01.03.2022
  154


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

ОТАНДыҚ өНЕРТАПҚыШТАРДы өгЕйСіТЕ бЕРМЕйік

«Жер Ана – адамзат бесігі. Бесікте мәңгі ешкім қалмайды. Адам баласы жерден ұзап, өзге аспан денелеріне, жұлдыз- дарға да жетеді», – деп еді бір кезде К.Циолковский, оның осы арманын оның ізбасары С.Королев жүзеге асырды. Шынында да адам мүмкіншілігінде шек жоқ қой! Оның ішінде әсіресе, өнертапқыштардың жөні бөлек.


«Аса бір қымбат адам миы бар: іс және өндіріс әлемінде ол миды 15 миллиард долларға бағалайды. Ол – Томас Аль- ве Эдисонның миы», – деп жазды «Нью-Йорк таймс» газеті 1923 жылы.


Міне, осы ұлы өнертапқыштың ойлап шығарған жаңалық- тары кейін өз еліне жүз миллиардтаған доллар пайда әкелді.


Осы орайда академик Ж.Алферовтың: «Россияны Березов- скийлер мен Гусинскийлер көгертпес, мұнай мен кен байлық та ұзақ алданыш болмас, елдің бағын ашатын – біз, ғалым- дармыз», – деуінде үлкен мән жатыр.


Жалпы, білім-ғылым мәселесі қадым заманнан бері адам- заттың басты мұқтажы екені белгілі.


Демек, Мұхаммед (ғ.с.с.) пайғамбарымыздың: «Білімге бе- сігіңнен бастап, көріңе дейін талаптан», «Тіпті Қытайдан болса да білім алуға ұмтыл», «Бір сағат білім үйрену, бір түн жасаған ибадаттан артық, ал, бір күндік дәріс, бір ай ұстаған


 


оразадан абзал», – деген әйгілі хадистері өз үмбеттерін үнемі алға жетелеумен келеді.


Ендігі жерде ғалымдары мен өнертапқыштарына сырт қа- раған мемлекет өркениет көшіне ілесе алмасы анық.


Соңғы он жыл ішіндегіні ғана саралағанның өзінде дүние жүзінде жасалған технология жетістіктері бас айналдырады. Компьютерлердің жаңа үлгісі жыл сайын жасалуда. Оның бә- рі «Нона» технологиясы мен силикондық чипсыларды орын- ды қолдана білудің нәтижесінде мүмкін болып отыр.


Қазіргі уақытта түрлі телеарналарда жарнамасы жүріп жатқан «Дижитал» технологиясы – теледидарды «сандық» жүйеге көшірудің алғашқы баспалдағы болып табылады. Тү- сінікті тілмен айтқанда «Дижитал» жүйесі әлдеқашан сүйегі қурап қалған актерлер мен актрисаларды «қайта тірілтіп», ки- но өндірісінде зор төңкеріс жасап отыр...


Әлемде жаңа өмір формалары ыждағаттықпен жасалып жатыр. Тіпті болашақтың босағасынан қазаққа орын тимей қалуы әбден мүмкін... Бұл өз-өзімізді кемсіту немесе төндіре суреттеу емес, күні ертең болатын айна-қатесіз шындық.


Шынында да біз осы ғалымдарымыз бен өнертапқышта- рымызға тиісті көлемде қамқорлық жасап отырмыз ба? Түрлі отандық бюрократия кедергілеріне ұшыраған осы саланың қызығын шетелдіктер көріп жатқаны өтірік емес. Мысалы, қазақ ғалымы жақында қатерлі ісікке қарсы дәрі жасап шы- ғарды. Қарағанды фитохимия институтының кызметкері Сер- ғазы Әдекенов ұзақ жылдар бойғы ізденіс нәтижесінде, қа- терлі ісікке қарсы қолданылатын арглабин аталатын дәрі жа- сап шығарған еді. Осыған орай, Кембридждегі халықара- лық биографиялық орталықтың ғылыми-зерттеу кеңесі жу- ырда С.Әдекеновті «2001 жылдың халықаралық ғалымы» атағына лайық деп тауып, алтын медаль тапсырды. Демек, дүниежүзілік беделді ғылыми орта қазақ ғалымы ойлап тап- қан дәрінің бағалылығын мойындағаны ғой. Осы дәріні өнді- ріске енгізіп, ертең олар пайданың астында қалады. Бүгінде елімізде не көп, ауру көп. Ал, дәріге жұмсалатын ақшаның бәрі керісінше шетелге кетіп жатыр. Қазақстанда дәрі-дәрмек саудасымен айналысатын концерн, фирмалар көп. Олар өз


 


тауарларын сатып, біздің нарықтан пайда табады. Шетелдік компаниялардың қазақстандық өндірісті дамытуға ешқандай көмегі тимейді. Ал, сол ақшалар Қазақстанда қалатын бол- са, дәрі-дәрмек шығаратын зауыт салуға болар еді. Бағамдап қарасақ, Қазақстан нарығы шетел компанияларына инвести- ция жасап жатқан боп шығады.


