экОЛОгИяғА ҚАРСы «ЖЕНДЕТТік» СИНДРОМ
«Адамзат баласы жер планетасында туып-өскенімен, оның табиғи байлықтарын қорқаулықпен пайдалана отырып, осы асыл мекенді кез келген уақытта нейтрон бомбасынан бетер құртып жібере алады», – деп жазып еді бір дана.
Атақты жазушы Ғабит Мүсірепов өзінің естеліктерінде:
«Ең соңғы тірлік тау етектерінде қалың орманда ғана қалады. Бір замандарда ол да тынышталады. Бітеді. Жер өмірін тек- серіп жүрген дүние жүзі ғалымдарының әзірше жұқалай ес- кертіп жүрген тірлік қауіптерінің түрі осыған соғатын сияқ- ты», – деп еді.
Әсілі, осы сөздер расқа айналатын тәрізді. Өйткені, жыл санап құлдырап бара жатқан әлемнің, әсіресе, Қазақстанның экологиялық ахуалы мұны айқын аңғартып отыр.
Бүгінгі ақпарат көлемі күні кешегі 10-15 жылдардағыдай емес, шырқай самғаған базар бaғалары секілді, мыңдаған есе артып кетті.
Осы топан ақпарат селінен экологияға байланысты дерек- терді 5-6 жылдан бері үздіксіз жинап келем. Әлемдік, отан-
дық басылымдарда әр жылдары табиғат жанашырларының жариялаған дүниелерін сараптаған адам еліміздегі «эколо- гиялық жендеттік» синдромының бет қаратпайтын шамаға жеткенін байқар еді.
Бұрын «біздің елімізде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар», – деп мақтанушы едік. Қазір «планетамыз- дағы күллі ауруларды Қазақстаннан таба аласыз», – деп кү- ңіренуімізге әбден болады.
Ол, ол ма, мына хабарға қалай шошымаймыз? Күні ке- ше ғана «Мегаполис» газеті (20.06.2001 ж.) Қазақстан өкіме- ті БН-350 атом реакторынан шыққан аса улы өнімдерді Маң- ғыстауға және Семейдегі бұрынғы атом оқпандарына ұзақ мерзімге көму туралы шешім шығарды. Және мұнымен де тынбай, енді Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің радио- активтік қалдықтарын қабылдамақшы. Маңғыстаудағы уран карьерлеріне орасан көлемде улы заттарды көміп, одан таяу- дағы 10 шақты жыл көлемінде 30-40 миллиард доллар пай- да табамыз деп, Үкімет басындағылар алақандарын ысқылап отыр. Апырмай, халықты сәуле арқылы білдірмей қыруға арналған мұндай қайырсыз, жендеттік шешімнің қалай ал- дын алуға болады? Осы бір сорақы шешімді ақтап алу үшін кейбір ұшпа ойлы мамандар («Столичная газета», 21.06.2002 ж.) көпшілікті: «Төменгі активті қалдықтардың қатарына қолғаптар, қағаздар, респираторлар, атом электр станциясы қызметкерлерінің арнайы киімдері, т.б. жатады. Олардағы әсердің жартылай ыдырау уақыты 100-150 жыл. Біз карьер- ден жылда жартылай ыдыраған уранды қазып аламыз да, ор- нына қауіпсіз қалдықтарды көмеміз. КСРО кезінде де Маң- ғыстау карьерлеріне осындай қалдықтар көптеп көмілген 100 метр тереңдіктегі саз қабаты сәулені өткізбейтін тамаша қорғаныш...» деп алдарқатады.
Міне, біздің мәселені ат үсті, терең ойламайтын маман- дар әуелгі қауіпті шаруаларын бастарда осылай қарапайым халыққа жіңішкелеп жеткізіп алып, сосын білгендерін істей беруге үйренген. Бірақ, бұл жолғылары «көнбей қайда бара- сың, әуселең белгілі ғой» дегендей, анық басыну, халықты апатқа ұшырату еді. Ал, шындығында радиоактивтік қалдық-
тар дүниежүзі ғалымдары мен мамандарының түн ұйқысын төрт бөлгені қашан!
Тіршілік дүниесіне өте зиянды радионуклидтер (стронций
– 90, цезий – 137, плутоний – 238, кобальт – 90, тритий – 3) газ, сұйық және қатты түрінде кездеседі. Радиокативті ыды- рау үстінде олар орасан зор энергия шығарады. Тірі клет- каларға генетикалық өзгерістер туғызады.
