meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  01.03.2022
  156


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

МҰРАЛАРыМыЗғА МҰҚИяТ бОЛАйыҚ

Сократ айтқан сөз бар: «Титтей пайдасы бар екенін білсең, жинал да аттан. Саудагерлер талай теңізден өтіп, өзіне дүние- мүлік жинап қайтады, ендеше жастардың өз байлығын, ой- өрісін кеңейту үшін саяхатқа шықпай үйде отыруы ұят іс болмақ».


Қазіргідей ұшқыр көліктердің қат кезінде Шәкәрім қа- жы Парижге барып, француздың бай кітапханаларынан бі- лім жетілдіруге ұмтылуы ерлік емес пе? ХVІІІ ғасырда Ре- сейдегі шығыстану ғылымын шырқау биікке көтерген чу- ваш халқының данышпан ұлы Н.Я.Бичуринді алайық. Бұл ғұ- ламаның жарты ғасырдай ғұмыры Орта Азия мен Қазақ- станды, Шығыс Түркістанды мекендеген халықтардың тари- хы жазылған ежелгі жазбаларды жинау, оларды топтау, ау- дару және соларға сүйеніп, жаңа жазбалар жазуға арналды. Жұртпен әңгімелесудің өзін уақытты босқа өлтіру деп қа- раған Никита Яковлевич 76 жасында көз жұмды. Сонау алыс Шығыстан он бес түйеге артып келген жеті тонна кітабының шетін ғана игеріп үлгерді. Осындай алып тұлғалармен иық- таса тұратын, қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі – Әл- кей Марғұлан еді. Туған халқы туралы жылт еткеннің бәрін жинасам деп армандаған Әлекең қайда бармады дейсің? Өмі- рінің соңғы жылдары оқырмандармен бір кездесуде «Осы күнгі жастар еріншек, ауыл-үйдің айналасынан ұзап шық- пайды. Мені көптен бері «Шоқан Парижде болған ба?» де- ген сауал толғандырып жүр. Сібір генерал-губернаторы Гас- форт бір жазбаларында Шоқанды Парижде көргенін айта- ды. Француздар ұқыпты халық, мүмкін, сол кездегі басы-


 


лымдарда Шоқан туралы жазылған да шығар-ау! Бәрін де зерттеп, білгің келеді. Қазір алыс сапарға шыға алмаймын, жасы құрғыр келіп қалды», – деп кейінгі жастарға өсиет ретінде көп нәрсені меңзеген еді. Осыдан жеті-сегіз ғасыр бұрын Орта Азия мен Қазақстанды аралаған араб, парсы саяхатшыларының мына бір сөзі адам таңданарлық, «Қаш- қардан шығып, Жібек жолымен жүрген мысықтың аяғы жер- ге тимей, кілең қалалардың үстімен жүреді», – деп жазып қалдырыпты. Қайда бүгінде сол сыңсыған қалалар? Күл- ге айналған кенттерді аршып алып, әрбір құмырасының сы- нығына дейін үрлеп, қайтадан сапқа қою сияқты алдымызда еңсені қайыстырар ауыр жүктер тұр. Атам заманнан бері жа- зып қалдырған ата-баба аманаттары да ойран-ботқасы шы- ғып, жүзден бірі ғана қолымызға әрең тиді. Патшалық Ре- сей әкімшілігі Қазақстан мен Орта Азия тарихына байланы- сты архив құжаттары мен материалдарын қалдырмауға тыры- сып, өртеп жіберген. Орынбор архивінің негізгі бөлігін кейін шегінген ақ гвардияшылар талан-таражға салып, Омбыдағы тарихи бай қорды Колчак тиеп әкетеді. Түркістан генерал- губернаторлығының орталығы саналған Ташкент архиві тү- гелдей дерлік тып-типыл болған. Ал, Верныйда 1918 жылы 114000 көне архив қағаздары мен 700-ден астам ескі кітаптар сатылып, саудагерлердің заттарын орауға, шемішке салып бе- руге пайдаланылған. Оған қоса 1921 жылғы су тасқынын- да жертөлелерде хаттаулы көптеген құжаттар жойылып кет- кен. 1922–23 жылдары республиканың Орталық өлкетану архивінің бастығы – меньшевик, архивші-ғалым, ақтың аз- ғын офицері болғанын сөз етсек, бүкіл архив жұмысының бет пішіні көз алдымыздан өтпей ме? Тағы бір есте жүретін жәйт – Қозы Көрпеш-Баян сұлу бейітінің қасында 1853 жы- лы ақ тастан қашалған 4 мүсін жатқан. Бірі Баян (бұрымы бар), бірі – Қозы, бірі – Айқыз (әпкесі), бірі – жеңгесі. Сол ескерткіштердің екеуін Африкадағы герман губернаторы фон Виссаман келіп әкеткен еді деген архивте құжат бар екенін ізіне шам алып түсіп, індетіп тауып алсақ, бұл да баға жет- пес байлық болар еді. Орыстардың алтын сандығы – Эрми- таж 1764 жылы пайда болды. Қазір онда екі миллионнан аса өнер мен мәдениеттің небір жауһарлары жинақталған. Үш ғасырдан бері ұрланған-жырланғаны бар, «бұйымтайшылап» алғаны бар, хан, сұлтан, билердің сыйға тартқаны бар, несін сұрайсың, сол мүзейде қазақ халқының да қыруар төл мүлкі көздері жәудіреп әлі тұр. Жуық маңда оларды ала алмас- пыз. Қазіргідей көкөзек шақта әлгі құнды заттарды өзімізге шаш жетпейтін ақшаға қайтара сатуы мүмкін. Бірақ, түбі келер ұрпақ танып алуы үшін қазірден бастап ол музейдегі өзімізге тиісті заттардың есебін алып, дауласқандарды ты- пыр өткізбейтін құжаттар дайындап қойған жөн болар еді. Тұяқкесті болған үй маңынан ұзаған сайын небір оты шүйгін алқаптар жолығатыны сияқты, ізденген, сапарлаған жанға ғылым көкжиегі кеңейе түседі. Ғылым жолына, жалпы өнерге өз өмірін арнаған адамның ешбіреуі де ұмыт қалмайды. Көзі қарықты келер ұрпақ бәрін ақтарып саралап отырып, талай алғыс та берер. Ізденімпаз үшін одан асқан сый бар ма?


«Азия» газеті, 1993 жыл, ақпан.


 





Пікір жазу