АДАй көТЕРіЛіСі немесе жиырмасыншы ғасырдағы қызыл жендеттік жөнінде не білеміз?
Отызыншы жылдардың алғашқы ойраны басталғанына міне, биыл сексен жылдан асып барады. Қанды ойран, қолдан жасалған алапат аштық, атып-асудан қара орман халқымыз аяусыз оталып түсті.
Алайда, бүгінгі тарих Қазақстандағы 1929-33 жылдардағы адам айтқысыз қанды қырғынды сол кездегі саясаттың қателігі деп жауырды жаба тоқудан жазбайды. Ал, бұл қателік емес – ғасыр қылмысы еді.
Өксікті күндерді бастан кешірген қайсар әкелеріміз неме- се сол қасіреттің бүге-шігесіне дейін естіп қалған жалаңтөс ағаларымыз бәрібір тілін тістеп отыра алмады, әлгі зұлмат- тың запырандай ащы шындығын кейінгі ұрпаққа ақтарып кетті. Қалай дегенмен де, Қазақстандағы 1930-33 жылдарда- ғы нәубет жайлы біраз құнды дүниелер жарық көрді. Алайда, дәл осы мезгілдегі Маңғыстау, Жем, Сағыз, Ойыл өңіріндегі Адай ұлысына жасалған алапат қырғын туралы ешкім жұмған аузын ашпады. Осы тақырыпқа бірінші түрен салған мар- құм ағамыз, қазақтың қайсар ұлы, ұзақ жылдар Ішкі істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарған, милиция пол- ковнигі – Ізтұрған Сариев еді.
Қаншама тұңғиыққа тықса да ақиқат өлмейді екен, біздің бағымызға қарай, 1995 жылы Ізтұрған Сариев, Мұқаш Ома- ровтың авторлығымен «Ойрандалған Адай даласы» деген қысқалау очерк жарық көрді. Осы көмескі тарихқа құлшына кіріскен Ізтұрған Сариев ағамыз кейіннен Мемлекеттік Қа- уіпсіздік комитетінің құпия мұрағаттарына кіріп, соның не- гізінде «Қанды ойран» атты деректі хикаятты дүниеге әкел- ді. Сол туындыға енген атылған-асылғандардың, сотталған- дардың тізімі, олардың фотосуреттері, тағы да басқа құнды дүниелердің барлығы Ізтұрған ағайдың құпия мұрағаттардан тірнектеп, талшықтап жинаған жәдігерлері.
Осы орайда, Ізтұрған Сариевтің «Қанды ойран» атты де-
ректі хикаяты көпшіліктің назарын аударып, Қазақстанның отызыншы жылдардағы тарихын қайта бір қарпуға мәжбүр- легендей болды. Ендеше оқырман қауымды осы алапат қыр- ғынмен ішінәра болса да таныстыра отырып, «Қанды ойран» туындысынан үзінділер жариялауды жөн көрдік.
* * *
Тобанияздың бүкіл Қазақстан халқының, оның ішінде Адай округі елінің алдында ықпалы аса зор болғанын пар- тия, кеңес органдары да, Мемлекеттік Біріккен Саяси бас- қармасының аппараты да мойындаған. Оның ел үшін еткен еңбегі тіпті орасан. Ақыры жалған жаламен жауыз өкімет То- банияз бастаған Адай ұлысының басшы азаматтарын қойша қырды. Тек 1929 жылдың өзінде бірнеше топ, соның ішінде Құрмаш Қосжанұлының, Тобанияз Әлниязұлының істері бой- ынша жүздеген ел азаматтары жазаланды, осы топтан 43 кісі атылып кетті.