Атомдық электр станцияларда жұмыс істеу мерзімі біткен элементтерді реактор ішінен сыртқа шығарғанда оның ра- диациялық активтігі алғашқы шикізат күйіне қарағанда 10- ның 4 дәрежесіндей күшті болады, яғни тіршілік көзіне өте қауіпті мөлшерді көрсетеді. Біздің шала сауат мамандар бұл ешқандай залалы жоқ қалдық деп сипақтатады. Бүгінде әлем оқымыстыларын толғандырып отырған мәселе осы қалдықтарды қайда және қалай көму жағдайы.
Бұл – өте күрделі құрылыстық жұмыс, оның үстіне орасан қымбатқа түсетін технологиялық іс. Жоғары сапалы болат- тан жасалған контейнерлерге сықа толтырылған қалдықтар жер астына болат пен бетоннан жасалған радиоактивтік «зи- раттарға» мұқият көмілуі керек. Трансуран элементтері үшін оның тереңдігі 300 метрден артық болады. Мысалы, бір ғана комбинаттың радионуклидтер қалдықтарын көму үшін 1,5- 2,5 шақырым терендікте көптеген ұңғы бұрғылап, көмбе құ- бырларын дайындап, оған қалдықтарды насос арқылы айдай- ды. Оның радиациялық әсерін әлсірету үшін арнайы заттар- мен толтырып, ауа шықпайтындай тығындап, бірнеше саты- дан тұратын көму жүйесі жүргізіледі. Көмбелер халық жиі тұратын аудандардан алшақта, жерасты су және газ көздері- нен алыста, сейсмологиялық қауіпсіз, құрғақ жерлерде бо- луы керек (бетоннан жасалған көмбелер радиациялық әсерді
- 100, ал, арнайы болаттан жасалған – 1000 жылға дейін ұстай алады). Ал, біз болсақ, халық сыңсып отырған Маңғыстау- дың қақ ортасына, саз қабаттары сәуле өткізбейді деп, 100 метр тереңдікке әлгіндей, «ажал-қалдықтарды» тау-төбе қы- лып көмгелі отырмыз.
Онсыз да сан жылдар бойы осындай өлім себетін «қо- қыстар» еліміздің түкпір-түкпіріне жасырын жерленіп кел- гені айна-қатесіз шындық. Профессор Қ.Күзембай («Ана ті-
лі» газеті, 13.04.2000) болса: «1970 жылдардың аяғында Со- зақ ауданының кейбір ауыл адамдары 100 сом ақшаға бо- ла белгісіз контейнерлерді жай ғана көмгені туралы газетте жазылғаны есімде. Осы радиациялық ашық жатқан көмбелер картаға түсірілмегені өкінішті», – дейді.
Ендеше, қолдан жасалған мынандай жауыздық сынақтан кейін халықтың денсаулығы туралы не айтуға болады?
Мүмкін, сіз қолдан жасалған сынақ дегенге келіспессіз. Онда мына дерекке назар салыңыз. Мысалы, біз Арал те- ңізіндегі «Возрождение» аралын күні кешеге дейін білмей келдік. Ал, оны американдықтар «Ажал аралы» деп атап, шұқшия зерттегенін кейіннен естідік. «Нью-Йорк таймс» га- зетінің тілшісі Юдит Миллер Өзбекстан үкіметінен рұқсат алып, бірнеше ғалымдармен бірігіп, осы полигонның анық- қанығына жетті. Ол кейіннен әлгі газетке «Уланған Арал. Өлім себетін бактериялар Азияның қауіпті түкпірінде әлі өмір сүруде» деген тақырыппен мақала жариялады. Артынан осы Аралға зерттеу жүргізген Американың әскери хирург- тері, ғалымдары сұмдық жаңалық ашты.
1988 жылы Свердловскінің әскери бактериологтары аса құпия жағдайда қарулы күзетпен 24 вагон қырып-жойғыш қалдықтарды осы аралға жасырғаны анықталды. Жүздеген тонна түйнеме, топалаң, тырысқақ ауруларының қоздырғыш- тарын хлор ерітіндісіне араластырып, тот баспайтын цис- терналармен Арал теңізінің дәл ортасына жасыра салған. Шетелдік мамандардың айтуынша, бұл планета халқын бір- неше дүркін қыруға жететін жойқын у болып шықты. Бүгінде,
«Возрождение» аралында бірде-бір қылтанақ, тіршілік иесі жоқ, жылан жалағандай.