Отандық фармацевтика өндірісін Үкімет уысынан шыға- рып алғалы қашан! Ащы да болса шындық мынау: мысалы, Үндістан, Пәкістан халқының 40-60 пайызы сауатсыз болса да, біз солардың сапасы төмен дәрі-дәрмектерін пайдаланып жатырмыз. Бұл бейқамдықтың арты қайда апарып соғарын бір құдайдың өзі біледі.


Көшелерімізде шетелдік көліктер қаптап жүргенімен, әлі отандық көлік жасалған жоқ.


Кезінде «Тұлпар» атты автомобильдің бір-екі данасы жа- салды да, арты аяқсыз қалды. Осыдан бір жыл бұрын тараз- дық шебер Александр Локтев «ГАЗ-66» жүк көлігі мен «Вол- га» автомобилін «будандастыру» арқылы жол таңдамайтын джип жасап шығарған еді.


Қазір ол да аяқсыз қалды. Ешқандай көмек болмағасын, тек өзінің қара күшіне сенген тараздық бейнетқор өнертап- қыш жиһаз фабрикасының бірнеше бөлмесін жалға алып, та- яу арада әлгіндей 20 джип көлігін жасап шығаруға бел бай- лапты. Александр Локтевтің осы кішкене шеберханасы азда- ған қамқорлық болса, конструкторлық бюроға, арнайы цехқа айналып кеткелі тұрған жоқ па?


Бұл жерде бізге жетпейтіні намыс болып тұр ғой. Шетел- дік көліктер жақсы-ау, бірақ өзіңдікіне не жетсін!


Тағы бір қызық деректі айта кетейік. Өткен жылы Ақтөбе облыстық салық полициясы жедел тексеріс кезінде бір фир- маның директорының атындағы, лицензиясыз жұмыс істеп тұрған мұнай өңдейтін мини-зауытты тапты. «Қолдан жасал- ған» мини-зауыт Ақтөбе облысының Темір ауданында тір- келген екен. Бұлар жасырын түрде шикі мұнайдан бензин, дизельді отын және мазут өндірумен айналысқан.


Бір қызығы, мини-зауыт Темір ауданындағы Ақтас елді мекенінде ашық аспан аясында орналасыпты. Мини-зауыт- тың құрал-жабдығы да қарапайым. Мұнай сақтайтын қойма,


 


мұнайды айдайтын жылан тәріздес құбыр, бу қазандығы, мұнайды жылытатын және суытатын қондырғы, сосын бен- зин, дизель отыны мен мазутты құйып алатын цистерна- лар. Мұнай өңдеу процесі оны жылыту және термокрекинг жүйесімен суыту арқылы алынған. Жұмысты күні-түні алты адам жүргізген. Тексеріс нәтижесінде мұнай өңдейтін мини- зауыттың технологиялық процесін басқарған білгір маман болғандығы анықталған.


Егер ертеңін ойлаған ел болғанда мұндай «өлермен өнер- тапқыштарды» Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодек- сінің 190-шы бабымен жазаламай, алақандарына салып аялар еді-ау!


Қазақстандағы абажадай үш мұнай өңдеу зауыты үш мо- нополистің қолына беріліп, олар еліміздің бүкіл саласын ал- қымнан алып, қылқындырып отырған жоқ па?


Осы алпауыттарға тәуелді етпей, жер-жерде әлгіндей мұ- най өңдейтін мини-зауыттарға лицензия беріп, өнім сапасын жолға қойса, еліміздің, әсіресе, ауыл шаруашылығы бір ты- ныстап қалар еді-ау! Бірақ, Үкімет неге екенін қайдам, мұн- дай өміршең бастамаларды қолдаудан зәресі ұшады. Бәрібір ерте ме, кеш пе жанар-жағар майдан тапшылық көрген ел кешегі 90-шы жылдардағы «самопал» арақ жасау әдісін өр- кендеткені сияқты, мұны да жолға қоятыны акиқат. Тіпті, осындай өнертапқыштық дүниелер мұнай саласында да өмір- ге келіп жатыр, бірақ оған назар аударып жатқан кім бар?