* * *
Әсіресе, үсті-үстіне салынған салық шаруаларға өте қатты соққы болды. Міндетті түрде астық дайындау жоспары мал- мен күн көретін ауылдарға да, астық сеппейтін шаруашылық- тарға да берілді. Жазадан қорыққан халық малын, дүние-мүл- кін астыққа айырбастап, дайындау есебіне өткізуге мәжбүр болды. Тіпті бір жерлерде аққудың мамығын да салық ретін- де өткізуге міндеттеді. Осыған қарағанда, қолдарында қаруы бар салық жинаушылар ойларына не келсе соны жасаудан тайынбаған секілді. Салықтан бірнеше рет тоналған ел ба- сы ауған жаққа көше бастады. Алдында не боларын білмеді. Өрескелдікпен жүргізілген асыра сілтеушілік көшпелі елдің шаруашалық негізін бұзғанын былай қойғанда, алдында келе жатқан ашаршылыққа, қантөгіс қарсылыққа жақындата түс- ті. Осындай ел басқару әдісінің жөнсіз, берекесіз жүргізілуі үкіметтің айтып жүрген үгітінен алшақтап, әлеуметтік негізін жойды. Экономикалық, әлеуметтік дағдарыс өз алдына, саяси дағдарыстың ұшқыны көріне бастады.
* * *
Көтеріліс басталуының алғашқы ошағы – 1931 жылғы на- урыз айының жиырмасында Топырақшаштыда бұрынғы бай, қазіргі тәркілеуге ұшыраған Баянқұл Көптілеуұлының үйінде болған мәжіліс. Осы басқосуда елдің мал-мүлкін тонау күн- нен күнге күшейіп, елдің тұрмыс жағдайына аса ауыр болға- ны, бұдан құтылудың ең басты жолы қарсы тұру екені сөз бо- лады. Сондықтан әзірге мал басының бар кезінде Маңғыстау өңіріне қарай көшу, одан әрі Түрікменстанға қоныс аудару- дың қолайлы екені, ол жақта үкіметтің заңы, халыққа көзқа- расы бұл жердегідей емес екендігі айтылды. Үкімет тарапы- нан көшуге қарсылық болатыны да ескеріліп, бұған қарсы тұру шарасы да қарастырылды.
* * *
Маңғыстау жерінде көтерілістің басталу себебі, республи- ка өкіметінің, жергілікті партия, кеңес басшыларының, шолақ белсенділердің асыра сілтеу, бұлардың қызмет бабын пайда- ланып, өздерінің жағдайын көздеуі, елді көпе-көріне алда- уынан болды деп өкімет мүшелері Меңдешев, Асылбеков- тер мойындағаны жөнінде мәліметтер архив құжаттарында сақталған. Мұны бірақ олар Маңғыстауда, Үстірт үстінде ха- лық қансырап жатқанда ғана есіне алған. Халық қанға боя- лып, бала да, шаға да, шал да, кемпір де жазықсыз жазаланып, жапа шегіп жатқан уақытта үкімет басшылары болсын, ауыл әкімдері болсын, жазалаушы аппараттар болсын үсті-үстіне жоғарыдан көмек сұрап, тездетіп қозғалысты басу үшін әре- кет жасағаны бесенеден белгілі. Қызыл империяның қылы- шынан қан тамып тұрғанда, азғантай адай ауылын ауқымдау мұның жұмырына жұқ болып па? Көтерілісшілер азамат со- ғысында 19 шет мемлекеттің шабуылынан құтылып, жеңіл- мей шыққан кеңес үкіметін жеңеміз деп бас тіккен жоқ. Бұ- лардікі өлер алдындағы «тұяқ серпер» іспетті шерменде бо- лып, «ноқталы басқа бір өлім» деп шыбын жанын шүберекке түю еді.
* * *
Біріккен саяси басқарманың Попов деген басқарған жаза- лау отряды Рахмет Әминұлы ауылының Шоланұлының то- бына қосылуына кедергі жасау үшін шара қолданып, беса- тар мылтықпен, пулеметпен, бір автомашинамен қаруланып, 200-250-дей жасағы бар Әминұлының тобымен кездеседі. Бұл бірінші соғыс Иманқара дөңесінің түстік батыс бетінде, Ханқожа көлінің маңында 1931 жылы 15 сәуірде болады. Көтерілісшілердің барлық қарулары қылыш, найза, құс мыл- тық болғандықтан соғысты ұзаққа созуға шамалары келмей- ді. Әминұлының жасақтары екі рет қысқалау шабуылда 9 кі- сісінен өлідей, екеуінен жаралылай айырылып, ендігі қар- сылықта бұдан да көп шығынға ұшырайтынын сезініп, бала- шағасын, малдарын қорғай отырып қаша жөнелді. Көш өте ауыр болды. Елдің ірілі-уақты малы бар, кемпір-шал, бала- шағаларымен алысқа ұзай алмайтын еді.