«Нью-Йорк таймс» газетінің тілшісі Юдит Миллер осы бір жан шымырлатарлық Арал көрінісін былайша суреттейді:
«Ми-8 тікұшағының бортынан үлкен лабораториялық кор- пус, сынақ алаңын қоршай тартылған телефон бағаналары анық көрінеді. Оларға жанталасып өлген жан-жануарлар мен жәндіктердің соңғы қимылын тіркейтін датчиктер орнатыл- ған. Мыңдаған кеміргіштер мен көжектердің, жылқылар мен қойлардың, маймылдардың қаңқалары үйіліп жатыр. Ал, осы аймақтан қол созым жерде бейбіт тұрғындар тіршілік кешуде.
Олардың балаларына, тіпті, қауіпті инфекцияға қарсы вакци- на да егілмепті...»
Міне, шетелдік журналист осылай жергілікті тұрғындар- дың бейқамдығына, тек өлімді күтіп, әрекетсіз отырғанда- рына танданыс білдіреді. Американдық ғалымдар бұл сұмдық жаны сірі бактериялар 500 жыл өмір сүріп, ұшқан құммен бірге дүние жүзіне таралатынын анықтап отыр. (Тутанхамон мумиясындағы қауіпті бактериялар 5000 жыл бойы өлмеген күйінде мәйіттен табылғанын, соның кесірінен қабірді аш- қан экспедиция мүшелерінің бәрі жанталасып қаза тапқанын есіңізге алыңыз).
Біз осы неге әлгіндей қауіпті шешімдерге дүр көтерілмей- міз? Шетелдердегі «жасылдар», «табиғат қорғаушылары» си- яқты неге қарсылық білдірмейміз?
Сенатор Энгельс Ғаббасов ағамыз, кезінде экологиялық апат жайлы аттандап жүретін. Бүгінде оның да үні естілмейді.
«Табиғат» қоғамдық ұйымның жетекшісі Мэлс Елеусізов анда-санда қарсылық акциясын өткізіп қояды.
Қазақстан халқын «сынақ қуыршақтарына» айналды- рып, әбден рухын таптап біткен Ресей әскери-өндірістік ке- шенін батыл әшкерелеп, талай шындықтың бетін ашқан және Балқашта АЭС салуға барынша қарсылық білдіріп, әр түрлі басылымдарда 12 сериялы мақала жазып, жарғақ құлақта- ры жастыққа тимей жүрген екі қазақ азаматы бар: бірі – ға- лым Рысбек Ыбыраев та, екіншісі – өнертапқыш Сейілбек Қышқашұлы.
Осы екі азаматтан басқамыз үнсізбіз. Бұл марғаулық, бой- күйездік түбінде өзімізге тажал болып тиетіні айдан анық.
Жақында «Қазатомөнеркәсібі» Ұлттық компаниясының президенті Мұхтар Жакишев Парламентте еліміздің эколо- гиялық жағдайының адам төзгісіз деңгейге жеткенін мәлім- деп, мына деректерді көлденең тартты: «Қазақстанның бүкіл территориясында 237 миллион тонна радиактивтік қалдықтар үйіліп қалған, бұлардың жалпы активтігі 15,5 миллион кюри, Чернобыль апатының залалы 50-55 миллион кюри болса, біз соның үштен біріне тең екенбіз».
Қазақстандағы экологиялық ахуалды сауықтыру үшін 110
миллиард доллар қажет екен. Онсыз болашақ ұрпақтың сау- лығына кепілдік жоқ.
Міне, мәселе қайда жатыр? Әлгіндей астрономиялық со- маны Қазақстан бүкіл байлығын сатса да таба алмайды. Ал, «БН-350 реакторын дамылдатуға» АҚШ пен МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік) аз-маз қаржы бөлсе, ондағы байытылған плутоний Иран немесе Иракқа кетіп қала ма деп, өздерінің қауіпсіздігін күн ілгері ойлағандығынан. Осы көңіл құлазытар деректердің барлығы Қазақстандағы экологиялық жағдайдың белгілі бір шекара- дан әлдеқайда асып кеткендігін көрсетеді.
