде де Жұбан ағамыз табандылық танытып, алған бетінен қайтпағаны белгілі.


М.Мағауинге салсақ, қазақ халқы әлімсақтан бері өлмей- солмай, аузынан мәйегі сорғалап, мамырайқан тірлік кешіп келе жатқан сияқты. Бірақ қазақ тарихының қай бетін ашсаң да қызыл қырғын, телегей-теңіз көз жасы, ат бауырынан ақтарылған қара қан... Бір де-бір рет өлген жоқ қазақ десек, болашақ ұрпақ мұны қалай түсінеді? Тіпті миллиондаған әзиз басты құрбандыққа шалып, ит қорлық көре жүріп құрған мемлекеттің де құны кейбіреулер үшін көк тиын болып қалмай ма?


Неміс халқының ардагер ұлы, әлемдік ойдың алыбы Фри- дрих Ницше өз ұлты туралы былай дейді: «Неміс өркениеті қазір бейшара халде. Халықтың басынан өмірлік тәжірибесі жоқ, соғыс қасіретін көзбен көрмеген, бір үзім нанның қандай маңдай термен келетінін толық түсініп білмеген жастарға қоғамның маңызды салаларының тізгінін ұстатып қойдық. Құр атағы ғана жер жаңғыртып тұрған залымдардың жазған туындылары пышақтың қырындай, мазмұны сұйық. Ой көзімен қарағанда, бүгінгі неміс ғылымы мен мәдениеті дәл осындай кембағал күйде...»


Жатқан жыланның жусауын білетін, қажет болса бүргені де тағалап беретін әлемдегі озық ұлттардың бірі – неміс халқы. Ал, Ницше өз қандастарын әлгіндей деп сілейтіп сала- ды. Түсінген адамға бүл – халқын жанындай сүйген жанның аузынан шығатын сөз ғой!


 


Біз болсақ марқұм Жұбан Молдағалиевты «мен қазақпын



  • мың өліп, мың тірілген» деп айтты деп күстаналаймыз. Заманымыздың үлы суреткері Ғабит Мүсіреповтің өзі бір сөзінде: «Қазақ халқы – Феникс құс сияқты. Өзі өліп қалса да, күлден қайта жаралатынындай, сан қысталаңда жойылып кетпей, аман қалып, салқар тарих көшіне әлі ілесіп келеді» деген болатын.


Ендеше, «мың өліп, мың тірілгеніміз» өтірік емес...


«Жас Алаш», 12.VIII. 2000 ж





Пікір жазу