Осы ауыр көш жазалаушылардан құтылып кету мақсаты- мен енді ғана жылжып, Жемнен өтіп кетеміз деп отырғанда,
21 сәуірде бұларды 8 автомашинамен қуып жеткен Боро- нежский басқарған мемлекеттік саяси басқармасының Сара- тов қаласынан шыққан, өздерінің жеке қаруларынан басқа, 6 қол, бір станокты пулеметпен қаруланған 90 кісілік отря- ды көтерілісшілерді үш жағынан қамап, пулеметпен оқ жа- удырып, көп шығынға ұшыратты. Көтерілісшілер үш есе- дей көп болса да, 20 кісісінен айрылып, қол көтеруге мәжбүр болды. Көтерілісшілерден бар болғаны 3 бесатар, 3 аңшы мылтығы, 27 қылыш және 11 тапаншаның оғы алынған. Сол кездегі өлшеммен айтқанда, бақайшағына дейін қаруланған жазалаушыларға қарсы тұру тек қана ашу-ыза мен көзсіз ерліктің белгісі болатын.
* * *
1931 жылдың көктемінде Жем бойындағы көтерілісшілер аса күшті қаруланған жазалау отрядына қарсы тұра алмай, бір азғантайы қашып құтылып, Үстірт үстіне қарай кеткенімен, көтерілісшілердің екі үлкен тобы, оларға қоса сол маңда кө-
шіп жүрген адай ауылдары, біріншісі Иманқараның оңтүстік бетінде, екіншісі Қарақұмның терістік жағында, Аққұдық, Қарашүңгіл әулие маңында қоршауға алынып, қолға түскен. Қарақұм деп отырғанымыз Жем өзенінің солтүстігінде Құл- сарыдан 50-60 шақырымдай құнарлы, шөбі шүйгін, құмды өңір. Бұл жерді адайлар қыстаққа пайдаланған. Қарақұмдағы көтерілісшілер және оған қатынаспаған жәй көшпенділер, өздерінің мал-бастарымен, бала-шағасымен көшіп-қонып жүрген жерінде жазалаушы отрядтың қармағына ілінді және аяусыз жазаланды. Адамдарын қорлады, зорлады, мал-мүлкін талады.
Қарақұмда қолға түскен көтерілісшілердің ер азаматта- ры бір бөлек, тонаудан қалған азғантай малдары мен бала- шағаларын бір бөлек Гурьев қаласына қарай айдауға қаты- насқан сол кездегі комсомол мүшесі, белсенді ретінде осы жұмысқа тартылған марқұм Шашан Оразбайұлы өзінің ес- теліктерінде былай дейді: «Біздер, партия, комсомол, кеңес белсенділері Қарақұмнан ұсталған көтерілісшілер ауылын Гурьевке қарай айдадық. Жалпы адам саны балаларды қо- са есептегенде үш мыңнан астатын болу керек. Көбі жаяу, Сарықамыс маңы мен Жем өзенінің сағасы арқылы теңіздің жағасымен Гурьевке қарай жүрдік. Бұл жерден Жемге жету үшін, бір тәуліктен артығырақ уақыт кетті ғой деймін. Жемге келгенде адамдар мен малдың өзенге бас қойғанын көргенде жаның түршігеді. Содан кейін Гурьевке қарай жол тарттық. Алдымызда әлі 200 шақырымдай жер жүруіміз керек. Жолда су жоқ, осы жолда көп адамдар, балалар мен қарттар шөлден жүре алмай, өлгені өліп, өлмегені жолда қалды. Ең ауырлығы әйелдер мен балалардың күңіренгенінен, жылағанынан сай- сүйегің сырқырайды. Бүкіл ел, дала зарлағандай болды. Гу- рьевке ер адамдардан басқа ешкім жеткен жоқ».
* * *
1931 жылы көктемде Жем бойында көтерілісшілер үш рет жазалаушылардан қатты соққы жеді. Естеліктерге қара- сақ, Жемнің сол жақ бетінде, Қарақұмда, осы жылы көтері-
лісшілердің тағы бір үлкен тобы жеңіліс тапқан. Көп адам- дар ұсталып, олардың мал-мүліктері қолға түскен. Бірақ бұл жөнінде құжаттардан мәліметтер кездестіре алмадық.