Бүгінде Қазақстанда мұнай айдап тұрған штангілі ырғал- ғыш качалкалар саны он бір мыңнан асты. Ал, мұндай ыр- ғалғыш качалкаларды мұнайшылар өз жерінде зауыт бол- мағандықтан Ресей Федерациясынан алдырып келді. Осын- дай таптаурын, ескіріп бара жатқан техниканы қайткенде жаңа заман талабына сай өзгертуге, жаңа технологиямен ал- мастыруға болады деген ой осы мұнай саласында жүрген ин- женерлер мен ғылыми қызметкерлерін ойландырмай жүр- ген жоқ. Өткен жылы 23 жыл мұнай өндірісінде қызмет іс- теген инженер, Актау политехникалық колледжінің аға оқы- тушысы Әбілқас Бесімбаев болашақ мұнай кадрларына мұ- най өндірудің техникасы мен технологиясы жөніңде сабақ бере жүріп, өнімді қабаттан мұнай сорып тартатын ырғал-


 


ғыш качалканың жетілдірілген түрін өзі жұмыс істейтін кол- ледждің шеберханасында жасап шығарды.


Жаңа қондырғы ырғалғыш качалкаға қарағанда мұнайды екі есе көп өндіреді және қызмет мерзімі ұзақ, шығыны жоққа жақын жаңалық болды. Білікті мамандар әлгі қондырғының ұңғыл-шұңғылын зерттей келіп, бұл жаңа техника жуық ара- да әділ бағасын алып, зауыттарға шығаруға жолдама берілсе, мұнай өндірісінде техникалық революция болуы мүмкін де- ген пікірлер айтты. Осы «Нуба» деп аталатын мұнай өндіру қондырғысын өндіріске жаңалық ретінде енгізу кажеттігін дәлелдеген ұсыныстар өткен жыл аяғында Қазақстан Респуб- ликасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне жі- берілген болатын. Содан елі күнге хабар жоқ. Құзырлы ор- гандар өнертапқыштардың мысын осылай құртады. Жігерін жасытады, ақыры талабын өлтіріп тынады. Қазақстанда пай- да болған небір озық технологиялар өзінің өміршеңдігін көр- сеткенше талай «тар жол, тайғақ кешуден» өтеді, қаржы жоқ деген сылтау айтылады. Ақыры өз елінде тиянақ, колдау таба алмағасын, шетелдіктер кақшып кетеді.


Осыдан үш-төрт жыл бұрын Қазақстанның егістік ал-


қаптарына шегіртке жаудай тигені белгілі. Eгiс «тажалда- рына» қарсы шараға Үкімет бірнеше миллиард теңге қаржы бөлді. Осындай қысылтаяң кезде Шығыс Қазақстан облы- сы, Ұлан ауданының Завидное ауылының тұрғыны, тех- ника ғылымының кандидаты Мұқан Ағзамов деген азамат шегірткені жаппай қыратын қондырғы ойлап тапты. Бірақ, бұл жаңалық туралы баспасөзде қанша жазылса да, құлақ түрген ешкім болмады.


Кезінде Қазақстанда дүрілдеп дамыған саланың бірі – хи- мия өндірісі де бүгінде тұралап қалды. Осы бір ғажаптың бағын байлау – кері кеткендіктің белгісі демеске амалымыз жоқ. Өйткені, химия өнімдерінсіз тіршілігіміз қараң қалмақ.


Еліміздегі химия өндірісінің ауыр халі туралы химия ғы- лымының докторы, Химия институтының аға ғылыми қыз- меткері Сапарғали Қонысбаев қынжыла баяндай келе, бы- лай дейді: «Мемлекетіміздің он жылдығында республика- мызда химия өнеркәсібі жаңа табысқа жетті деп ауыз толты- рып айту қиын. Павлодардағы ашылған кішкене каустик со- дасын шығаратын цехтан басқа жаңа мекеме ашылған жоқ.


 


Басқасын былай қойғанның өзінде, тұз өңдеудің өзін қолға ал- май отырмыз.


