01.03.2022
  149


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

МҰСТАфА-бЕй ШОҚАйҰЛы, кЕШ біЗДі...

Уақыт қудың желмаясы баяғы мігірсіз cap желісінен әлі танар емес. Соңында қалдырған белгісі мен бедерін бажай- лап болғаныңша қыр асып жоғалады. Осы ала-топалаң, өмір атты топыр-тоғыттың ішінде бізден де талай қателік кетіпті-


 


ау! Әсіресе, елі үшін отқа түсіп, пәруана болған есіл ерлерді, жақсыларымызды жерге тыққанымыз қайбір жақсылық дей- сің?


Сонау алыста қалған сәби жылдарда бірге ойнайтын ау- ыл балалары бір бірімен ренжісіп немесе шатасып қалғанда:


«Сен банды Мұстафа Шоқаевсың, сен шпион Ағаевсың», – деп, керілдесіп жатушы еді. Сонда бірде-бір бас көтерген үл- кендеріміз: «Әй, шырақтарым, олай демеңдер, ол – бәріміздің әкеміз, қасиетті адамға тіл тигізбеңдер», – деп ескертпеді-ау! Әлде қорықты ма екен?


Сол кездерді еске алсам болды, ұлы адамның аруағынан ұялып, қара терге түсем. Кеш болса да: «Біздей көзсіз көбе- лектерді кінәлай көрме алдиярым, өз отымызға өзіміз күй- геніміз де жетер, ғафу етіңіз», – деп іштей кешу сұраймын.


Бірақ, пәруардігер шындық шіркін өлген бе, ол да бала болғаң жұмыртқадай су бетіне ақыры бір күн қалқып шығады екен-ау!


Кешегі түтеп тұрған Кеңес идеологиясы түгіл, Мұстафа баһадүрдің тотияйындай өткір пікірлерінен кейбіреулер қа- зірдің өзінде зәресі ұшады. «Кремльдің түн ұйқысын төрт бөлген» ұлы тұлғаның бейнесін көлегейлеуге кезінде жарық көрген С.Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» ат- ты тапсырыспен жазылған солақай шығармасы да барынша әсер етті. «Өзіңе қарсы бағытталған төрт газет төрт мың мыл- тықтан қауіпті», – деп Наполеон тегіннен-тегін айтты дейсің бе?


Әсіресе, жалған үгіт, теріс ғибрат, екі ұшты пікір, қаңқу сөз дегендеріңіз иттің терісіне бір ұяласа, өмірі шықпайтын бүрге сияқты, адам жүрегінен де оңайлықпен сыпырылып тү- се қалмайды. Қарындас халқы былай тұрсын әкесін баласына, баласын әкесіне қырық пышақ дұшпан қылған кешегі жауыз идеологиядан біз әлі түбегейлі арылып болған жоқпыз.


Сауырына тапанша ілінгеніне мәз болған микеще, нәргү- мән, мелиса Құран сөзін айтқан өзінің туған әкесін аттың ал- дына салып, түрмеге жаяу айдағаны кеше ғана емес пе еді? Әкесі жол үстінде көз жасы сақалына сорғалап келе жатып:


«Балам-ау, сені тырналап жүріп ел қатарына қосқанда, маған көрсеткен рахатың осы ма?», – дегенде жендет баласы: «Тәйт,


 


контр, сенімен сөйлесуге маған рұхсат жоқ», – деп ақыруын немен түсіндіруге болады? Іште қатып қалған тоңғақтай осы бір жаныашымастық, ішмерездік, қатыгездік бізді әлі талай сорлататыны ақиқат.


Осындай оспадар әрі қауіпті құлықтар сиқырлы басқыш- тармен салуалы лауазымдарға сақ ете қалған бүгінгі жас ре- форматорлардың бойларынан көрініс беруі өкінішті-ақ. Егер жандары ашыса, Атырау мен Маңғыстауда қысы-жазы қо- йын-қонышына шикі мұнай құйылып, шылқылдап жүрген немесе базар мен әуежайларда біреудің жүгін көтеріп жер- мешел тартқан қандастарын құмырсқа бейнеттен, көразаптан құтқармас па еді?! «Ел басқаруға ең құрметті ақсақал, ғаділ, жұртқамшыл, сатылмайтын, жөн білетін жақсыны сайлау ке- рек. Бұ күнгі болыс, би, ауылнай һәм елубасы ескі тондағы бит қой, шаруа қылсаң жаз шығады: халық пайдасын қуған аға-іні болсаң, ескі тонды сілкіп-сілкіп суға сал! Тірі бол- сам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» – дейтін Бөкейхан ұлы Әлихандар қай- да? «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деп әлде- қашан айтып кеткен дала абыздары.