Маусым, шілде айларында көтерілісшілердің қарсылығы енді осы Маңқыстау өңірінде өршиді. Ел ішіндегі жағдайдың нашарлап, шиеленісе түсуіне байланысты жұрт үкіметке өз еркімен салық төлеп, малдарын беріп, бала-шағасын аштан өлтіргенше, ештеме бермей қарсыласып бағуға бел байлаған. Осы кезде Манқыстау елінде өте төтенше жағдай болды. 12 сәуірде Форт-Алексаңдровск қаласындағы абақтыдан күзет- шілерді қарусыздандырып, қашып шыққан 200 тұтқын көте- рілісшілердің арасына сіңіп кеткен.
Бұлардың айтуы бойынша, абақтыдан қашқандардың жар- тысы революцияның жауы болса, қалған жартысы 100 адам, ешқандай қылмысты іске байланысты деректі құжаттары жоқ, бірақ округтегі мемлекеттік біріккен саяси басқармасы- ның бастығының айтуы бойынша қамай салғандар болып тұр. Сонда мұны қалай түсінуге болады? Жоғарғы басшы- лары отырғыз десе, отырғызады, жазала десе жазалай беру- ге болған. Ол кездегі олардың ойлап тапқан және іске асыр- ған шектен шыққан заңсыздығы міне, осындай. Мұндай заң- сыздықтың ешбір мемлекеттің заңында болмағаны айқын. Ол кезде де, кейін де, ақырғы демі біткенше қызыл империяның өз дегендерін жасағаны және мұны шектеу болмағаны белгі- лі. Жер жүзіне даурығып айқай салып, жұмысшы-шаруа мем- лекетін құрамыз деген пролетариат үкіметінің сиқы міне.
* * *
Көтерілісшілердің әуелден алдына қойған басты мақсаты үкіметпен соғысу емес, жазалаушыларға қарсы тұру неме- се олардан қалай да құтылып кету, балаларын, малдарын қудалаушылардан қорғау болатын.
Ақсақалдардың, басшыларының бұйрығымен ерікті жау- ынгер жасақтары құрылды. Әрбір отбасынан бір жігіт, өзінің көлігімен, қару-жарағымен шығу қамтамасыз етілді. Олар 30- 40 кісіден бөлініп, әскери бастықтарын тағайындады.
Ерікті жауынгерлер тобының әрбір мүшесінің басты мін- деті және өздерінің құран ұстап берген анттары: жолдасын жауға тастамау, жау қолынан өлген, жараланған жолдаста- рын шамасы келгенше жау қолында қалдырмай алып шығуға тырысу, шейіт болғандары ақ жуып, арулап көму, олар үшін құран оқытып, жаназасын шығару, олардың артында қалған жесірлері мен балаларына көмектесу, олардың алдына мал са- лып, қамқоршы болу.
Көтерілісшілердің ең бір үлкен тобы Үстірттің орталық бөлігінің түстігінде, Сам құмдарынан Қарабауыр бөктеріне қарай шамамен 400 шақырымдай өте шалғай жатқан Қарамая тауы мен көлінің айналасына дейін созылған жерлерге ор- наласқан. Бұл Қарақалпақстан, Түрікменстан жерлерінен көп алыс емес-ті.
Осы аталған көтерілісшілер ауылдарын Мырзағали Ты- нымбайұлы, Айшуақ Жаңайұлы, Дауылтай және осылардың сенімді көмекшілері Мамай Салғараұлы, Өтебай Батынұлы (Қожаұлы), Бәйімбет Жангелдіұлы, Назыр Бекенұлы, Қара- батыр Қаралдаұлы, Ерғали Күтегенұлы, Қоңғабай және До- сандар басқарды. Бұлардың жасақтары бірнеше жүзден құ- ралған, барлығы 2000 адамнан асты деген деректер бар.
Маңқыстау өңіріндегі барлық көтеріліс қозғалысының басшылығына ел алдында беделді, халық қолдайтын, сыйлай- тын Мырзағали Тынымбайұлы сайланды.
