28.02.2022
  167


Автор: Абдрахман Асылбек

Заман кімдікі?

(С. Дөнентаевтың ізімен)

Мына заман – тамыр мен таныстікі,
Ауыс-түйіс, беріс пен алыстікі.
Ер еңбегі еш болмас дегендері –
Тек әшейін сөз екен қалыстікі.
Мына заман – ағайын, туғандікі,
Жамағат пен жекжаттық қуғандікі.
Тура биде туған жоқ дегендері –
Тек әшейін сөз екен қулардікі.
Мына заман – жағымпаз жылпостікі,
Көтермелеп көтерген бір тостікі.
Кем болмассың кең болсаң дегендері –
Тек әшейін сөз екен күндестікі.
Мына заман – ұры менен қарынікі,
Арқа сүйер адамы барынікі.
Тура жолдан таймайық дегендері –
Тек әшейін сөз екен бәрінікі.





Пікір жазу