28.02.2022
212

Өмірге менің өкпем жоқ
Өмірге менің өкпем жоқ –
Шуағын шашты көктем боп.
Қызғалдақ теріп қырлардан,
Талпына бердім бөктерлеп.
Өмірге менің өкпем жоқ –
Өнерін берді өктем боп.
Сүрініп кетсем сындарда,
Сүйеді сол сәт,
Сөккен жоқ.
Қаймығып дода-көкпардан,
Кездерім болса шет қалған,
Сөздерім болса тек қалған,
Өзіме ғана өкпе артам.