* * *
1931 жылдың жазында үкіметтің 32 бөлімнен құралған жазалаушылар отрядтары болды. Мұның жартысына жуығы, 14-ті мемлекеттік біріккен саяси басқармасының әскерінен де, басқалары әр түрлі коммунистік ерікті бөлімшелерден, партия, комсомол белсенділерінен құралып жиналғандар. Олар еріктілер, белсенділер атанғанымен, әскери тәжірибесі бар командирлер басқарған, қару-жарақтары әскерлермен бірдей қамтамасыз етілген жауынгерлер болатын. Жазалау- шылар отрядтарының жалпы саны, 200-ден аса еріктілерді санамағанда 1000 кісіден асты, 12 станокты, 8 қол пулеметі,
бір мортирка қысқа мойынды зеңбірек, бір күзетші кеме, 13 жүк машинасы, 2 жеңіл автомашинасы, көптеген жылқы көлігі болды.
Енді жоғарыдағы көрсетілген жазалаушылар күшінің жалпы құрамын бөліп-бөліп қарасақ, олардың топтары тө- мендегідей болған.
Мемлекеттік біріккен саяси басқарманың сыртқы Кав- каз округтік-шекаралық басқармасының бастығы Сумбатов басқарған екі дивизион, Баку жартылай эскадроны және Да- ғыстан отряды, барлығы 400 жауынгер.
- Мемлекеттік біріккен саяси басқармасы әскерінің 24- ші полк көмекшісі Оглоды басқарған әскери күзетінің 100 кісілік атқыштар тобы, 70 адамдық мемлекеттік біріккен сая- си басқармасының әскері 2 станокты пулеметпен және «Атар- беков» күзетші кемесінің атыс құралымен күшейтілген;
- 100 әскери жауынгері бар, 2 станокты пулеметпен, 6 қол пулеметімен қаруланған Воронежский басқарған Саратов от- ряды;
- Бұлардан басқа да түрлі отрядтар, жауынгерлік бөлім- шелер. Маусым айында жазалаушылардың әскери күші жо- ғарыда көрсетілгеннен әлдеқайда көбейді.
* * *
Мамыр айында 8 жүк, 2 жеңіл автомашинамен қарауында 110 әскері бар бір полк, 2 қол, 3 станокты пулеметпен қа- руланған және 39 атты әскерімен Форт-Александровскіден Сырма басқарған 68-ші дивизион шықты. Бұлар Маңқыстау бөктерінің және Бостанқұм құмының оң беті мен Бесоқты, Сенек құдықтары арқылы жоғары көтеріліп, Босағаға, Қай- ғылы-Бабадан шығыс түстікке қарай, Қарқын, Тағылбай, ба- тыстағы Күшетас құдықтарына келді.
Архив құжаттарының деректеріне сүйеніп, ол қақтығыс- тардың қалай басталып, қалай аяқталғанына зер салсақ, олар төмеңдегідей сипат алады.
8-10 маусымда Сенек құдығының маңындағы Қоңғабай сарбаздарының бір тобына жазалаушылар отряды шабуыл
жасайды. Осы соғыста олардың үш кісісі өліп, екі көтерілісші 50 оғы бар екі бесатар мылтығымен қолға түседі.
19 маусымда Қарқын құдығының басында екі қол пулеметі бар Сырма жазалаушы отрядының бір взводы Қоңғабай жа- сағының 60 кісілік жасағына қарсы соғыс ашып, қанға бөк- тіреді. Бұл соғыста көтерілісшілердің 7 кісісі өліп, 7 кісісі қолға түседі, 60 оғымен бір бесатар мылтық алынады. Бұл жолы көтерілісшілердің қарауындағы бірге көшіп жүрген бейбіт ауылдар ауыр жазаға ұшырайды. Өздері ала жаз- дай тыным таппай қуғыншылардан ығысып шаруа жағдайы қатты төмеңдеген ауылдар 1200 қойынан, 150 түйесінен, 23 жылқысынан, 42 киіз үйінен айырылады. Осы қайғылы соғыстан кейін, өлгендерін, жаралыларын өздерімен бірге алып, көтерілісшілер Қарқынның шығысындағы Қыңыр төң- регіне қарай шегінеді. Жазалаушылардың бұл соғыстағы шығыны бір ат қана.