Ойлап қарасақ, Сталиннің Шоқайұлына шүйлігуі тегін- нен-тегін емес еді. Бүгін белгілі болғанындай, ол бірінші дә- режелі, ғаламдық масштабтағы қайраткер болатын. Оған Мұстафаның досы, Украинаның бұрынғы сыртқы істер ми- нистр, профессор А.Шульгиннің: «Мұстафа-бей мемлекет- тік ірі қайраткер, аса көрнекті жазушы әрі журналист болды, бірақ ол бәрінен бұрын өте тартымды адам еді, өзіндігі мол тұлға еді. Мұстафа-бейді Түркістансыз көз алдыңа елесте- ту мүмкін емес. Иә, ол өзінің жүрегімен де өз Отанын, оның өткендегісі мен қазіргі сүрең келбетін бір минут та ұмыта ал- майтын. Әйтсе де өзінің дәстүрлеріне адал күйінде қала от- ырып, ол өз бойына мейлінше әр түрлі адамдарды және тіпті бір-бірлеріне түсініксіз дерлік халықтарды өзара байланыс- тыра алатын әрі байланыстыруға тиісті аса бағалы, адамдық қасиеттердің бәрін дарыта білген еді», – деген сөзі толық дәлел. Шоқайұлының тағы бір досы, бұрынғы Мемлекеттік Думаның мүшесі және Грузия Сыртқы Істер министрі А.Чх- енкели былай дейді: «Біз құрған «Кавказ, Түркістан және


 


Украина халықтарының достығы» қоғамында ол, әрине, елі- нің кеңдігіне қарай тиісті орын алды. Мұстафаның Париж- дегі, Лондондағы, Женевадағы және Батыстың басқа да орта- лықтарындағы қайраткерлік қызметі сан түрлі әрі жемісті болғандығы соншалық, олардың бәрін санап шығу мүлде мүмкін емес. Ол менің күткенімнің бәрінен асып түсті, дала- лық азиаттан нағыз халықтың көсеміне айналды. Ол өте са- бырлы әрі бірқалыпты еді, бірақ жүрегі ыстығырақ болатын, қашан да өзінің жеке басының қауіпсіздігін ойламай, жақын- дарына жәрдемдесуге құлшынып тұратын. Совет-Герман со- ғысы кезінде ол соғыс тұтқындарының бір лагерінде өзінің батылдығымен, немістер еврей деп есептеп, атуға кескен бір- неше ондаған грузин жастарын атудан аман құтқарып қал- ды. Ол өз өмірін қауіпке тіге отырып, кешірілмес қателікті түсіндіру арқылы үкімнің орындалуын тоқтата алды. Міне, біздің Мұстафа осындай тағылық уақытта өмір сүріп, күресе білді. Енді сен, жоқсың, қымбатты досым, бірақ біз де одан жақсы дәуірде өмір сүріп жатырмыз дей алмаймын. Ал сенің есімің мен идеяң қашанда біздің арамызда халықтарымыздың достығының символы болып қала береді»...


Міне, Мұстафа-бей Шоқайұлының иман, парасат ұяла-


ған көлдария жүрегін, ұлы тұлғасын осы жолдардан-ақ терең сезінуге болады.


«Ұлы төңкеріс заманы алыптар туғызады» деп еді ерте- ректе бір дана. Амал не, біздің титандар топыраштар торына тап болып, қырылып қалды. Қазір бізді осы ұлт көсемдерінің өлетіндерін біле тура, бой тасалап қашпағандығы таңқалды- рады. Осындай ажал да бетін қайтара алмаған ұлы махаббат, халықты еріксіз үйытатын асқақ рух жоқ жерде қоғам қайдан оңсын?!


Бүгін бізге Мұстафа – Бей Шоқайұлының және онымен пікірлес, халықтың бағына туған көксерек топтың тағдыр- ларын ойлап опынғаннан пайда жоқ. Алтын құрсақты айна- лайын халқымыз ара-кідік болса да алыптарды тумай тұ- ра алмайды. Ендігі үміт соларда... Олар ат жалын тартып мініп, билік тегершігін қолына алып, бізді қыраңға шығарып самалдатқанша, бәрібір Мұстафа Шоқайұлын егіле еске алу- ды қоя алмайтынымыз және ақиқат.


«Жас Алаш», 28.09.2000 ж.





Пікір жазу