Қаратауда, Алматы облысының Кеген ауданында Тұздыбұ- лақ деген жер бар. Сол жерлерде тұз жердің бетінде бекер жатыр. Одан соданың түр-түрін жасауға болар еді. Сода ме- таллургияға да, әйнек жасауға да, мұнайды бұрғылауға, газ- ды өңдеуге өте керек. Май, сүт өндірісі де содасыз жүрмей- ді. Ал, қазір осы соданы Ресейден тасып отырмыз. Мұндай қарапайым мысалдар өте көп. Үкімет тарапынан химия өнер- кәсібін дамытудың нақты бағдарламасы жоқ. Ауыл шаруа- шылығының қалдықтары да босқа жатқан дүние. Мәселен, бізде жұмыс істеп жатқан ғылыми топ жүннің шайырынан ланолин деген зат алуға болатынын дәлелдеді. Ол дегеніміз әйелдер қолданатын түрлі кремдердің, медицинадағы дәрі- дәрмек жасаудың негізі. Біздің институттағы кейбір ғалымдар дәрі-дәрмек жасауға болатын өз жобаларын қазақстандық өндіріске енгізе алмай, Ресейге апарып өндіріп, сол жақта шы- ғарып жатыр. Никотин қышқылын алуға болатын жоба Қы- тайға, Италияға сатылып кетті. Мамандар даярлауды да грант пен кредитке байлап қойдық, сондықтан да аз дайындалады.


Бізге осындай үлкен территориядағы мол шикізатты игеру


үшін бұдан он есе көп маман керек. Бірен-саран талантты ма- мандар шет ел асып кеткен. Олардың сол жақта қалып қоюы- на шетелдіктер мүдделі. Шетелдіктер бізден шикізатты опы- рып алады, оның орнына радиоактивті қалдықтарын үйіп кете береді. Ертеңгі күні шикізатыңыз таусылғанда Қазақстанды ешкім де есіне алмайды»...


Міне, елінің ертеңі үшін жаны ауырған шын ғалым осы- лайша күйзеледі. Шынында да талай озық өнертапқыштық жобалардың өз елімізде қолдау таба алмай, Ресейден шыға- рылуы, әлемдік маңызы бар жаңа жобалардың Қытайға, Ита- лияға сатылып кетуі сұмдық емес пе? Мұны бір жағынан, өндірісімізді жолға қоя алмаған Үкіметтің немқұрайлылығы десек те болатын шығар. Өндірісі қанаттанып кетсе 1000 па- йызға дейін пайда беретін республикамыздағы химия сала- сын өрге бастырмай, қолдан тұралату кімдерге тиімді болды екен?


Осы мысалдардан кейін еліміздегі өнертапқыштар өздері- нің жарқын жобаларын қалай жүзеге асыра алады? Ендеше,


 


отандық өнертапқыштарды өгейсіте бергеннен абырой таппа- сымыз анық.


Оны айтасыз, тіпті өзінің өміршең сызбаларын жоғары ла- уазымды шенеуліктерге ұқтыра алмай, ақыр соңында «бәдік»,


«жын соққан» атанған өнертапқыштар да бүгінде бізбен бірге тіршілік кешіп, есіл еңбегі еш болуда.


Солардың бірі – еліміздің экономикасы, талан-таражға түскен қазба байлығы туралы жүзге тарта мақала жазып, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүрген журналист, бірнеше жаңалықтардың авторы, марқұм атақты өнертапқыш Сейіл- бек Қышқашұлы. Ол өзінің еңбегінің бағаланбағаны тура- лы күйіне отырып әңгімелейді. «Тәуелсіздік алғаннан ке- йінгі жылдар өз басыма қандай жетістік әкелді дегенге кел- сек, мақтана алмаймын. Өйткені, халық игілігіне айналады- ау деген талай өнертапқыштық дүниелерім «жындының шат- пақтары» деп бағаланып, ешкім құлақ аспай, құрдымға кет- ті. Сегіз жылдан бері жаңа тиімді комбайнның, ауылшару- ашылық техникасының сапалы үлгілерін ойлап тапқан ең- бектерімді Үкімет айналасындағы қолдарында билігі бар бір- де-бір шенеунікке ұқтыра алмай шаршадым» – деді С.Қыш- қашұлы.


Міне, кешегі Кеңес Одағы кезінде бірнеше жаңалықтар-


дың авторы ретінде белгілі болған өнертапқыш Сейілбек Қышқашұлы осылай мұңын шағады.


«Заң газеті», 28.ХІ. 2001 ж.





Пікір жазу