* * *
Көтерілісшілердің ол кездегі басты мақсаты жазалаушы- лардан қалайда құтылып кетудің қамы болатын. Бірақ олар құрған қақпаннан аман қалу бұларға қиынға соққанын тағы бір мысалмен көрсете кетейік. 12 шілдеде Сам құмының терістік шығысында барлауда жүрген Мостовой отрядымен кездесіп қалды. Мостовойдың отряды барлығы 18 кісіден болғанымен, қаруларына сенген болу керек, оңай олжаға тап болдық деген оймен ұрысқа кірісті. Айқас 9 сағатқа созылды. Отряд қатты жеңіліске ұшырап, 18 жауынгерінің 13 жоғалтып,
5 кісісімен Мостовой әрең дегенде қашып құтылды. Бұл жылға созылған қақтығыстарда жазалаушылардың бірінші рет жеңіліс табуы еді.
* * *
1931 жылдың жазында бұл жерлердегі көтерілісшілердің көбі талқандалғаннан кейін қалғандары Үстірттің шығысына, Самнан әрі қарай ойысып, ол жерлерден де тыныштық та- ба алмай жанталасқан. Бірақ жазалаушы отрядтар бұлардың
соңынан қалмай, кездескен ауылдардың барлығын шауып, жазалаған. Маңқыстаудың шығыс терістік бетінің ең шет жағыңда көшіп жүрген ауылдардың қорғаушы көтерілісші- лері Қарақалпақстанға өтіп кетеді деп қауіптеніп, жазалау- шылар Қаратүлей, Қызыластау деген жерде Сапықұлы Ма- май, Сарбасұлы Смайыл тағы өзгелер басқарған ауылдарды қанға бөктірген. Көп азаматтар, бейбіт ауыл адамдары, оның ішінде Смайыл, Мамай ерлікпен қаза тапқан. Көп ер азамат- тар және олардың бала-шағалары түгелдей қолға түсіп, сол жерден, шілденің ыстығында 1000 шақырым жердегі Гурьев- ке жаяу айдалған. Бұл жаяу жорықта көбі жолда өлген. Бұл ауыр азаптан кімнің тірі қалғаны белгісіз, елге оралғандарын ешкім білмейді. Мұндай деректерді архив құжаттарынан да кездестіре алмадық.
Көне көз қарттардың айтуы бойынша, 1931 жылдың жа- зында жазалаушылар бүкіл Үстірт үстінде, Жем бойын- да, Маңқыстау ойында ойран салған. Жаз айларының ая- ғында бұларға қарсы тұрушылар тіптен болмаған. Осы кез- де жергілікті әкімдердің де құдайы берген, бұлар ел ішінде айтқандарын жасатып, ойлағандарын орындаған. Жуасыған халық не жасарын білмей, мүшкіл халге душар болған.
Біз жоғарыда айтқан кетерілісшілердің шоғырланған жер- лерінде қазан айының басында немесе қыркүйек айының ішінде ақырғы шешуші айқас бітіп кеткен болуы керек. Қозғалысты басқаннан кейін көтерілісшілердің қолға түскен- дерін шұғыл түрде Форт-Александровскіде, ал терістік Үс- тіртте қолға түскендер Гурьев, Ақтөбеге қарай айдалған.
Міне осы жылдан бастап Маңқыстау жерінде көшпенділер көшуді қойған. Қарттардың айтуы бойынша «тұсап жіберген атыңды, малдың көптігінен, ертеңіне таба алмайтын» мың- ғырған малы бар Маңқыстау жері елсіз, малсыз, қаңырап ады- ра қалды.
Біз іздестірген құжаттарда соңғы, ақырғы шешуші қанды айқас қалай бітті, қай жерлерде кездесіп соғыс болды, ұстал- ған көтерілісшілер мен ауылдарды қалай, қай жерлерге апар-
ды деген деректер болмай шықты. Үш айдай әзірленіп, көпте- ген әскер, қару-жарақпен қамтамасыз етілген жоспардың қа- лай аяқталғаны жөнінде мәлімет архив құжаттарынан тап- тырмады. Бұл соңғы соғыстың бұрынғы болған қақтығыс- тардан әлдеқайда ауқымды болғаны анық.
