28.02.2022
  193


Автор: Абдрахман Асылбек

Дүниеге келдің бе?

Дүниеге келдің бе? –
Көзіңді жөн ашқаның.
Келер бәрін көргің де:
Өзен, көлін, аспанын.
Дүниеге келдің бе? –
Аяқты жөн бақаның.
Керек белес-белдің де
Асуынан асқаның.
Дүниеге келдің бе? –
Балалықты тастағын.
Жырлайтын бол сен күнде
Махаббаттың дастанын.
Дүниеге келдің бе? –
Тұра тұрсын бас қамың.
Жайын ойлап елдің де,
Жөн ұрпақты шашқаның.
Дүниеге келдің бе? –
Қиындықтан қашпағын.
Белді буып сен мүлде,
Тың істерді бастағын.
Дүниеге келдің бе? –
Жалын атып жас жаның.
Сырын ұғып желдің де,
Жөн жаңалық ашқаның.
Дүниеге келдің бе? –
Өткізбегін босқа күн.
Айтпасын жұрт сөнді деп,
Өшпейтін із тастағын.
Дүниеге келдің бе? –
Келмес, сірә, өлгің де,
Өмір деген қас қағым.
Бәріне асық сен күнде,
Бір өлімнен басқаның.


 





Пікір жазу