Халықаралық радиоэкологтар одағының толық мүшесі, ғалым Р.Ыбыраев («Қазақ әдебиеті», 2.03.2001 ж.) ағамыз
«Өзім жақсы білетін әскери өндірістік салаға келсек, бұрын- ғы қазақ халқының құрбандығы Кеңес империясы үшін бол- са, енді ТМД елдерінің қауіпсіздігі үшін болуы тиіс екен. Ре- сей әскери өндірісі басшылары мен империялық пиғылдағы саясаткерлерінің шылауына ілескен еліміздің кейбір саясат- шылары: «Қазақстан үшін ең басты қатер дегеніңіз мұсылман экстремизмі, вахабизм, наркобизнес, ауған тәлибтері басып кіруі мүмкін деп насихаттап жүр. Меніңше, ауған тәлибтері мен халықаралық терроризм, есірткі бизнесі қатеріне қара- ғанда, біздің жеріміздегі полигондардың және салынуы көз- деліп отырған Балқаш АЭС-інің қаупі мыңдаған есе зиян- ды. Мұның бәрі Ресей әскери мақсаты үшін қисындырылған дақпырт. Ал, Ресей әскери және атом өндірісі енжар емес, олар қазір біздің жерімізге АЭС салу, байырғы полигондар- ды жаңғырту, өз жерлерінде және басқа атомдық елдерде жинақталған жоғарғы радиоактивті қалдықтарды өте құпия түрде қазақ жеріне көму мәселесін жүзеге асыру үшін жан- таласуда. Ендігі мәселе жарты ғасыр бойы әдейілеп жинал- ған жоғары радиоактивті қалдықтарды және даяр тұрған бом- былардағы плутонийларды өңдеп, оның ішіндегі аса құнды трансплутоний элементтерін (америций, кюрий, калифор- ний т.б.) алып, калғандарын басқа бір елдің жеріне көміп ке- ту – атомдық елдердің арманы, негізгі мақсаты. Алатын эле- менттерінің бағасы өте қымбат (1 грамм – 100 мыңдаған не- месе миллион долларға жетеді), өйткені оларсыз космо-
навтика және жаңа қару-жарақтардың дамуы мүмкін емес. Таңғажайыптығы сол, ол элементтер қайта өңделген қалдық- тардың тек 1-5 қана пайызын құрайды. Қалған 95-98 пайы- зы бұрынғысынан жүздеген, мыңдаған есе қауіпті күйінде өңделген жерде қалдырылады. Ресей бұл мәселені өз колына алып отыр. Өйткені, оның негізгі сенімі қазақ жері, Қазақстан мемлекетінің тоғышар шенеуніктері. Ресей өзінде жиналып қалған мұндай қалдықтарды көмгені аз болғансып, енді басқа атом өндірісі бар елдердің қалдықтарын қазақ жерінде өңдеп, қыруар қаражат тауып, біздің атамекенді тозаққа айналды- рып, халқымызды қайғы-қасіретке байлап-матап құрбан ету. Бұл жөнінде менің дабылымды тиісті орындар ұғына алар емес», – дейді.
Байыбына барар болсақ, барлық стратегиялық шикізат өн- діретін кен орындарының, радиоактивті әсері бар басқа да ғылыми өндіріс ошақтарының технологиялық режимін жан- жақты тексеру, ғарыш, әскери қару-жарақ, сынақ полигонда- рын, минералдық шикізаттарды тасымалдау мен қоймалау- дың экологияға әсерін жан-жақты анықтау ісін тыңғылық- ты қолға алмайынша, біз республика көлеміндегі радиоак- тивті ситуацияның шын ахуалын толық біле алмаймыз. Біз бүгін бір ауылымыздың қасында әлгіндей, қатерлі сынақты сөндіргенімізбен, екінші кентіміздің қасынан одан әлдеқайда қатерлі сынақтың отын одан сайын маздатып отырғанымыз өтірік емес.
Теңіз кенішінің басында дәл қазір 4,6 миллион тонна кү- кірт тау болып үйіліл жатыр.
Оның үстінен парлап ұшып өткен құстың өзі паршасы шығып, жерге құлайды. Осы алапат апаттың ошағы – «Те- ңізшевройл» мен ОКИОК компаниялары екені белгілі. «Те- ңізшевройлдың» шетелдік мамандары өткен жылы мұхиттың арғы жағынан 8 миллион АҚШ долларына ауыз су сатып алу- ын қалай түсінуге болады?