Халықтың айтуы бойынша, адам шығыны, өлгеңдер мен жараланғандар саны өте көп болған көрінеді. Өкінішке орай, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің архивінде мұны анықтайтын мәліметтер болмады. Әр жерлердегі жанама сіл- темелерге қарағанда, осыларды анықтайтын бір бума том 1959 жылы болған, бірақ оны іздеп таба алмадық.
* * *
Бұрын көрсетілгендей, 1715 көтеріліске қатынасушы тұт- қындалған. Осылардан 5 тергеу істері бойынша (№№ 17, 38,
100, 3329, 5671) 802 адам РСФСР-дың қылмыстық кодексі- нің 58-2 (контрреволюциялық көтеріліс) және 59 (бандитизм) баптарымен жауапқа тартылған. Тергеу жүргізу барысында осылардың ішінен 79 адам Гурьев, Ақтөбе абақтыларында қайтыс болған. 215-і қылмыстық әрекет жасамаған деп таны- лып, босатылған дейді. 508 айыпкердің ісін Гурьев мемлекет- тік біріккен саяси басқармасының оперсекторы қылмыста- рын белгілеу үшін Қазақстандағы өкілетті өкілдігіне жібер- ген. Бұлардың үштігі өзінің 1931 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен Доссор, Жылой, Ойыл және Маңқыстау аудан- дарынан 135 көтерілісшіге және 1932 жылғы 5-ші сәуірдегі қаулысымен 373 маңқыстаулыққа әр түрлі үкім кескен.
Халық қозғалысының 15 басшысы мен белсенді қатына- сушылары – Боқымаш Шоланұлы, Қарамырза Ембердіұлы, Рахман Соқымашұлы, Демеген Айтжанұлы, Қоғабай Алда- сүгірұлы, Өтебай Жанасұлы, Қойшығұл Жантілеуұлы, Де- мепберген Ембердіұлы, Көбеген Құрманұлы, Қойсары Қай- дағұлұлы, Әмір Нысанұлы, Қазақ Шиенұлы, Көбейсін Қуан- тырұлы, Жұмабай Үсенұлы, Лұқпан Сарқұлұлы ату жазасы- на кесілді.
* * *
Қызыл империя басшыларының, оның үгітшілерінің бас- ты мақсаты патша үкіметінің отаршылдық саясатын, оның халыққа жасаған озбырлығын адам айтқысыз етіп жаман- дауға келгенде алдына жан салмағаны белгілі. Ал іс жүзінде бұлардың елге салған бүлігін айтып жеткізу қиын. Осыған бір ғана мысал келтіре кетсек те жеткілікті. 4-5 жылға со- зылған 1870–1874 жылдарғы Досан батыр бастаған Адай көтерілісінің қалай басылғаны белгілі. Олар жергілікті ха- лыққа үлкен озбырлық жасады, көптеген көтеріліс басшы- лары, жәй бейбіт ауылдар да жазаланды. Оның саны да аз болған жоқ. Ал бір жылға жетер-жетпес уақытта Адай көте- рілісіне қатынасқандардың қандай шығынға ұшырап, қан- сырағанын, қанша сотталып, атылып кеткендерін, патша үкіметінің істегенімен салыстырсақ жер мен көктей. Досан көтерілісіне қатынасушылардың соғыста, абақтыда өлген- дерін санамағанда (Досан да абақтыда өлген) көтеріліс бас- шыларының бір азғантайы ғана Сібірге жер аударылған. Олардың біреуіне де өлім жазасы заң жүзінде қолданылма- ған. Осыған қарағанда большевиктер партиясының, оның үкіметінің саясатының қан құйлы қолшоқпары мемлекеттік біріккен саяси басқармасының жасаған жауыздығын ешбір мемлекеттің саясатымен салыстыруға болмайды.
Оларды көтерілістен кейін бірден жазаламай, кейіннен бір-бірлеп жазалауының да бір сыры бар сияқты.
