28.02.2022
  158


Автор: Абдрахман Асылбек

Жаз

Жаз да жетті жайраңдап, жайып құшақ,
Көңілімді көтеріп қайыққа ұсап.
Қарай бердім құмартып төңірекке,
Бар байлығын ақтарып байыпты шақ.
Көк төсінен керемет құйылып нұр,
Масақ біткен майысып, иіліп тұр.
Шарқ ұрады шабытым шалқып-тасып,
Алып-ұшып жүрегім, жиі ұрып бір.
Жайма-шуақ жайылып жаз етегі,
Айна көлді айналып қаз өтеді.
Үндерімен, аңқыған гүлдерімен
Жас балаша жанымды мәз етеді.





Пікір жазу