Олар жергілікті халықтың пайдаланып отырған суының өзі улы екенін білгендіктен осылай істеп отыр.
Бұдан 3-4 жыл бұрын Арқалық қаласының маңында 1 мил- лиондай киік бірден қырылып қалды. Радиациялық сәуледен бөкендер жаппай өлмейді. Бұл жануарлар өте улы химикат-
тармен уланғанда ғана осындай қырғынға ұшырайды. Осы оқиға да республика аймағында өте улы заттармен уланған өңірлер бар екенін көрсетеді.
Ал, осы аймақтардағы халықтың денсаулығы не күйде? Бүкілдүниежүзілік денсаулык сақтау ұйымы (ВОЗ) сарапшы- ларының анықтауынша, аралдық сәбилердің ағзасында жи- нақталған химиялық улы заттар швед балаларынікінен 800 есе көп болып шықты.
Сонау 1889 жылы академик В.Радлов айтқан: «Қазақтарда ауру мен жүдеу жандар өте аз, таза ауада жүріп, қуатты тамақ ішкендіктен болар, кездесіп қалатын аурулардың түрлері де бірен-саран, қазақтардың көбі ұзақ өмір сүреді», – деген сөз бүгінде кері мағынасына айналды.
Бүгінде Батыс Қазақстан аймағы жемтікке үймелеген қа- рақұстардай шетелдік алпауыт компанияларға толып бол- ды. Бір баспасөз мәслихатында «Қазақойл» Ұлттық мұнай компаниясының бұрынғы президенті Б.Қуандықов: «Қазір Каспийдің солтүстік шығыс қайраңынан мұнай өндірудің қауіпсіздігіне бір Алладан басқа ешкім кепілдік бере алмай- ды. Мұның өзі өмір мен өлім арасындағы көзсіз әрекеттің бірі», – деп еді.
Осы теңіз төңірегіндегі құрлықта өгізден қан сорған таске- недей 4 мың скважина тұр. Соған қанағат қылмай, енді теңіз қайраңына бұрғы салынды. Әр заманда Құлзым, Әбескүн, Хазар деп аталған кәрі Каспийдің суы да ластанғаны емес пе, Баку қаласы маңында суға шомылып жүрген адамдарға теңіз итбалығы шабуыл жасап, 50 адамды жарақаттаған. Бұл осы момын хайуанның қырылу, жойылу алдындағы соңғы бұлқынысы болар ма? Айтса айтқандай, өткен жылы Кас- пийдегі итбалықтар топалаң тигендей қырылып қалды. Теңіз итбалығының адамға шабуылы Ақтау қаласындағы жаға- жайда да қайталанды. Мұның өзі теңіз суының өзі әбден уланып болғанын батыс елдері анық байқап, бірақ Каспий қойнауындағы қыруар байлықты әбден тонап болғанша осы шындықты жергілікті халықтан жасыра тұруды көздеген сая- сат сияқты. 1998 жылы жазда атақты Кустоның командасы да Каспий айдынын біраз шарлап, басын шайқап-шайқап, үнсіз жөндеріне кетті.
Осының бәрін ой елегінен өткізе келе, қаныңды қарайта- тын басты пәлекет мынау болып шығады. Ол өзіміздің ымы- рашыл игі жақсыларымыздың шетелдік алпауыттарға ұлттық байлығымыздың бір бөлігін сата отырып, онымен қоса жерді, ауаны, табиғи құндылық – қажеттіліктерді, экологияны қоса сататындығы. Әйтпесе, «Теңізшевройл», ОКИОК аяқтарын байқап басар еді ғой.
Қазір жұрттың аузына ә дегенде «экономика», «матери- алдық жағдай» түседі. Ал, осылар кім үшін жасалуы тиіс? Әрине, адам үшін! Бүгінгі таңда еліміздің экологиясын са- уықтырудың құны – 110 миллиард АҚШ доллары шамасын- да. Бұл – ақырзаманды Алла жібермейтіндігінің, оны өзіміз қолдан жасайтындығымыздың айқын айғағы емес пе?
Сондықтан, еліміздің экологиясын, ұлт денсаулығын, ха- лық байлығын саясатқа жығып берушілік ұлт мүддесі мен мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін бірден бір жол деп түсінгенде ғана, біз экологиялық басқа түскен зауалдан аман қүтыла аламыз.
«Көзқарас» №22, 15.12.2003 ж.