Қызыл империяның қазақтарға, оның ішінде Маңқыстау қазақтары үшін жүргізген саясатына көз салсақ, 1950 жыл- дардың басына дейін жазалау әрекеті бұл жерде әсте бір тоқ- тамаған. Мұны көне көз қариялар сыбырлап қана еске ала- тын. Ішінен тынатын. Олар өмір бойы үрейде, қорқынышта болып өмір кешкен бейбақтар еді.
* * *
1928 жылы 27 болыс адайлардан, оның 170 мыңнан аса халқынан отызыншы жылдардың аяғында Жылыой ауданын- да 15 мыңдай, Маңғыстау ауданында одан да аз халық қалды. Қалай дегенмен де, Қазақстанның қайтадан хатталып жат- қан тарихында ақтаңдақтар өте көп. Мәселен, соңғы жылда- ры мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының сту- денттеріне арналған оқулықтарда тарихи тұлғалар мен оқи- ғалар, ежелгі елдің өміріндегі құбылыстар қысқа қайырылып, екі-үш ауыз сөзбен айтылады. Мысал үшін, ұлттық мемле- кет идеясын көтерген Алаш ақиқаты мен Адай көтерілісінің мән-мағынасы тұтас бір тарауға татитын тақырып болса,
оқулықтарда ол жағы олқы соғып жатқаны жан ауыртады.
Алайда, ауызды қу шөппен де сүртуге де болмас. Маңғыс- тау мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері 1990 жылдан бастап кешенді түрде жұмыс істей отырып, Мемлекеттік қа- уіпсіздік комитетінің (КГБ) Атырау, Маңғыстау облысындағы Қ.Р. Орталық Мемлекеттік мұрағаттарындағы құпия құжат- тарға үңіліп, 1920-1940 жылдар аралығындағы адам айтқы- сыз қырғынның сырын ашты.
Осындай ұжымдық еңбектің арқасында Маңғыстау об- лыстық мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері соңғы жыл- дары «Тоқабай Құрмаш», «Тобанияз», «Қарашаңырақ», «Ма- ңғыстаудың азалы жылдары» атты тарихи очерктер сериясын жарыққа шығарды.
Әсіресе, Маңғыстау мемлекеттік мұрағатының бас сарап- шысы А.Ф.Гаркуша ханымның келтірген мәліметтері өте құн- ды. Мысалы, бас сарапшы іріктеген деректерде 1930 жылда- ры Маңғыстаудан-Красноводскіге – 757 түтін, Байрамалыға
- 300 түтін, тағы бірталай отбасы Иран, Ауғанстан асқаны, олардың көпшілігі жолшыбай аштық пен суықтан, шекарада- ғы қызыл әскер оқтарынан опат болғаны көрсетілген. Соны- мен қатар, А.Ф.Гаркуша өз мақаласында Тобанияздың ел ал- дындағы аса зор беделін, өз халқын өркениетке сүйреген мем-
лекеттік деңгейдегі қайраткер екенін егжей-тегжейлі баян- дайды.
Ең бастысы, мұрағат қызметкері Тобанияздың көпшілік біле бермейтін қырларына тоқтала отырып, оның елге са- лынған жойқын салық көлеміне ашық қарсы шығуын, мұға- лімдер даярлайтын курс ашқанын, осы әрекетінің нәтиже- сінде отызға тарта мұсылман, бес орыс мектебінің, Форт- Александровский қаласында жетім балаларға арналған ин- тернат ашылғандығын құжаттармен дәлелдейді.
Асанбай Асқаров өз естелігінде былай деп жазады:
«Ұмытпасам, 1939 жылдың қыркүйек айы еді. Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасыновтың ша- қыруымен кірсем, Нұрекең қып-қызыл боп, жалғыз отыр екен. Сәлден кейін маған қарап: «Құрып кетіппіз ғой, құ- рып кетіппіз, осы кезге дейін мұндай ғаламат болмап еді. Барлығы 2 миллион 700 мың қазақ қалыпты...», – деді. Деді де басындағы қалпағын сол қолымен жұлып алып, диванға атып ұрды. Осы қырғыннан кейін Кеңес өкіметін жақсы көресің бе, жек көресің бе, құшақтайсың ба, әлде пышақтайсың ба, өзің біл... е, өтті ғой талай зұлмат...» («Халық перзенті», 2002 жыл).
«Дат», №32,15.09.2010 ж.