28.02.2022
166
Кім не туралы айтады?
Дана ақылын айтады,
Сөздің асылын айтады.
Батыр батырып айтады,
Ашуын шақырып айтады.
Диқан егінін айтады,
Жиған өнімін айтады.
Бала ойынын айтады,
Сотқар сойылын айтады.
Жалқау жатқанын айтады,
Ұйқыға батқанын айтады.
Малшы баққанын айтады,
Аңшы қақпанын айтады.
Ұры ұрлығын айтады,
Түнгі тірлігін айтады.
Жаман жегенін айтады,
Маман керегін айтады.
Жақсы тергенін айтады,
Өсіп-өнгенін айтады.
Байлар жиғанын айтады,
Молда иманын айтады.
Адал шындығын айтады,
Арам қулығын айтады.
Қатын өсегін айтады,
Жатын төсегін айтады.
Әркім көргенін айтады,
Қолынан келгенін айтады.